Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
| Қазақстан Республикасы | |
| Үкіметінің | |
| 2023 жылғы 17 шілдедегі № 597 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 813 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы.
4. "Сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ оларға сыйақы мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысы.
5. "Сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ оларға сыйақы мөлшерін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 598 қаулысы.
6. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 988 қаулысы.
