Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытуға арналған техникалық тапсырма туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 135 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiндегi ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара iс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 3 қосымша) 3 және 30-тармақтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытуға арналған техникалық тапсырма бекітілсін.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 135 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытуға арналған ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА

1. Жалпы мәліметтер

      1.1. Жүйенің атауы

      Толық атауы – Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі, 4.0 нұсқасы (бұдан әрі – интеграцияланған жүйе).

      Шартты белгілемеcі – ЕАЭО ИАЖ, 4.0 нұсқасы.

      1.2. Жүйеге тапсырыс беруші мен оны әзірлеушінің атауы

      1.2.1. Интеграцияланған жүйені құру және дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіруші – тапсырыс беруші, сондай-ақ интеграцияланған жүйенің Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) интеграциялық сегментінің тапсырыс берушісі Комиссия болып табылады.

      1.2.2. Интеграцияланған жүйенің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің тапсырыс берушісін (бұдан әрі тиісінше – ұлттық сегмент, мүше мемлекеттер, Одақ) мүше мемлекеттер айқындайды.

      1.2.3. Интеграцияланған жүйені құруды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және оны дамытуды Комиссия үйлестіреді, ол интеграцияланған жүйені дамыту стратегиясын ескере отырып, ұлттық сегменттердің тапсырыс берушілерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, оның жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді. Интеграцияланған жүйені құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі жұмыстар уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып Комиссия әзірлейтін жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.

      1.2.4. Ұлттық сегменттерге тапсырыс берушілер ұлттық сегменттерді құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі құқықтарды жүзеге асырады және міндеттерді орындайды.

      1.2.5. Комиссияның интеграциялық сегменті, Комиссияның ақпараттық ресурстары мен жүйелері сияқты интеграциялық жүйенің құрауыштарына қатысты Комиссия меншік иесінің құқықтарын жүзеге асырады және міндеттерін орындайды, сондай-ақ оларды жобалауды, әзірлеуді, енгізуді, жұмыс нәтижелерін қабылдауды және одан әрі сүйемелдеуді ұйымдастырады.

      1.2.6. Комиссияның интеграциялық сегментін, Комиссияның ақпараттық ресурстары мен жүйелерін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі жұмыстарды орындаушыларды іріктеу Комиссияның актілеріне сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      1.2.7. Ұлттық сегменттерді құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі жұмыстарды орындаушыларды іріктеу мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      1.3. Жүйені құру мен дамытудың негіздері

      1.3.1. Интеграциялық жүйені құруға және дамытуға 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) негіз болып табылады.

      1.3.2. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (Шартқа тікркелген № 3 қосымша) (бұдан әрі – Хаттама) 3-тармағына сәйкес интеграцияланған жүйені құру жөніндегі жұмыстар 2015 – 2018 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 қазандағы № 137 шешімімен бекітілген интеграцияланған жүйені құруға арналған техникалық тапсырмаға (бұдан әрі – интеграцияланған жүйені құруға арналған техникалық тапсырма) сәйкес сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту негізінде жүргізілді.

      1.3.3. Интеграцияланған жүйені дамыту жөніндегі жұмыстар 2019 – 2021 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 55 шешімімен бекітілген интеграцияланған жүйені дамытуға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес жүргізілді.

      1.3.4. Интеграцияланған жүйені дамыту жөніндегі жұмыстар 2022 – 2025 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 125 шешімімен бекітілген интеграцияланған жүйені дамытуға арналған техникалық тапсырмаға (бұдан әрі – интеграцияланған жүйені дамытуға арналған техникалық тапсырма) сәйкес жүргізілді.

      1.3.5. Осы техникалық тапсырма интеграцияланған жүйені дамытуға арналған техникалық тапсырманың орындалған талаптарына қатысты интеграцияланған жүйені одан әрі дамытуды көздейді.

      1.3.6. Интеграцияланған жүйені дамытудың негізі Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2022 жылғы 21 қазандағы № 2 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін 2027 жылға дейін дамыту жөніндегі нысаналы бағдарлама болып табылады. 

      1.3.7. Интеграцияланған жүйені әзірлеу кезінде мынадай құжаттардың ережелері ескерілуге тиіс:

      1) Хаттама;

      2) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде сервистерді және заңды күші бар электрондық құжаттарды пайдалану тұжырымдамасы туралы" 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 73 шешімі;

      3) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде деректерді электрондық алмасу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 5 шешімі;

      4) Комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесі және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 132 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (өзгерістер мен толықтырулар бар) шешімі;

      5) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының бір-бірімен және Еуразиялық экономикалық комиссиямен трансшекаралық өзара іс-қимылы кезінде электрондық құжаттармен алмасу туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 125 шешімі;

      6) Комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы" шешімі;

      7) Комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 10 "Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Еуразиялық экономикалық комиссия интеграциялық сегментінің бағдарламалық қамтылымын беру және оны пайдалану тәртібін бекіту туралы" шешімі;

      8) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 50 (ҚБП) "Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде деректерді беру арналарының қорғалуын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын криптографиялық стандарттар туралы" шешімі;

      9) Комиссия Алқасының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 105 "Трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту стратегиясы туралы" шешімі;

      10) Комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169 "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ процестерді іске асыру тәртібін бекіту туралы" шешімі.

      11) Комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 100 "Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін 2025 жылға дейінгі кезеңге дамыту стратегиясы туралы" шешімі;

      12) Комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 121 "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесінің ресурстары құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды әзірлеу, жүргізу және қолдану әдіснамасын бекіту туралы" шешімі;

      13) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 146 (ҚБП) "Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің интеграциялық және ұлттық сегменттері арасындағы, сондай-ақ ұлттық сегменттері арасындағы деректерді беру арналарына қатысты ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін және бұзушының әрекеттерін бекіту туралы" шешімі;

      14) Комиссия Алқасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 190 "Еуразиялық экономикалық одақтың деректер моделі туралы ережені бекіту туралы" шешімі;

      15) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 9 шілдедегі № 110 "Еуразиялық экономикалық комиссияның куәландырушы орталығы туралы" шешімі;

      16) Комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 154 "Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің сенім білдірілген үшінші тарапы қызметінің куәландырушы орталығы" шешімі;

      17) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 96 "Трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптар туралы" шешімі;

      18) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 12 наурыздағы № 9 "Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде қолданылатын ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттар мен ұсынымдардың тізбесі туралы" ұсынымы;

      19) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 26 наурыздағы № 42 (ҚБП) "Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің сенім білдірілген үшінші тарап қызметінің жұмыс істеу тәртібін бекіту туралы" шешімі;

      20) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 14 мамырдағы № 69 (ҚБП) "Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі мен халықаралық бірлестіктердің және үшінші елдердің ақпараттық жүйелері арасындағы деректерді беру арналарына қатысты ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің және бұзушы әрекеттерінің базалық моделін бекіту туралы" шешімі.

      21) Комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 136 "Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін сүйемелдеу және оған техникалық қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" шешімі;

      22) Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 7" Трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл тұжырымдамасы туралы" шешімі";

      23) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 120 "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және Еуразиялық экономикалық комиссиямен заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) сенім білдірілген үшінші тараптың қызметін пайдалана отырып, трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) тану және электрондық құжаттардың заңдық күшін қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешімі;

      24) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 49 (ҚБП) "Уәкілетті сенім білдірілген үшінші тараптардың өзара іс-қимылы үшін пайдаланылатын криптографиялық стандарттар туралы" шешімі.

      1.4. Осы техникалық тапсырмаға сәйкес интеграцияланған жүйені дамыту жөніндегі жұмыстардың басталу және аяқталу мерзімдері

      Жұмыстардың басталатын уақыты: 2026 жыл.

      Жұмыстардың аяқталатын уақыты: 2028 жыл.

      1.5. Жұмыстарды қаржыландыру көздері мен тәртібі

      1.5.1. Комиссияның интеграциялық сегментін, Комиссияның ақпараттық ресурстары мен жүйелерін құру, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оларды дамыту жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру Одақ бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      1.5.2. Мемлекеттік ақпараттық ресурстарды және уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ұлттық сегменттерді құру, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оларды дамыту жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру мүше мемлекеттер бюджеттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      1.6. Жұмыс нәтижелерін ресімдеу және тапсырыс берушіге ұсыну тәртібі

      1.6.1. Интеграциялық жүйені құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі жұмыс нәтижелерін ресімдеу және тапсырыс берушіге ұсыну тәртібі осы техникалық тапсырманың талаптарына, сондай-ақ жұмыстарды орындауға арналған келісімшарттар шарттарына сәйкес келуге тиіс.

      1.7. Анықтамалар

      Осы техникалық тапсырмада пайдаланылатын ұғымдар Шартта, оның ішінде Хаттамада, интеграцияланған жүйені құру және дамыту мәселелерін реттейтін Одақ органдарының актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады.

2. Интеграцияланған жүйені дамытудың міндеті мен мақсаттары

      2.1. Интеграцияланған жүйенің міндеті

      2.1.1. Интеграцияланған жүйе мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының аумақтық тұрғыдан бөлінген мемлекеттік ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің, Комиссияның ақпараттық ресурстары мен жүйелерінің ұйымдастырушылық жиынтығын білдіреді. Аталған ресурстар мен жүйелер мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерімен, Комиссияның интеграциялық сегментімен және Комиссияның жергілікті есептеу желісі сегментімен (бұдан әрі – Комиссияның ЖЕЖ) біріктіріледі. Интеграцияланған жүйе Одақ шеңберінде, Одаққа кірмейтін мемлекеттермен (үшінші елдермен), халықаралық ұйымдармен және интеграциялық бірлестіктермен мемлекетаралық деректер және электрондық құжаттар алмасуды қамтамасыз етуге, мүше мемлекеттер үшін ортақ ақпараттық ресурстар құруға, Одақ шеңберіндегі ортақ процестерді іске асыруға, сондай-ақ Одақ органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған.

      Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының мемлекеттік ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелері Одақ шеңберіндегі ортақ процестерді іске асыру аясында ұлттық интеграциялық шлюздер арқылы интеграцияланған жүйеге қосылады.

      Мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттері арасында, сондай-ақ ұлттық сегменттер мен Комиссияның интеграциялық сегменті арасында интеграцияланған жүйе құралдары арқылы берілетін деректердің құрамы Шартпен және Одақ құқығына кіретін актілермен айқындалады.

      Интеграцияланған жүйе құралдары арқылы Одаққа кірмейтін мемлекеттермен (үшінші елдермен), халықаралық ұйымдармен және интеграциялық бірлестіктермен электрондық нысанда деректер алмасу қамтамасыз етіледі. Мұндай өзара іс-қимыл кезінде электрондық түрде берілетін деректердің құрамы Шартпен және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен айқындалады.

