Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 238 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1133 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1141 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 13 және 14-тармақтары.
