"Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 812 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:

      2-тармақта:

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) тізілімнің веб-порталы – www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) сату объектілері және мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру шарттары туралы электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;";

      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) уәкілетті орган – қорғаныс өнеркәсібі саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "39-1) қатысушының ақшалай балансы (бұдан әрі – электрондық әмиян) – екінші деңгейдегі банктегі бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына әлеуетті қатысушы құйған:

      аукцион, тендер және жабық тендер нысанындағы сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарналарды қабылдауға;

      осы Қағидалардың 41 және 204-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізілімдегі әлеуетті қатысушының кепілдік жарналарды қайтаруға байланысты ақша қаражатын есепке алу үшін бірыңғай оператор пайдаланатын жеке шоты;";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Бірыңғай оператор:

      1) сауда-саттықта ұтқан қатысушының кепілдік жарнасының толық сомасын уәкілетті ұйымның шотына уәкілетті ұйым веб-порталда ЭЦҚ-ны пайдаланып қол қойған кепілдік жарнаны аударуға арналған өтініш негізінде қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде аударады;

      2) сауда-саттыққа басқа қатысушыларға электрондық әмияннан кепілдік жарналарды қатысушылар веб-порталда ЭЦҚ-ны пайдаланып қол қойған кепілдік жарнаны қайтаруға арналған өтініштер негізінде қайтарады;

      3) кейінгі сауда-саттықтарға қатысуға өтінім беру үшін электрондық әмиянда басқа қатысушылардың бұғатталмаған ақшасын бірнеше рет пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.";

      40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Егер кепілдік жарнаның сомасы сату бағасынан және комиссиялық сыйақы төлеу бойынша тиесілі төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда айырма жеңімпаздың электрондық әмиянында бұғаттан шығарылады және оны уәкілетті ұйым сатып алу-сату шартына сәйкес пайдаланылмайтын мүлікті қабылдау-беру актісі уәкілетті ұйымның атына берілген күні сатып алушыға қайтарады.

      41. Сауда-саттықта ұтқан тұлғалар сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде, сондай-ақ өткізілген пайдаланылмайтын мүлік болған және ол шарт мәніне сәйкес келген кезде сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан (толық немесе ішінара) бас тартқан жағдайда олар құйған кепілдік жарна қайтарылмайды және ол (ішінара берілген пайдаланылмайтын мүлік үшін республикалық бюджетке есепке жазылатын ақшалай қаражат шегеріліп) уәкілетті ұйымның иелігінде қалады.

      Жабық сауда-саттыққа қатысушыларға кепілдік жарналар уәкілетті ұйым өтініш қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтарылады.

      Қалған жағдайлардың бәрінде кепілдік жарналар қатысушының электрондық әмиянында сауда-саттық өткізілген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде бұғаттан шығарылады.

      Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсететін деректемелерге қайтарылады.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Пайдаланылмайтын мүлікті беруді баланста ұстаушы сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сату құнын және уәкілетті ұйымның комиссиялық сыйақысын сатып алу-сату шартында көзделген мерзімдерде төлегеннен кейін қабылдау-беру актісі бойынша жүргізеді.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Баланста ұстаушы қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін сатып алушыға жүкқұжат жазып береді, қабылдау-беру актісінде және жүкқұжатта пайдаланылмайтын мүлікті өткізу құнын көрсетеді, қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың техникалық жай-күйі актісінің көшірмелерін, паспорттарының түпнұсқаларын немесе олардың телнұсқаларын қоса береді.";

      53-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаржылық есептілік депозитарийінен жүктеп алынатын өткізу объектісінің құнын бағалау туралы есеп;";

      55) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады, ол аяқталғаннан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.";

      60, 61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Сауда-саттыққа қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін веб-портал электрондық әмиянда өтінім берілген өткізу объектісі (лот) бойынша кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтердің бар-жоғын автоматты түрде тексеруді жүргізеді.

      61. Қатысушының осы Қағидалардың 56-57-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттық басталғанға дейін бес минут қалғанда сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарна сомасына ақшалай қаражаттың электрондық әмиянда болмауы веб-порталдың өтінімді қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылады.

      62. Электрондық әмиянда өтінім берілген өткізу объектісі бойынша кепілдік жарна сомасына арналған ақшалай қаражат болған жағдайда тізілімнің веб-порталы оларды сауда-саттық нәтижелері айқындалғанға дейін бұғаттайды, өтінімді қабылдауды және аукционға, тендерге және жабық тендерге қатысушыларға рұқсат беруді жүзеге асырады. Электрондық әмиянда кепілдік жарна сомасына арналған ақшалай қаражат болмаған кезде тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдамайды.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Веб-портал аукционға қатысуға арналған электрондық өтінімін кері қайтарып алған қатысушының аукцион нөмірін сауда-саттық өткізу басталғанға дейін кемінде бес минут бұрын жояды.";

      71 және 72-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Аукционға қатысушылар аукцион залына аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион аукцион залында сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақытымен өткізу объектісінің бастапқы бағасын автоматты түрде орналастыру жолымен басталады.

      72. Аукцион залында аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірмей басталады.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Тендер веб-порталда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.";

      99-тармақ алып тасталсын;

      103-тармақ алып тасталсын;

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Жабық тендер бейнебақылау жүйесі болған кезде (жазбаны 12 ай бойы сақтау және өткізілген жабық тендерді көру мүмкіндігімен) шақыруда көрсетілген орында және уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде сейсенбі – жұма аралығында өтеді.";

      133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "133. Жабық аукцион бейнебақылау жүйесі болған кезде (жазбаны 12 ай бойы сақтау және өткізілген жабық тендерді қарау мүмкіндігімен) шақыруда көрсетілген орында және уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді. Жабық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.";

      152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "152. Қару-жарақ пен әскери техника, оқ-дәрілер, техникалық және арнайы құралдар түріндегі пайдаланылмайтын мүлікті қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті кәдеге жарату, құртып жіберу, көму немесе қайта өңдеу арқылы жоюды уәкілетті ұйым мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволармен немесе баланста ұстаушылармен жасалған мемлекеттік сатып алу шарты негізінде жүзеге асырады.";

      193-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қатысушылар кепілдік жарналарды қайтаруға арналған өтініштерге тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдаланып қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тендердің басқа қатысушыларына электрондық әмияннан кепілдік жарнаны қайтарады.";

      196-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: ЖСН, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);";

      "2) заңды тұлғалар үшін: БСН, толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);";

      200 және 201-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "200. Қатысушының осы Қағидалардың 197, 198-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталғанға дейін бес минут қалғанда бірыңғай оператордың шотына түспеуі тізілім веб-порталының тендерге қатысуға арналған өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      201. Электрондық әмиянда бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда тізілімнің веб-порталы тендерге қатысуға өтінімді қабылдауды және электрондық әмияндағы кепілдік жарнаның сомасын пайдаланылмайтын қорғаныс объектісі бойынша сауда-саттық нәтижелері анықталғанға дейін бұғаттауды жүзеге асырады, сондай-ақ қатысушыға тендерге рұқсат береді. Электрондық әмиянда бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған кезде тізілімнің веб-порталы тендерге қатысуға өтінімді қабылдамайды.

      Тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына оның тендерге қатысуға өтінімінің қабылданғаны немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарламаны тізілімнің веб-порталы жолдайды.";

      204-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "204. Тендер жеңімпазының ұсыныстарына сай келетін шарттарда шартқа қол қойылмаған жағдайда кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды.

      Қалған барлық жағдайларда электрондық әмиянда бұғаттан шығарылған кепілдік жарналарды бірыңғай оператор қатысушылар тізілімінің веб-порталында кепілдік жарналарды қайтаруға арналған өтініштерге ЭЦҚ пайдаланылып қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтарады.";

      208-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208. Тізілімнің веб-порталында тендер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өткізіледі. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.";

      4-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы жарияланған хабарламаны қарап және Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен танысып, __________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе оның сенімхаты негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20____ жылғы "___"______ өтетін тендерге қатысуға ниет білдіреді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады