1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ҚазТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамына Қожасай кен орнынан "Бұхара-Орал" МГ КС-12 дейінгі магистральдық газ құбырын кейіннен иеліктен шығару құқығынсыз "Интергаз Орталық Азия" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев |
