Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар Жоспардың 16 және 17-тармақтарында көзделген заң жобаларын қоспағанда, заң жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспарда айқындалған айдың 1-күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда айқындалған айдың 1-күнінен кешіктірмей ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.03.2023 № 173; 24.05.2023 № 398; 26.05.2023 № 410; 10.08.2023 № 662; 27.09.2023 № 839; 05.10.2023 № 869; 14.12.2023 № 1119 қаулыларымен.
Р/с | Заң жобасының атауы | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Ұсыну мерзімі | Заң жобаларын сапалы әзірлеуге және уақтылы енгізуге жауапты адам | ||
Әділет-мині | Үкімет | Парламент | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.05.2023 № 398 қаулысымен. | |||||
2. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.05.2023 № 398 қаулысымен. | |||||
3. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҰЭМ | қаңтар | қаңтар | наурыз | Б.Б. Омарбеков |
4. | Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҰЭМ | қаңтар | қаңтар | наурыз | Б.Б. Омарбеков |
4-1. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.05.2023 № 410 қаулысымен. | |||||
4-2. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.05.2023 № 410 қаулысымен. | |||||
5. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині | қаңтар | ақпан | наурыз | А.Қ. Мұқанова |
6. | Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы | ІІМ | қаңтар | ақпан | сәуір | Е.С. Сәденов |
7. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ІІМ | қаңтар | ақпан | сәуір | Е.С. Сәденов |
8. | Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ІІМ | қаңтар | ақпан | сәуір | Е.С. Сәденов |
8-1. | Масс-медиа туралы | АҚДМ | ақпан | мамыр | мамыр | Қ.Ж. Ысқақов |
8-2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АҚДМ | ақпан | мамыр | мамыр | Қ.Ж. Ысқақов |
9. | Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы | СИМ | ақпан | сәуір | маусым | А.А. Шакқалиев |
10. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | СИМ | ақпан | сәуір | маусым | А.А. Шакқалиев |
11. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині | ақпан | сәуір | маусым | А.Қ. Мұқанова |
12. | Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині | ақпан | сәуір | маусым | А.Қ. Мұқанова |
13. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АҚДМ | наурыз | сәуір | маусым | Д.Р. Қадыров |
14. |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы | ИИДМ | наурыз | сәуір | маусым | А.С. Ыдырысов |
15. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ОМ | наурыз | мамыр | шілде | Ш.Т. Каринова |
16. | Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы | ҰЭМ | шілде | тамыз | тамыз | А.К. Әмрин |
17. | 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы | Қаржымині | тамыз | тамыз | тамыз | Т.М. Савельева |
17-1. |
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі | ҰЭМ | шілде | шілде | қыркүйек |
А.К. Әмрин |
17-2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы | ҰЭМ | шілде | шілде | қыркүйек |
А.К. Әмрин |
18. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ТЖМ | шілде | тамыз | қазан | И.Д. Күлшімбаев |
19. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | СҚА | тамыз | қыркүйек | қараша | Ұ.С. Сарқұлов |
20. | Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | СҚА | тамыз | қыркүйек | қараша | Ұ.С. Сарқұлов |
21. | Акваөсіру туралы | ЭТРМ | тамыз | қыркүйек | қараша | Н.Қ. Шәрбиев |
22. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне акваөсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЭТРМ | тамыз | қыркүйек | қараша | Н.Қ. Шәрбиев |
23. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АҚДМ | тамыз | қыркүйек | қараша | Д.Р. Қадыров |
24. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ТСМ | қыркүйек | қазан | желтоқсан | С.М. Жарасбаев |
25. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 662 қаулысымен. | |||||
26. | Қазақстан Республикасының Су кодексі | ЭТРМ | қыркүйек | қазан | желтоқсан | Ғ.А. Азидуллин |
27. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЭТРМ | қыркүйек | қазан | желтоқсан | Ғ.А. Азидуллин |
28. | Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі | ӨҚМ | қазан | қараша | желтоқсан | Т.Д. Қарағойшин |
29. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ӨҚМ | қазан | қараша | желтоқсан | Т.Д. Қарағойшин |
31 | Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы | Қорғанысмині | қыркүйек | қазан | желтоқсан | М.Р Құсайынов |
32 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қорғанысмині | қыркүйек | қазан | желтоқсан | М.Р Құсайынов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
СҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
