1. "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 P001428_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 461-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы "қызметкерлерінің" деген сөзден кейін ", сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен
ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының
шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережеде:
тақырыбы "қызметкерлерінің" деген сөзден кейін ", сондай-ақ,
Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының" деген сөздермен
толықтырылсын;
9-тармақтың 2-тармақшасының екінші абзацында:
"мемлекеттік мекемелердің басшылары мен басшыларының орынбасарлары"
деген сөздерден кейін ", сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің
депутаттары" деген сөздермен толықтырылсын;
"бес есе" деген сөздер "жеті есе" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Жұманазарова А.Б.
