Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық
мәселелерi жөнiндегi комиссияның кейбiр мүшелерiнiң кетуiне
байланысты қаулы етемiн:
1. Азаматтық мәселелерi жөнiндегi Комиссия мына құрамда
бекiтiлсiн:
Комиссия төрағасы
Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы - Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк кеңесшiсi
Комиссия төрағасының орынбасары
Мұқашев Рақмет Желдiбайұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесiнiң депутаты, Құқықтық
реформа,заңдылық және құқық
тәртiбi жөнiндегi комитет
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Бабушкин Михаил Федорович - Қазақстан Республикасы Президентi
Аппаратының Азаматтық және кешiрiм
жасау бөлiмiнiң меңгерушiсi
Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесiнiң депутаты, Экономикалық
реформа жөнiндегi комитет төрағасының
орынбасары
Шелипанов Александр Иванович - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесiнiң депутаты, Бақылау палатасы
төрағасының орынбасары
Комиссия құрамына сондай-ақ лауазымы бойынша Қазақстан
Республикасының Iшкi iстер министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
төрағасы, Сыртқы iстер министрi, Әдiлет министрi, олар болмаған
жағдайда - аталған республикалық органдар басшыларының орынбасарлары
кiредi.
2. Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы Президентiнiң
"Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы Президентiнiң жанындағы
Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы" 1991 жылғы
14 ақпандағы N 261 қаулысы 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
