"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысының білім басқармасы Павлодар қаласы білім бөлімінің "Балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Құрманғазының есімі берілсін.
2. Мынадай білім беру ұйымдарының атаулары өзгертілсін:
1) Павлодар облысының білім басқармасы Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Приреченск жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Павлодар облысының білім басқармасы Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Павлодар облысының білім басқармасы Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Агрономия жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Павлодар облысының білім басқармасы Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Талғат Бигелдинов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Павлодар облысының білім басқармасы Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Харьков жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Павлодар облысының білім басқармасы Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының | |
| Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
