Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Сан-Франциско қаласында (Америка Құрама Штаттары) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Сан-Франциско қаласында (Америка Құрама Штаттары) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Сан-Франциско қаласында (Америка Құрама Штаттары) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының | |
| Президенті | Н.Назарбаев |
