Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 10 шешімі.

      Бәсекелестіктік жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 11-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бектілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 64 және 70-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
 
М. Григорян

Беларусь
Республикасынан
 
И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан
 
С. Жұманғарин

Қырғыз
Республикасынан
 
Д. Амангельдиев

Ресей
Федерациясынан
 
А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2025 жылғы 22 қаңтардағы
№ 10 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін есептеу әдістемесінде және айыппұл салу тәртібінде:

      а) 1-тармақта:

      "сондай-ақ" деген сөз алып тасталсын;

      ", Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны немесе мерзімінде орындамағаны үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) 2-тармақта:

      үшінші абзацта:

      "сондай-ақ" деген сөз алып тасталсын;

      "егер өзгеше көзделмесе" деген сөздер "сондай-ақ Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамау, тиісінше орындамау немесе мерзімінде орындамау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацта:

      "сондай-ақ" деген сөз алып тасталсын;

      ", сондай-ақ Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамаған, тиісінше орындамаған немесе мерзімінде орындамаған" деген сөздермен толықтырылсын;

      в) 4-тармақтың екінші абзацы "анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны немесе мерзімінде орындамағаны үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      г) 7-тармақ мынадай мазмұндағы "е" тармақшамен толықтырылсын:

      "е) Хаттаманың 16-тармағының 6-тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшін, Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамау, тиісінше орындамау немесе мерзімінде орындамау бөлігінде:

      бәсекелестікті шектейтін келісімдерді тоқтату, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) экономикалық қызметін үйлестіру және (немесе) бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарды жасау туралы: жеке тұлғалар үшін – 35 000 Ресей рублі, лауазымды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін – 45 000 Ресей рублі, заңды тұлғалар үшін – 700 000 Ресей рублі;

      шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) тауар нарығында үстем жағдайын теріс пайдалануын және (немесе) бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдар жасауды тоқтату туралы: лауазымды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін – 30 000 Ресей рублі, заңды тұлғалар үшін – 700 000 Ресей рублі;

      жосықсыз бәсекелестікті және (немесе) бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимыл жасауды тоқтату туралы: лауазымды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін – 30 000 Ресей рублі, заңды тұлғалар үшін – 500 000 Ресей рублі.";

      д) 8-тармақ мынадай мазмұндағы "е" тармақшамен толықтырылсын:

      "е) Хаттаманың 16-тармағының 6-тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшін, Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамау, тиісінше орындамау немесе мерзімінде орындамау бөлігінде:

      бәсекелестікті шектейтін келісімдерді тоқтату, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) экономикалық қызметін үйлестіру және (немесе) бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарды жасау туралы: жеке тұлғалар үшін – 25 000 Ресей рублі, лауазымды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін – 35 000 Ресей рублі, заңды тұлғалар үшін – 500 000 Ресей рублі;

      шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) тауар нарығында үстем жағдайын теріс пайдалануын және (немесе) бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдар жасауды тоқтату туралы: лауазымды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін – 20 000 Ресей рублі, заңды тұлғалар үшін – 500 000 Ресей рублі;

      жосықсыз бәсекелестікті және (немесе) бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимыл жасауды тоқтату туралы: лауазымды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін – 20 000 Ресей рублі, заңды тұлғалар үшін – 300 000 Ресей рублі.";

      е) пункт 16 после слов "недостоверных сведений (информации)" дополнить словами ", сондай-ақ Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны немесе мерзімінде орындамағаны үшін,";

      ж) 17-тармақта:

      бірінші абзац "анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны немесе мерзімінде орындамағаны үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "а" тармақшасы "анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну" деген сөздерден кейін "немесе Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамауы, тиісінше орындамауы немесе мерзімінде орындамауы фактісі" деген сөздермен толықтырылсын;

      "б" және "в" тармақшалары "анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну" деген сөздерден кейін "немесе Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны немесе мерзімінде орындамағаны" деген сөздермен толықтырылсын;

      з) 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Уәкілетті құрылымдық бөлімшенің атқарушылық өндірісті жүзеге асыруы мақсатында және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау тәртібінің 481-тармағында көзделген іс-қимылдарды жасауы нәтижелері бойынша уәкілетті құрылымдық бөлімше аумағында құқық бұзушы (құқық бұзушылар) тіркелген Одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органына Комиссия Алқасы қабылдаған іс бойынша шешімнің куәландырылған даналарын осындай құқық бұзушылардың санына сәйкес санда:

      осы Әдістеме мен тәртіптің 171-тармағының екінші абзацында көзделген мерзім біткен күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей;

      осы Әдістеме мен тәртіптің 171-тармағының үшінші абзацына сәйкес Комиссия Алқасының шешімімен белгіленген мерзім біткен күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей жіберді.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген іс бойынша шешімнің даналары:

      Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін – мәжбүрлеп орындату органдарының орталық аппараттарына;

      Беларусь Республикасы үшін – Беларусь Республикасының Қаржы министрлігіне Комиссияның айыппұл салу туралы шешімі бөлігінде және Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттеу шешімі бөлігінде;

      Қазақстан Республикасы үшін – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жіберіледі.";

      и) Әдістеме мен тәртіпке № 2 қосымшада:

      атауы "бұзғаны" деген сөзден кейін "сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны немесе мерзімінде орындамағаны" деген сөздермен толықтырылсын;

      І бөлімде бірінші бағандағы 1-позиция "анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну" деген сөздерден кейін "немесе Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны немесе мерзімінде орындамағаны" деген сөздермен толықтырылсын;

      ІІ бөлімде бірінші бағандағы позиция "анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну" деген сөздерден кейін "немесе Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін қайталап орындамағаны, тиісінше орындамағаны немесе мерзімінде орындамағаны" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңісінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау тәртібінде:

      а) 1-тармақ "қарау" деген сөздің алдында "және Комиссия Шарттың XVIII бөлімінде және Хаттамада көзделген өз өкілеттіктерін іске асыруы кезінде Комиссияға мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбауы немесе уақытылы ұсынбауы туралы, оның ішінде Комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбауы туралы, сол сияқты Комиссияға көрінеу анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсынуы туралы, сондай-ақ Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамауы, тиісінше орындамауы немесе мерзімінде орындамауы туралы істерді (бұдан әрі – іс)" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) 2-тармақта:

      "(бұдан әрі – іс)" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Комиссияға мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау туралы, сол сияқты Комиссияға көрінеу анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсынуы туралы, сондай-ақ Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамауы, тиісінше орындамауы немесе мерзімінде орындамауы туралы іс Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдарды есептеу әдістемесінде және салу тәртібінде (бұдан әрі – Әдістеме) белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, істі қозғау және қарау туралы тағайындау негізінде қозғалады және қаралады.";

      в) 4-тармақтың бірінші абзацында "трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы (бұдан әрі – істі қарау жөніндегі комиссия)" деген сөздер алып тасталсын;

      г) 17-тармақта "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 98 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуын тергеп-тексеруді жүргізу тәртібіне сәйкес шығарылған" деген сөздер алып тасталсын;

      д) 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Комиссияға мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау, сол сияқты Комиссияға көрінеу анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну Хаттаманың 16-тармағының 5-тармақшасында көзделген айыппұл санкцияларын қолдану үшін негіздеме болып табылады. Көрсетілген айыппұл санкцияларын қолдану Әдістемеде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамауы, тиісінше орындамауы немесе мерзімінде орындамауы Хаттаманың 16-тармағының 6-тармақшасында көзделген айыппұл санкцияларын қолдану үшін негіздеме болып табылады. Көрсетілген айыппұл санкцияларын қолдану Әдістемеде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.";

      е) 28-тармақта және 36-тармақтың 1-тармақшасында "трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының" деген сөздер алып тасталсын;

      ж) 45-тармақта:

      алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Комиссияға мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбаудан немесе уақытылы ұсынбаудан, сол сияқты Комиссияға көрінеу анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсынудан, сондай-ақ Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамаудан, тиісінше орындамаудан немесе мерзімінде орындамаудан көрінетін бұзушылықтардың болуы не болмауы туралы тұжырымдар, Шарттың бұзылған баптарын көрсете отырып, осындай бұзушылық қалай көрінетінін сипаттау;";

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бұзушылық болған кезде (осы Тәртіптің 46-тармағының 4–6-тармақшаларында көзделген мерзімдер өткен жағдайларды қоспағанда):";

      он алтыншы абзац "Беларусь Республикасы" деген сөздердің алдында "Армения Республикасы," деген сөздермен толықтырылсын";

      жиырмасыншы абзац "өтініш беруші туралы ақпарат" деген сөздерден кейін "(егер іс өтінішті қарау нәтижелері бойынша қозғалған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      жиырма екінші абзац "немесе Комиссияға мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау, сол сияқты Комиссияға көрінеу анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну фактісін анықтау туралы, сондай-ақ Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамау, тиісінше орындамау немесе мерзімінде орындамау туралы мәліметтер" деген сөздермен толықтырылсын;

      жиырма алтыншы абзац "(Комиссияға мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны немесе уақытылы ұсынбағаны, сол сияқты Комиссияға көрінеу анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсынғаны, сондай-ақ Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны немесе мерзімінде орындамағаны үшін айыппұл салу туралы шешімдерді қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      отызыншы абзац "нарықтарда" деген сөзден кейін "немесе Комиссияға мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбаудан немесе уақытылы ұсынбаудан, сол сияқты Комиссияға көрінеу анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсынудан, сондай-ақ Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамаудан, тиісінше орындамаудан немесе мерзімінде орындамаудан көрінетін әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) сипаттау" деген сөздермен толықтырылсын;

      отыз екінші абзац "немесе Комиссияға мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбаудан немесе уақытылы ұсынбаудан, сол сияқты Комиссияға көрінеу анық емес мәліметтерді (ақпаратты) ұсынудан, сондай-ақ Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамаудан, тиісінше орындамаудан немесе мерзімінде орындамаудан көрінетін әрекеттерді (әрекетсіздікті) тану немесе танымау фактісін көрсету" деген сөздермен толықтырылсын;

      з) 46-тармақта:

      1-тармақшада "трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Комиссияның құқық бұзушыны белгілі бір іс-қимылдарды жасауға міндеттейтін шешімдерін орындамаудан, тиісінше орындамаудан немесе мерзімінде орындамаудан көрінетін бұзушылықтар жасалған күннен бастап 1 жыл ішінде.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады