"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау
туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына
Z980339_
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қару айналымы саласында рұқсаттар беру үшін
біржолғы алымдардың мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және жариялауға
жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 5 желтоқсандағы
N 1810 қаулысымен
бекітілген
Қару айналымы саласында рұқсаттар беру үшін
біржолғы алымдардың мөлшері
р/р Рұқсат түрлері Бір жолғы алымдардың
мөлшері (айлық есептік
көрсеткішпен)
1 Қару мен оның патрондарын әкелуге 2
(әкетуге) берілетін рұқсат
2 Қаруды сақтауға берілетін рұқсат 1
3 Қаруды сақтауға және алып жүруге 1
берілетін рұқсат
4 Қару мен оның патрондарын 2
тасымалдауға берілетін рұқсат
Ескерту. Заңды және жеке тұлғалар біржолғы алымды рұқсат алғанға
дейін төлейді.
Біржолғы алым жергілікті бюджеттің кірісіне енгізіледі.
Мамандар:
Орынбекова Д.К.
Қобдалиева Н.М.
Қару айналымы саласында рұқсаттар беру үшін біржолғы алымдардың мөлшерін бекіту туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 5 желтоқсан N 1810 Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.11.28. N 1536 қаулысымен. ~P011536
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
