Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 139-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 473 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 139-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді (бұдан әрі – қазынашылық міндеттемелер) шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу тәртібін айқындайды.
2. Қазынашылық міндеттемелер Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Қаржы министрлігі) эмиссиялайтын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
2-тарау. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бастапқы дилер – белгіленген тәртіппен қазынашылық міндеттемелерді орналастыруға қатысуға жіберілген және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі – Ұлттық Банк) келісу бойынша эмитент белгілеген талаптарға сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
2) депонент – орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын ұйым;
3) қаржы агенті – эмитентпен жасалған қазынашылық міндеттемелерді орналастыру туралы агенттік келісімнің негізінде эмитенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша қазынашылық міндеттемелерді орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету мен оларды өтеудің ішкі қағидалары – орталық депозитарийдің эмитентпен келісілген ішкі құжаты, оның негізінде орталық депозитарий қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсетуді және оларды өтеуді жүзеге асырады;
5) қазынашылық міндеттемелерді орналастырудың ішкі қағидалары – қаржы агентінің эмитентпен келісілген ішкі құжаты, оның негізінде қаржы агенті қазынашылық міндеттемелерді орналастыруды жүзеге асырады;
6) орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 45-бабының 2-1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам, эмитентпен жасалған шартқа сәйкес орталық депозитарий төлем агентінің функцияларын және қазынашылық міндеттемелерді есепке алу және оларға қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
7) эмитент – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.
4. Эмитенттің бас қаржы агенті Ұлттық Банк болып табылады, ол эмитентпен жасалған бас агенттік келісімнің негізінде ішкі қаржы нарығында қарыз алу мәселелері бойынша эмитенттің қаржы кеңесшісінің функцияларын жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығарудың, орналастырудың, айналысқа жіберудің, қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттары
5. Қазынашылық міндеттемелер құжатталмаған нысанда шығарылады.
6. Әрбір шығарудың орталық депозитарий Заңға сәйкес беретін International Securities Identification Number (ISIN) халықаралық сәйкестендiру нөмiрi болады.
7. Қазынашылық міндеттемелер қазынашылық міндеттемелерді орналастырудың ішкі қағидаларында белгіленген жазылу, аукцион (қосымша орналастыру, қайталама аукцион) өткізу арқылы орналастырылады.
8. Қазынашылық міндеттемелерді және олар бойынша құқықтарды есепке алу орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі қосалқы шоттар және орталық депозитарийдің депоненттерін номиналды ұстауды есепке алу жүйелеріндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша және (немесе) орталық депозитарийдің немесе оның депонентінің клиенттері болып табылатын және Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген номиналды ұстаушының функцияларына ұқсас функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың есепке алу жүйелеріндегі шоттар бойынша жүзеге асырылады. Орталық депозитарий төлем агентінің функцияларын жүзеге асырады, олар, егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, бастапқы нарықта орналастыру кезінде, қайталама нарықта қазынашылық міндеттемелерді айналысқа жіберуге және өтеу кезінде қазынашылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруға, сондай-ақ қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсетуге (сыйақы есептеу және төлеу) негізделеді.
9. Қазынашылық міндеттемелердің әрбір шығарылымының көлемі мен шарттарын Қазақстан Республикасының тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген үкіметтік борыш пен оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар лимиті шегінде эмитент белгілейді.
10. Қазынашылық міндеттемелерді орналастыру, қызмет көрсету және өтеу тәсілдерінің шарттары мен рәсімдері осы Қағидаларда және қазынашылық міндеттемелерді орналастырудың ішкі қағидаларында белгіленеді.
11. Егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес заңды және жеке тұлғаларына бастапқы дилерлер арқылы қазынашылық міндеттемелерді сатып алуға жол беріледі.
12. Эмитент қазынашылық міндеттемелердің мынадай түрлерін:
1) қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
2) орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
3) ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
4) орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;
5) ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;
6) ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді;
7) TONIA (Tenge Over Night Index Average) мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;
8) TONIA (Tenge Over Night Index Average) TCI (TONIA Compounded Index) индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді шығаруды, орналастыруды, айналысқа жіберуді, қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады.
13. Егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, орталық депозитарий орналастырылған қазынашылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асырған күн болып қазынашылық міндеттемелерді айналысқа жіберудің басталған күні болып есептеледі. Егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, қазынашылық міндеттемелерді айналысқа жіберу осы міндеттемелерді өтеген күннің алдындағы соңғы күн өткен соң аяқталады.
14. Егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, осы міндеттемелер бойынша сыйақы есептелетін бірінші күн болып оларды айналысқа жіберу басталған күн, ал соңғы күн болып – оларды өтеген күннің алдындағы соңғы күн табылады.
Қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақы төлеу қазынашылық міндеттемелердің жекелеген түрлерін шығару шарттарында белгіленген күндері жүргізіледі. Егер қазынашылық міндеттемелерді шығару шарттарында өзге мерзім көзделмесе, соңғы сыйақыны төлеу қазынашылық міндеттемені өтеу күнімен сәйкес келеді. Егер қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақы төлеу күні жұмыс күніне тура келмесе, онда төлем жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
15. Қазынашылық міндеттемелерді өтеу, егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, оларды айналысқа жіберу мерзімі аяқталғаннан кейінгі бірінші күні номиналды құн бойынша жүргізіледі. Егер қазынашылық міндеттемелердің номиналды құнын өтеу күні жұмыс күніне тура келмесе, онда өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
16. Егер қазынашылық міндеттемелерді шығару шарттарында өзгеше көзделмесе, эмитентке қайталама нарықта нарықтық баға бойынша қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымының барлық немесе ішінара көлемін сатып алуға және оларды өтеуге жол беріледі.
Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қазынашылық міндеттемелерді сатып алуды эмитенттің қазынашылық міндеттемелерін айналысқа жіберу кезеңі ішінде эмитент жүзеге асырады.
Сатып алынған қазынашылық міндеттемелерді сақтау орталық депозитарийде жүзеге асырылады.
Қазынашылық міндеттемелерді сатып алуды эмитент қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады, онда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында кері сатып алуды жүргізу үшін қажетті тәртіп қамтылады.
Эмитенттің қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымының бір бөлігін немесе барлық көлемін сатып алу туралы шешімі орталық депозитарийдің және қаржы агентінің назарына жеткізіледі. Орталық депозитарий және қаржы агенті осы хабарламаны алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларға хабарлайды.
Қазынашылық міндеттемелерді сатып алу қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар хабарламаны алғаннан кейін күнтізбелік 14 (он төрт) күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Қазынашылық міндеттемелердің әрбір шығарылымын кері сатып алудың көлемі мен шарттарын эмитент қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылармен келісу кезінде айқындайды.
Қазынашылық міндеттемелерді кері сатып алуды жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Эмитенттің қазынашылық міндеттемелерді кері сатып алуды жүргізу туралы шешімі эмитенттің және қаржы агентінің ресми сайтында жарияланады.
17. Эмитентке айналыстағы қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымын(-дарын) эмитент белгілеген тәртіппен осы қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылардың келісімімен нарықтық немесе өзге де құн бойынша қазынашылық міндеттемелердің жаңа шығарылымына ауыстыруды жүзеге асыруға жол беріледі. Қазынашылық міндеттемелерді ауыстыру оған ниет білдірген қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларда ғана жүргізіледі.
Эмитенттің айналыстағы қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымын(-дарын) қазынашылық міндеттемелердің жаңа шығарылымына ауыстыру туралы шешімі орталық депозитарийдің және қаржы агентінің назарына осындай сатып алу күніне дейін 20 (жиырма) жұмыс күні бұрын жеткізіледі. Қаржы агенті өз кезегінде осы хабарламаны алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы бастапқы дилерлерге хабарлайды.
18. Қазынашылық міндеттемелермен операциялар бойынша салық салу тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалады.
19. Эмитент кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кезекті қаржы жылына арналған мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару жоспарын бекітеді.
Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару жоспарын өзгертуге кезекті қаржы жылына арналған бюджет нақтыланған кезде, сондай-ақ нарық конъюнктурасы өзгерген кезде эмитенттің қарыз алуды қолайлы шарттарда жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана жол беріледі.
4-тарау. Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер
20. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер дисконтталған эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
21. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеменің номиналды құны – 100 (бір жүз) теңге.
22. "Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме" (МЕККАМ) атауы орыс тілінде "Государственное краткосрочное казначейское обязательство" деп аталады.
23. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер 3 (үш), 6 (алты), 9 (тоғыз) және 12 (он екі) ай айналысқа жіберу мерзімімен шығарылады.
24. Сыйақыны есептеу үшін қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді айналысқа жіберу мерзімінде күндердің нақты саны пайдаланылады.
25. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру дисконтталған баға (номиналды құннан төмен баға) бойынша, өтеу – номиналды кұн бойынша жүзеге асырылады.
26. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелердің иелеріне Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға жол беріледі. Бұл ретте инвестор қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияны орталық депозитарий депоненті арқылы ресімдейді.
5-тарау. Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер
27. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
28. Орта мерзімді қазынашылық міндеттеменің номиналды құны – 1000 (бір мың) теңге.
29. "Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме" (МЕОКАМ) атауы орыс тілінде "Государственное среднесрочное казначейское обязательство" деп аталады.
30. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер 1 (бір) жылдан астам 5 (бес) жылға дейінгіні қоса алғанда айналысқа жіберу мерзімімен шығарылады.
31. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу номиналды құн бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа жіберу мерзімі ішінде орналастырған кезде айқындалған, купон деп аталатын сыйақы төленеді.
32. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купон сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы – есеп айырысу айында 30 (отыз) күн/есеп айырысу жылында 360 (үш жүз алпыс) күн.
33. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купонды төлеу орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер айналысқа жіберілетін тиісті жылы жылына 2 (екі) рет, эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.
34. Купон сомасы мынадай формуламен айқындалады:
S=N*С* 180/360
мұндағы,
S, теңге – кезекті төленуге тиіс орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонының сомасы;
N, теңге – кезекті төленуге тиіс орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер тиісті санының номиналды құнының сомасы;
С, % – купон мөлшерлемесі.
35. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің иелеріне Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға жол беріледі. Бұл ретте инвестор орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияны бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
6-тарау. Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер
36. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
37. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттеменің номиналды құны – 1000 (бір мың) теңге.
38. "Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттеме" (МЕУКАМ) атауы орыс тілінде "Государственное долгосрочное казначейское обязательство" деп аталады.
39. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер 5 (бес) жылдан астам айналысқа жіберу мерзімімен шығарылады.
40. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу номиналды құн бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа жіберу мерзімі ішінде орналастырған кезде айқындалған, купон деп аталатын сыйақы төленеді.
41. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купон сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы – есеп айырысу айында 30 (отыз) күн/есеп айырысу жылында 360 (үш жүз алпыс) күн.
42. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купонды төлеу ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер айналысқа жіберілетін тиісті жылы жылына 1 (бір) рет, эмитент белгіленген күндері жүзеге асырылады.
43. Купон сомасы мынадай формуламен айқындалады:
S = N*С
мұндағы,
S, теңге – кезекті төленуге тиіс ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонының сомасы;
N, теңге – кезекті төленуге тиіс ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер тиісті санының номиналды құнының сомасы;
С, % – купон мөлшерлемесі.
44. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелердің иелеріне Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға жол беріледі. Бұл ретте инвестор ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияны бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
7-тарау. Мемлекеттік орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер
45. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
46. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеменің номиналды құны – 1000 (бір мың) теңге.
47. "Мемлекеттік орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеме" (МОИКАМ) атауы орыс тілінде "Государственное среднесрочное индексированное казначейское обязательство" деп аталады.
48. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер 1 (бір) жылдан астам 5 (бес) жылға дейінгіні қоса алғанда айналысқа жіберу мерзімімен шығарылады және оның 6 (алты) айлық еселенген болуы талап етіледі.
49. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу номиналды құн бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа жіберу мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
50. Егер эмитент қазынашылық міндеттемелерді шығарудың өзгеше күнін көздемесе, орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.
51. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы – есеп айырысу айында 30 (отыз) күн/есеп айырысу жылында 360 (үш жүз алпыс) күн.
52. Индекстелген купонды төлеу тиісті кезеңділікпен жылына 2 (екі) рет, эмитент белгілеген күндері орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша индекстелген купонды төлеу айналысқа жіберілетін әрбір 6 (алты) толық күнтізбелік ай сайын айдың 5 (бесінші) жұмыс күні жүргізіледі.
53. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде айқындалған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.
54. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен айқындалады:
S = N*І/100+С
мұндағы,
S, теңге – кезекті төленуге тиіс орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге – кезекті төленуге тиіс орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер тиісті санының номиналды құнының сомасы;
I, % – төленуге тиіс өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,
бұл ретте,
І - (((І 1 /100) * (І 2 /100)*(І 3 /100)*...*(І n /100))-1)*100,
мұндағы,
І 1 , I 2 , І 3 ,...,І n – купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағаларының индекстері, I мәні үтірден кейін үшінші (қоса алғанда) санға дейін дөңгелектенеді;
С, – тіркелген купон сомасы;
бұл ретте С=N*К* 180/360,
мұндағы,
К, % – орналастыру кезінде айқындалған тіркелген жылдық купонның мәні.
55. Тұтыну бағаларының индексін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ай сайын жариялайды.
56. Егер өткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болған жағдайда инфляция индексінің мәні нөлге тең деп қабылданады.
57. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің иелеріне Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға жол беріледі. Бұл ретте инвестор орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияны бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
8-тарау. Мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер
58. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
59. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеменің номиналды құны – 1000 (бір мың) теңге.
60. "Мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеме" (МУИКАМ) атауы орыс тілінде "Государственное долгосрочное индексированное казначейское обязательство" деп аталады.
61. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер 5 (бес) жылдан астам айналысқа жіберу мерзімімен шығарылады және оның 12 (он екі) айлық еселенген болуы талап етіледі.
62. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу номиналды құн бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа жіберу мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
63. Егер эмитент қазынашылық міндеттемелерді шығарудың өзге күнін көздемесе, ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.
64. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы – есеп айырысу айында 30 (отыз) күн/есеп айырысу жылында 360 (үш жүз алпыс) күн.
65. Индекстелген купонды төлеу тиісті кезеңділікпен жылына 1 (бір) рет, эмитент белгілеген күндері ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша индекстелген купонды төлеу айналысқа жіберілетін әрбір 12 (он екі) толық күнтізбелік ай сайын айдың 5 (бесінші) жұмыс күні жүргізіледі.
66. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде айқындалған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.
67. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен айқындалады:
S= N *I/100+С,
мұндағы,
S, теңге – кезекті төленуге тиіс ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге – кезекті төленуге тиіс ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер тиісті санының номиналды құнының сомасы;
I, % – төленуге тиіс өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,
бұл ретте,
І - (((І 1 /100)*(І 2 /100)*(І 3 /100)*...*(І n /100))-1)*100;
мұндағы,
I 1 , І 2 , І 3 ,..., І n – купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағаларының индекстері, I мәні үтірден кейінгі үшінші (қоса алғанда) цифрға дейін дөңгелектенеді;
С, – тіркелген купон сомасы;
бұл ретте С=N*К,
мұнда
К, % – орналастыру кезінде айқындалған тіркелген жылдық купонның мәні.
68. Тұтыну бағаларының индексін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ай сайын жариялайды.
69. Егер өткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болған жағдайда, инфляция индексінің мәні нөлге тең деп қабылданады.
70. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің иелеріне Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға жол беріледі. Бұл ретте инвестор ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияны бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
9-тарау. Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер
71. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
72. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттеменің номиналды құны – 1000 (бір мың) теңге.
73. "Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттеме" (МЕУЖКАМ) атауы орыс тілінде "Государственное долгосрочное сберегательное казначейское обязательство" деп аталады.
74. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "БЖЗҚ" АҚ), ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін "БЖЗҚ" АҚ-ға беру басталған күнге дейін жинақтаушы зейнетақы қорлары, өмірді сақтандыру компаниялары, сондай-ақ "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "МӘСҚ" АҚ) арасында орналастырылады.
Қазынашылық міндеттемелерді айналысқа жіберу мерзімінің екіден бір бөлігі "БЖЗҚ" АҚ, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін "БЖЗҚ" АҚ-ға беру басталған күнге дейін жинақтаушы зейнетақы қорлары, өмірді сақтандыру компаниялары, сондай-ақ "МӘСҚ" АҚ арасында жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін қазынашылық міндеттемелерді айналысқа жіберу еркін негізде жүзеге асырылады.
75. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер 5 (бес) жылдан астам айналысқа жіберу мерзімімен шығарылады және 12 (он екі) айлық еселенген болады.
76. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу номиналды құн бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа жіберу мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
77. Егер эмитент қазынашылық міндеттемелерді шығарудың өзге күнін көздемесе, ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.
78. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бойынша купон сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы – есеп айырысу айында 30 (отыз) күн/есеп айырысу жылында 360 (үш жүз алпыс) күн.
79. Индекстелген купонды төлеу тиісті кезеңділікпен жылына 1 (бір) рет, эмитент белгілеген күндері ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бойынша индекстелген купонды төлеу айналысқа жіберілетін әрбір 12 (он екі) толық күнтізбелік ай сайын айдың 5 (бесінші) жұмыс күні жүргізіледі.
80. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде айқындалған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.
81. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен айқындалады:
S=N*І/100+С,
мұндағы,
S, теңге – кезекті төленуге тиіс ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге – кезекті төленуге тиіс ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер тиісті санының номиналды құнының сомасы;
I, % – төленуге тиіс өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,
бұл ретте,
І-(((І 1 /100)*(І 2 /100)*(І 3 /100)*...*(І n /100))-1)*100,
мұндағы,
І 1 І 2 , І 3 ,...,І n – купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағаларының индекстері, I мәні үтірден кейінгі үшінші (қоса алғанда) цифрға дейін дөңгелектенеді;
С, – тіркелген купон сомасы;
бұл ретте С=N*К,
мұндағы,
К, % – орналастыру кезінде айқындалған тіркелген жылдық купонның мәні.
82. Тұтыну бағаларының индексін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ай сайын жариялайды.
83. Егер өткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болған жағдайда инфляция индексінің мәні нөлге тең деп қабылданады.
84. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелердің иелеріне Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға жол беріледі.
10-тарау. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер
85. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
86. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің номиналды құны – 1000 (бір мың) теңге.
87. "TONIA мөлшерлемесіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер" (МЕТИКАМ) атауы орыс тілінде "Государственные казначейские обязательства, индексированные к ставке TONIA" деп аталады.
88. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер 1 (бір) жылдан астам айналысқа жіберу мерзімімен шығарылады.
89. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу номиналды құн бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа жіберу мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
90. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы – есеп айырысу айында 30 (отыз) күн/есеп айырысу жылында 360 (үш жүз алпыс) күн.
91. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купонды төлеу қазынашылық міндеттемелер айналысқа жіберілетін тиісті жылы жылына 2 (екі) рет эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.
Купон төленетін 6 (алты) айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M) купондық кезең аяқталатын күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын айқындалады және бұл мөлшерлеме төлем жүзеге асырылатын купондық кезеңнің соңына дейін өзгермейді.
92. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен айқындалады:
S= N *T/2+C,
мұндағы,
S, теңге − кезекті төленуге тиіс TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге − кезекті төленуге тиіс TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер тиісті санының номиналды құнының сомасы;
T, % − төленуге тиіс өткен купондық кезең үшін 6 (алты) айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M), T мәні үтірден кейінгі үшінші (қоса алғанда) цифрға дейін дөңгелектенеді;
С, теңге – тіркелген купон сомасы,
бұл ретте C = N*K*180/360,
мұндағы,
K, % − орналастыру кезінде айқындалған тіркелген жылдық купонның мәні.
93. TONIA мөлшерлемесі − қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін, қор биржасында жасалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен автоматты репо секторында 1 (бір) жұмыс күні мерзіміне репо ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме.
6 (алты) айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M) − қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін, TONIA мөлшерлемесінің мәндері негізінде 6 (алты) ай мерзімге әрбір күнтізбелік күні есептелетін TONIA құрамдас мөлшерлемесі.
6 (алты) айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M) күн сайын қаржы агентінің сайтында жарияланады.
Купон мөлшерлемесінің ауыспалы бөлігі (Т, % − 6 (алты) айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M) қағазды айналысқа жіберу мерзімі ішінде күн сайынғы негізде өзгеріп тұрады және бұл мөлшерлеме қаржы агенті есептеген соңғы TCR_6M мәніне тең болады.
94. Егер өткен купондық кезең үшін 6 (алты) айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M) теріс мәнге тең болса, 6 (алты) айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесінің (TCR_6M) мәні нөлге тең деп қабылданады.
95. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің иелеріне Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға жол беріледі. Бұл ретте инвестор TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияны бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
11-тарау. TONIA TCI индексіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер
96. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
97. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің номиналды құны – 1000 (бір мың) теңге.
