Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 39 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен бекітілген Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

М. Григорян

Н. Петкевич

С. Жұманғарин

Д. Амангельдиев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2025 жылғы 23 мамырдағы
№ 39 шешіміне
ҚОСЫМША

Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Көрсетілген Қағидаларға № 1 қосымшада:

      а) V бөлімде "8705-тен Коммуналдық шаруашылыққа және жолдарды күтіп-ұстауға арналған көлік құралдары" позициясы 1 графада "8705-тен" деген сөздерден кейін ", 8479 10 000 0-ден" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) VI бөлімде "8461-ден Тіс өңдеуші және бұранда кескіш:тісжоңғылау тіс сүргілеуші тісқырғыш тісті жұмырлағыш тісажарлағыш тісті жануыштау бұранда жоңғылау бұранда ажарлағыш бұранда бүрлеуші бұранда кескіш Түрлі тісөңдеуші және бұранда кескіш білдектер Сүргілеу, қашауыш және тартып өңдеу білдектері: сүргілеу қашауыш тартып өңдеу (сандық индикация құрылғысы бар, сандық бағдарламалық басқаруы бар) Тілу білдектері: таспалап тілу дискілі аралар абразивті-кесу білдектері" позициясында бірінші графада "8461-ден" деген сөздер "8460-тар, 8461-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) XI бөлім "9018 20 000 0-ден Жарыққа сезімтал қаптау материалдарын полимерлеуге арналған жарықдиодты стоматологиялық фотополимеризаторлар, өткізгіш сымды; жарық полимерлеуге арналған шамдар (аппараттар), стоматологиялық фотоактиваторлар (фотополимеризаторлар), тістерді қалпына келтіруге арналған шамдар, реставрациялық пломбалық композиттік материалды полимерлеуге арналған шамдар, трансиллюминацияға арналған шамдар (аппараттар), ауызды фотодезинфекциялауға арналған шамдар, стоматологиялық қызғылт сары шамдар, стоматологиялық UVA шамдары" позициясынан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"9018 31 100 9-дан
Инъекциялық инелері бар және инесіз көп рет және бір рет пайдаланылатын медициналық шприц-инъекторлар

заңды тұлғада – мүше мемлекеттің салық резидентінде тиісті өнімді өндіруге арналған техникалық құжаттамаға кемінде 5 жыл мерзімге құқықтардың болуы. Бұл ретте конструкторлық құжаттама мен өнімнің техникалық талаптары конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің (КҚБЖ) талаптарына, ал технологиялық құжаттама – технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің (ТҚБЖ) талаптарына сәйкес ресімделуі тиіс;
тауарларды өндіру кезінде пайдаланылған шетелдік шикізат (материалдар) құнының пайыздық үлесін сақтау 2025 жылы – 35 пайыздан артық емес, 2026 жылы және одан әрі – соңғы өнімнің бағысынан 25 пайыздан артық емес;
өндірушіде мүше мемлекеттердің аумақтарында өндіріс орындары мекенжайларын көрсетумен әзірленген және ендірілген медииналық бұйымдарға қолданыстағы тіркеу куәлігінің болуы;
мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген материалдар мен жиынтықтауыштарды пайдалану:
полипропилен, және (немес) полиэтилен, және (немесе) термоэластопласт (10 балл);
газбен стерилдеуге арналған қағаз (4 балл);
этилен оксиді (4 балл);
термоқалыптау қабықшасы (4 балл);
картон қаптама (гофрокартон қаптама) (8 балл);
мынадай технологиялық операцияларды орындау:
шприц бөлшектерін құю (30 балл);
шприц цилиндріне градустау шкалаларын түсіру (5 балл);
шприцті жинақтау (цилиндр + шток + ине + манжета) (10 балл);
шприц қаптамасы (5 балл);
зарарсыздандыру (5 балл)";

      а) 6-сілтемеде:

      жетінші абзацта "2025 жылы кемінде 4500 балл, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 5500 балл" деген сөздер "2027 жылы кемінде 3500 балл, 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 3700 балл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші абзацта "2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 1300 балл" деген сөздер алып тасталсын;

      тоғызыншы абзацта "1900 балл, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 2400 балл, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 3500 балл" деген сөздер "1100 балл, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 1600 балл, 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 2300 балл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      оныншы абзацта "2025 жылы кемінде 4500 балл, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 5800 балл" деген сөздер "2027 жылы кемінде 3500 балл, 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 3700 балл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он бірінші абзацта "2025 жылы кемінде 4300 балл, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 5600 балл" деген сөздер "2027 жылы кемінде 3200 балл, 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 3400 балл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он екінші абзацта "2025 жылы кемінде 2400 балл, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 3000 балл" деген сөздер "2027 жылы кемінде 2300 балл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      д) 8-сілтеменің соңғы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4015-тен "Киім және түрлі мақсаттарға арналған қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған киімдерге (қолғаптарды, биялайларды және митенкілерді қоса алғанда) арналған керек-жарақтар" – кемінде 120 балл;

      9018 31 100 9-дан "Инъекциялық инелері бар және инесіз көп рет және бір рет пайдаланылатын медициналық шприц-инъекторлар" – кемінде 85 балл.".

