"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакциядағы 3-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) заңдардың, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптаманы қамтамасыз ету;";
5-тармақтың үшінші абзацындағы "қамтамасыз ететін уәкілетті ұйым болып айқындалсын." деген сөздер "қамтамасыз ететін;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"заңдардың, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптаманы қамтамасыз ететін уәкілетті ұйым болып айқындалсын.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
