Қазақстан Республикасының Үкiметi мыналарды әзiрлесiн және бекiтсiн:
1) 1996 жылғы 1 сәуiрiне дейiн:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құзыреттi органдары туралы ереже;
2) 1996 жылғы 1 шiлдеге дейiн:
жер қойнауын пайдалану операциялары жөнiндегi өтелуге тиiс шығындарды тиесiлеу тәртiбi туралы ереже;
жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды өткiзуге арналған контрактiлердi тiркеу тәртiбi туралы ереже;
жалпы кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесi;
кен орындары мен пайдалы қазбалары бiлемдерiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы ереже;
техногендi минералды түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы ереже;
зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму және сарқынды суды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң тәртiбi туралы ереже;
3) 1996 жылғы 1 қыркүйекке дейiн:
пайдалы қазбаларды барлауға және /немесе өндiруге лицензия алу
құқығына арналған инвестициялық бағдарламалардың конкурсын өткiзу
тәртiбi мен шарттары туралы ереже;
пайдалы қазбалары қорының мемлекеттiк балансын жүргiзу тәртiбi
туралы ереже;
жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау туралы ереже;
астында пайдалы қазбалары бар алаңдарға құрылыс салуға рұқсат
беру тәртiбi туралы ереже;
қатты пайдалы қазбаларды, мұнайды, газды, жерасты сулары кен
орындарын игеру кезiнде жер қойнауын қорғаудың бiрыңғай ережесi;
жер қойнауын ұтымды пайдаланбағаны үшiн айыппұл төлемдерi
туралы ереже;
жер қойнауының мемлекеттiк мониторингi туралы ереже;
жер қойнауын мемлекеттiк сараптау туралы ереже;
радиоактивтi қалдықтарды көму тәртiбi туралы ереже;
зиянды заттарды жер қойнауына көму және сарқынды суды жер
қойнауына ағызу тәртiбi туралы ереже.
Қазақстан Республикасының
Президентi
