ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 18-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-жолмен толықтырылсын:
"
16. | Ауылдық елді мекен санатынан қайта құрылған қаладағы жұмысы үшін жоғарылату | |||
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауылдық елді мекен санатынан қайта құрылған қалалық елді мекенде орналасқан мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға елді мекеннің санаты қайта құрылған күннен бастап екі жыл бойы жоғарылатылған айлықақы (тарифтік мөлшерлемелер) белгіленеді | 25 %-дан кем емес |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 10 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |