Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 592 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 және 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 418 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 және "Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы" 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 1320 қаулысы.
4. "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 618 қаулысы.
5. "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1372 қаулысы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1283 қаулысы.
7. "Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысының 2-тармағы.
8. "Уәкілетті ұйымдарда міндетті сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 601 қаулысы.
9. "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 266 қаулысы.
