"Alatau" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1187 қаулысымен.

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2048 жылға дейінгі кезеңге "Alatau" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Alatau" АЭА) құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1187 қаулысымен.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Alatau" АЭА туралы ереже;

      2) "Alatau" АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1187 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 15 наурыздағы
  № 221 қаулысымен
  бекітілген

"Alatau" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1187 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Alatau" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда Алматы облысының Қонаев және Алатау қалаларының, Талғар және Іле аудандарының аумағында орналасқан.

      АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

      АЭА аумағы өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін, оның ішінде әуежайлардың қызметін дамытуға арналған аумақты қоса алғанда, 98982,98 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.11.2025 № 990 қаулысымен.

      2. АЭА:

      1) өңірдің дамуына жаңа серпін беретін жобаны іске асыру шеңберінде отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, мультимодальды хабтарды, көлік пен логистиканы дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету;

      2) келуші қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға қабілетті заманауи жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті туристік, медициналық, білім беру, мәдени-демалыс инфрақұрылымын жедел дамыту, Алматы облысында қызметтер көрсетудің сапасы жағынан жаңа деңгейін қалыптастыру мақсатында құрылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.03.2025 № 144 қаулысымен.

      3. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.

      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      4. АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.

      4-1. Әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассаларының шегiндегi жерлерде кедергілер болып табылатын объектілерді салу, электр беру желілерін орнату және басқа да құрылысжайларды орналастыру үшін; оның салдарынан әуе кеңiстiгiнде радиотолқындық, көрінетін, акустикалық және өзге де сәулелену түрлері жүргізілетін жұмыстарды жүргізу үшін; құстардың топталып жиналуы үшін жағдай жасайтын немесе ұшу көрiнiсiн нашарлататын объектiлердi орналастыру, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдаланумен тікелей байланысты емес, бiрақ АЭА аумағында ұшудың, әуе кемелері жабдықтарының және олардағы адамдардың қауіпсіздігіне әсерiн тигiзетiн кез келген басқа қызмет үшін "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті рұқсатты алу қажет.

      Ескерту. 1-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.03.2025 № 144 қаулысымен.

2. "Alatau" арнайы экономикалық аймағын басқару

      5. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3. "Alatau" арнайы экономикалық аймағының аумағында салық салу

      6. АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      7. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.

      8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылған болуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

5. Шетел азаматтарының "Alatau" арнайы экономикалық аймағының аумағында болуының тәртібі

      9. АЭА аумағында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының кіруінің, одан кетуінің, транзитпен өтуінің және болуының Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген тәртібі қолданылады.

6. Қорытынды ережелер

      10. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.

      11. АЭА Заңда көзделген негіздер бойынша таратылады.

      12. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Құрылу мерзімінің аяқталуына байланысты АЭА таратылған кезде Алматы облысының әкімдігі:

      1) көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның алдағы таратылуы, оның таратылуына байланысты өтініштер мен наразылықтарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;

      2) АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;

      3) АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есепті ұсынады.

      14. АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мерзімінен бұрын таратылған кезде рәсім осы Ереженің 13-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып, алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде аяқталуға тиіс.

      15. Осы Ережемен реттелмеген АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Alatau" арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
қосымша

"Alatau" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары

      Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.11.2025 № 990 қаулысымен.


      "Alatau" арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы S = 98982,98 га

  Қазақстан Республикасы
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 211 қаулысымен
бекітілген

"Alatau" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

      Ескерту. Нысаналы индикаторлар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.11.2025 № 990 қаулысымен.

Р/с

Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер

Өлшем бірлігі*

Базалық кезең (2025 жыл)

2031 жылға қарай қол жеткізу

2036 жылға қарай қол жеткізу

2041 жылға қарай қол жеткізу

2047 жылға қарай қол жеткізу

нысаналы индикатор

нысаналы индикатор

нысаналы индикатор

нысаналы индикатор

1

2

3

4

5

6

7

9

1

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд теңге

10

174,1

813,7

1026,84

1666,64

1.1

шетелдік инвестициялар көлемі

млрд теңге

0

79,70

308,64

582,73

1028,32

1.2

отандық инвестициялар көлемі

млрд теңге

10

94,40

505,06

444,11

638,32

2

АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд теңге

0

435

842

1172

1759

3

Қатысушылар саны (компаниялар)

бірл.

4

44

50

52

53

4

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

120

2800

5853

10589

17366

5

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

0

34

41

63

91

      * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады