Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 15 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 52-бабын іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне ю 1 қосымшаның 28-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібіне (бұдан әрі – Тәртіп) өзгерістер енгізілсін.

      2. Мыналар:

      осы Шешім күшіне енген күнге дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекетішілік келісу рәсімдері Тәртіпке сәйкес басталған немесе аяқталған Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттеріне өзгерістердің) жобаларын әзірлеу және қабылдау Тәртіптің 33 – 36-тармақтарына сәйкес (осы Шешіммен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) жүзеге асырылады;

      осы Шешім күшіне енген күнге дейін Тәртіпке сәйкес жария талқылау рәсімдері аяқталған Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттеріне өзгерістердің) жобаларына қатысты Тәртіптің 10 – 23-тармақтарында көзделген рәсімдер (осы шешіммен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) жүргізілмейді деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
 
М. Григорян

Беларусь
Республикасынан
 
И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан
 
С. Жұманғарин

Қырғыз
Республикасынан
 
Д. Амангельдиев

Ресей
Федерациясынан
 
А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2025 жылғы 22 қаңтардағы
№ 15 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      Тәртіп мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2012 жылғы 20 маусымдағы
№ 48 шешімімен
(Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2025 жылғы 22 қаңтардағы
№ 15 шешімінің
редакциясында)
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою ТӘРТІБІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы тәртіп 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін (бұдан әрі тиісінше – техникалық регламенттер, Одақ) әзірлеу және қабылдау тәртібін, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер енгізу және олардың күшін жою тәртібін белгілейді.

      2. Техникалық регламенттердің жобаларын және техникалық регламенттерге өзгерістердің жобаларын әзірлеу мынадай кезеңдерді (рәсімдерді) қамтиды:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) техникалық регламенттерді әзірлеу және оларға өзгерістер енгізі жоспарын (бұдан әрі – жоспар), жоспарға өзгерістерді дайындауы және бекітуі;

      б) техникалық регламенттің жобасын, техникалық регламентке енгізілетін өзгерістер жобасын (бұдан әрі – техникалық регламентке өзгерістер жобасы) дайындау;

      в) техникалық регламент жобасын (техникалық регламентке өзгерістердің жобасын) жария талқылауды жүргізу;

      г) метрологиялық сараптаманы және реттеушілік әсерді бағалауды қоса алғанда, жария талқылау қорытындылары бойынша техникалық регламент жобасын (техникалық регламентке өзгерістердің жобасын) пысықтау;

      д) техникалық регламент жобасын (техникалық регламентке өзгерістердің жобасын) мемлекетішілік келісуді жүргізу;

      е) техникалық регламент жобасына (техникалық регламентке өзгерістердің жобасына) құқықтық сараптама және құқықтық редакциялау жүргізу;

      ж) Комиссияның техникалық регламентті (техникалық регламентке өзгерістерді) қабылдауы.

      3. Комиссия техникалық регламенттердің жобаларын және техникалық регламенттерге өзгерістер жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында жоспарды бекітеді.

      Жоспар мүше мемлекеттердің Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мемлекеттік билік органдары Комиссияға ұсынған мүше мемлекеттердің және (немесе) Комиссияның ұсыныстары негізінде Одаққа мүше мемлекеттермен (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) келісім бойынша қалыптастырылады.

      4. Мүше мемлекеттердің техникалық регламент жобасын (техникалық регламентке өзгерістердің жобасын) әзірлеу жөніндегі іс-шараны жоспарға енгізу туралы ұсыныстары:

      а) техникалық регламент жобасын (техникалық регламентке өзгерістердің жобасын) әзірлеудің негіздемесі немесе ғылыми негіздемесі (бар болған жағдайда);

      б) техникалық регламент жобасын (техникалық регламентке өзгерістердің жобасын) әзірлеудің мақсаттары;

      в) техникалық реттеу объектілерін және оның қолданылу аясын (техникалық регламенттің күші қолданылмайтын өнім, техникалық регламенттің күші қаптамаға, таңбалауға және оны салу қағидаларына және басқаларға қолданылатын бола ма) айқындай отырып, әзірлеуге ұсынылатын техникалық регламенттің жобасын (техникалық регламентке өзгерістердің жобасын) қолдану саласы;

      г) техникалық регламент жобасын (техникалық регламентке өзгерістердің жобасын) әзірлеуші және әзірлеу мерзімдері туралы ұсыныс;

      д) Комиссия бекітетін, Одақ шеңберінде оған қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімнің бірыңғай тізбесіндегі позицияның нөмірі (позициялардың нөмірлері) (бұдан әрі – өнімнің бірыңғай тізбесі) көрсетілетін түсіндірме жазбаны қамтуы тиіс.

      5. Жоспарда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      а) техникалық регламент жобасының (техникалық регламентке өзгерістер жобасының) атауы;

      б) техникалық регламент жобасын (техникалық регламентке өзгерістердің жобасын) жауапты әзірлеушілер;

      в) техникалық регламент жобасын (техникалық регламентке өзгерістердің жобасын) мемлекетішілік келісуді аяқтаудың жоспарланған мерзімі;

      г) өнімнің бірыңғай тізбесіндегі позиция нөмірі (позициялардың нөмірлері).

      6. Техникалық регламент жобасының (техникалық регламентке өзгерістер жобасының) жауапты әзірлеушілері мүше мемлекеттер болып табылады.

      Техникалық регламенттің жобасын (техникалық регламентке өзгерістердің жобасын) әзірлеуге барлық мүше мемлекеттер мен Комиссия қатысады.

      Комиссия Кеңесінің жоспарды немесе жоспарға өзгерістерді бекіту туралы шешімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде мүше мемлекеттер жоспарда көзделген техникалық регламенттердің жобаларын (техникалық регламенттерге өзгерістер жобаларын) әзірлеуге жауапты мемлекеттік билік органдарын (бұдан әрі – әзірлеушілер) және оларды әзірлеуге қатысатын органдарды (бұдан әрі – тең әзірлеушілер) айқындайды және көрсетілген ақпаратты Комиссияға ұсынады.

      Техникалық регламенттің жобасын (техникалық регламентке өзгерістердің жобасын) әзірлеуді қаржыландыруды жоспарда жауапты әзірлеуші ретінде көрсетілген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекет жүзеге асырады.

      Комиссия осы Тәртіптің 53 және 56-тармақтарында көрсетілген жағдайларда техникалық регламентке өзгерістердің жобасын жауапты әзірлеуші болуы мүмкін.

      7. Техникалық регламенттердің жобаларын және техникалық регламенттерге өзгерістердің жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіруді Комиссия осы Тәртіптің II және III бөлімдерінде белгіленген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады.

      Мүше мемлекеттер жоспарда және осы Тәртіпте белгіленген мерзімдерді сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.

      8. Комиссия осы Тәртіптің II және III бөлімдерінде көзделген рәсімдердің орындалуы туралы ақпараттың, сондай-ақ техникалық регламенттердің жобаларын және техникалық регламенттерге өзгерістер жобаларын әзірлеу барысы туралы әзірлеушілер мен тең әзірлеушілер есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның бірінші айының 20-күніне дейін Комиссияға жіберетін тоқсан сайынғы ақпараттың негізінде жоспардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады.

      Комиссия жоспардың орындалу мониторингі туралы ақпаратты Одақтың "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайтында (бұдан әрі – Одақтың ресми сайты) орналастыруды және оны есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның бірінші айының 25-күніне дейін өзектендіруді қамтамасыз етеді.

      Комиссия Алқасы есепті жылдан кейінгі жылдың 180 күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мүше мемлекеттермен бірлесіп дайындалған жоспардың орындалу мониторингі туралы жыл сайынғы есепті Комиссия Кеңесінің қарауына ұсынады.

      9. Комиссия Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды, үшінші мемлекеттермен, олардың интеграциялық бірлестіктерімен және халықаралық ұйымдармен жасалатын Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық шарттарын ресми жариялау туралы" 2014 жылғы 21 қарашадағы № 90 шешіміне сәйкес Одақтың ресми сайтында қабылданған техникалық регламенттер мен техникалық регламенттерге өзгерістерді орналастыруды жүзеге асырады. Әрбір техникалық регламентке "ЕАЭО ТР" аббревиатурасынан, реттік нөмірден және "/" қиғаш сызық арқылы белгіленген техникалық регламент қабылданған жылдан тұратын белгі беріледі.

II. Техникалық регламентті әзірлеу тәртібі

      10. Техникалық регламенттің жобасы өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілген өнімге қатысты жоспарға сәйкес әзірленеді.

      Техникалық регламенттің жобасы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 50 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің мазмұны мен типтік құрылымы жөніндегі ұсынымдарды (бұдан әрі – Техникалық регламенттің мазмұны мен типтік құрылымы жөніндегі ұсынымдар) ескере отырып әзірленеді.

      Осы Тәртіптің 6-тармағында көзделген тең әзірлеушілер туралы ақпаратты Комиссия оны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде әзірлеушіге жібереді.

      11. Әзірлеуші техникалық регламенттің жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс тобы) әзірлеушінің, тең әзірлеушілердің, Комиссияның, мүше мемлекеттердің мемлекеттік билігінің мүдделі органдарының, оның ішінде техникалық реттеу, стандарттау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдардың, мүше мемлекеттердің стандарттау жөніндегі бейінді техникалық комитеттерінің, мүше мемлекеттердің салалық ғылыми ұйымдарының, өнеркәсіп салалары мен бизнес-қоғамдастықтарының өкілдерінен қалыптастырады және оның қызметін ұйымдастырады.

      Жұмыс тобын құру туралы ақпаратты әзірлеуші тең әзірлеушілерге, сондай-ақ Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарына, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдарға және Одақтың ресми сайтында орналастыру үшін Комиссияға жібереді.

      Комиссия жұмыс тобын қалыптастыру туралы ақпаратты оны алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Одақтың ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар және жеке тұлғалар, сондай-ақ жұмыс тобына қатысуға мүдделі жеке тұлғалар Одақтың ресми сайтында жұмыс тобын қалыптастыру туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жұмыс тобының құрамына енгізу үшін әзірлеушіге немесе өз мүше мемлекетінің тең әзірлеушілеріне өтініштер жібереді.

      Әзірлеуші мен тең әзірлеушілер алынған өтініштерді қарайды және мүдделі тұлғаларды жұмыс тобының құрамына енгізу туралы немесе осындай енгізуден бас тарту туралы негізделген шешімдер қабылдайды.

      Тең әзірлеушілер ақпаратты алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде осы тармақтың екінші абзацына сәйкес әзірлеушіге жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз мүше мемлекетінен кандидатуралар бойынша ұсыныстар береді.

      Әзірлеуші осы тармақтың алтыншы абзацына сәйкес алынған ақпарат негізінде жұмыс тобының құрамын ведомстволық актімен бекітеді.

      Әзірлеуші жұмыс тобын құру және оның құрамын бекіту туралы ақпаратты Одақтың ресми сайтында орналастыру үшін Комиссияға жібереді.

      Жұмыс тобы техникалық регламенттің жобасын дайындау үшін құрылатын кеңесші орган болып табылады. Жұмыс тобының шешімдері оның отырысына қатысушы жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

      12. Әзірлеуші жұмыс тобының құрамы бекітілген күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде техникалық регламенттің жобасын және оған құжаттардың жиынтығын дайындайды.

      13. Техникалық регламент жобасына құжаттар жиынтығы:

      а) оларды қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламенттер (қажет болған кезде) талаптарының және халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесінің сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда техникалық регламенттердің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің жобаларын (бұдан әрі – стандарттар тізбесі);

      б) оларды қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламенттер талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және техникалық регламенттердің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаның жобасын (бұдан әрі – мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарлама) (қажет болған жағдайда);

      в) олардың негізінде техникалық регламенттің жобасы әзірленген халықаралық стандарттардың (стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдар қабылдаған қағидалардың, директивалардың, ұсынымдардың және өзге де құжаттардың), ал олар болмаған жағдайда – өңірлік құжаттардың (регламенттердің, директивалардың, шешімдердің, стандарттардың, қағидалардың және өзге де құжаттардың), ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың, мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерінің немесе олардың жобаларының тізбесін;

      г) Комиссия Кеңесінің техникалық регламентті қабылдау туралы шешімінің және Комиссия Алқасының қабылданған техникалық регламентті қолданысқа енгізу туралы және осы техникалық регламентке қатысты өтпелі ережелер туралы шешімінің жобаларын;

      д) техникалық регламент жобасына түсіндірме жазбаны;

      е) оларды қолдану нәтижесінде ерікті негізде Одақтың техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда − ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбелерін және Одақтың техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және Комиссия бекітетін техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібіне сәйкес дайындалған стандарттар тізбелерінің жобаларына түсіндірме жазбаны;

      ж) кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталатын Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімдер тізбесінің жобасын (қажет болған жағдайда);

      з) № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық регламент жобасын әзірлеу туралы хабарламаның жобасын қамтиды.

      14. Комиссия бекітетін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарда белгіленген техникалық регламент жобасының техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қатысты талаптар (бұдан әрі – бірыңғай санитариялық талаптар) техникалық регламент жобасына енгізіледі.

      15. Техникалық регламенттің жобасына түсіндірме жазбада:

      а) техникалық регламентті қабылдаудың негізі немесе ғылыми негіздемесі (бар болған жағдайда);

      б) техникалық регламентті қабылдау мақсаттары;

      в) техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілерінің құрамы және жалпы сипаттамасы;

      г) техникалық регламентпен белгіленетін міндетті талаптардың мазмұны;

      д) техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілеріне қатысты міндетті талаптарды белгілеу саласындағы халықаралық тәжірибені және мүше мемлекеттердің тәжірибесін талдау;

      е) техникалық регламентпен белгіленетін, халықаралық, өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың немесе мүше мемлекеттердің аумақтарында қолданылатын міндетті талаптардың ережелерінен ерекшеленетін, оларды енгізудің қысқаша негіздемесі бар міндетті талаптардың сипаттамасы;

      ж) техникалық регламент жобасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат;

      з) техникалық регламенттің жобасына енгізілетін бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар мен рәсімдер, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық талаптар туралы ақпарат, сондай-ақ техникалық регламентке енгізілетін талаптардың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар мен рәсімдерге сәйкестігі туралы ақпарат;

      и) техникалық регламентте көзделген міндетті талаптарды қолданысқа енгізудің болжамды мерзімі (техникалық регламент қабылданған күннен бастап айлардың саны);

      к) техникалық регламенттің әзірленуі оларды шешуге бағытталған проблемалардың сипаттамасы;

      л) олардың мүдделерін қорғау мақсатында техникалық регламентті әзірлеу жүзеге асырылатын тұлғалардың тобы;

      м) реттеудің адресаттары, оның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілер және оларға техникалық регламенттің жобасында көзделген реттеумен көрсетілетін әсер ету;

      н) шаруашылық жүргізуші субъектілер, мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалар үшін техникалық регламентте белгіленетін шектеулердің мазмұны;

      о) техникалық регламенттің қабылдануы оны шешуге бағытталған проблеманы шешу және техникалық регламентте көзделген реттеу мақсатына қол жеткізу тетігі (ұсынылып отырған реттеу мен көрсетілген проблема арасындағы өзара байланыстың сипаттамасы);

      п) техникалық регламенттің қабылдануы оларды шешуге бағытталған проблемаларды шешудің өзге де ықтимал тәсілдерінің сипаттамасы;

      р) әзірлеушінің пікірі бойынша техникалық регламенттің жобасы туралы негізгі мәліметтерге қатысты өзге де ақпарат көрсетіледі.

      16. Әзірлеуші жұмыс тобының құрамы бекітілген күннен бастап күнтізбелік 120 күн ішінде техникалық регламенттің жобасын және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын жұмыс тобының отырысында қарауды қамтамасыз етеді, оның қорытындысы бойынша 5 жұмыс күні ішінде хаттама ресімделеді.

      Сонымен бірге хаттамада техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзімі көрсетіледі, ол күнтізбелік 60 күннен кем болмауы тиіс.

      Жұмыс тобының мүшесі техникалық регламенттің жобасы және оған жұмыс тобы отырысының хаттамасына қоса берілетін құжаттар жиынтығы бойынша жазбаша түрде ерекше пікір ұсына алады.

      Әзірлеуші жұмыс тобы отырысының хаттамасына сәйкес техникалық регламенттің жобасын және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын пысықтайды (қажет болған жағдайда) және жұмыс тобы отырысының хаттамасы ресімделген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей пысықталған техникалық регламенттің жобасын және құжаттар жиынтығын, сондай-ақ жұмыс тобы отырысының хаттамасын Комиссияға электрондық түрде және қағаз тасымалдағышта жібереді.

      Егер техникалық регламент жобасын және оған құжаттар жиынтығын жұмыс тобының отырысында қарау барысында техникалық регламент жобасын жария талқылау туралы келісілген шешім қабылданбаған жағдайда, мұндай шешімді Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі консультативтік комитет (бұдан әрі – Консультативтік комитет) қабылдайды.

      Комиссия әзірлеуші ұсынған техникалық регламенттің жобасын, осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын және осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген жұмыс тобы отырысының хаттамасын Консультативтік комитеттің отырысында қарауды қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда әзірлеуші Консультативтік комитет белгілеген мерзім ішінде техникалық регламенттің жобасын және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын пысықтауды жүзеге асырады.

      17. Қызмет саласына техникалық реттеу мәселелері жатқызылған Комиссия департаменті келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде техникалық регламент жобасының Техникалық регламенттің мазмұны мен типтік құрылымы жөніндегі ұсынымдарға сәйкестігіне және Комиссияға келіп түскен осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығының толықтығына тексеру жүргізеді.

      Егер тексеру барысында техникалық регламент жобасының техникалық регламенттің мазмұны мен типтік құрылымы жөніндегі ұсынымдарға сәйкессіздігі немесе осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығының жасақталмауы анықталған жағдайда, Комиссия олар келіп түскен күннен бастап 8 жұмыс күні ішінде әзірлеушіні техникалық регламент жобасын және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын пысықтау қажеттігі туралы хабардар етеді.

      Әзірлеуші пысықтау қажеттігі туралы ақпаратты алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде техникалық регламенттің жобасын және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын пысықтауды жүзеге асырады және оларды осындай пысықтау қажеттігі туралы ақпаратты алған күннен бастап 35 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға жібереді.

      Егер техникалық регламенттің жобасын және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын пысықтау барысында өнімге немесе өнімге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптар өзгертілген жағдайда, әзірлеуші пысықталған технологиялық регламенттер мен құжаттар жиынтығының жобасын жұмыс тобының отырысында қарауды қамтамасыз етеді.

      18. Комиссия техникалық регламенттің жобасын жария талқылауды өткізуді қамтамасыз етеді.

      19. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылауды өткізу үшін Комиссия техникалық регламенттің жобасын және осы Тәртіптің 16-тармағының төртінші абзацына немесе 17-тармағының үшінші абзацына сәйкес пысықталған құжаттар жиынтығын алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде оларды Одақтың ресми сайтына орналастырады.

      Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзімі техникалық регламенттің жобасын әзірлеу туралы хабарлама Одақтың ресми сайтында орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кем болмауы тиіс. Комиссияның техникалық регламент жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарламаны № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Одақтың ресми сайтында орналастырған күні жария талқылаудың аяқталған күні болып табылады.

      Жария талқылау басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 20 күн бұрын Комиссия белгіленген тәртіппен кейіннен Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығына ұсыну мақсатында нотификация жобасын дайындау үшін қажетті ақпаратты Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелері болып табылатын мүше мемлекеттердің тиісті мемлекеттік билік органдарына жібереді.

      20. Комиссия Одақтың ресми сайтында техникалық регламенттің жобасын әзірлеу туралы хабарлама орналастырылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша нысанда, оның ішінде электрондық пошта арқылы техникалық регламенттің жобасын жария талқылауды өткізудің басталуы және оны аяқтаудың жоспарланған күні туралы, сондай-ақ Одақтың ресми сайтында осы Тәртіптің 19-тармағының бірінші және екінші абзацтарында көрсетілген құжаттарды орналастыру орны туралы (толық электрондық мекенжайларды (гиперсілтемелерді) көрсете отырып):

      а) мүше мемлекеттердің техникалық регламент жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдарын, мүше мемлекеттердің техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдарын;

      б) әрбір мүше мемлекеттің бизнес-қоғамдастығының үйлестірушілерін;

      в) Консультативтік комитеттің құрамына енгізілген бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, мүше мемлекеттердің өзге де тәуелсіз сарапшыларын;

      г) техникалық регламенттің жобасын әзірлеуге тарту орынды болатын өзге де мүдделі тұлғаларды хабардар етеді.

      21. Техникалық регламенттің жобасы және құжаттар жиынтығы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (пікірлерді) Комиссияға мүше мемлекеттердің (оның ішінде әзірлеушілердің, тең әзірлеушілердің) және үшінші мемлекеттердің барлық мүдделі тұлғалары техникалық регламенттің жобасына жария талқылау өткізуді аяқтаудың жоспарланған күнінен кешіктірмей ұсынады.

      Техникалық регламенттің жобасы және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығы (бар болған жағдайда) бойынша Комиссияның ескертулері мен ұсыныстары Одақтың ресми сайтында орналастырылады және осы Тәртіптің 22-тармағында көрсетілген техникалық регламенттің жобасы бойынша пікірлер жиынтығына енгізу үшін техникалық регламенттің жобасын жария талқылау аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей әзірлеушіге жіберіледі.

      22. Комиссия Техникалық регламенттің жобасы және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығы бойынша мүдделі тұлғалардың жария талқылау кезеңінде келіп түскен ескертулері мен ұсыныстарын (пікірлерін) олардың түсуіне қарай, бірақ техникалық регламенттің жобасын жария талқылау аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей Одақтың ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Мүдделі тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын (пікірлері) олардың түсуіне қарай, бірақ техникалық регламенттің жобасын жария талқылау аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық регламенттің жобасы бойынша пікірлер жиынтығын (бұдан әрі – пікірлер жиынтығы) дайындау үшін әзірлеушіге жібереді.

      Техникалық регламенттің жобасы және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығы бойынша жария талқылау аяқталғаннан кейін келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар (пікірлер) пікірлер жиынтығына енгізілуге жатпайды және қаралмайды.

      Егер жария талқылау жүргізу кезеңінде Комиссияға техникалық регламенттің жобасы және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығы бойынша ескертулер мен ұсыныстар (пікірлер) түспесе, Комиссия техникалық регламенттің жобасын жария талқылау аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей әзірлеушіге тиісті ақпаратты жібереді және оны Одақтың ресми сайтына орналастырады.

      23. Әзірлеуші Техникалық регламенттің жобасы және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығы бойынша Комиссиядан ескертулер мен ұсыныстар (пікірлер) алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жұмыс тобымен бірлесіп пікірлер жиынтығын жасайды және жұмыс тобы отырысының хаттамасын қоса бере отырып, оны Комиссияға ұсынады.

      Техникалық регламенттің жобасы бойынша әрбір алынған ескерту мен ұсыныс (пікір) және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығы бойынша пікірлер жиынтығында оны қабылдау туралы ақпарат немесе оны қабылдамаудың негіздемесі көрсетіледі.

      Комиссия техникалық регламенттің жобасын жария талқылау процесінде уақтылы келіп түскен барлық ескертулер мен ұсыныстардың (пікірлердің) пікірлер жиынтығына енгізілуін бақылауды жүзеге асырады.

      Егер әзірлеуші Комиссияға ұсынған пікірлер жинағында техникалық регламенттің жобасын жария талқылау процесінде уақтылы келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар (пікірлер) болмаса немесе әзірлеуші пікірлер жинағына енгізілген ескертулер мен ұсыныстардың (пікірлердің) қабылданғаны туралы ақпаратты не оларды қабылдамаудың негіздемесін көрсетпесе, Комиссия пікірлер жинағын пысықтау үшін әзірлеушіге кері қайтарады. Пікірлер жиынтығын пысықтауды және оны Комиссияға ұсынуды әзірлеуші пікірлер жиынтығын пысықтауға алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      24. Комиссия пікірлер жиынтығын алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оны Одақтың ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етеді.

      25. Комиссияға пікірлер жиынтығы ұсынылған күннен бастап 60 жұмыс күні ішінде әзірлеуші техникалық регламент жобасын жария талқылау кезеңінде алынған ескертулер мен ұсыныстарға (пікірлерге) сәйкес техникалық регламент жобасын және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын пысықтауды, сондай-ақ пысықталған материалдарды жұмыс тобының отырысында қарауды қамтамасыз етеді, оның қорытындысы бойынша хаттама ресімделеді.

      26. Техникалық регламент жобасын және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын пысықтау кезінде әзірлеуші Комиссия белгілеген тәртіппен техникалық регламент жобасына және стандарттар тізбелерінің жобаларына метрологиялық сараптама жүргізуді немесе метрологиялық сараптама жүргізу нәтижесінде техникалық регламент жобасында метрологиялық сараптама объектілері жоқ екендігі белгіленгені туралы қорытынды ұсынуды қамтамасыз етеді. Метрологиялық сараптама нәтижелері бойынша тиісті қорытынды ресімделеді.

      Егер жария талқылау кезеңінде Комиссияға техникалық регламенттің жобасы және осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығы бойынша ескертулер мен ұсыныстар (пікірлер) түспесе, әзірлеуші осы Тәртіптің 22-тармағының төртінші абзацында көрсетілген ақпаратты Комиссиядан алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде техникалық регламенттің жобасына және стандарттар тізбесінің жобаларына метрологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді.

      27. Әзірлеуші Комиссияға мыналарды:

      а) осы Тәртіптің 13-тармағының "а" – "ж" тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;

      б) пікірлер жиынтығын;

      в) техникалық регламент жобасына және стандарттар тізбесінің жобаларына метрологиялық сараптама жүргізу нәтижелері бойынша қорытындыны немесе метрологиялық сараптама жүргізу нәтижесінде техникалық регламент жобасында метрологиялық сараптама объектілері жоқ екендігі белгіленгені туралы қорытындыны;

      г) осы Тәртіптің 25-тармағында көрсетілген жұмыс тобы отырысының хаттамасын қамтитын техникалық регламенттің пысықталған жобасын және түпкілікті құжаттар жиынтығын электрондық түрде және қағаз тасымалдағышта ұсынады.

      28. Комиссия техникалық регламенттің жобасы және осы Тәртіптің 27-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығы бойынша реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытынды дайындауды қамтамасыз етеді.

      Реттеу әсерін бағалау туралы қорытынды дайындау мақсатында қызмет саласына техникалық реттеу мәселелері жатқызылған Комиссия департаменті техникалық регламенттің жобасы және осы Тәртіптің 27-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығы келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды қызмет саласына кәсіпкерлік жүргізу шарттарына қатысты мәселелер жатқызылған Комиссия департаментіне жіберуді қамтамасыз етеді.

      29. Қызмет саласына кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына қатысты мәселелер жатқызылған Комиссия департаменті әзірлеушінің және қызмет саласына техникалық реттеу мәселелері жатқызылған Комиссия департаментінің қатысуымен осы Тәртіптің 28-тармағында көрсетілген техникалық регламент жобасы және осы Тәртіптің 27-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығы келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытынды дайындауды қамтамасыз етеді.

      Реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытындыны дайындау кезінде, сонымен бірге, пікірлер жиынтығына енгізілген ескертулер мен ұсыныстар (пікірлер) қаралады.

      Реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытындыны дайындау кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (олар болған кезде) дайындаған техникалық регламенттің жобасына қатысты реттеушілік әсерді бағалау (реттеушілік әсерді талдау) туралы Комиссияға келіп түскен қорытындылар назарға алынады.

      Реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытындыға Комиссия шешімдері жобаларының реттеушілік әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобының басшысы, ал ол болмаған кезде – басшының орынбасары қол қояды.

      Реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытындының көшірмесін қызмет саласына кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына қатысты мәселелер жатқызылған Комиссия департаменті қорытындыға қол қойылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қызмет саласына техникалық реттеу мәселелері жатқызылған Комиссия департаментіне жібереді.

      30. Комиссия реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытындыға қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей оның көшірмесін техникалық регламенттің жобасын және осы Тәртіптің 27-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын (қажет болған жағдайда) қарау және пысықтау үшін әзірлеушіге жібереді.

      Әзірлеуші реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытындының көшірмесін алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде Техникалық регламенттің жобасын және осы Тәртіптің 27-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын пысықтайды (қажет болған жағдайда) және оларды Комиссияға жібереді. Реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытындыда техникалық регламенттің жобасы және құжаттар жиынтығы (редакциялық және (немесе) заңдық-техникалық сипаттағы ескертулерді қоспағанда) бойынша ескертулер және (немесе) ұсыныстар болған жағдайда, әзірлеуші оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде реттеушілік әсерді бағалау туралы көрсетілген қорытындыны жұмыс тобының отырысында қарауды қамтамасыз етеді, оның қорытындысы бойынша қабылданбау себептерін көрсете отырып, қабылданбаған (бар болған жағдайда) реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытындыда қамтылған ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың жиынтығы жасалады.

      Егер әзірлеушінің реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытындыда қамтылған жекелеген ескертулер және (немесе) ұсыныстар бойынша тең әзірлеушілермен қосымша консультациялар өткізуі талап етілген жағдайда, техникалық регламенттің пысықталған жобасын және осы Тәртіптің 27-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын Комиссияға жіберу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол 45 жұмыс күнінен аспайды.

      Реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытындыда қамтылған ескертулер және (немесе) ұсыныстар қабылданбаған жағдайда әзірлеуші "Әзірлеушінің пікірі бойынша техникалық регламенттің жобасы туралы негізгі мәліметтерге жататын өзге ақпарат" деген бөлімде техникалық регламенттің жобасына түсіндірме жазбада қабылданбаған әрбір ұсыныс бойынша қабылданбаудың негіздемесін келтіреді.

      31. Комиссия реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытындыға қол қойылған күннен бастап (реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытындыны ескере отырып, техникалық регламенттің жобасын және оған құжаттар жиынтығын пысықтау қажет болмаған жағдайда) не техникалық регламенттің жобасын және осы Тәртіптің 30-тармағына сәйкес пысықталған құжаттар жиынтығын алған күннен бастап (реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытындыны ескере отырып, техникалық регламент және оған құжаттар жиынтығының жобасы пысықталған жағдайда) 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, егер мүше мемлекеттің заңнамасында техникалық регламенттердің (техникалық регламенттерге өзгерістердің) жобаларына қатысты ұлттық келісу (оның ішінде реттеушілік әсерді бағалау немесе реттеушілік әсерді талдау) рәсімдерін міндетті түрде жүргізу көзделсе, оларды жүргізуді қамтитын мемлекетішілік келісуді жүргізу (бұдан әрі – мемлекетішілік келісу) үшін мүше мемлекеттердің үкіметтеріне техникалық регламенттің және № 4 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша құжаттардың жобасын жіберуді және оларды Одақтың ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етеді.

      32. Мемлекетішілік келісу мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген техникалық регламенттердің (техникалық регламенттерге өзгерістердің) жобаларына (оның ішінде реттеушілік әсерді бағалау немесе реттеушілік әсерді талдауға) қатысты міндетті рәсімдердің нәтижелері мемлекетішілік келісу қорытындыларын шығару кезінде ескерілуі мүмкін.

      Мемлекетішілік келісу қорытындылары туралы ақпаратты Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органы немесе мүше мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік билік органы Комиссиядан техникалық регламенттің жобасын және осы Тәртіпке № 4 қосымшада көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен аспайтын мерзімде Комиссияға жазбаша нысанда жібереді.

      Айрықша жағдайларда, егер мемлекетішілік келісу қорытындылары туралы ақпаратты қосымша қарауды жүргізу немесе қосымша ақпарат алу қажеттілігіне байланысты көрсетілген мерзімде Комиссияға жіберу мүмкін болмаса, мүше мемлекеттің Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мемлекеттік билік органы Комиссияға жазбаша нысанда ақпаратты ұсыну мерзімі туралы хабарлайды, ол техникалық регламенттің және осы Тәртіпке № 4 қосымшада көрсетілген құжаттардың жобасын Комиссиядан алған күннен бастап күнтізбелік 90 күннен аспауы тиіс.

      Мемлекетішілік келісу қорытындылары туралы ақпарат ол Комиссияға келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде әзірлеушіге жіберіледі.

      33. Әзірлеуші Комиссиядан мемлекетішілік келісулердің қорытындылары туралы соңғы ақпаратты алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде техникалық регламенттің және осы Тәртіпке № 4 қосымшада көрсетілген құжаттардың жобасын Комиссия Алқасының отырысында қарау үшін жіберу мақсатында мүше мемлекеттердің мүдделі органдары өкілдерінің және Комиссияның қатысуымен өтетін кеңесте (бұдан әрі – кеңес) оның қаралуын қамтамасыз етеді. Кеңес қорытындысы бойынша хаттама ресімделеді.

      Егер кеңес қорытындылары бойынша мүше мемлекеттер арасында келіспеушіліктер болмаған және техникалық регламент жобасына мемлекетішілік келісу қорытындылары бойынша елеулі өзгерістер енгізілмеген жағдайда, әзірлеуші техникалық регламентті қабылдау туралы мәселені Комиссия Кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылдау үшін белгіленген тәртіппен Комиссия Алқасының қарауы үшін техникалық регламенттің жобасын ұсыну туралы шешім қабылдайды.

      Мүше мемлекеттер арасында келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші оларды Консультативтік комитеттің отырысында қарау туралы шешім қабылдайды.

      Кеңес қорытындысы бойынша әзірлеуші мүше мемлекеттер арасындағы реттелмеген келіспеушіліктерді № 5 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық түрінде ресімдейді.

      Әзірлеуші кеңестің қорытындысы бойынша пысықталған (қажет болған жағдайда) техникалық регламенттің, осы Тәртіпке № 4 қосымшада көрсетілген құжаттардың жобасын, келіспеушіліктер жиынтығын (бар болған жағдайда) және кеңес хаттамасын оларды Консультативтік комитеттің отырысында қарау үшін Комиссияға ұсынады.

      34. Мүше мемлекеттер арасындағы келіспеушіліктер немесе осы Тәртіптің 56-тармағында көрсетілген құжаттар (егер техникалық регламентке өзгерістер жобасы осы Тәртіптің 56-тармағына сәйкес дайындалған жағдайда) Консультативтік комитеттің кезекті отырысында қаралады.

      Техникалық регламент жобасына мемлекетішілік келісу қорытындылары бойынша елеулі өзгерістер енгізілген жағдайда, мұндай өзгерістер де Консультативтік комитеттің отырысында қаралады.

      Қарау қорытындысы бойынша Консультативтік комитет Комиссия Кеңесінің техникалық регламентті қабылдау туралы шешімінің жобасын мақұлдау туралы мәселені Комиссия Алқасының қарауы үшін белгіленген тәртіппен техникалық регламенттің жобасын ұсыну туралы шешім қабылдайды.

      Консультативтік комитеттің отырысында реттелмеген мүше мемлекеттер арасындағы келіспеушіліктерді Комиссия Алқасы және (немесе) Комиссия Кеңесі техникалық регламенттің жобасын қарау кезінде қарайды.

      Қажет болған жағдайда әзірлеуші Комиссиямен бірлесіп, Консультативтік комитет белгілеген мерзім (бірақ 25 жұмыс күнінен аспайтын) ішінде техникалық регламенттің жобасын және осы Тәртіпке № 4 қосымшада көрсетілген құжаттарды пысықтауды жүзеге асырады.

      Консультативтік комитет техникалық регламенттің пысықталған жобасын оған енгізілген елеулі өзгерістерді келісу үшін мүше мемлекеттерге жіберу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      35. Комиссия кеңестің қорытындысы бойынша қабылданған шешімге немесе Консультативтік комитеттің шешіміне сәйкес техникалық регламенттің жобасын мақұлдау туралы шешім қабылданған күннен бастап немесе техникалық регламенттің пысықталған жобасы мен осы Тәртіптің 34-тармағына сәйкес оған құжаттар жиынтығы ұсынылған күннен бастап 25 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде № 6 қосымшаға сәйкес немесе осы Тәртіптің 56-тармағында көрсетілген (егер техникалық регламентке өзгерістер жобасы осы Тәртіптің 56-тармағына сәйкес дайындалған жағдайда) тізбе бойынша құжаттар жиынтығын дайындауды және Комиссия Кеңесінің техникалық регламентті қабылдау туралы шешімінің жобасын мақұлдау туралы Комиссия Алқасы өкімінің жобасына құқықтық сараптама мен құқықтық редакциялау жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Техникалық регламенттің жобасын және (немесе) осы Тәртіпке № 6 қосымшада немесе осы Тәртіптің 56-тармағында (егер техникалық регламентке өзгерістер жобасы осы Тәртіптің 56-тармағына сәйкес дайындалған жағдайда) көрсетілген құжаттарды пысықтау кезінде мынадай:

      егер мұндай өзгерістер редакциялық сипатта болса және техникалық регламент жобасының талаптарын өзгертпесе;

      егер Техникалық регламент жобасының ережелерін Шарттың немесе Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың ережелеріне, сондай-ақ Одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес келтіру қажет болған жағдайларда құқықтық сараптама және құқықтық редакциялау нәтижелері бойынша оларға өзгерістер енгізу мүмкін болады.

      Егер құқықтық сараптаманың және осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген өкім жобасын құқықтық редакциялаудың қорытындылары бойынша әзірлеушімен және (немесе) бірлесіп әзірлеушілермен қосымша консультациялар өткізу талап етілген жағдайда, Комиссия Алқасының қарауы үшін тиісті құжаттар жиынтығын дайындау мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол 30 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      Пысықтау қорытындылары бойынша енгізілген өзгерістердің салыстырма кестесі қалыптастырылады, ол көрсетілген құжаттар жиынтығына енгізіледі.

      36. Комиссия құқықтық сараптама және құқықтық редакциялау нәтижелері бойынша Комиссия Кеңесінің техникалық регламентті қабылдау туралы шешімінің жобасын мақұлдау туралы Комиссия Алқасының өкімі жобасының халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкестігі туралы қорытынды дайындалған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Комиссия Кеңесі шешімінің көрсетілген жобасын дайындауды және Комиссия Алқасының қарауына жіберуді қамтамасыз етеді.

      37. Комиссия Кеңесінің техникалық регламентті қабылдау туралы шешімінің жобасы Комиссия Алқасының өкімімен мақұлданады.

      Техникалық регламент Комиссия Кеңесінің шешімімен қабылданады.

      38. Егер Техникалық регламенттің жобасын және осы Тәртіпке № 6 қосымшада көрсетілген құжаттар жиынтығын қарау нәтижелері бойынша Комиссия Алқасының немесе Комиссия Кеңесінің отырысында оларды пысықтау қажеттігі туралы шешім қабылданған жағдайда, пысықтау рәсімін тиісінше Комиссия Алқасы немесе Комиссия Кеңесі айқындайды не ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентінде (бұдан әрі – Регламент) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      39. Комиссия Кеңесінің техникалық регламентті қабылдау туралы шешімінде техникалық регламенттің күшіне ену мерзімі белгіленеді, ол көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 180 күннен кем болмауы тиіс.

      Комиссия Кеңесінің техникалық регламентті қабылдау туралы шешімі қабылданған техникалық регламенттің жекелеген талаптарының тиісті мемлекетаралық стандартты, ал ол болмаған жағдайда – мүше мемлекеттің ұлттық (мемлекеттік) стандартын немесе халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) тізбеге енгізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер әдістемесін, ал олар болмаған жағдайда – техникалық регламенттердің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттарды қолдануы басталған күннен бастап күшіне енуін көздейтін ережелерді қамтуы мүмкін.

      40. Қабылданған техникалық регламентке қатысты оны қолданысқа енгізу туралы және өтпелі ережелер туралы шешімді Комиссия Алқасы қолданысқа енгізудің белгіленген күніне дейін 3 айдан кешіктірмей қабылдайды. Көрсетілген шешімде мынадай мерзімдер белгіленеді:

      а) Одақтың құқығына кіретін актілерде немесе мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген, техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қатысты берілген немесе қабылданған өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжаттардың техникалық регламент күшіне енген күнге дейін қолданылу мерзімдері, сондай-ақ олардан кейін мұндай құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейтін мерзімдер;

      б) оның шеңберінде, мүше мемлекеттердің аумақтарында Одақтың құқығына кіретін актілерде және мүше мемлекеттің заңнамасында бұрын белгіленген міндетті талаптарға сәйкес өнімнің көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған кезде, техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған өнімді өндіруге және айналымға шығаруға жол берілетін мерзімдер;

      в) оның шеңберінде, мүше мемлекеттердің аумақтарында Одақтың құқығына кіретін актілерде немесе техникалық регламент күшіне енген күнге дейін мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті міндетті бағалауға жатпайтын өнімді өнімнің сәйкестігін міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен таңбалаусыз өндіруге және айналымға шығаруға жол берілетін мерзімдер (нарықтағы айналым белгісімен) (қажет болған жағдайда);

      г) өнімнің Одақ құқығына кіретін актілерде немесе мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде мүше мемлекеттердің аумақтарында айналымға шығарылған, техникалық регламент күшіне енген күнге дейін техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қатысты берілген немесе қабылданған айналым мерзімдері.

      41. Комиссия техникалық регламент күшіне енетін күнге дейін күнтізбелік 180 күннен кешіктірмей халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбелерін, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібіне сәйкес стандарттардың тізбелерін бекітеді, оларды қолдану нәтижесінде ерікті негізде Одақтың техникалық регламентінің, халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбелерінің, ал олар болмаған жағдайда – Одақтың техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және Комиссия бекітетін техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың талаптарының сақталуы қамтамасыз етіледі.

      42. Техникалық регламентке қатысты құқық қолдану практикасын қалыптастыру, адамның өмірін және (немесе) денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің өмірін және (немесе) денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуді бағалау, тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ техникалық регламенттің өнімнің айналымға шығарылуына байланысты экономикалық қатынастарға реттеушілік әсерін бағалау мақсатында мүше мемлекеттерде техникалық регламенттің қолданылуына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен мониторинг (бұдан әрі – мониторинг) жүзеге асырылады.

      Мониторинг шеңберінде қосымша реттеуді және басқарушылық шешімдер қабылдауды талап ететін мынадай факторларды анықтау және талдау жүзеге асырылады:

      техникалық регламентте белгіленген талаптарды қолдануға байланысты кедергілер мен шектеулердің туындауы үшін алғышарттар;

      техникалық регламенттің ережелерін құқықтық реттеудің толықтығы және оның нормаларының коллизиясы;

      техникалық регламентте мүше мемлекеттердің заңнамасына сілтеме нормаларының болуы және оларды іске асыру;

      техникалық регламенттің мәтінінде заңдық-техникалық сипаттағы қателердің болуы;

      техникалық регламентте белгіленген нормалардың мағынасын бұрмалау;

      техникалық регламентті қолдану кезіндегі заңсыз немесе негізсіз шешімдер, әрекеттер (әрекетсіздік);

      техникалық регламентті қолданудың бірыңғай тәжірибесінің болуы;

      техникалық регламенттің ережелерін түсіндіру мәселелері бойынша өтініштердің саны мен мазмұны;

      техникалық регламент талаптарының тіркелген бұзушылықтарының саны мен сипаты;

      сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларының саны;

      техникалық регламентті іске асыру үшін оның қажетті стандарттармен және әдістемелермен қамтамасыз етілуі, стандарттар тізбелерін өзектендірудің уақтылы болуы;

      өзге де факторлар.

      43. Мониторинг жүргізу кезінде мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының техникалық регламенттің қолданылу барысы туралы, оның ішінде бизнес-қоғамдастықтар, ғылыми және қоғамдық ұйымдар өкілдерінен, мүше мемлекеттердің өзге де мүдделі тұлғаларынан келіп түсетін өтініштер ескеріле отырып қалыптастырылатын, сондай-ақ техникалық регламенттің қолданылуын мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы ақпараты пайдаланылады.

      44. Мониторинг нәтижелерін мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары:

      а) мүше мемлекеттер заңнамасының деңгейінде қабылданған техникалық регламентті қолдануға байланысты анықталған проблемалық мәселелерді жоюды қамтамасыз ететін техникалық реттеу саласындағы және заңнаманың сабақтас салаларындағы мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін негіздеу, дайындау және қабылдау;

      б) қабылданған техникалық регламентті қолдануға қатысты анықталған проблемалық мәселелерді жоюды қамтамасыз ететін техникалық регламентке, стандарттар тізбелеріне, мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаға, комиссия актілеріне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды негіздеу және дайындау мақсаттарында пайдаланады.

      45. Комиссияға бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен, мүше мемлекеттердің өзге де мүдделі тұлғаларынан келіп түскен, қабылданған техникалық регламентті қолданудың проблемалық мәселелері жөніндегі өтініштерді Комиссия Регламенттің 93-99 – тармақтарында белгіленген тәртіппен қарайды және және осы Тәртіптің 44-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген ұсыныстарды негіздеу және дайындау мақсатында өкілдерінен өтініштер келіп түскен мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органдарына жіберіледі.

      46. Мүше мемлекеттер жыл қорытындылары бойынша мониторинг нәтижелерін олардың заңнамасында белгіленген тәртіппен, жинақтап қорыту үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Комиссияға жібереді. Одан кейін Комиссия қорытылған мәліметтерді осы Тәртіптің 47 – 52-тармақтарына сәйкес техникалық регламентке өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды талдау және дайындау (қажет болған жағдайда) үшін мүше мемлекеттердің үкіметтеріне жібереді.

      Техникалық регламенттің жекелеген ережелерін қолдану бойынша әзірлеушінің (бірлесіп әзірлеушілердің) түсіндірмелері оларды Комиссияның мүше мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік билік органдарымен бірлесіп қарауды ұйымдастыру және Одақтың ресми сайтында орналастыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау мақсатында Комиссияға жіберіледі.

III. Техникалық регламентке өзгерістер енгізу және оның күшін жою тәртібі

      47. Техникалық регламенттерге өзгерістер жобалары мониторинг нәтижелерін ескере отырып, жоспарға сәйкес әзірленеді.

      48. Мүше мемлекеттердің техникалық регламентке өзгерістердің тиісті жобаларын әзірлеуді көздейтін өзгерістер жоспарына енгізу жөніндегі бастамашылық ұсыныстарын (бұдан әрі – бастамашылық ұсыныстар) Комиссияға мүше мемлекеттердің Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мемлекеттік билік органдары ұсынады.

      Комиссия бастамашылық ұсыныс келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оны қарау және кейіннен бастамашылық ұсыныс бойынша позицияларын Комиссияға Регламенттің 99-тармағында көзделген мерзімде ұсыну үшін мүше мемлекеттердің үкіметтеріне жібереді.

      Мүше мемлекеттердің бастамашылық ұсынысы бойынша позицияларында келіспеушіліктер болмаған жағдайда, Комиссия мүше мемлекеттің соңғы позициясын Комиссияға ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Комиссия Алқасының қарауы үшін бастамашылық ұсынысты дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Мүше мемлекеттердің бастамашылық ұсынысы бойынша позицияларында келіспеушіліктер болған кезде Комиссия бастамашылық ұсынысты Консультативтік комитеттің кезекті отырысында қарауды қамтамасыз етеді.

      Комиссия келіп түскен бастамашылық ұсыныстардың есебін жүргізеді және олардың қаралу барысы туралы ақпаратты Одақтың ресми сайтында тоқсан сайын орналастыруды қамтамасыз етеді.

      49. Комиссия Кеңесінің шешімі негізінде техникалық регламентке өзгерістер жобасы мүше мемлекеттердің ұсыныстары бойынша жоспардан тыс әзірленуі мүмкін, бұл ретте мұндай шешімде әзірлеуші, сондай-ақ Комиссияға мемлекетішілік келісу қорытындыларын ұсыну мерзімі айқындалуы тиіс.

      50. Әзірлеуші оны әзірлеуші ретінде айқындаған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде мыналарды:

      а) стандарттар тізбесіндегі өзгерістер жобасы және оған түсіндірме жазбаны (қажет болған жағдайда);

      б) мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаға өзгерістер жобасын (қажет болған жағдайда);

      в) халықаралық, өңірлік (мемлекетаралық) және ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың (стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдар қабылдаған қағидалар, директивалар, ұсынымдар және өзге де құжаттар) тізбесін, ал олар болмаған жағдайда – олардың негізінде техникалық регламентке өзгерістер жобасы әзірленген өңірлік құжаттардың (регламенттер, директивалар, шешімдер, қағидалар және өзге де құжаттар), мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерінің (олардың жобаларының) (егер техникалық регламентке өзгерістер редакциялық сипатқа ие болса және техникалық регламенттің талаптарын өзгертпесе, оның ішінде, егер техникалық регламент нормаларын нақтылау (бірізді қолдану) үшін өзгерістер қажет болса) тізбесін;

      г) Комиссия Кеңесінің техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы шешімінің және Комиссия Алқасының техникалық регламентке өзгерістерді қолданысқа енгізу туралы және осы өзгерістерді енгізуге қатысты өтпелі ережелер туралы шешімінің жобаларын;

      д) техникалық регламентке өзгерістер жобасына түсіндірме жазбаны;

      е) осы Тәртіпке № 1 қосымшада көзделген нысан бойынша техникалық регламентке өзгерістер жобасын әзірлеу туралы хабарлама жобасын;

      ж) ұсынылатын өзгерістердің тиісті негіздемесімен бірге техникалық регламенттің құрылымдық элементтерінің қолданыстағы және ұсынылатын редакциялары бар салыстырма кестені қамтитын техникалық регламентке және құжаттар жиынтығына өзгерістер жобасын дайындайды.

      51. Техникалық регламентке өзгерістер жобасына түсіндірме жазбада:

      техникалық регламентке өзгерістер енгізудің негізі немесе ғылыми негіздемесі (бар болған жағдайда);

      техникалық регламентке өзгерістерді қабылдаудың мақсаттары;

      техникалық регламентке өзгерістермен көзделген міндетті талаптарды қолданысқа енгізудің болжамды мерзімі;

      техникалық регламентке өзгерістер жобасын әзірлеуге бағытталған проблемалардың сипаттамасы;

      техникалық регламентке өзгерістер жобасы дайындалған техникалық реттеу объектілерінің құрамы мен жалпы сипаттамасы;

      оларға қатысты техникалық регламентке өзгерістер жобасы дайындалған міндетті талаптарды белгілеу саласындағы халықаралық тәжірибені және мүше мемлекеттердің тәжірибесін талдау;

      жобада белгіленетін халықаралық, өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың немесе мүше мемлекеттердің аумақтарында қолданылатын міндетті талаптардың ережелерінен ерекшеленетін міндетті талаптардың техникалық регламентіне оларды енгізудің қысқаша негіздемесімен бірге өзгерістердің сипаттамасы;

      техникалық регламентке өзгерістер жобасының өлшем бірлігінің біртұтастығын қамтамасыз ету саласындағы талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат;

      техникалық регламентке енгізілетін бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар мен рәсімдер, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық талаптар туралы ақпарат, сондай-ақ техникалық регламентке енгізілетін талаптардың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар мен рәсімдерге сәйкестігі туралы ақпарат;

      мүдделерін қорғау мақсатында техникалық регламентке өзгерістер жобасын әзірлеу жүзеге асырылатын тұлғалар тобы;

      реттеудің адресаттары, оның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілер және оларға техникалық регламентке өзгерістер жобасында көзделген реттеумен көрсетілетін әсер ету;

      шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалар үшін техникалық регламентке өзгерістер жобасында белгіленетін шектеулердің мазмұны;

      техникалық регламентке өзгерістер жобасын әзірлеу шешуге бағытталған проблемаларды шешу және техникалық регламентке өзгерістер жобасында көзделген реттеу мақсатына қол жеткізу (ұсынылатын реттеу мен шешілетін проблемалар арасындағы өзара байланыстың сипаттамасы) механизмі;

      техникалық регламентке өзгерістер жобасын әзірлеуоларды шешушге бағытталған проблемаларды шешудің өзге де ықтимал тәсілдерінің сипаттамасы;

      әзірлеушінің пікірі бойынша техникалық регламентке өзгерістер жобасы туралы негізгі мәліметтерге жататын өзге де ақпарат көрсетіледі.

      Егер техникалық регламентке өзгерістер редакциялық сипатта болса және техникалық регламенттің талаптарын өзгертпесе, осы тармақтың алтыншы – он бесінші абзацтарында көзделген ақпарат көрсетілмейді.

      52. Техникалық регламенттерді келісу және оларға өзгерістер енгізу осы Тәртіптің 16 – 40-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Әзірлеуші осы Тәртіптің 11-тармағына сәйкес техникалық регламентке өзгерістер жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын қалыптастырады немесе осы Тәртіптің 11-тармағында көрсетілген жұмыс тобының құрамын өзектендіруді ескере отырып (қажет болған жағдайда), оны техникалық регламентке өзгерістер жобасын әзірлеуге тартады.

      53. Айрықша жағдайларда техникалық регламентке өзгерістер жоспарға өзгерістер енгізілмей және жария талқылау, реттеушілік әсерді бағалау және осы Тәртіптің 10 – 34-тармақтарында көзделген мемлекетішілік келісу рәсімдері жүргізілмей, мүше мемлекеттің немесе Комиссияның бастамасы бойынша мынадай негіздер бойынша оңайлатылған рәсімде қабылдануы мүмкін:

      а) мүше мемлекеттерде адамның өміріне және (немесе) денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктердің өміріне және (немесе) саулығына тікелей қатер төндіруге әкеп соғатын мән-жайлардың және (немесе) мүше мемлекеттер үшін қолайсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін және жедел ден қоюды талап ететін әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мән-жайлардың туындауы.

      Мұндай мән-жайлар техникалық регламентке өзгерістер енгізу жобасына түсіндірме жазбада олардың туындауын көрсететін деректерді, сондай-ақ техникалық регламентке өзгерістер уақтылы енгізілмеген жағдайда әлеуметтік-экономикалық сипаттағы ықтимал тәуекелдер немесе қолайсыз салдарлар болжамын көрсете отырып расталуы тиіс;

      б) техникалық регламентке редакциялық сипаттағы және техникалық регламенттің талаптарын өзгертпейтін өзгерістер, оның ішінде оның нормаларын нақтылау (бірізді қолдану) мақсатында өзгерістер енгізу;

      в) техникалық регламенттің ережелерін Шарттың немесе Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес келтіру қажеттілігі;

      г) техникалық регламенттің ережелерін Комиссия бекітетін сәйкестікті бағалаудың типтік схемаларына (жария талқылау рәсімін және реттеушілік әсерді бағалауды өткізбей) сәйкес келтіру қажеттілігі.

      54. Осы Тәртіптің 53-тармағында көзделген негіздер бойынша техникалық регламентке өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды мүше мемлекеттер немесе Комиссия дайындауы мүмкін және ол, техникалық регламентке өзгерістер жобасын әзірлеу туралы хабарлама жобасын қоспағанда, техникалық регламентке өзгерістер жобасын және осы Тәртіптің 50-тармағында көзделген құжаттар жиынтығын қамтуы тиіс.

      Мүше мемлекеттер дайындаған көрсетілген ұсыныстарды мүше мемлекеттердің Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мемлекеттік билік органдары Комиссияға ұсынады.

      Техникалық регламентке өзгерістер жобасына түсіндірме жазбада осы Тәртіптің 51-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

      55. Осы Тәртіптің 54-тармағында көрсетілген техникалық регламентке мүше мемлекеттерден Комиссияға келіп түскен немесе Комиссия дайындаған өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар Консультативтік комитеттің кезекті отырысында қаралады. Оларды қараудың қорытындылары бойынша Консультативтік комитет Комиссия Кеңесінің техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасын мақұлдау туралы мәселені Комиссия Алқасының қарауы үшін осы Тәртіптің 54-тармағында көрсетілген техникалық регламентке өзгерістер жобасын ұсыну мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.

      Қажет болған жағдайда Комиссия Консультативтік комитет белгілеген мерзім ішінде техникалық регламентке және осы Тәртіптің 54-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығына өзгерістер жобасын пысықтауды жүзеге асырады.

      Комиссия Консультативтік комитеттің шешіміне сәйкес Комиссия Алқасының қарауы үшін құжаттар жиынтығын дайындауды және Комиссия Кеңесінің техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасын мақұлдау туралы Комиссия Алқасы өкімінің жобасын құқықтық сараптауды және құқықтық редакциялауды жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Комиссия көрсетілген өкім жобасының Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге сәйкестігі туралы қорытынды құқықтық сараптама және құқықтық редакциялау нәтижелері бойынша дайындалған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде техникалық регламентке және құжаттар жиынтығына тиісті өзгерістер жобасын дайындауды және белгіленген тәртіппен Комиссия Алқасының қарауы үшін жіберуді қамтамасыз етеді.

      Егер осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген өкім жобасын құқықтық сараптаманың және құқықтық редакциялаудың қорытындылары бойынша мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен қосымша консультациялар өткізу талап етілген жағдайда, Комиссия Алқасының қарауы үшін тиісті құжаттар жиынтығын дайындау мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол 30 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      Комиссия Кеңесінің техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасы Комиссия Алқасының өкімімен мақұлданады.

      Техникалық регламентке өзгерістер Комиссия Кеңесінің шешімімен қабылданады.

      56. Егер Комиссия бекітетін Бірыңғай санитариялық талаптар мен рәсімдерді әзірлеу, бекіту, өзгерту және қолдану тәртібіне сәйкес бірыңғай санитариялық талаптарға техникалық регламентте көзделген талаптарға қатысты өзгерістер енгізілген жағдайда, Комиссия осындай өзгерістерді бекіту туралы Комиссия Алқасының шешімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей техникалық регламентке өзгерістер жобасын, сондай-ақ құжаттар топтамасын дайындайды, онда:

      осы Тәртіптің 50-тармағының "а", "б" және "д" тармақшаларында көрсетілген құжаттар;

      Комиссия Кеңесінің техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасын мақұлдау туралы Комиссия Алқасы өкімінің жобасы;

      Комиссия Кеңесінің техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы шешімінің және Комиссия Алқасының техникалық регламентке қабылданған өзгерістерді қолданысқа енгізу туралы және өтпелі ережелер туралы шешімінің жобалары (қажет болған жағдайда);

      Одақтың ресми сайтында орналастырылған бірыңғай санитариялық талаптарға енгізілген өзгерістерді жария талқылау барысында келіп түскен түсініктемелер мен ұсыныстардың жиынтығы;

      бірыңғай санитариялық талаптарға енгізілген өзгерістердің реттеушілік әсерін бағалау туралы қорытындының көшірмесі қамтылады.

      Техникалық регламентке және құжаттар жиынтығына өзгерістер жобасына қатысты Комиссия осы Тәртіптің 31 – 37-тармақтарына сәйкес рәсімдердің жүргізілуін қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте техникалық регламентке өзгерістер жобасын мемлекетішілік келісу тек техникалық регламентке өзгерістер жобасы мен әзірлеушілер мен сәйкестілікті бағалау жөніндегі органдардың осы өзгерістер жобасымен белгіленетін талаптарды орындауға дайындауды қамтамасыз ететін өтпелі еределердің күшіне ену мерзіміне қатысты ғана жүзеге асырылады.

      57. Комиссия техникалық регламентке өзгерістер күшіне енген күнге дейін күнтізбелік 180 күннен кешіктірмей оларды қолдану нәтижесінде ерікті негізде Одақтың техникалық регламентінің және халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбелерінің, ал олар болмаған жағдайда – Одақтың техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және Комиссия бекітетін техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда − ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібіне сәйкес стандарттар тізбелеріне өзгерістерді бекітеді.

      58. Комиссия Алқасының техникалық регламентті қолданысқа енгізу туралы және осы техникалық регламентке қатысты өтпелі ережелер туралы шешіміне (бұдан әрі – Комиссия Алқасының техникалық регламентті қолданысқа енгізу туралы шешімі) өзгерістер енгізу мүше мемлекеттердің немесе Комиссияның ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады, онда Комиссия Алқасының шешіміне енгізілетін өзгерістердің жобасы және осындай өзгерістер енгізу қажеттілігінің негіздемесі бар оған түсіндірме жазба қамтылуы тиіс.

      59. Комиссия Алқасының техникалық регламентті қолданысқа енгізу туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы мүше мемлекеттердің ұсыныстарын Комиссияға ұсынуды Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады.

      60. Комиссия техникалық регламентті қолданысқа енгізу туралы Комиссия Алқасының шешіміне енгізілетін өзгерістер жобасын және оған түсіндірме жазбаны осы Тәртіптің 18 – 24-тармақтарына сәйкес жария талқылау жүргізу үшін кемінде күнтізбелік 30 күн ішінде Одақтың ресми сайтында орналастыруды, сондай-ақ осы Тәртіптің 28-тармағына сәйкес реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытынды дайындауды қамтамасыз етеді.

      Адамның өміріне және (немесе) денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктердің өміріне және (немесе) саулығына тікелей қауіп төндіретін мән-жайлар және (немесе) жедел ден қоюды талап ететін әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мән-жайлар туындаған кездегі айрықша жағдайларда, Комиссия Кеңесінің шешімі бойынша Комиссия Алқасының техникалық регламентті қолданысқа енгізу туралы шешіміне өзгерістер енгізу жария талқылау рәсімдерін жүргізбей, оның ішінде реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытынды дайындамай жүзеге асырылуы мүмкін.

      61. Жария талқылау қорытындылары бойынша пысықталған Комиссия Алқасының техникалық регламентті қолданысқа енгізу туралы шешіміне енгізілетін өзгерістер жобасын және оған түсіндірме жазбаны Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органы Комиссияға ұсынады.

      62. Комиссия техникалық регламентті және оған түсіндірме жазбаны қолданысқа енгізу туралы жария талқылаудың қорытындылары бойынша пысықталған Комиссия Алқасының шешіміне енгізілетін өзгерістердің жобасын Комиссия Алқасының қарауын қамтамасыз етеді.

      63. Комиссия Алқасының техникалық регламентті қолданысқа енгізу туралы шешіміне өзгерістерді Комиссия Алқасы Регламентте белгіленген тәртіппен бекітеді.

      64. Техникалық регламенттің күшін жою туралы шешім мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде қабылданады.

      65. Мүше мемлекеттің техникалық регламенттің күшін жою туралы ұсынысын (бұдан әрі – күшін жою туралы ұсынысты) Комиссия Кеңесінің мүшесі Комиссияға ұсынады және онда Комиссия Кеңесі техникалық регламенттің күшін жою туралы шешімінің жобасын мақұлдау туралы Комиссия Алқасы өкімінің жобасы, Комиссия Кеңесінің техникалық регламенттің күшін жою туралы шешімінің жобасы, сондай-ақ мыналар:

      а) техникалық регламенттің күшін жоюдың негіздемесі мен мақсаттары;

      б) күші жойылатын техникалық регламенттің қолданылу саласына жататын өнімге қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін мүше мемлекеттер заңнамасының ережелерін қолдану жөніндегі ұсыныстар;

      в) техникалық регламенттің күшін жоюға байланысты мүше мемлекеттердің өзара саудасындағы кедергілер мен шектеулердің туындау мүмкіндігін талдау нәтижелері;

      г) мүше мемлекеттердің өнімнің мүше мемлекеттер заңнамасының міндетті талаптарына сәйкестігін бағалау нәтижелерін өзара тануын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар;

      д) Комиссия Кеңесінің техникалық регламенттің күшін жою туралы шешімінің қабылдануына байланысты Комиссия актілерінің тізбесі көрсетілетін түсіндірме жазба қамтылуы тиіс.

      66. Комиссия Кеңесінің техникалық регламенттің күшін жою туралы шешімінің жобасына және осы Тәртіптің 65-тармағында көрсетілген оған құжаттар жиынтығына қатысты Комиссия осы Тәртіптің 18 – 31-тармақтарында көзделген рәсімдерді жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Күшін жою туралы ұсыныс бойынша Комиссияға келіп түскен мүше мемлекеттердің позициялары олар келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мемлекеттік билік органына, күшін жою туралы ұсынысты Комиссияға жіберген мүше мемлекетке жіберіледі.

      Күшін жою туралы ұсыныс бойынша мүше мемлекеттердің позицияларында келіспеушіліктер болмаған жағдайда, Комиссияға мүше мемлекеттің соңғы позициясын ұсынған күннен бастап Комиссия 10 жұмыс күні ішінде Комиссия Алқасының қарауы үшін күшін жою туралы ұсынысты дайындауды және жіберуді қамтамасыз етеді.

      Күшін жою туралы ұсыныс бойынша мүше мемлекеттердің позицияларында келіспеушіліктер болған кезде Комиссия күшін жою туралы ұсынысты Консультативтік комитеттің кезекті отырысында қарауды қамтамасыз етеді.

      67. Комиссия Кеңесінің техникалық регламенттің күшін жою туралы шешімінің жобасы Комиссия Алқасының өкімімен мақұлданады.

      Техникалық регламенттің күші Комиссия Кеңесінің шешімімен жойылады.

      68. Комиссия Кеңесінің техникалық регламенттің күшін жою туралы шешімінде көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 180 күннен кем болмауға тиісті осындай шешімнің күшіне ену мерзімі, сондай-ақ онда:

      өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейтін мерзімдер, сондай-ақ осындай құжаттардың қолданылу мерзімдері;

      өнімнің осындай талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған кезде, мүше мемлекеттердің аумақтарында техникалық регламент талаптарына сәйкес өнімді өндіруге және айналымға шығаруға жол берілетін мерзімдер;

      өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттардың қолданылуы кезеңінде мүше мемлекеттердің аумақтарында айналымға шығарылған өнімнің айналым мерзімдері көзделетін осы техникалық регламентке қатысты өтпелі ережелер белгіленеді.

      Комиссия Кеңесінің техникалық регламенттің күшін жою туралы шешімі қабылданғаннан кейін Комиссия осындай шешімнің қабылдануына байланысты күшін жоюға жататын Комиссия актілерінің күші жойылды деп тануды қамтамасыз етеді.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың техникалық
регламенттерін әзірлеу,
қабылдау, өзгерту және
олардың күшін жою тәртібіне
№ 1 ҚОСЫМША

      (нысан)

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобасын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне өзгерістер жобасын) әзірлеу туралы ХАБАРЛАМА

1. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті жобасының (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне өзгерістер жобасының) (бұдан әрі ‒ жоба) атауы


2. Жобаны әзірлеуге жауапты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет немесе Еуразиялық экономикалық комиссия


3. Жобаны әзірлеуге жауапты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органы


4. Техникалық реттеу объектісі


5. Жобаны әзірлеу мақсаты


6. Жобаны әзірлеу үшін негіздеме


7. Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар (пікірлер) жіберу үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның пошталық мекенжайы, телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы (бар болған жағдайда)


8. Жобаны жария талқылауды жүргізуді аяқтаудың болжамды күні


      Техникалық реттеу жөніндегі
Алқа мүшесі (Министр) ________________ _______________
(қолы) (Т. А. Ә.)

  Еуразиялық экономикалық
одақтың техникалық
регламенттерін әзірлеу,
қабылдау, өзгерту және
олардың күшін жою тәртібіне
№ 2 ҚОСЫМША

      (нысан)

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобасын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне өзгерістер жобасын) жария талқылаудың аяқталуы туралы ХАБАРЛАМА

1. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті жобасының (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне өзгерістер жобасының) (бұдан әрі ‒ жоба) атауы


2. Жобаны әзірлеуге жауапты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет немесе Еуразиялық экономикалық комиссия


3. Жобаны әзірлеуге жауапты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органы


4. Техникалық реттеу объектісі *


5. Жобаны жария талқылауды өткізудің аяқталу күні


      Техникалық реттеу жөніндегі
Алқа мүшесі (Министр) ________________ _______________
(қолы) (Т. А. Ә.)
      _______________
      * Егер техникалық реттеу объектілері жобаны жария талқылауды жүргізу нәтижелері бойынша өзгертілген жағдайда көрсетіледі.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың техникалық
регламенттерін әзірлеу,
қабылдау, өзгерту және
олардың күшін жою тәртібіне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобасы бойынша (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне өзгерістер жобасы бойынша) пікірлер жиынтығы нысаны және оны толтыру қағидалары

I. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобасы бойынша (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне өзгерістер жобасы бойынша) пікірлер жиынтығы нысаны

      ___________________________________________________
(Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті жобасының
(Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне өзгерістер жобасының) атауы)

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне құжаттар жиынтығына кіретін құжаттың) құрылымдық элементі

Ескерту немесе ұсыныс (пікір) ұсынған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің, мемлекеттік билік органының, ұйымның немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет не үшінші мемлекет тұлғасының атаулары (хаттың нөмірі және күні (бар болған жағдайда))

Ескерту және (немесе)ұсыныс (пікір)

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентін әзірлеушінің қорытындысы

1

2

3

4













II. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобасы бойынша (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне өзгерістер жобасы бойынша) пікірлер жиынтығы нысанын толтыру қағидалары

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобасы (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне өзгерістер жобасы бойынша) (бұдан әрі тиісінше ‒ техникалық регламент, Одақ) бойынша пікірлер жиынтығы нысанында:

      а) 1-бағанда – баптың, тармақтың, тармақшаның нөмірлері:

      техникалық регламент жобасы (техникалық регламентке өзгерістер жобасы);

      халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламенттер халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбелерінің, ал олар болмаған жағдайда – техникалық регламенттердің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың (көрсетілген стандарттар тізбелеріне өзгерістер жобаларының) талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбелерінің жобалары;

      оларды қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламенттер және техникалық регламенттердің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттар талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама жобасы (көрсетілген бағдарламаға өзгерістер жобасы);

      халықаралық стандарттардың (стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдар қабылдаған қағидалар, директивалар, ұсынымдар және өзге құжаттар), ал олар болмаған жағдайда – олардың негізінде техникалық регламенттің жобасы (техникалық регламентке өзгерістер жобасы) әзірленген өңірлік құжаттардың (регламенттер, директивалар, шешімдер, стандарттар, қағидалар және өзге де құжаттар), ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың, ұлттық техникалық регламенттердің немесе олардың жобаларының тізбесі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің техникалық регламентті қабылдау туралы (техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы) шешімінің жобасы және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының қабылданған техникалық регламентті (техникалық регламентке өзгерістер) және осы техникалық регламентке қатысты өтпелі ережелерді (техникалық регламентке өзгерістерді) қолданысқа енгізу туралы шешімінің жобасы;

      техникалық регламенттің жобасына (техникалық регламентке өзгерістер жобасына) түсіндірме жазба;

      "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде орналастырылған өзге де құжат көрсетіледі.

      Техникалық регламенттің жобасы бойынша (техникалық регламентке өзгерістер жобасы бойынша) пікірлер жиынтығы келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар (пікірлер) негізінде мынадай ретпен жасалады:

      жалпы техникалық регламенттің жобасы (техникалық регламентке өзгерістердің жобасы);

      техникалық регламент жобасын (техникалық регламентке өзгерістер жобасын) баяндау тәртібімен баптар, тармақтар, тармақшалар, қосымшалар;

      бұдан әрі – осы тармақшаның үшінші – сегізінші абзацтарына сәйкес көзделген реттілікпен;

      б) 2-бағанда – ескерту және (немесе) ұсыныс (пікір) ұсынған Одаққа мүше мемлекеттің, мемлекеттік билік органының, Одаққа мүше мемлекет не үшінші мемлекет ұйымының немесе тұлғасының атаулары;

      в) 3-бағанда – әрбір ескерту мен ұсыныстың (пікірдің) мазмұны көрсетіледі. Техникалық регламенттің жобасы бойынша (техникалық регламентке өзгерістер жобасы бойынша) бір үлгідегі ескертулер мен ұсыныстар (пікірлер) барлық мемлекеттік билік органдары, Одаққа мүше мемлекеттердің ұйымдары мен тұлғалары не осындай ескертулер мен ұсыныстарды (пікірлерді) ұсынған үшінші мемлекеттер санап отырып көрсетіледі;

      г) 4-бағанда – мынадай жазбалардың бірін пайдалана отырып, әрбір ескерту және (немесе) ұсыныс (пікір) (негіздемемен бірге) бойынша техникалық регламентті әзірлеушінің қорытындысы:

      "қабылданды" – егер ескерту және (немесе) ұсыныс (пікір) толық қабылданса;

      "ішінара қабылданды" – егер ескерту және (немесе) ұсыныс (пікір) толық қабылданбаса. Бұл ретте техникалық регламент жобасының (техникалық регламентке өзгерістер жобасының) алдыңғы редакциясы бойынша ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды (пікірлерді) ескере отырып, ескертуді немесе ұсынысты (пікірді) қабылдамау негіздемелері және жаңа редакциясы тармағының нөмірі көрсетіледі;

      "назарға алынды" – егер әзірлеуші техникалық регламенттің жобасына (техникалық регламентке өзгерістер жобасына) тікелей қатысы жоқ ескертумен және (немесе) ұсыныспен (пікірлермен) келіссе;

      "қабылданбады" – егер ескертуді және (немесе) ұсынысты (пікірді) техникалық регламентті әзірлеуші қабылдамаса. Бұл ретте ескертуді және (немесе) ұсынысты (пікірді) қабылдамаудың негіздемелері көрсетіледі.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың техникалық
регламенттерін әзірлеу,
қабылдау, өзгерту және
олардың күшін жою тәртібіне
№ 4 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобасын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне өзгерістер жобасын) мемлекетішілік келісуді жүргізу үшін құжаттар ТІЗБЕСІ

      1. Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – оларды қолдану нәтижесінде ерікті негізде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (бұдан әрі – техникалық регламент) мен халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбелерінің жобалары (бұдан әрі –стандарттар тізбесі) (стандарттар тізбесіне өзгерістер жобасы).

      2. Оларды қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламент талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және техникалық регламент талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаның жобасы (көрсетілген бағдарламаға өзгерістер жобасы).

      3. Олардың негізінде техникалық регламент жобасы (техникалық регламентке өзгерістер жобасы) әзірленген халықаралық стандарттардың (стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдар қабылдаған қағидалар, директивалар, ұсынымдар және өзге де құжаттар), ал олар болмаған жағдайда – өңірлік құжаттардың (регламенттер, директивалар, шешімдер, стандарттар, қағидалар және өзге де құжаттар), ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың, ұлттық техникалық регламенттердің немесе олардың жобаларының тізбесі.

      4. Техникалық регламентті қабылдау туралы (техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешімінің жобасы және қабылданған техникалық регламентті (техникалық регламентке өзгерістерді) қолданысқа енгізу туралы және осы техникалық регламентке (техникалық регламентке өзгерістерді) қатысты өтпелі ережелер туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешімінің жобасы.

      5. Техникалық регламенттің жобасына (техникалық регламентке өзгерістер жобасына) түсіндірме жазба.

      6. Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібіне сәйкес дайындалған стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – оларды қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламент талаптарының және халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбелерінің сақталуы қамтамасыз етілетін ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде, іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбелерінің жобаларына (стандарттар тізбелеріне өзгерістер жобасына) түсіндірме жазба.

      7. Техникалық регламенттің жобасы бойынша пікірлер жиынтығы (техникалық регламентке өзгерістер жобасы бойынша).

      8. Техникалық регламент жобасына (техникалық регламентке өзгерістер жобасына) және стандарттар тізбелерінің жобаларына (стандарттар тізбелеріне өзгерістер жобасына) метрологиялық сараптама жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды немесе метрологиялық сараптама жүргізу нәтижесінде техникалық регламент жобасында метрологиялық сараптама объектілері жоқ екендігі белгіленгені туралы қорытынды.

      9. Техникалық регламенттің жобасы (техникалық регламентке өзгерістер жобасы) бойынша реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытынды.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың техникалық
регламенттерін әзірлеу,
қабылдау, өзгерту және олардың
күшін жою тәртібіне
№ 5 ҚОСЫМША

      (нысан)

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобасы (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне өзгерістер жобасы) және оны мемлекетішілік келісуді жүргізуге арналған құжаттар бойынша келіспеушіліктердің жиынтығы

      _____________________________________________________________
(Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті жобасының
(Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне өзгерістер жобасының) атауы)

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті жобасының (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне өзгерістер жобасының) құрылымдық элементі және оның мазмұны

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің позициялары

Армения
Республикасы

Беларусь
Республикасы

Қазақстан
Республикасы

Қырғыз
Республикасы

Ресей
Федерациясы

1

2

3

4

5

6



















  Еуразиялық экономикалық
одақтың техникалық
регламенттерін әзірлеу,
қабылдау, өзгерту және олардың
күшін жою тәртібіне
№ 6 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобасын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне өзгерістердің жобасын) қарауы үшін қажетті құжаттар ТІЗБЕСІ

      1. Комиссия Кеңесінің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентін қабылдау туралы (бұдан әрі тиісінше – техникалық регламент, Одақ) (техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы) шешімінің жобасын мақұлдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы (бұдан әрі – Комиссия) өкімінің жобасы.

      2. Комиссия Кеңесінің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентін қабылдау туралы (бұдан әрі тиісінше – техникалық регламент, Одақ) (техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы) шешімінің жобасын мақұлдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы (бұдан әрі – Комиссия) өкімінің жобасы.

      3. Техникалық регламенттің жобасы (техникалық регламентке өзгерістер жобасы).

      4. Халықаралық стандарттардың (стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдар қабылдаған қағидалар, директивалар, ұсынымдар және өзге құжаттар), ал олар болмаған жағдайда – олардың негізінде техникалық регламенттің жобасы (техникалық регламентке өзгерістер жобасы) әзірленген өңірлік құжаттардың (регламенттер, директивалар, шешімдер, стандарттар, қағидалар және өзге де құжаттар), ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың, ұлттық техникалық регламенттердің немесе олардың жобаларының тізбесі.

      5. Техникалық регламенттің жобасына (техникалық регламентке өзгерістердің жобасына) түсіндірме жазба.

      6. Техникалық регламенттің жобасы бойынша (техникалық регламентке өзгерістер жобасы бойынша) пікірлер жиынтығы.

      7. Техникалық регламент жобасына (техникалық регламентке өзгерістер жобасына) және халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбелерінің жобаларына, ал олар болмаған жағдайда – қолданылуы нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламенттің және халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесінің талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің, ал олар болмаған жағдайда – техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың (көрсетілген стандарттар тізбелеріне өзгерістер жобасына) жобаларына метрологиялық сараптама жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды немесе немесе метрологиялық сараптама жүргізу нәтижесінде техникалық регламент жобасы метрологиялық сараптама объектілерін қамтылмайтыны анықталғаны туралы қорытынды.

      8. Техникалық регламенттің жобасы (техникалық регламентке өзгерістер жобасы) бойынша реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытынды.

      9. Комиссия Кеңесінің техникалық регламентті қабылдау туралы (техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы) шешімі жобасының қаржылық-экономикалық негіздемесі.

      10. Техникалық регламенттің жобасы бойынша (техникалық регламентке өзгерістер жобасы бойынша) жұмыстың орындалу барысы туралы анықтама.

      11. Санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды техникалық реттеу, қолдану жөніндегі Консультативтік комитеттің техникалық регламент жобасын (техникалық регламентке өзгерістер жобасын) қарауының қорытынды материалдары (бар болған жағдайда).

      12. Техникалық регламенттің жобасы (техникалық регламентке өзгерістер жобасы) және мемлекетішілік келісу жүргізу үшін құжаттар бойынша Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы келіспеушіліктердің жиынтығы.

      13. Комиссия Кеңесінің техникалық регламентті қабылдау туралы (техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы) шешімінің жобасын мақұлдау туралы Комиссия Алқасы өкімі жобасының Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге сәйкестігі туралы қорытынды.

      14. Комиссияның сұрау салуы бойынша ұсынылған техникалық регламенттің жобасы (техникалық регламентке өзгерістер жобасы) және оған құжаттар жиынтығы бойынша Одаққа мүше мемлекеттердің позициялары баяндалған құжаттар.

      15. Техникалық регламенттің жобасы бойынша (техникалық регламентке өзгерістер жобасы бойынша) шешім қабылдау үшін маңызы бар өзге де құжаттар мен мәліметтер.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады