"Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 718 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және контингентті медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      Контингентке құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер), олармен бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ аталған органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің кәмелет жасына толмаған балалары және зейнеткерлер жатады.

      Зейнеткерлерге құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының (арнайы атақтар берілген) және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің зейнеткерлері (бұдан әрі – зейнеткерлер) жатады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Қызмет өткеретін жерде немесе тұратын жерінде ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнаулы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша қызметкерлерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:

      1) Кодекске сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметкерлерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қызметкерлердің өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ зейнеткерлерге медициналық көмек ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында көрсетіледі.

      Қызметкерлердің отбасы мүшелеріне және зейнеткерлерге медициналық көмек көрсету бойынша ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:

      1) Кодекске сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Астана, Алматы қалаларынан тыс жерлерде тұратын контингентті стационарлық ем алуға Астана және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдары медициналық ұйымдарына емдеуге жатқызу ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары мамандарының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

      Контингентті Астана және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi белгілейді.

      14. Медициналық көмек алу үшін контингентті ресімдеуді ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің кадр қызметтері ұсынатын контингент тізімдерінің негізінде жүргізеді.

      Медициналық қамтамасыз етуге ресімдеу жеке басын куәландыратын құжат (қызметкер үшін – жеке куәлігі және қызметкердің қызметтік куәлігі; қызметкердің отбасы мүшелері үшін – жеке куәлігі; қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкердiң балалары үшін – туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі; зейнеткерлері үшін – жеке куәлігі және зейнеткерлік куәлігі) негізінде медициналық ұйымның жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта жүзеге асырылады.

      Контингент арасынан әр адамға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес амбулаторлық пациенттің медициналық картасы ресімделеді, ол ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары емханаларының тiркеу бөлiмiнде сақталады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады