"Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына "Академиялық" мәртебе берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының | |
| Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