98. "TONIA TCI индексіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер" (МЕТИСКАМ) атауы орыс тілінде "Государственные казначейские обязательства, индексированные к индексу TONIA TCI" деп аталады.
99. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бір жылдан астам айналысқа жіберу мерзімімен шығарылады.
100. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу номиналды құн бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа жіберу мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
101. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы – айналысқа жіберудің барлық мерзімі ішінде айдағы күндердің нақты саны/есеп айырысу жылында 365 (үш жүз алпыс бес) күн.
102. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купонды төлеу қазынашылық міндеттемелер айналысқа жіберілетін тиісті жылы жылына 2 (екі) рет, эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.
TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон мөлшерлемесі купондық кезең аяқталатын күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын айқындалады және бұл мөлшерлеме төлем жүзеге асырылатын купондық кезеңнің соңына дейін өзгермейді.
103. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен айқындалады:
S = N*T/2+C,
мұндағы,
S, теңге − кезекті төленуге тиіс TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге − кезекті төленуге тиіс TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер тиісті санының номиналды құнының сомасы;
T, % − төленуге тиіс өткен купондық кезең үшін TONIA TCI көрсеткішіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон мөлшерлемесі, T мәні үтірден кейінгі үшінші (қоса алғанда) цифрға дейін дөңгелектенеді. Т мәні мынадай формуламен есептеледі:
T = (TCI (TONIA Compounded Index) соңына/TCI (TONIA Compounded Index) басына-1)*365/d,
мұндағы,
TCI (TONIA Compounded Index) соңына – TONIA композиттік индексінің алдағы купон төленетін күнге дейінгі 10 (он) жұмыс күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мәні;
TCI (TONIA Compounded Index) басына – TONIA композиттік индексінің алдыңғы купон төленетін күнге не қазынашылық міндеттемелерді айналысқа жіберу басталатын күнге дейінгі 10 (он) жұмыс күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мәні;
d – TCI (TONIA Compounded Index) басына және TCI (TONIA Compounded Index) соңына айқындау күндері арасындағы есептеу кезеңіндегі күнтізбелік күндердің нақты саны;
С, теңге – тіркелген купон сомасы,
бұл ретте C = N*K/2,
мұндағы,
K, % − орналастыру кезінде айқындалған тіркелген жылдық купонның мәні.
104. TONIA мөлшерлемесі − қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін, қор биржасында жасалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен автоматты репо секторында 1 (бір) жұмыс күні мерзіміне репо ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме.
TCI (TONIA Compounded Index) индексі – қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін TONIA композиттік индексі.
TCI (TONIA Compounded Index) индексі күн сайын қаржы агентінің сайтында жарияланады.
Купон мөлшерлемесінің ауыспалы бөлігі (Т, %) қағазды айналысқа жіберу мерзімі ішінде күн сайынғы негізде өзгеріп тұрады және мынадай формуламен есептеледі:
Т = (TCI (TONIA Compounded Index) есептеу күніне/TCI (TONIA Compounded Index) басына-1)*365/d,
мұндағы,
TCI (TONIA Compounded Index) есептеу күніне – TONIA композиттік индексінің есеп айырысатын күнге дейінгі 10 (он) жұмыс күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мәні;
TCI (TONIA Compounded Index) басына – TONIA композиттік индексінің алдыңғы купон төленетін күнге не қазынашылық міндеттемелерді айналысқа жіберу басталатын күнге дейінгі 10 (он) жұмыс күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мәні.
105. Егер өткен купондық кезең үшін TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон мөлшерлемесінің ауыспалы бөлігі (Т, %) теріс мәнге тең болса, купон мөлшерлемесінің ауыспалы бөлігінің мәні нөлге тең деп қабылданады.
106. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің иелеріне Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға жол беріледі. Бұл ретте инвестор TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияны бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидаларына қосымша |
Алдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару жоспары
Күні | – жыл | – жыл | – жыл | – жыл | – жыл | – жыл | – жыл | – жыл |
ISIN | ISIN | ISIN | ISIN | ISIN | ISIN | ISIN | ISIN | |
Жиыны |
Ескертпе:
ISIN – International Securities Identification Number халықаралық сәйкестендiру нөмiрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 473 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1295 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1541 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 832 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 177 қаулысы.
6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 шiлдедегi № 469 қаулысы.
7. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 380 қаулысы.
8. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 1070 қаулысы.