Қазақстан Республикасы Президентінің "Ауылдық (селолық) округтердің,
ауылдардың (селолардың), кенттердің әкімдерін сайлау туралы" 2001 жылғы 23
маусымдағы N 633
U010633_
Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950
P001950_
қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай толықтырулар мен
өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығыстар" бөлімінде:
1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында:
1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілдік,
атқарушы және басқа органдар" ішкі функциясында:
690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" әкімшісі
бойынша:
30 "Сайлаулар өткізу" бағдарламасында:
32 "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын
сайлауды өткізу" кіші бағдарламасындағы "26 925" деген сан "17 492" деген
санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"34 Ауылдық (селолық) округтердің,
ауылдардың (селолардың),
кенттердің әкімдерін сайлауды өткізу 9 433";
2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
IV "Шығыстар" бөлімінде:
1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында:
1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді,
атқарушы және басқа органдар" ішкі функциясында:
690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" әкімшісі
бойынша:
30 "Сайлаулар өткізу" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кіші
бағдарламамен толықтырылсын:
"34 Ауылдық (селолық) округтердің,
ауылдардың (селолардың),
кенттердің әкімдерін сайлауды өткізу Іс-шаралар".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 тамыз N 1093
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
