"Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 387 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
1) Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) жарты жылда бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
1) Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясының (бұдан әрі – Кешенді стратегия) іске асырылуына мониторинг пен жыл сайынғы бағалауды жүргізуді қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Кешенді стратегияның орындалуы туралы шоғырландырылған есепті 2020 жылғы 25 ақпаннан кешіктірмей қарауға енгізсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 912 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 - 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары
Ескерту. Іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 24.07.2017 № 443 қаулысымен
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі индикаторларды есептеу тетігін әзірлеу | әдістемелік ұсынымдар | ІІМ (жинақтау), ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 1-тоқсан | талап етілмейді |
2. | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыру бойынша "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасын әзірлеу | әлеуметтік жоба | ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, ҮЕҰ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 жылғы 1-тоқсан | талап етілмейді |
3. | ҚАЖ мекемелерін тарату кезінде босатылатын штат санын қайта бөлу есебінен пробация қызметін нығайту жөніндегі шаралар қабылдау | бұйрық | ІІМ | 2017 жылғы 1-тоқсан | талап етілмейді |
4. | ІІМ-нің ведомстволық сайтында "Қайта әлеуметтендіру" ақпараттық жаңартылатын айдарын құру | ақпараттық айдар | ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді |
5. | Босатылғаннан кейін сотталғанды тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу тетігін пысықтау | бірлескен хаттамалық шешім | ІІМ (жинақтау), Еңбекмині | 2017 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді |
6. | ҚАЖ мекемелері бірінің базасында сотталғандардың қазіргі ақпараттық технологиялар арқылы отбасыларымен бейнекездесулер ұсынудың пилоттық жобасын жүзеге асыру | пилоттық жоба | ІІМ | 2017 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді |
7. | "Әлеуметтік бондтар" қағидаты бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру мүмкіндігін пысықтау | жұмыс тобы, хаттамалық шешім | ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, Қаржымині, ҰЭМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді |
8. | ІІМ Қостанай академиясының тақырыптық жоспарларына сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелерін зерделеуді қосу | тақырыптық жоспарлар |
ІІМ | 2017 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді |
9. | Жұмысқа орналастыру кезінде БП-ның арнайы есептері бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпаратпен танысу құқығы бар адамдар шеңберін шектеу жөніндегі шаралар қабылдау | бұйрық | БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді |
10. |
ККО қызметінің тиімділігін арттыру және ҮЕҰ жұмысына тарту мақсатында олардың ұйымдастырушылық құрылымы мен құзыретін қайта қарау | бұйрық | ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 3-тоқсан | талап етілмейді |
11. | Тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды бейімдеуге арналған жұмыс істеп тұрған орталықтарды өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықтарға қайта бейіндеу мәселесін пысықтау | жұмыс тобы, хаттамалық шешім | Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, ҰЭМ, БП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 3-тоқсан | талап етілмейді |
12. | ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын азаматтарды пробацияның барлық кезеңдерінде (сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық, пенитенциарлықтан кейін) қайта әлеуметтендірудің жеке бағдарламаларын жасау әдістемесін әзірлеу | әдістемелік ұсынымдар | ІІМ | 2017 жылғы 3-тоқсан | талап етілмейді |
13. | ҚАЖ мекемелерінен босатылғандардың әлеуметтік маңызды немесе өзге де ауыр аурулардан зардап шеккен науқастарды емдеу сабақтастығы тетігін әзірлеу | бұйрық | ІІМ (жинақтау), ДСМ | 2017 жылғы 3-тоқсан | талап етілмейді |
14. | Пробация қызметінің жұмысына жеке басты зерделеудің қазіргі заманғы әдістерін, оның ішінде қайта әлеуметтендіру процесін дараландыру мақсатында (Risk-needs-responsibility) қылмыстардың қайталану тәуекелдері мен оңалту мүмкіндіктерін бағалауды талдауға негізделген) тәуекелдердің алдын алу жүйесін енгізу | әдістемелік ұсынымдар |
ІІМ (жинақтау), | 2017 жылғы 4-тоқсан | талап етілмейді |
15. | Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру процесіне волонтерлерді тарту | пилоттық жоба | ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 4-тоқсан | талап етілмейді |
16. | ҚАЖ мекемелері бірінің базасында "оңалту түрмесі" пилоттық жобасын жүзеге асыру | пилоттық жоба | ІІМ | 2018 жылғы 1-тоқсан | талап етілмейді |
17. | Пробация қызметінде ерікті тәлімгерлер институтының пилоттық жобасын енгізу ("тең теңімен" қағидаты бойынша) | пилоттық жоба | ІІМ | 2018 жылғы 1-тоқсан | талап етілмейді |
18. | Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, сотталғандардың білім алуы жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру | пилоттық жоба | ІІМ (жинақтау), БҒМ | 2018 жылғы 1-тоқсан | талап етілмейді |
19. | Қылмыстық жазаларын өтеп жатқан адамдардың және қауіпсіздігі аралас мекемелерде қамауда ұсталатын адамдардың сандық және сапалық құрамына әлеуметтік зерттеулер жүргізу әдістемесін әзірлеу | әдістеме | ІІМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2018 жылғы 2-тоқсан | талап етілмейді |
20. | ІІМ Қостанай академиясының базасында пробация мамандарын оқыту орталығын құру | бұйрық | ІІМ | 2019 жылғы 1-тоқсан | талап етілмейді |
21. | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету | әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламалары | ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 – 2019 жылдар | талап етілмейді |
22. | Пробация қызметінде есепте тұрған кәмелетке толмағандарды оңалту мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен және коммерциялық емес қорлармен меморандумдар жасасу | меморандумдар | ІІМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2017 – 2019 жылдар | талап етілмейді |
23. | ҮЕҰ қолдауымен пробация қызметінде есепте тұрған кәмелетке толмағандарға арналған пробация бөлмелерін ашу | пробация бөлмелері | ІІМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2017 – 2019 жылдар | талап етілмейді |
24. | Пробация қызметінде есепте тұрған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік іс-шараларға тарту | конкурстар, спорттық жарыстар, жастар қозғалысы | ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2017 – 2019 жылдар | талап етілмейді |
25. | Сотталғандарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмыспен қамтудың жеке нысандарын дамытуға кәсіпкерлік субъектілерін тарту | шарттар | ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2017 – 2019 жылдар | талап етілмейді |
26. | Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жұмыс орындарын құру үшін ҚАЖ кәсіпорындарында жаңа өндіріс түрлерін ашу | жаңа өндіріс түрлері |
ІІМ | 2017 – 2019 жылдар | талап етілмейді |
27. | Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру саласындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктерді, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тарту | меморандумдар, келісімшарттар | ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2017 – 2019 жылдар | талап етілмейді |
28. | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдар бойынша Еңбекмині ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған ІІМ ҚАЖ орталықтандырылған автоматтандырылған дерекқоры арқылы ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру | ақпараттық алмасу | ІІМ (жинақтау), Еңбекмині | 2017 – 2019 жылдар | талап етілмейді |
29. | ІІМ Қостанай академиясында пробация қызметі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету | біліктілігін арттыру курстары | ІІМ | 2017 – 2019 жылдар | талап етілмейді |
30. | Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы барысы туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында және ІІМ ведомстволық сайтында орналастыру | жарияланымдар | ІІМ | 2017 – 2019 жылдар | талап етілмейді |
БП | – | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
ІІМ | – | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
БҒМ | – | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
ДСМ - Еңбекмині - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ҮЕҰ | – | үкіметтік емес ұйымдар |
ККО | – | қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган |
ҚАЖ | – | қылмыстық-атқару жүйесі |
