Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті.".
3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