      1. Көрсетілген Қағидаларға № 11 қосымшада:

      а) 239-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "239. Медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиһаз және оның бөліктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 9401 және 9402 кодтарынан).";

      б) мынадай мазмұндағы 259 – 309 тармақтармен толықтырылсын:

      "259. Элементтік коммутаторлар, басқару аппараттары, бақылағыштар, барабандық ажыратып-қосқыштар, қолмен қосқыштар, әртүрлі ажыратқыштар (тек қана бақылағыштарға, шамаларды микропроцессорлық түрлендіргіштерге қатысты) (ЕАЭО СЭҚ ТН 8536 кодынан).

      260. Санитариялық-гигиеналық бұйымдар – сіңіргіш киім-кешектер (жаялықтар (XS өлшемді (аса кішкентай) қоспағанда), жөргектер) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9619 00 кодынан).

      261. Йод-125 бар микрокөздер (ЕАЭО СЭҚ ТН 9022 кодынан).

      262. Реагенттер жиынтығы (қанның құрғақ дақтарына неонатальдық скринингке арналған, полимеразды тізбекті реакция әдісімен инфекциялық агенттерді анықтауға арналған, иммуноферменттік талдау әдісімен иммуноглобулиндерді және инфекциялық агенттердің антигендерін сандық және сапалық анықтауға арналған, иммуноферменттік талдау әдісімен гормондарды сандық анықтауға арналған, қанның топтарын және резус-факторды анықтауға арналған, адам қанының Келл және Кидд, резус топтары жүйелері бойынша фенотиптеуге арналған), гематологиялық анализаторларға арналған реагенттер жиынтығы (жинақтары), биохимиялық реагенттер жиынтығы (ферменттерді анықтауға арналған, қанның ұюы факторларын анықтауға арналған, субстраттарды анықтауға арналған) (ЕАЭО СЭҚ ТН 3822 кодынан).

      263. Қандағы глюкозаның мөлшерін анықтауға арналған тест-жолақтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 3006 кодынан).

      264. Зарарсыздандырылған және зарарсыздандырылмаған медициналық дәке маскалар; зарарсыздандырылған және зарарсыздандырылмаған медициналық дәке кесінділері; зарарсыздандырылған медициналық таңғыш пакеттер; зарарсыздандырылған және зарарсыздандырылмаған дәке тампондар, сетондар, білтелер, шариктер (ЕАЭО СЭҚ ТН 3005 және 3006 кодтарынан).

      265. Пішінді сақтау әсерімен созылуға қарсы ортопедиялық матратар; гельді элементтері бар созылуға қарсы матрацтар; пішінді сақтау әсерімен созылуға қарсы ортопедиялық жастықтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 10 кодынан).

      266. Полимерлік биосынамаларға арналған контейнерлер (ЕАЭО СЭҚ ТН 3926 90 кодынан).

      267. Медициналық микроскоптар; клиникалық зертханалық диагностикаға арналған микроскоптар; биологиялық микроскоптар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9011 кодынан).

      268. Терапиялық лазерлік аппараттар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 20 000 0 кодынан).

      269. Түбірі бар инелер (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 кодынан).

      270. Саңылау лампалары; офтальмологияға арналған микрохирургиялық аспаптар, офтальмологиялық сынамалық көру линзалары жиынтығы (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 кодынан).

      271. Интраокулярлы линзалар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9001 кодынан).

      272. Қатты қорытпалы тіс боры; стоматологиялық алмаз бастиектер, оның ішінде фасондық (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 кодынан).

      273. Гинекологиялық полимерлі Куско айнасы; урогенитальды зондтар; микрохирургиялық ине ұстағыштар; қосалқы аспаптар; зондтаушы, сүмбілеуші аспаптар; көп беттік әсер ету аспаптары; ығыстырушы аспаптар; өткір (кескіш) жиектері бар кесу және соғу аспаптары; өзек толтырғыштар; стоматологиялық ұштықтарға арналған пневматикалық микромоторлар; медициналық климатталған модульдер (таза үй-жайлар); зарарсыздандырылған гинекологиялық бір реттік қарап тексеру жиынтықтары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 кодынан).

      274. Микромоторларға арналған ұштықтар; стоматологиялық турбинді ұштықтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 кодынан).

      275. Тіс техникасы жонғыштар; түбірі бар инелер (ЕАЭО СЭҚ ТН 3006 кодынан).

      276. Гидромассаждық ванналар және душ кабиналары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9019 10 900 1 коды).

      277. Аяқ-қол буындарының эндопротездері (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).

      278. Ваннаға және дәретханаға арналған тұтқалар (тік, бұрыштық, оң жақ, сол жақ) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).

      279. Сыртқы бекіту аппараттары; остеосинтезге арналған имплантаттар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).

      280. Балдақтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).

      281. Санитарлық жабдықталған кресло-орындықтар; тіректер (қадамдық тірек-жүріс арбалары, доңғалақты тірек-жүріс арбалары); өздігінен көтерілуге арналған бұрыштық, тіке (желілік) және шалқаймалы тұтқалар (таяныштар); доңғалақты жүріс арбалары; биіктігі бойынша реттелетін, жиналмалы қадамдық жүріс арбалары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).

      282. Ортопедиялық балалар аяқ киімі (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).

      283. Силиконды гель негізіндегі емшек (сүт) безі экзопротездері; синовиалық сұйықтықты алмастыру құралы (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).

      284. Қолдардың белсенді протездеріне косметикалық қабықшалар; көбікті полиуретанды жасанды табандар; аяқтардың тұқылдарына арналған қап (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).

      285. Тамызғыш дотаторларға бір реттік полимерлі зарарсыздандырылмаған (зарарсыздандырылған) ұштықтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).

      286. Тірек таяқтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).

      287. Қан құюға арналған аппаратура (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 90 500коды).

      288. Наркоздық-тыныс алу (анестезиологиялық) аппаратына арналған тыныс алу контуры (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 кодынан).

      289. Өкпені жасанды желдету аппаратына арналған тыныс алу контуры (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 кодынан).

      290. Тыныс алу сүзгісі (жылу-ылғал алмастырғыш, бактериалық сүзгі) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 кодынан).

      291. Тыныс алу сүзгісі (медициналық газға арналған бактериалық) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 кодынан).

      292. Центрифугалау әдісімен плазма жинауға арналған шығыс материалдарының жиынтығы (ЕАЭО СЭҚ ТН 3006 кодынан).

      293. Донорлық плазмаферезге арналған немесе қан компоненттерін консервілеуге арналған антикоагулянты бар контейнер (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 кодынан).

      294. Донорлық плазмаферез арналған 4% натрий цитратының антикоагулянты бар контейнер (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 кодынан).

      295. Донорлық тромбоцитаферезге арналған антикоагулянт және (немесе) консервант ерітіндісі бар контейнер (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 кодынан).

      296. Стомикалық пайдалануға арналған керек-жарақтар ретінде сәйкестендірілетін өзге де керек-жарақтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 3006 91 000 0 және 9018 кодтарынан).

      297. Тасымалданбайтын немесе тасымалданатын бір компонентті несеп жинағыш (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 кодынан).

      298. Өзге материалдардан дайындалған жаялықтар және жөргектер (ЕАЭО СЭҚ ТН 9619 00 810 9 кодынан).

      299. Тамақ өнеркәсібіне арналған сорғыш зонттар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8414 60 000 кодынан).

      300. Тамақты өнеркәсіптік дайындауға немесе жылытуға арналған өзге жабдықтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8419 81 800 0, 8514 40 000 0 кодтарынан).

      301. Құс шаруашылығына арналған өзге жабдықтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8436 29 000 0 коды).

      302. Тамақ өнеркәсібіне арналған жуу ванналары (ЕАЭО СЭҚ ТН 7324 29 000 0 және 9403 кодтарынан).

      303. Меншікті энергия көзінен жұмыс істейтін портативті электр шамдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8513 10 000 0 коды).

      304. Өзге де микроскоптар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9011 80 000 0 коды).

      305. Ендірілген интегралдық схемалары бар карталар (смарт-карталар) (ЕАЭО СЭҚ ТН 8523 52 кодынан).

      306. Пластмассадан жасалған асханалық және асүйлік ыдыс, асханалық және асүйлік керек-жарақ аспаптар, үй тұрмысындағы өзге заттар және гигиена немесе тазалық заттары (ЕАЭО СЭҚ ТН 3924 кодынан).

      307. Жиһазға, көлік құралдарына арналған бекіту бұйымдары мен фурнитура немесе ұқсас бұйымдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 3926 30 000 0 коды).

      308. Сцинтиграфиялық аппаратураны қоса алғанда, медицинада, хирургияда, стоматологияда немесе ветеринарияда қолданылатын аспаптар мен құрылғылар, өзге де электромедициналық аппаратура және көруді зерттеуге арналған өзге аспаптар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 39 000 0 коды).

      309. Жаңа туған нәрестенің кіндігін қысқыш (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 90 840 9 кодынан).".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады