Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 317 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 және "Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 905 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 574 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 8-тармағы.
4. "Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 528 қаулысы.