      Интеграцияланған жүйені және мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерін дамыту тиісті құқықтық актілер қабылданған жағдайда жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекетаралық қызметтер көрсету механизмдерін іске асыруды, сондай-ақ мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылдың түрлерін (State2State, Government2Government, Business2Government, Business2Business, Citizen2Government) сүйемелдеуді қамтамасыз етуді көздейді.

      2.1.2. Интеграцияланған жүйе Одақтың құзіреті аясында мынадай бағыттар бойынша ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу;

      2) кедендік реттеу;

      3) техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану;

      4) кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу және бөлу;

      5) арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарды есепке жатқызу және бөлу;

      6) статистика;

      7) бәсекелестік саясаты, монополияға қарсы реттеу, мемлекеттің бағаны реттеуі;

      8) энергетикалық саясат;

      9) валюталық саясат;

      10) зияткерлік меншік;

      11) қаржы нарықтары (банк саласы, сақтандыру саласы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы);

      12) Одақ органдарының қызметін қамтамасыз ету;

      13) макроэкономикалық саясат;

      14) өнеркәсіптік саясат;

      15) агроөнеркәсіптік саясат;

      16) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы;

      17) көлік саясаты, инфрақұрылым және логистика;

      18) тауарлар мен жүктердің қадағалануы;

      19) еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау;

      20) мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар;

      21) ішкі нарықтардың жұмыс істеуі;

      22) сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің ақпараттық өзара іс-қимылы;

      23) Одақтың үшінші елдермен жасаған халықаралық шарттарына сәйкес мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасындағы ақпарат алмасу;

      23) тауарлардың биржалық нарығы және биржалық сауда;

      24) Одақтың өкілеттіктері (интеграцияланған жүйе дамыған сайын оның қамту аясына енгізіліп отыратын) шегіндегі өзге де бағыттар (процестер мен мәселелер).

      2.1.3. Интеграцияланған жүйені дамыту барысында уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері мен Одақ органдарының ақпараттық жүйелерінің интеграцияланған жүйе шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ұлттық сегменттерді құру және дамыту процестерін үйлестіруге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып, жүргізілуге тиіс.

      2.1.4. Интеграцияланған жүйені дамыту барысында Комиссия, мүше мемлекеттер, Еуразиялық экономикалық одақтың заңды және жеке тұлғалары, сондай-ақ үшінші елдер, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер арасындағы цифрлық өзара іс-қимылды жандандыру мақсатында цифрлық платформаларды интеграциялау құралдары жаңғыртылуға тиіс.

      2.1.5. Интеграцияланған жүйені дамыту барысында цифрлық платформаларды интеграциялау механизмдерін құру және дамыту кезінде жалпыжүйелік жобалау нәтижелерін пайдалану арқылы біріздендіру қамтамасыз етіліп, жаңа жобалар іске асырылуға тиіс.

      2.2. Интеграцияланған жүйені дамыту мақсаттары

      2.2.1. Интеграцияланған жүйені дамыту мақсаттарына:

      1) жалпыжүйелік жобалау нәтижелерін және ЕАЭО-ның ИАЖ-інде әзірленген платформалық шешімдерін пайдалана отырып цифрлық жобаларды біріздендіру;

      2) экономикалық интеграцияны дамыту мақсатында ЕАЭО-ның ИАЖ негізінде цифрлық экожүйелерді құру және дамыту;

      3) қатысушылар саны мен деректер көлемі бірнеше есе артқан жағдайда ЕАЭО-ның ИАЖ қызметтерінің жоғары қолжетімділігін, өнімділігін және ауқымдылығын қамтамасыз ету.

      4) Одақтың жұмыс істеуіне әсер ететін экономиканың барлық салаларындағы жаңа интеграциялық процестерді ақпараттық қамтамасыз ету және қолданыстағыларын дамыту;

      5) цифрлық өзара іс-қимылды, деректермен және электрондық құжаттармен алмасуды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде ортақ процестерді іске асыру шеңберінде, интеграцияланған жүйенің заманауи цифрлық және технологиялық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

      6) Одақ органдары қызметінің ақпараттық-технологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуді кеңейту;

      7) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру;

      8) ортақ ақпараттық ресурстарға, оның ішінде Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесіне қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту;

      9) трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту;

      10) жеке және заңды тұлғаларға электрондық нысанда мемлекетаралық қызметтер көрсету жүйелерін қалыптастыру және дамыту (ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама мен мемлекетаралық электрондық қызметтерге қатысты Одақ органдарының тиісті құқықтық актілері қабылданған жағдайда);

      11) цифрлық платформалар, сервистер және экожүйелердің ұздіксіз өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін Одақтың цифрлық платформасын құру (интеграцияланған жүйені түрлендіру арқылы);

      12) Одақтың цифрлық платформасы арқылы B2B және B2G форматтарын қоса алғанда, мемлекетаралық өзара іс-қимылдың жаңа түрлерін дамыту жатады.

      2.3. Интеграцияланған жүйенің міндеттері

      2.3.1. Интеграцияланған жүйені дамыту шеңберінде жүзеге асырылатын міндеттерге мыналар жатады:

      1) Одақ шеңберіндегі ортақ процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылдың кең функционалдық және технологиялық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

      2) өзара іс-қимылға қатысушылар санын (деректерді электронды түрде алмасуды), ақпаратты алу, беру, сақтау және өңдеу жылдамдығын және көлемін ұлғайту;

      3) ортақ ақпараттық ресурстарды құру және дамыту, оларға қол жеткізудің қажетті әдістерін, тәсілдерін және технологияларын іске асыру және кеңейту;

      4) біріздендірілген сыныптау және кодтау жүйесі негізінде қалыптастырылған Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін құру, жүргізу және тарату бойынша мүмкіндіктер мен функцияларды кеңейту;

      5) Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттарға және актілерге (сондай-ақ олардың жобаларына) қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      6) жасанды интеллект саласында және жасанды интеллект технологияларын әзірлеу бағытында мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылының негізін салу;

      7) Одақ құқығына және Одақ органдары айқындаған қол жеткізу шарттарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына (кейіннен үшінші елдердің), өзге де сыртқы ақпараттық жүйелер мен цифрлық платформаларға сервистер мен ортақ ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      8) жеке және заңды тұлғаларға арналған цифрлық сервистерді іске асыруға және жариялауға мүмкіндік беретін құралдарды құру және дамыту;

      9) ортақ процестерді іске асыру кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

      10) мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде ақпараттың қорғанысын қамтамасыз ету;

      11) Одақ органдарының қызметін ақпараттық тұрғыдан қолдау.

      2.3.2. Интеграцияланған жүйені дамыту шеңберіндегі міндеттерді жүзеге асыру кезінде интеграцияланған жүйені құру барысында әзірленген инфрақұрылымдық, технологиялық және ақпараттық-бағдарламалық шешімдер пайдаланылуға тиіс. Бұл ретте интеграцияланған жүйенің интеграциялық платформасын дамыту кезінде мүше мемлекеттердің қазіргі уақытта пайдаланып жүрген интеграциялық шлюздерді қолдану мүмкіндігін сақтау мақсатында кері үйлесімділік қағидаты сақталуға тиіс.

      2.3.3. Интеграцияланған жүйенің Комиссияның интеграциялық сегментін дамыту шеңберіндегі міндеттерді шешу кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу әзірлеу нұсқаларын басқару жүйесінде жүзеге асырылуға тиіс, сондай-ақ дәйекті және автоматтандырылған жинақтау, тестілеу және орналастыру механизмдері қамтамасыз етілуге тиіс.

      2.3.4. Интеграцияланған жүйені дамыту шеңберіндегі міндеттерді шешу кезінде техникалық және экономикалық тұрғыдан негізделген әрі ақпаратты қорғау талаптарына сәйкес келетін бөлігінде интеграцияланған жүйенің Комиссияның интеграциялық сегментінің кіші жүйелерін микросервистік архитектураға кезең-кезеңімен көшіру жүзеге асырылуға тиіс. Бұл ретте интеграцияланған жүйені жаңғырту үшінші елдердің бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілері мен өндірушілері енгізуі немесе қалыптастыруы мүмкін шектеулер және (немесе) деструктивті әрекеттер қатерлері жағдайында интеграцияланған жүйенің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заманауи және біріздендірілген бағдарламалық технологияларға көшу ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.

      2.3.5. Интеграцияланған жүйені дамыту шеңберіндегі міндеттерді шешу кезінде цифрлық инфрақұрылымдар мен экожүйелерді қалыптастыру және дамыту қамтамасыз етілуге тиіс.

      3. Автоматтандыру объектілерінің сипаттамасы

      3.1. Автоматтандыру объектілері туралы қысқаша мәліметтер

      3.1.1. Интеграцияланған жүйені дамыту кезінде автоматтандыру объектілеріне

      1) Комиссия;

      2) мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің интеграциялық шлюздерінің уәкілетті операторлары;

      3) мүше мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тарапының (бұдан әрі – СБҮТ) уәкілетті операторлары;

      4) жалпы процестерді іске асыруға қатысатын уәкілетті органдар;

      5) цифрлық сервистерді іске асыруға қатысатын ұлттық цифрлық платформалардың уәкілетті органдары мен операторлары жатады.

      3.1.2. Осы техникалық тапсырманың 2.1.2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша Одақтың қызметін реттеуге байланысты процестер автоматтандыру нысанасы болып табылады.

      3.1.3. Интеграцияланған жүйенің құрамына Комиссияның интеграциялық сегменті және келесі Ұлттық сегменттер кіреді:

      1) Армения Республикасының ұлттық сегменті;

      2) Беларусь Республикасының ұлттық сегменті;

      3) Қазақстан Республикасының ұлттық сегменті;

      4) Қырғыз Республикасының Ұлттық сегменті

      5) Ресей Федерациясының ұлттық сегменті;

      3.1.4. Интеграцияланған жүйе мүше мемлекеттер бұрын келіскен, уәкілетті органдардың қолданыстағы және әзірленіп жатқан ақпараттық жүйелерін басым түрде үйлестіруге бағытталған қағидаттарды ескере отырып құрылды. Мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды талап ететін міндеттердің басым бөлігі бойынша әрбір мүше мемлекетте тәжірибе жинақталған, ұлттық заңнаманың ерекшеліктерін ескеретін тиісті бағдарламалық-техникалық шешімдер жасалып, пайдаланылуда. Ортақ процестерді мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінде келісілген түрде енгізуді қамтамасыз ету үшін ортақ процестерге қатысушылардың ақпараттық жүйелерін пысықтауды (немесе жаңадан құруды), оларды ұлттық сегменттерге қосуды және ақпараттық өзара іс-қимылды мемлекетаралық тестілеуді жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Ұлттық сегменттердің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы осы техникалық тапсырманың 3.2-тармақшасында берілген.

      3.1.5. Комиссияның интеграциялық сегментінің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы осы техникалық тапсырманың 3.3 тармақшасында берілген.

      3.2. Ұлттық сегменттердің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы

      3.2.1. Армения Республикасының ұлттық сегментінің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы

      Армения Республикасының ұлттық сегменті Армения Республикасының уәкілетті органдары мен басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Бұл ақпараттық өзара іс-қимыл интеграцияланған жүйенің инфрақұрылымын, сондай-ақ Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдарының қолданыстағы деректерді беру жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      Армения Республикасының ұлттық сегментінің тапсырыс берушісі – Армения Республикасының Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрлігі. Интеграциялық шлюздің және сенім білдірілген үшінші тараптың операторы ретінде "ЭКЕНГ" ЖАҚ айқындалған.

      Армения Республикасының ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзі мен СБҮТ сервистері Комиссияның интеграциялық сегменті құрамында әзірленген үлгілік интеграциялық шлюздің бағдарламалық қамтамасыз етуі негізінде іске асырылған.

      Армения Республикасының ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзі Армения Республикасының кеден қызметі мен мүше мемлекеттердің кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру үшін де пайдаланылады.

      Армения Республикасы ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзінің Армения Республикасы кеден қызметінің ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін арнайы адаптер пайдаланылады.

      3.2.2. Беларусь Республикасы ұлттық сегментінің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы

      Беларусь Республикасының ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзі мен СБҮТ сервистері Комиссияның интеграциялық сегменті құрамында әзірленген үлгілік бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде іске асырылған.

      Беларусь Республикасының Байланыс және ақпараттандыру министрлігі Беларусь Республикасының ұлттық сегментін құру, дамыту және пайдалану жөніндегі жұмыстардың тапсырыс берушісі және ұйымдастырушысы функцияларын жүзеге асырады (Беларусь Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 350 жарлығы). Аталған Жарлық талаптарына сәйкес осы жұмыстардың тапсырыс берушісі туралы ереже әзірленген.

      Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Беларусь Республикасының ұлттық сегментінің негізгі функционалдық компоненттерінің бірі болып табылатын ақпараттық өзара іс-қимылдың бағдарламалық қамтамасыз етуінің иесі және операторы функцияларын, сондай-ақ мемлекетаралық электрондық өзара іс-қимыл кезінде электрондық құжаттардың түпнұсқалығын тану жөніндегі интеграциялық шлюздің уәкілетті операторы және сенім білдірілген үшінші тараптың ұлттық операторы функцияларын "Ұлттық электрондық қызмет көрсету орталығы" республикалық унитарлық кәсіпорны жүзеге асырады (Беларусь Республикасы Президентінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 515 Жарлығы).

      3.2.3. Қазақстан Республикасы ұлттық сегментінің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы

      Қазақстан Республикасының ұлттық сегменті функционалдық тұрғыдан мынадай компоненттерді қамтиды:

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзі;

      2) Қазақстан Республикасы СБҮТ.

      Қазақстан Республикасының ұлттық сегментінің тапсырыс берушісі – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

      Қазақстан Республикасының ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзі мен сенім білдірілген үшінші тараптың операторы ретінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы айқындалған.

      Қазақстан Республикасының ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзі (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық шлюзі) мен СБҮТ сервистерін Қазақстан Республикасыме дербес әзірлеген.

      Оның ішінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық шлюзінің құрамында мынадай да кіші жүйелер жұмыс істейді:

      1) Одаққа мүше мемлекеттердің және Комиссия ведомстволарының ақпараттық жүйелері арасында хабарламаларды (сұрау салуларды, жауаптарды, өзге де қызметтік хабарламалар мен құжаттарды) қабылдау, өңдеу және бағыттау бойынша кіші жүйесі;

      2) берілетін және сақталатын деректерді рұқсатсыз қол жеткізуден, өзгертуден, жоюдан және бұғаттаудан қорғауға арналған қауіпсіздік кіші жүйесі;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық шлюзі көлік торабының рөлін атқаратын уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері арасындағы ақпарат алмасу процестерінің жай-күйін бақылауға арналған мониторинг кіші жүйесі;

      4) Одақ шеңберіндегі мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылға қатысатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелері өзара әрекеттескен кезде хабарламалар форматтарына, сервистерге және нормативтік-анықтамалық ақпаратты пайдалануға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге арналған өзара іс-қимыл интерфейстерінің кіші жүйесі.

      Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының Ұлттық шлюзімен интеграциялау "электрондық үкімет" шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық шлюзі мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің шлюздерімен және Комиссияның интеграциялық шлюзімен интеграцияланған және штаттық режимде жұмыс істейді.

      3.2.4. Қырғыз Республикасының ұлттық сегментінің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы

      Қырғыз Республикасының ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзі Комиссияның интеграциялық сегменті құрамында әзірленген үлгілік интеграциялық шлюздің бағдарламалық қамтамасыз етуі негізінде іске асырылған.

      Қырғыз Республикасының ұлттық сегментінің тапсырыс берушісі – Қырғыз Республикасының Цифрлық даму және инновациялық технологиялар министрлігі. Қырғыз Республикасының ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзі мен сенім білдірілген үшінші тараптың операторы ретінде Қырғыз Республикасы Президенті Іс басқармасының жанындағы "Кызмат" мемлекеттік мекемесі айқындалған.

      Қырғыз Республикасының ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзі Қырғыз Республикасының уәкілетті органдарының мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және Комиссиямен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

      3.2.5. Ресей Федерациясы ұлттық сегментінің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы

      Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Ресей Федерациясының Ұлттық сегментін құру жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес (Ресей Федерациясы Үкіметінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 583-р өкімімен бекітілген) Ресей Федерациясының Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Ресей Цифрлық даму министрлігі) Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Ресей Федерациясының ұлттық сегментін (бұдан әрі – РФ ҰС) құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі жұмыстардың мемлекеттік тапсырыс беруші-үйлестірушісі болып табылады.

      РФ ҰС ақпараттық-технологиялық архитектурасы электрондық үкімет инфрақұрылымының функционалдық элементтері болып табылатын мынадай ақпараттық жүйелердің жиынтығын білдіреді:

      1) Ведомствоаралық электрондық өзара іс-қимылдың бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ВЭӨЖ), ол мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру шеңберінде уәкілетті органдар пайдаланатын қолданбалы ақпараттық жүйелердің интеграциясын, сондай-ақ олардың ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесінің интеграциялық платформасына қосылуын қамтамасыз етеді.

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қыркүйектегі № 697 қаулысына сәйкес Ресей Цифрлық даму министрлігі ВЭӨЖ-дің мемлекеттік тапсырыс берушісі және операторы болып табылады.

      2) ЕАЭО ИАЖ интеграциялық платформасына қосылудың бірыңғай нүктесін қамтамасыз ететін РФ ҰС-тың интеграциялық шлюзінің мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ИШ МАЖ).

      ИШ МАЖ Ресей Федерациясының дербес әзірлемесі.

      Ресей Цифрлық даму министрлігі Ресей Федерациясы Үкіметінің 2025 жылғы 24 шілдедегі № 1092 "Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Ресей Федерациясының ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі туралы" қаулысына сәйкес ИШ МАЖ-дың операторы болып табылады.

      3) ЕАЭО шеңберіндегі ортақ процестерді ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде трансшекаралық электрондық құжат алмасу барысында электрондық қолтаңбаларды пайдалануға сенім кепілдігін қамтамасыз ететін РФ ҰС сенім білдірген үшінші тараптың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СБҮТ МАЖ).

      СБҮТ МАЖ Ресей Федерациясының дербес әзірлемесі.

      Ресей Цифрлық даму министрлігі Ресей Федерациясы Үкіметінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 1139 "Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Ресей Федерациясының ұлттық сегментінің сенім білдірілген үшінші тарабы" мемлекеттік ақпараттық жүйесі туралы" қаулысына сәйкес СБҮТ МАЖ-дың операторы болып табылады.

      4) Сенім білдірілген тұлғалар берген электрондық қолтаңба тексеру кілттерінің сертификаттарында көрсетілген кілттер бойынша электрондық қолтаңбаларды тексеруді, сондай-ақ сенім білдірілген тұлғалардың өзара және куәландырушы орталықпен электрондық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін бас куәландырушы орталықтың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БКО АЖ).

      БКО АЖ РФ ҰС-тың құрамдас бөлігі болып табылады және Ресей Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 108 "Ресей Федерациясының Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің аккредиттелген куәландырушы орталықтарға қатысты бас куәландырушы орталық функциясын жүзеге асыруын қамтамасыз ету туралы" бұйрығымен бекітілген Бас куәландырушы орталықтың ақпараттық жүйесі туралы ережеге сәйкес айқындалады. БКО АЖ операторы – Ресей Цифрлық даму министрлігі.

      Ресей Федерациясы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қазандағы № 1475-р өкіміне сәйкес "Ростелеком" ААҚ электрондық үкімет инфрақұрылымын пайдалануға беру жөніндегі жұмыстардың жалғыз орындаушысы – электрондық үкімет инфрақұрылымының бірыңғай ұлттық операторы болып табылады. Ресей Федерациясының ұлттық сегментінің құрамына Ресей Федерациясы Үкіметінің қаулыларына және (немесе) өкімдеріне сәйкес өзге де компоненттер кіруі мүмкін.

      3.3. Комиссияның интеграциялық сегментінің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы

      3.3.1. Комиссияның интеграциялық сегменті мынадай құрамдастарды қамтиды:

      1) интеграцияланған жүйенің функционалдық кіші жүйелері:

      Одақтың ақпараттық порталы;

      ақпараттық-талдамалық кіші жүйе;

      статистика кіші жүйесі;

      кедергілер мен тосқауылдарды талдау кіші жүйесі;

      кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі;

      техникалық реттеу кіші жүйесі;

      ортақ процестерді басқару кіші жүйесі;

      2) интеграцияланған жүйенің қамтамасыз етуші кіші жүйелері:

      интеграциялық платформа;

      нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі;

      ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі;

      Комиссияның СБҮТ кіші жүйесі;

      инфрақұрылымдық платформа;

      интеграциялық сегменттің деректер қоймасы;

      цифрлық платформаларды интеграциялау кіші жүйесі;

      интеграцияланған жүйенің СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы;

      Комиссияның куәландырушы орталығы.

      3.3.2. Одақтың ақпараттық порталы ортақ процестерді іске асыру кезінде интеграцияланған жүйе құралдарымен қалыптастырылатын Одақтың ортақ ақпараттық ресурстарына, оның ішінде нормативтік-анықтамалық, нормативтік-құқықтық, статистикалық және талдамалық ақпаратқа пайдаланушылардың әртүрлі санаттары үшін регламенттелген қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған.

      3.3.3. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйе әртүрлі көздерден деректерді жинауға және оларды талдамалық өңдеуге, модельдеуге, болжауға, сондай-ақ шоғырландырылған ақпаратты қалыптастыру және талдау, талдамалық есептік нысандар мен жарияланымдарды дайындау негізінде Одақтың даму бағыттарын және мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын сипаттайтын базалық көрсеткіштерді бағалауға арналған.

      3.3.4. Статистика кіші жүйесі статистика саласындағы уәкілетті органдардан статистикалық деректерді жинауға, оларды сақтауға және өңдеуге, сондай-ақ Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату мақсатына арналған.

      3.3.5. Бұрын әзірленген тәуекел аймақтарын талдау жөніндегі кіші жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту негізінде құрылған кедергілер мен тосқауылдарды талдау кіші жүйесі Одақтың жұмыс істеуі мен дамуына әсер етуі мүмкін сыртқы факторларды қадағалау және оларға ден қоюды қамтамасыз ету бөлігінде ақпаратты сәйкестендіру, талдау және өңдеу процестерін автоматтандыруға, Одақтың сыртқы және ведомствоаралық кедергілері мен тосқауылдарын қадағалауға, Комиссия шешімдері жобаларының реттеушілік әсер ету тәуекелдерін бағалауға және Комиссия шешімдерінің Одақтың жұмыс істеуі мен дамуына көзделмеген әсерін барынша азайтуға арналған.

      3.3.6. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі ЕАЭО СЭҚ ТН, ЕАЭО БКТ және оларға қатысты қосымша ақпараттық (анықтамалық) материалдарды электрондық нысанда пайдалануды автоматтандырылған қолдауға, сондай-ақ кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын есепке алуға арналған.

      3.3.7. Техникалық реттеу жөніндегі кіші жүйе техникалық реттеу саласындағы құжаттар мен мәліметтерді әзірлеу, сақтау және жүйелеу бойынша ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы өзге де ақпараттық материалдарды сақтауға және басқаруға арналған.

      3.3.8. Ортақ процестерді басқару жөніндегі кіші жүйе Комиссияның интеграциялық сегменті шеңберінде ортақ процестерді іске асыруды, апробациялауды және олардың орындалуын қадағалауды қамтамасыз етуге арналған.

      3.3.9. Интеграцияланған жүйенің интеграциялық платформасы ортақ процестерді іске асыру шеңберінде уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері арасында, сондай-ақ уәкілетті органдар мен Комиссия арасында деректерді электрондық түрде алмасуды қолдауға, сондай-ақ осындай ақпараттық жүйелер арқылы ортақ ақпараттық ресурстар мен цифрлық сервистерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған.

      3.3.10. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат ресурстарының құрамына енгізілетін анықтамалықтар (сыныптауыштар) қамтылған дерекқорларды және ортақ процестерді іске асыру кезінде пайдаланылатын өзге де ақпаратты жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ интеграциялық платформа құралдары арқылы мүше мемлекеттерге Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратын ұсынуға және мұндай ақпаратты Одақтың ақпараттық порталы арқылы мүдделі тұлғалар мен уәкілетті органдар арасында таратуға арналған.

      3.3.11. Ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі кіші жүйе Комиссияның интеграциялық сегментінде деректерді өңдеу және сақтау кезінде, сондай-ақ ұлттық сегменттермен және сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл барысында байланыс арналары арқылы деректерді беру кезінде олардың құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған.

      3.3.12. Комиссияның СБҮТ жөніндегі кіші жүйесі трансшекаралық электрондық құжат алмасу кезінде сенім кепілдігін қамтамасыз етуге арналған.

      3.3.13. Бұрын мониторинг және басқару кіші жүйесін іске асыру кезінде әзірленген ақпараттық-бағдарламалық шешімдерді ескере отырып құрылған инфрақұрылымдық платформа интеграцияланған жүйенің интеграциялық сегменті компоненттерін есептеу және телекоммуникациялық ресурстармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ интеграциялық сегменттің инфрақұрылымдық компоненттерінің жұмыс істеуін қолдауға және басқаруға арналған.

      3.3.14. Интеграциялық сегменттің деректер қоймасы (интеграциялық сегменттің деректерін сақтау және өңдеу кіші жүйесі) ортақ процестерді іске асыру және кіші жүйелердің жұмыс істеуі барысында жинақталатын деректерді, оның ішінде статистикалық ақпаратты, сондай-ақ Комиссияның интеграциялық сегментінде өңделетін және сақталуға жататын өзге де деректер мен мәліметтерді алу, өңдеу, түрлендіру, талдау, сақтау және ұсыну үшін арналған.

      3.3.15. Цифрлық платформаларды интеграциялау кіші жүйесі интеграцияланған жүйеден тыс, оның ішінде сыртқы ортада құрылатын цифрлық платформалардың сервистерін, деректерін (ортақ ақпараттық ресурстарын) пайдалануды, сондай-ақ олардың сервистері мен қосымшаларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған.

      3.3.16. СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы интеграцияланған жүйенің СБҮТ қызметі шеңберінде мүше мемлекеттердің СБҮТ сервистері мен Комиссияның СБҮТ кіші жүйесінің, сондай-ақ интеграцияланған жүйе құрамына кірмейтін СБҮТ сервистерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарын басқарудың иерархиялық жүйесін құруға арналған.

      3.3.17. Комиссияның куәландырушы орталығы Комиссия Алқасының мүшелерін, лауазымды тұлғаларын және қызметкерлерін электрондық құжаттарға қол қою үшін ЭЦҚ кілттерінің сертификаттарымен қамтамасыз етуге арналған.

      3.3.18. Интеграцияланған жүйе құрамындағы қолданыстағы кіші жүйелерді дамыту және жаңа кіші жүйелерді құру алғышарттары.

      Интеграцияланған жүйені құру кезінде іске асырылған кіші жүйелер мен компоненттердің жиынтығы интеграцияланған жүйе алдына қойылатын жаңа міндеттерді тиімді шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, оның ішінде:

      1) мүше мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларына мемлекетаралық қызметтерге қауіпсіз қол жеткізу үшін жағдайлар жасау қажеттілігі;

      2) ұсынылатын мемлекетаралық қызметтердің тізбесін және цифрлық сервистерді қалыптастыру мүмкіндіктерін кеңейту қажеттілігі;

      3) интеграциялық процестерді дамыту тиімділігін арттыру қажеттілігі.

      3.4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамытудың негізгі бағыттары

      3.4.1. Интеграцияланған жүйені дамытудың негізгі бағыттары 2022 жылғы 21 қазандағы № 2 шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін 2027 жылға дейін дамыту бағдарламасының, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" атты Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияның ережелерімен айқындалады.

      3.4.2. Интеграцияланған жүйені дамыту интеграцияланған жүйені дамытуға арналған техникалық тапсырманың талаптарына қатысты оның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту және сапалық сипаттамаларын жақсарту, функционалдық және қамтамасыз етуші кіші жүйелер мен компоненттердің құрамын нақтылау, сондай-ақ белгіленген мерзімде орындалмаған талаптарды іске асыру негізінде жүзеге асырылуға тиіс.

      3.4.3. Интеграцияланған жүйені дамытудың негізгі факторлары:

      1) ЕАЭО-ның ИАЖ базасында құрылған цифрлық платформаларды пайдалану ауқымын кеңейту және біріздендіру қажеттілігі;

      2) қатысушылар санының (оның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғалардың) және транзакциялар көлемінің өсуіне байланысты ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесіне қойылатын өнімділік пен сенімділік талаптарының артуы;

      3) дамудың алдыңғы кезеңінде жобаланған B2G, B2B және C2G механизмдерін практикалық тұрғыдан іске асыру қажеттілігі;

      4) Еуразиялық экономикалық одақтың ақпаратты криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарын бірлесіп әзірлеу жобасы шеңберінде әзірленген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын интеграцияланған жүйеде қолдану қажеттілігі;

      5) мүше мемлекеттерде қабылданған шешімдерге сәйкес мүше мемлекеттердің экономика салаларында жасанды интеллектті инклюзивті, қауіпсіз және жауапты түрде қолдануды қамтамасыз ету қажеттілігі;

      6) цифрлық платформаларды интеграциялау механизмдерін құру және дамыту кезінде жалпыжүйелік жобалау нәтижелерін пайдалана отырып жаңа цифрлық жобаларды біріздендіру және құру қажеттілігі;

      7) цифрлық жобаларды іске асыру үшін интеграцияланған жүйе компоненттерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету;

      8) Одақ құқығының дамуына байланысты интеграцияланған жүйе міндеттерінің кеңеюі;

      9) интеграцияланған жүйе технологиялары негізінде және оларды қолдана отырып цифрлық қадағалау жүйесін құру қажеттілігі;

      10) интеграцияланған жүйе пайдаланушыларын, оның ішінде деректермен электрондық алмасу процестеріне қатысушыларды тіркеу және сәйкестендіру міндеттерін шешу қажеттілігі;

      11) Одақ шеңберінде қолданыстағы және жаңа ортақ процестерді іске асыруды, дамытуды және олардың жұмыс істеуін қолдауды қамтамасыз ету қажеттілігі;

      12) Одақ құқығына сәйкес интеграцияланған жүйе құралдарымен интеграциялауды талап ететін мүше мемлекеттердің ақпараттық ресурстары санының артуы.

      13) Одақ шеңберінде нормативтік-анықтамалық, нормативтік-құқықтық, статистикалық және талдамалық ақпаратқа сұраныстың артуы және соның салдарынан интеграцияланған жүйе кіші жүйелерінде сақталатын және өңделетін ақпараттың құрамы мен көлемінің кеңеюі;

      14) жаңа жалпы процестерді іске асыру жеделдігін арттыру, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылдың жаңа қатысушыларын интеграцияланған жүйеге қосу кезіндегі шығындарды қысқарту мақсатында жалпы процестерді жобалау және іске асыру бойынша үлгілік шешімдер әзірлеу қажеттілігі;

      15) әрбір электрондық өзара іс-қимыл субъектісіне өз өкілеттіктері (құқықтары) шеңберінде әртүрлі құрылғылардан интеграцияланған жүйе технологияларын пайдалана отырып іске асырылған ортақ ақпараттық ресурстарға, сервистерге және ортақ процестерге экстерриториялық, қорғалған және қауіпсіз қол жеткізу мүмкіндігін беру қажеттілігі;

      16) электрондық нысанда трансшекаралық өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін кеңейту және қамтамасыз ету қажеттілігі;

      17) ортақ процестер мен олардың қатысушылары туралы аумақтық тұрғыдан бөлінген деректерді қалыптастыру және бірлесіп пайдалану механизмдерін әзірлеу және енгізу қажеттілігі;

      18) интеграцияланған жүйеден тыс әзірленетін цифрлық платформаларды интеграцияланған жүйе ресурстарына қосу механизмдерін құру және дамыту қажеттілігі;

      19) жалпы процестерді әзірлеу, тестілеу және пайдалануға енгізу мерзімдерін қысқарту қажеттілігі;

      20) цифрлық жобаларды іске асыру кезінде пилоттық жобаларды ұйымдастыру және жүргізу үшін жүйе компоненттерін пайдалану қажеттілігі;

      21) интеграцияланған жүйенің инфрақұрылымдық компоненттерін құру және кейіннен дамыту, сондай-ақ оның ресурстарын басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру қажеттілігі;

      22) жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерге жүйе функцияларына және жинақталатын деректерге (ортақ ақпараттық ресурстарға) қол жеткізу механиздерін дамыту қажеттілігі.

      3.4.4. Интеграциялық және шаруашылық процестердің цифрлық трансформациясы интеграцияланған жүйені дамытудың мынадай басымдықтарын айқындайды:

      1) әртүрлі процестер мен функцияларда пайдалануға мүмкіндік беретін интеграцияланған жүйенің ортақ ақпараттық ресурстары мен сервистерін қолдану негізінде ақпараттық және инфрақұрылымдық сервистер құру (цифрлық сервистер мен платформаларды қалыптастыруды қоса алғанда);

      2) мүше мемлекеттердің интеграцияланатын ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарының және цифрлық платформаларының нормативтік, ұйымдастырушылық, семантикалық және техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ету;

      3) интеграцияланған жүйе пайдаланушылары мен қатысушыларының (оның ішінде сыртқы ақпараттық өзара іс-қимыл жүйелерінің) санының бірнеше есе артуы;

      4) жалпы процестерді жобалау, іске асыру, мемлекетаралық тестілеу және енгізу мерзімдерін қысқарту;

      5) пилоттық жобаларды ұйымдастыру мен жүргізуді жеңілдету үшін жүйе компоненттерін пайдалану мүмкіндіктерін дамыту;

      6) ортақ процестердің нәтижелілігі мен тиімділігін мониторингтеу және басқару технологияларын дамыту;

      7) Одақ шеңберінде цифрлық қадағалау бойынша міндеттерді шешу үшін, оның ішінде Комиссияның тауарларды, жүктерді, объектілер мен субъектілерді электрондық сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

      8) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің және ақпараттың еркін әрі тиімді қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін цифрлық сервистерді дамыту;

      9) еуразиялық экономикалық интеграцияның басымдықтарына сәйкес ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде сапалы жаңа және сұранысқа ие болатын функциялар мен сервистерді ұсыну және пайдалану мақсатында интеграцияланған жүйе инфрақұрылымын дамыту.

      3.4.5. Көрсетілген міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында осы техникалық тапсырма шеңберінде интеграцияланған жүйені функционалдық дамыту кезінде қолданыстағы кіші жүйелерді одан әрі дамыту жалғастырылуға тиіс, сондай-ақ мынадай кіші жүйелер жобалануға, әзірленуге және енгізілуге тиіс:

      1) интеграцияланған жүйе пайдаланушыларын сәйкестендіру және аутентификациялау кіші жүйесі;

      2) мемлекетаралық тестілеу кіші жүйесі;

      3) цифрлық симулятор (ақпараттық-модельдеу кешені);

      4) нейрондық желілерді басқару кіші жүйесі.

4. Жүйеге қойылатын талаптар

      4.1. Тұтастай жүйеге қойылатын талаптар

      4.1.1. Жалпы талаптар

      4.1.1.1. Интеграцияланған жүйені қалыптастыру кезінде мүше мемлекеттер мынадай қағидаттарды негізге алады:

      1) мүдделер ортақтығы және өзара пайда;

      2) деректердің жалпы моделі негізінде интеграцияланған жүйе үшін ақпараттарды дайындауға бірыңғай әдіснамалық тәсілдерді қолдану;

      3) ақпараттың қолжетімділігі, анықтығы және толықтығы;

      4) ақпарат уақтыныда ұсыну;

      5) заманауи ақпараттық технологиялар деңгейіне сәйкестік;

      6) уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция;

      7) мүше мемлекеттердің ортақ ақпараттық ресурстарға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      8) ақпаратты ұсынған мүше мемлекетке залал келтірместен, ұсынылған ақпаратты мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалану;

      9) ақпаратты мәлімделген мақсаттарға сәйкес пайдалану және қауіпсіздік жөніндегі талаптардың сақталуын ескере отырып, әртүрлі санаттағы пайдаланушылар үшін интеграцияланған жүйенің ашықтығы;

      10) интеграцияланған жүйені пайдалана отырып, уәкілетті органдар мен Комиссия арасында ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды өтеусіз негізде жүзеге асыру.

      4.1.1.2. Интеграцияланған жүйені дамыту кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс:

      1) интеграцияланған жүйе уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін алмастырмауға тиіс;

      2) интеграцияланған жүйе уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелеріндегі ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету құралдарына өзгерістер енгізуді мүше мемлекеттерден талап етпеуге тиіс;

      3) интеграцияланған жүйеде ортақ ақпараттық ресурстарға регламенттелген қол жеткізу ұйымдастырылуға тиіс;

      4) интеграцияланған жүйенің сәулеті сыртқы ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін көздеуге тиіс;

      5) интеграцияланған жүйе Комиссия Кеңесі бекітетін құжаттау қағидалары мен талаптары бойынша ресімделген және заңдық күші жағынан қол қоюмен не қол қоюмен және мөрмен куәландырылған қағаз жеткізгіштегі ұқсас құжаттарға тең деп танылатын электрондық құжаттармен алмасу мүмкіндігін беруге тиіс.

      4.1.1.3. Интеграцияланған жүйені дамыту барысында оны құру кезінде алынған жұмыс нәтижелері ескерілуге тиіс.

      4.1.1.4. Интеграцияланған жүйені дамыту кезінде оның кіші жүйелері мен компоненттерін функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту, сақталатын және өңделетін деректер көлемін ұлғайту, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылдың жаңа қатысушыларын қосу бөлігінде дамыту көзделуге тиіс. Жаңа міндеттерді шешу үшін қолданылатын технологияларды өзгертуге (нақтылауға), сондай-ақ жаңа кіші жүйелер мен компоненттерді құруға жол беріледі.

      4.1.1.5. Интеграцияланған жүйені дамыту кезінде Комиссия мен мүше мемлекеттер ақпаратты қорғау саласындағы стандарттар мен өзге де техникалық нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, халықаралық және мемлекетаралық стандарттар мен ұсынымдарды басшылыққа алуға тиіс.

      4.1.1.6. Интеграцияланған жүйені дамыту, оның ішінде қойылған міндеттерді іске асыру үшін қажетті перспективалық және сыни технологиялар жиынтығын айқындау және қолдану негізінде, сондай-ақ мүдделі тұлғалардың (бизнес-қоғамдастықтың, мүше мемлекеттердегі ақпараттық жүйелерді әзірлеушілердің) интеграцияланған жүйенің ақпараттық ресурстары мен сервистерін пайдалану негізінде цифрлық платформалар мен сервистерді іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге негізделуге тиіс.

      4.1.2. Жүйенің құрылымына қойылатын талаптар

      4.1.2.1. Кіші жүйелердің тізбесі, олардың мақсаты мен негізгі сипаттамалары

      4.1.2.1.1. Интеграцияланған жүйе деректерді берудің қорғалған арналарымен біріктірілген Комиссияның интеграциялық сегменті мен ұлттық сегменттердің жиынтығын білдіруге тиіс.

      4.1.2.1.2. Интеграцияланған жүйенің сегменттері арасында өзара іс-қимыл жасау интеграцияланған жүйе сегменттерінің әрқайсысының құрамына кіретін интеграциялық шлюздерді қамтитын бірыңғай интеграциялық платформаны пайдалану есебінен қамтамасыз етілуге тиіс.

      4.1.2.1.3. Интеграцияланған жүйе Комиссияның интеграциялық сегментінде іске асырылатын функционалдық және қамтамасыз ететін кіші жүйелерді қамтуға тиіс.

      4.1.2.1.4. Интеграцияланған жүйенің функционалдық кіші жүйелері әртүрлі санаттардағы пайдаланушыларға (Одақ органдарының лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне, мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының қызметкерлеріне, шаруашылық жүргізуші субъектілерге, жеке тұлғаларға және басқа да мүдделі тұлғаларға) ортақ ақпараттық ресурстар мен қызметтерге регламенттелген қолжетімділік беруге тиіс.

      4.1.2.1.5. Интеграцияланған жүйенің қамтамасыз ететін кіші жүйелері интеграцияланған жүйе сегменттері мен сыртқы ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге, ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге, ақпаратты электрондық түрде құжаттау инфрақұрылымын іске асыруға, жүйенің жұмыс істеуі мен жалпы процестерді іске асыру үшін қажетті нормативтік-анықтамалық ақпаратты жүргізуге, интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз етуге арналған.

      4.1.2.1.6. Комиссияның интеграциялық сегменті мынадай кіші жүйелерді қамтуға тиіс:

      1) функционалдық кіші жүйелер:

      Одақтың ақпараттық порталы;

      ақпараттық-талдамалық кіші жүйе;

      статистика кіші жүйесі;

      кедендік-тарифтік

      және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі;

      жалпы процестерді басқару кіші жүйесі;

      мемлекетаралық тестілеу кіші жүйесі;

      цифрлық симулятор (ақпараттық-модельдеу кешені);

      2) қамтамасыз етуші кіші жүйелер:

      интеграциялық платформа;

      нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі;

      ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі;

      Комиссияның СБҮТ кіші жүйесі;

      инфрақұрылымдық платформа;

      интеграциялық сегменттің деректер қоймасы;

      интеграцияланған жүйе пайдаланушыларын сәйкестендіру және аутентификациялау кіші жүйесі;

      цифрлық платформаларды интеграциялау кіші жүйесі;

      интеграцияланған жүйенің СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы;

      Комиссияның куәландырушы орталығы;

      нейрондық желілерді басқару кіші жүйесі.

      4.1.2.1.7. Осы Техникалық тапсырманы іске асыру шеңберінде сервистерді басқару бағдарламалық кешенін құру бойынша жұмыстар жоспарда жоқ.

      4.1.2.1.8. Одақ құқығында оның жұмыс істеу тәртібін айқындайтын құжаттардың болмауына байланысты осы Техникалық тапсырманы іске асыру шеңберінде сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін сәйкестендіру кіші жүйесін құру бойынша жұмыстар жоспарла жоқ.

      4.1.2.1.9. Кедергілер мен тосқауылдарды талдау кіші жүйесі шеңберінде әзірленген бағдарламалық құралдар Одақтың ақпараттық порталын жаңғырту кезінде қолданылуға тиіс.

      4.1.2.1.10 Техникалық реттеу кіші жүйесі шеңберінде әзірленген бағдарламалық құралдар Одақтың ақпараттық порталын және цифрлық платформаларды интеграциялау кіші жүйесін жаңғырту кезінде қолданылуға тиіс.

      4.1.2.1.11. Ұлттық сегменттер функционалдық тұрғыдан мынадай құрамдастарды қамтуға тиіс;

      1) ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жүйесі – уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін интеграциялық платформаға қосылуын, сондай-ақ ұлттық сегмент шеңберінде уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясын қамтамасыз етуге тиіс;

      2) ұлттық сегменттің СБҮТ кіші жүйесі – электрондық құжаттармен трансшекаралық алмасу кезінде сенім кепілдігін қамтамасыз ететін, оның ішінде заңдық күші жағынан Комиссия Кеңесі бекітетін құжаттау қағидалары мен талаптары бойынша ресімделген және қол қоюмен не қол қоюмен және мөрмен куәландырылған қағаз жеткізгіштегі ұқсас құжаттарға тең деп танылатын электрондық құжаттармен алмасуды қамтамасыз етуге арналған функциялар жиынтығын орындауға тиіс. Ұлттық сегменттің СБҮТ қызметтерінің тізбесі осы техникалық тапсырманың талаптарына сәйкес, интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде белгіленеді;

      3) инфрақұрылымдық платформа мониторингтеу және басқару құралдары арқылы ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзі мен осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген кіші жүйенің жұмыс істеуін бақылауды қамтамасыз етуге тиіс;

      4) ұлттық сегментті қорғаудың кіші жүйесі – деректерді ұлттық сегментте өңдеу және сақтау кезінде, сондай-ақ Комиссияның интеграциялық сегментімен және басқа мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде байланыс арналары бойынша деректерді беру кезінде олардың құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Ұлттық сегментте ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын, қолжетімділігін және сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес ақпаратты қорғаудың құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралары кешені қабылданады және іске асырылады.

      4.1.2.1.12. Ұлттық сегменттер құрамдастарының құрамы мүше мемлекеттердің нормативтік-құқықтық актілері ескеріле отырып нақтылануы мүмкін.

      4.1.2.1.13. Функционалдық тұрғыдан ұлттық сегменттің құрамына кірмейтін уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері мүше мемлекет аумағында жалпы процестердің іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Егер жалпы процестерді іске асыру үшін қажетті функционалдылықты уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері қолдамайтын болса және пысықтаулар көлемі мейлінше ауқымды болса, Комиссияның интеграциялық сегменті шеңберінде іске асырылатын және интеграцияланған жүйенің жалпы процестерді басқару кіші жүйесі беретін типтік шешімдер пайдаланылуы мүмкін. Жалпы процестерді іске асыру үшін қажетті функционалдық мүмкіндіктер уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерімен қолдау таппаған және пысықтау көлемі айтарлықтай болған жағдайда, Комиссияның интеграциялық сегменті шеңберінде іске асырылатын және интеграцияланған жүйенің ортақ процестерді басқару кіші жүйесі арқылы ұсынылатын үлгілік шешімдер (базалық іске асыру компоненттері) пайдаланылуы мүмкін.

      4.1.3. Жаңа кіші жүйелерді құруға қойылатын талаптар

      4.1.3.1. Мемлекетаралық тестілеу кіші жүйесі

      4.1.3.1.1. Мемлекетаралық тестілеу кіші жүйесі Одақ шеңберінде интеграцияланған жүйені пайдалана отырып жалпы процестерді іске асыру және пайдалануға енгізу кезінде ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылардың ақпараттық жүйелерін баптау мен тестілеуді жүргізуді қамтамасыз етуге арналған.

      4.1.3.1.2. Мемлекетаралық тестілеу кіші жүйесі интеграцияланған жүйені құруға арналған техникалық тапсырманы іске асыру шеңберінде әзірленген кіші жүйелерге қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.

      4.1.3.1.3. Интеграцияланған жүйенің мемлекетаралық тестілеу кіші жүйесі интеграцияланған жүйені құруға арналған техникалық тапсырманы іске асыру кезінде жалпы процестерді басқару кіші жүйесі мен Одақтың ақпараттық порталы шеңберінде әзірленген ақпараттық-бағдарламалық шешімдерді пайдалана отырып құрылуға тиіс.

      4.1.3.2. Цифрлық симулятор (ақпараттық-модельдеу кешені)

      4.1.3.2.1. Цифрлық симулятор интеграцияланған жүйенің ақпараттық-модельдеу кешенінің функцияларын орындауға тиіс және пилоттық жобаларды жүргізу және жаңа интеграциялық жобаларды пысықтау үшін интеграцияланған жүйе компоненттерінің эксперименттік конфигурацияларын қалыптастыруға және пайдалануға арналған. Мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің инфрақұрылымының қатысынсыз, цифрлық симуляторды пайдалана отырып, эксперименттік процестер (пилоттық жобалар) пысықталуға және апробациялануға тиіс.

      4.1.3.2.2. Цифрлық симулятор интеграцияланған жүйені құруға арналған техникалық тапсырманы іске асыру шеңберінде әзірленген кіші жүйелерге қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.

      4.1.3.2.3. Цифрлық симулятор интеграцияланған жүйенің басқа кіші жүйелерін іске асыру кезінде қолданылатын ақпараттық-бағдарламалық шешімдерді ескере отырып құрылуға тиіс.

      4.1.3.3. Интеграцияланған жүйе пайдаланушыларын сәйкестендіру және аутентификациялау кіші жүйесі

      4.1.3.3.1. Интеграцияланған жүйе пайдаланушыларын сәйкестендіру және аутентификациялау кіші жүйесі интеграцияланған жүйенің Комиссияның интеграциялық сегменті компоненттерінде, сондай-ақ Комиссияның интеграциялық сегментінің веб-сервистерінде Комиссия субъектілерін бірыңғай сәйкестендіру және аутентификациялау механизмін іске асыруға арналған.

      4.1.3.3.2. Интеграцияланған жүйе пайдаланушыларын сәйкестендіру және аутентификациялау кіші жүйесі Комиссия субъектілерін, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаның тексеру кілттері сертификаттарын пайдалана отырып, сәйкестендіруді және аутентификациялауды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.1.3.3.3. Интеграцияланған жүйе пайдаланушыларын сәйкестендіру және аутентификациялау кіші жүйесі Комиссия субъектілерін электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық қолтаңба) сертификаттарын пайдалана отырып сәйкестендіру және аутентификациялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.1.3.3.4. Интеграцияланған жүйе пайдаланушыларын сәйкестендіру және аутентификациялау кіші жүйесі интеграцияланған жүйені құруға арналған техникалық тапсырманы іске асыру шеңберінде әзірленген кіші жүйелерге қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.

      4.1.3.4. Нейрондық желілерді басқару кіші жүйесі

      4.1.3.4.1. Нейрондық желілерді басқару кіші жүйесі ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберінде қолданылатын нейрондық желілер мен жасанды интеллект модельдерін орналастыруға, оқытуға және орындауға арналған.

      4.1.3.4.2. Интеграцияланған жүйенің нейрондық желілерді басқару кіші жүйесі ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесінің кіші жүйелеріне жасанды интеллект алгоритмдерін орындау нәтижелерін ұсынуға тиіс.

      4.1.3.4.3.  Нейрондық желілерді басқару кіші жүйесі интеграцияланған жүйені құруға арналған техникалық тапсырманы іске асыру шеңберінде әзірленген кіші жүйелерге қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.

      4.1.4. Кіші жүйелерді дамытуға қойылатын талаптар.

      4.1.4.1. Одақтың ақпараттық порталы

      4.1.4.1.1. Одақтың ақпараттық порталы Одақ, оның органдары және қызметі туралы ақпаратқа, сондай-ақ жалпы процестерді іске асыру кезінде интеграцияланған жүйе құралдарымен қалыптастырылатын Одақтың ортақ ақпараттық ресурстарына, оның ішінде нормативтік-анықтамалық, нормативтік-құқықтық, статистикалық және талдамалық ақпаратқа әртүрлі санаттардағы пайдаланушылардың регламенттелген қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған.

      4.1.4.1.2. Одақтың ақпараттық порталы мынадай бағыттар бойынша дамуға тиіс:

      1) порталдың бағдарламалық компоненттерін біріздендіру;

      2) Одақ порталының пайдаланушылармен және сыртқы жүйелермен өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін кеңейту;

      3) цифрлық платформалардың сервистері мен компоненттерін құруға қажетті функцияларды іске асыру;

      4) статистикалық және талдамалық деректерді визуализациялау құралдарын дамыту;

      5) Одақ порталы ақпаратының қолжетімділігін арттыру, деректерді ұсыну сервистерін дамыту, Одақ органдарының қызметі туралы мүдделі тұлғаларды хабардар ету мүмкіндіктерін кеңейту;

      6) интеграциялық платформаның ақпараттық өзара іс-қимыл хаттамаларына және сервистер оқиғаларына регламенттелген қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      7) технологиялық платформаны жетілдіру;

      8) порталдың мобильдік шешімінің мүмкіндіктерін кеңейту.

      4.1.4.2. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйе

      4.1.4.2.1. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйе шоғырландырылған ақпаратты қалыптастыру және талдау, талдамалық есептілік нысандары мен жарияланымдарды дайындау негізінде әртүрлі көздерден деректерді жинауға және оларды талдамалық тұрғыдан өңдеуге арналған.

      4.1.4.2.2. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйе мына бағыттар шеңберінде дамуға тиіс:

      1) деректердің талдамалық витриналарының құрамын кеңейту, деректердің талдамалық витриналарын, сұрау салуларды, талдамалық есептік нысандар мен жарияланымдарды қалыптастыру кезінде деректерді өңдеудің қосымша алгоритмдерін іске асыру;

      2) шоғырландырылған деректерді қамтитын көп құрамды талдамалық витриналарды қалыптастыру;

      3)  сервис түрінде деректерді талдау нәтижелерін ұсыну;

      4) алдамалық міндеттерді қалыптастыру мақсаттары үшін деректерді өңдеудің қосымша алгоритмдерін іске асыру;

      5)  сыртқы көздерден деректерді автоматты түрде жинауды қамтамасыз ету бөлігінде технологиялық мүмкіндіктерді кеңейту;

      6) деректерді бірыңғай сақтау есебінен интеграцияланған жүйенің көмегімен іске асырылатын ортақ процестердің сервистерімен толассыз интеграциялауды қамтамасыз ету;

      7) ортақ процестердің деректері бойынша шоғырландырылған есептілікті қалыптастыру.

      4.1.4.3. Статистика кіші жүйесі

      4.1.4.3.1. Статистика кіші жүйесі статистика саласындағы уәкілетті органдардан статистикалық деректерді жинауға, оларды сақтауға және өңдеуге, сондай-ақ Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және таратуға арналған.

      4.1.4.3.2. Статистика кіші жүйесі келесі бағыттар шеңберінде дамуға тиіс:

      1) статистика мақсаттары үшін пайдаланылатын нормативтік-анықтамалық ақпаратты қалыптастыру және жүргізу бөлігінде функцияларды дамыту;

      2) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан статистикалық деректерді алу (жинау) механизмдерін дамыту;

      3) кіші жүйенің метадеректерін қалыптастыру, жүргізу және өңдеу механизмдерін дамыту;

      4) жиналатын статистикалық деректерді форматты-логикалық бақылау механизмдерін дамыту;

      5) статистикалық деректердің жаңа көздерін қосу механизмдерін дамыту;

      6) уәкілетті органдар әртүрлі технологиялық форматтар мен құрылымдарда статистикалық деректерді ұсынған кезде деректерді автоматтандырылған өңдеу механизмдерін дамыту;

      7) интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерімен, оның ішінде ақпараттық-талдамалық кіші жүйемен интеграциялау механизмдерін дамыту;

      8) статистика кіші жүйесінің метадеректері өзгерген кезде пайдаланушыларға ескерту мен оларды құлағдар ету механизмін жетілдіру;

      9) статистика кіші жүйесінің метадеректерін сүзгіден өткізу, іздеу және ұсыну механизмдерін жетілдіру;

      10) статистика кіші жүйесінің аспаптық құралдары мен пайдаланушы интерфейсін жетілдіру және дамыту;

      11) Одаққа жаңа мүше мемлекеттердің қабылдануына байланысты статистикалық деректерді жинау, өңдеу және ұсыну механизмдерін кеңейту және дамыту;

      12) регламенттік емес есептерді қалыптастыру механизмдерін интеграциялау.

      13) сервис түрінде статистикалық ақпаратты ұсыну.

      Жоғарыда көрсетілген статистика кіші жүйесін дамыту бағыттары ресми статистикалық ақпаратты жинау, өңдеу және тарату үшін SDMX стандартын стандартын неғұрлым кең көлемде қолдануға негізделуге тиіс.

      4.1.4.4. Тосқауылдар мен кедергілерді талдау кіші жүйесі

      4.1.4.4.1. Осы Техникалық тапсырманы іске асыру шеңберінде кедергілер мен тосқауылдарды талдау кіші жүйесі интеграцияланған жүйе құрамынан шығарылуға тиіс.

      4.1.4.4.2. Осы Техникалық тапсырманы іске асыру аясында кедергілер мен тосқауылдарды талдау жөніндегі кіші жүйені бұрын іске асырылған функцияларды Одақтың ақпараттық порталында жүзеге асыруды қамтамасыз ету бөлігінде пысықтау көзделеді.

      4.1.4.5. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі

      4.1.4.5.1. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі ЕАЭО СЭҚ ТН, ЕАЭО БКТ электрондық түрде пайдалану процестерін автоматтандырылған қолдауға, кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын есепке алуға арналған.

      4.1.4.5.2. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі мынадай бағыттар шеңберінде дамуға тиіс:

      1) ЕАЭО СЭҚ ТН және ЕАЭО БКТ-ға өзгерістер енгізу, Одақ құқығына кіретін ЕАЭО СЭҚ ТН және ЕАЭО БКТ-ға байланысты актілерге өзгерістер енгізу қажеттігін талдау және анықтау жөніндегі құжаттардың жобаларын қалыптастыру механизмдерін дамыту;

      2) интеграцияланған жүйенің басқа кіші жүйелерімен интеграциялану механизмдерін дамыту.

      4.1.4.6. Техникалық реттеу кіші жүйесі

      4.1.4.6.1. Осы Техникалық тапсырманы іске асыру шеңберінде техникалық реттеудің кіші жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарда жоқ.

      4.1.4.7. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесі

      4.1.4.9.1. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесі Комиссияның интеграциялық сегменті шеңберінде ортақ процестерді іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

      4.1.4.9.2. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесі мына бағыттар шеңберінде дамуға тиіс:

      1) түрлі ортақ процестер сервистерінде және ортақ процестерді базалық тұрғыдан іске асырудың құрамдас бөліктерінде ортақ процестердің біріздендірілген функцияларын қолдану кезінде сервистік тәсілді қолдану;

      2) ортақ процестердің технологиялық құжаттарында белгіленетін талаптарға сәйкес ортақ процестердің операцияларын базалық іске асыруды қамтамасыз ететін біріздендірілген компоненттерді іске асыру;

      3) заманауи шешімдер мен тәсілдерді (оның ішінде микросервистік сәулет компоненттерін) енгізу бөлігінде архитектураны жетілдіру.

      4.1.4.8. Интеграциялық платформа

      4.1.4.8.1. Интеграциялық платформа уәкілетті органдар мен Комиссияның ақпараттық жүйелері арасында электрондық деректер алмасуды қолдауға, осындай ақпараттық жүйелер құралдарының ортақ ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сыртқы ақпараттық жүйелермен (интеграциялық бірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың және Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің ақпараттық жүйелері) электрондық деректер алмасуды қамтамасыз етуге арналған.

      4.1.4.8.2. Интеграциялық платформа мына бағыттар шеңберінде дамуға тиіс:

      1) интеграциялық шлюздердің функцияларына қол жеткізудің бағдарламалық интерфейстерін дамыту;

      2) интеграциялық платформаның қолжетімділігін, өнімділігін (ауқымдылығын) және ақауларға төзімділігін арттыру;

      3) цифрлық сервистерді құру кезінде интеграциялық функцияларды іске асыру;

      4) өзара әрекеттесудің бағдарламалық интерфейстерін біріздендіру;

      5) еркін бағдарламалық қамтамасыз ету қағидаттарына жауап беретін бағдарламалық шешімдерді пайдалануды ескере отырып жаңғырту;

      6) интеграциялық платформаның өткізу қабілетін арттыру;

      7) заманауи шешімдер мен тәсілдерді (оның ішінде микро сервистік архитектураны) енгізу бөлігінде архитектураны жетілдіру.

      8) жүйелік журналдарды орталықтандырылған сақтау және өңдеу механизмдерін дамыту;

      9) үшінші елдердің сыртқы ақпараттық жүйелерімен халықаралық келісімдер шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

      4.1.4.9. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі мынадай бағыттар шеңберінде дамуға тиіс:

      1) Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратын, ортақ процестерді іске асыру кезінде пайдаланылатын басқа да ақпаратты қамтитын деректер базасын кеңейту;

      2) Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратында қамтылған деректердің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды кеңейту;;

      3) Комиссияның интеграциялық сегментінің аралас кіші жүйелерімен және Комиссияның ішкі ақпараттық жүйелерімен интеграция механизмдерін дамыту;

      4) өзара әрекеттесудің бағдарламалық интерфейстерін біріздендіру;

      5) Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесінің анықтамалықтары мен сыныптауыштарын жүргізу және тарату механизмдерін, аталған жүйенің операторларымен, уәкілетті органдармен және мүдделі тұлғалармен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде жетілдіру;

      6) заманауи шешімдер мен енгізуге қатысты архитектураны жетілдіру.

      4.1.4.10. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі

      4.1.4.10.1. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі деректерді өңдеу және Комиссияның интеграциялық сегментінде сақтау кезінде, сондай-ақ оларды ұлттық сегменттермен өзара іс-қимыл жасау кезінде байланыс арналары арқылы беру кезінде құпиялылықты, тұтастықты және қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған.

      4.1.4.10.2. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі мынадай бағыттар шеңберінде дамуға тиіс:

      1) ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің пайда болуына қарай рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау жүйесін жетілдіру;

      2) Комиссияның интеграциялық сегменті кіші жүйелерінде веб-қосымшалар деңгейінде желіаралық экрандау құралдарын енгізу;

      3) Интернет желісіне қол жеткізе алатын Комиссияның интеграциялық сегменті кіші жүйелерінің компоненттеріне сыртқы пайдаланушылардың қол жеткізуі үшін қорғалған қосылу шлюзін енгізу;

      4) Комиссияның интеграциялық сегменті кіші жүйелерінің сындарлы ресурстарының тұтастығын автоматты бақылауды қамтамасыз ету;

      5) ақпараттық қауіпсіздік осалдықтары мен қатерлерін анықтау жүйесін жетілдіру;

      6) ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен инциденттерін жинау және мониторингтеу жүйесін жетілдіру;

      7) Комиссияның интеграциялық сегменті компоненттерінің қорғалу деңгейін бағалауды және келісілген сыртқы ену тестілеуін жүргізу;

      8) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі расталған (сәйкестік сертификаттары бар) ақпаратты қорғаудың техникалық және бағдарламалық құралдарын басым түрде пайдалану.

      4.1.4.11. Комиссия СБҮТ кіші жүйесі

      4.1.4.11.1. Комиссия СБҮТ кіші жүйесі электрондық құжаттармен трансшекаралық алмасу кезінде сенім кепілдіктерін қамтамасыз етуге арналған.

      4.1.4.11.2. Комиссия СБҮТ кіші жүйесі мынадай бағыттар шеңберінде дамуға тиіс:

      1) электрондық құжаттардың заңдық маңыздылығын растау кезінде өзара іс-қимыл механизмдерін жетілдіру;

      2) сыртқы ақпараттық жүйелерді қосу бөлігінде ішкі жүйенің интеграциялық мүмкіндіктерін дамыту;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың ақпаратты криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарын бірлесіп әзірлеу жобасының нәтижелерін қолдану;

      4) жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер өз мемлекеттерінің аумағында болған кезде олардың Комиссиямен электрондық өзара іс-қимыл процестерін қолдауға бағытталған механизмдерді дамыту;

      5) жеке және заңды тұлғалардың өзара, сондай-ақ жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер өз мемлекеттерінің аумағында болған кезде олардың мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен электрондық өзара іс-қимыл процестерін қолдау мақсатында мүше мемлекеттердің мүддесі үшін Комиссияның СБҮТ кіші жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері негізінде бағдарламалық шешім ретінде әзірленген СБҮТ-тің экспорттық нұсқасын дамыту.

      4.1.4.12. Инфрақұрылымдық платформа

      4.1.4.12.1. Инфрақұрылымдық платформа интеграцияланған жүйенің интеграциялық сегментінің компоненттерін есептеу және телекоммуникациялық ресурстармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ интеграцияланған жүйенің интеграциялық сегментінің инфрақұрылымдық компоненттерінің жұмыс істеуі мен басқарылуын қолдауға арналған.

      4.1.4.12.2. Инфрақұрылымдық платформа мынадай бағыттар бойынша дамытылуға тиіс:

      1) дамып келе жатқан интеграциялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін ұсынылатын есептеу ресурстарының көлемін ұлғайту;

      2) сервистік аутентификацияны қолдауды қамтамасыз ету мақсатында сертификаттар мен қауіпсіздік токендерінің өмірлік циклін басқару;

      3) ашық бастапқы коды бар контейнерлік оркестрация жүйесін пайдалана отырып, контейнерлендірілген қосымшалар негізінде іске асырылған Комиссияның интеграциялық сегменті сервистерін орналастыру, үйлестіру және олардың өмірлік циклін басқару міндеттерін автоматтандыру;

      4) Комиссияның интеграциялық сегментінің бағдарламалық компоненттерін жинақтау, тестілеу және енгізу рәсімдерін автоматтандыру;

      5) төтенше жағдайлар кезінде интеграцияланған жүйе деректерінің регламенттік резервтік көшірмесін жасау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

      6) жасанды интеллектті қолдана отырып, Комиссияның интеграциялық сегменті инфрақұрылымының ағымдағы және болжамды жай-күйіне талдау жүргізу;

      7) ақпараттық-талдамалық жүйелерді пайдалану негізінде басқару объектісінің өзгеру салдарын модельдеу.

      4.1.4.13. Интеграциялық сегментті сақтау қоймасы

      4.1.4.13.1. Интеграциялық сегментті сақтау қоймасы (интеграциялық сегмент деректерін сақтау және өңдеу кіші жүйесі) ортақ процестерді іске асыру, кіші жүйелердің жұмыс істеуі кезінде жинақталған деректерді, оның ішінде статистикалық ақпаратты, интеграцияланған жүйенің Комиссияның интеграциялық сегментінде өңделетін және сақталуға жататын басқа да деректер мен мәліметтерді алуға, өңдеуге, түрлендіруге, талдауға, сақтауға және ұсынуға арналған.

      4.1.4.13.2. Интеграциялық сегменттің деректер қоймасы мынадай бағыттар бойынша дамытылуға тиіс:

      1) қолданылатын деректер базасын басқару жүйелерін, оның ішінде жасанды интеллектті оқыту және қолдану мақсатында кеңейту;

      2) жасанды интеллект модельдерін оқытуға арналған деректерді дайындау құралдарын дамыту.

      4.1.4.14. Цифрлық платформаны интеграциялау кіші жүйесі

      4.1.4.14.1. Цифрлық платформаларды интеграциялау кіші жүйесі сервистерді, деректерді (жалпы ақпараттық ресурстарды) пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге және цифрлық платформалардың сервистері мен қосымшаларын, оның ішінде интеграцияланған жүйе шеңберінен тыс құрылатын сыртқы платформаларды іске асыру кезінде арналған.

      4.1.4.14.2. Цифрлық платформаларды интеграциялау кіші жүйесі мынадай бағыттар бойынша дамытылуға тиіс:

      1) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекетаралық қызметтер көрсету механизмдерін дамыту;

      2) мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылдың түрлерін (оның ішінде G2G және B2G) қолдауды қамтамасыз ету;

      3) ұсынылатын сервистердің аясын кеңейту.

      4.1.4.15. Интеграцияланған жүйе СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы

      4.1.4.15.1. Интеграцияланған жүйенің СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы (бұдан әрі – СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы) интеграцияланған жүйенің СБҮТ қызметі шеңберінде мүше мемлекеттердің СБҮТ сервистері мен Комиссияның СБҮТ кіші жүйесінің, сондай-ақ интеграцияланған жүйе құрамына кірмейтін СБҮТ сервистерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру кілттері сертификаттарын басқарудың иерархиялық жүйесін құруға арналған..

      4.1.4.15.2. СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы интеграцияланған жүйенің СБҮТ қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тиіс және мынадай бағыттар бойынша дамытылуға тиіс::

      1) мүше мемлекеттердің СБҮТ-тері мен СБҮТ кіші жүйесінің СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы сервистерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бөлігінде СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығының интеграциялық мүмкіндіктерін дамыту;

      2) интеграцияланған жүйе құрамына кірмейтін мүше мемлекеттердің СБҮТ-тері үшін берілетін электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру кілттері сертификаттарын беру және оларға қызмет көрсетуге бағытталған механизмдерді құру.

      4.1.4.16. Комиссияның куәландырушы орталығы

      4.1.4.16.1. Комиссияның куәландырушы орталығы Комиссия Алқасының мүшелерін, Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлерін электрондық құжаттарға қол қою үшін ЭЦҚ кілттерінің сертификаттарымен қамтамасыз етуге арналған.

      4.1.4.16.2. Комиссияның куәландырушы орталығы электрондық құжаттарға қол қою функцияларын пайдаланатын Комиссияның ақпараттық жүйелері мен Комиссияның интеграциялық сегментінің кіші жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тиіс және мынадай бағыттар бойынша дамуға тиіс:

      1) іргелес жүйелердің Комиссияның куәландырушы орталығы сервистерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бөлігінде Комиссияның куәландырушы орталығының интеграциялық мүмкіндіктерін дамыту;

      2) электрондық құжаттарға қол қою процестерін автоматтандыру мақсатында Комиссияның ақпараттық жүйелері мен интеграциялық сегменттің кіші жүйелері үшін берілетін электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру кілттері сертификаттарын (дербестендірілмеген сертификаттарды) беру және оларға қызмет көрсету механизмдерін құру.

      4.1.5. Интеграцияланған жүйенің компоненттері арасында ақпарат алмасу үшін байланыс әдістері мен құралдарына қойылатын талаптар

      4.1.5.1. Комиссияның интеграциялық сегментінде орналастырылған кіші жүйелер арасындағы ақпараттық алмасу деректер алғаш рет қалыптасқан кіші жүйенің ақпаратты интеграциялық сегменттің деректер қоймасына орналастыруы және деректер қажет болатын кіші жүйенің оларды интеграциялық сегменттің деректер қоймасынан алуы арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

      Интеграцияланған жүйенің Комиссияның интеграциялық сегментінде орналастырылған функционалдық кіші жүйелері арасында тікелей ақпараттық алмасу қажет болған жағдайда, мұндай алмасу интеграциялық платформа құрамына кіретін Комиссия сегментінің деректерді синхрондау кіші жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

      4.1.5.2. Интеграциялық шлюздер мен СБҮТ сервистері арасындағы ақпараттық алмасу электрондық құжаттарды беру технологиясын айқындайтын нормативтік-техникалық құжаттарға, сондай-ақ интеграциялық платформаның СБҮТ қызметімен өзара іс-қимыл регламенттеріне және Комиссия бекітетін өзара іс-қимыл кезінде пайдаланылатын электрондық хабарламалардың форматтары мен құрылымдарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

      Ұлттық сегмент шеңберінде интеграциялық шлюз бен СБҮТ арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын техникалық шешімдер, сондай-ақ мұндай өзара іс-қимылға қойылатын қосымша талаптар (қажет болған жағдайда) мүше мемлекеттермен дербес айқындалады.

      4.1.5.3. Ұлттық сегменттердің интеграциялық шлюздері мен Комиссия сегментінің интеграциялық шлюзі арасындағы өзара іс-қимыл интеграциялық платформа құрамына кіретін көліктік кіші жүйені және/немесе деректерді беру жүйесін пайдалана отырып электрондық хабарламалар алмасу арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

      4.1.5.4. Мүше мемлекеттердің ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйелері мен ұлттық сегменттердің интеграциялық шлюздері арасындағы байланыс тәсілдері мен құралдары мүше мемлекеттердің ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйелері қоятын талаптарға сәйкес айқындалуға тиіс.

      4.1.6. Іргелес жүйелермен үйлесімділікке қойылатын талаптар

      4.l.6.1. Интеграцияланған жүйеге қатысты:

      1) уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері;

      2) сыртқы ақпараттық жүйелер іргелес болып табылады.

      4.1.6.2. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграцияланған жүйемен өзара іс-қимылы мүше мемлекеттердің ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйелерінің және ұлттық сегменттердің интеграциялық шлюздерінің функцияларын пайдалану арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

      4.1.6.3. Сыртқы ақпараттық жүйелердің интеграцияланған жүйемен өзара іс-қимылы интеграциялық платформа құрамына кіретін сыртқы жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі ұсынатын функцияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

      4.1.6.4. Сыртқы ақпараттық жүйелердің интеграцияланған кіші жүйемен өзара іс-қимылы өзара іс-қимылдың техникалық шарттарына сәйкес Комиссияның интеграциялық сегментінің ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі және сыртқы ақпараттық жүйе ұсынатын қорғалған деректерді беру арналары арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

      4.1.7. Персоналдың санына, біліктілігіне және оның жұмыс режиміне қойылатын талаптар

      4.1.7.1. Персоналдың саны мен біліктілігіне қойылатын талаптар Комиссияның интеграциялық сегментін және ұлттық сегменттерді жобалау және әзірлеу сатысында айқындалуға тиіс.

      4.1.7.2. Интеграцияланған жүйенің әрбір компонентінің техно-жұмыс жобасының құжаттамасында персоналдың арнайы даярлығына және интеграцияланған жүйе компоненттерін пайдалану үшін қажетті білімдерге қойылатын талаптар көрсетілуге тиіс.

      4.1.8. Мақсаттық көрсеткіштер

      4.1.8.1. Интеграцияланған жүйе Одақтағы интеграциялық процестерді дамыту кезінде, сондай-ақ интеграцияланған жүйенің функционалдық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар өзгерген кезде жаңғырту мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Интеграцияланған жүйені жаңғырту барысында интеграцияланған жүйеде сақталатын деректерді сақтау және оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.

      4.1.9. Сенімділікке қойылатын талаптар

      4.1.9.1. Интеграцияланған жүйенің компоненттері тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуді, профилактика мен қайта баптауға арналған рұқсат етілетін үзілістермен және ақаулыққа байланысты жылына 44 сағаттан аспайтын тоқтап қалулармен, сондай-ақ тоқтап қалуға әкелген ақаулықты жоюдың орташа уақыты 4 сағаттан аспайтын жағдайда қамтамасыз етуге тиіс.

      4.1.9.2. Интеграцияланған жүйенің есептеу ресурстары интеграцияланған жүйенің тәулігіне 24 сағат, жылына 365 күн қолжетімді болуын қамтамасыз етуге тиіс.

      4.1.9.3. Интеграцияланған жүйенің техникалық құралдары жоспарлы профилактикалық, регламенттік, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, сондай-ақ интеграцияланған жүйенің жұмысын тоқтатпай жаңғыртуды орындау мүмкіндігін көздеуге тиіс.

      4.1.9.4. Аппараттық қамтамасыз етуде іркілістер туындаған кезде, оның ішінде электр энергиясының апаттық ажыратылуын қоса алғанда, интеграцияланған жүйенің компоненттері іркілістер жойылғаннан және аппараттық қамтамасыз ету дұрыс қайта іске қосылғаннан кейін (орындалатын бағдарламалық коды бар жұмыс ақпарат тасымалдағыштары зақымдалған жағдайларды қоспағанда) өз жұмысқа қабілеттілігін автоматты түрде қалпына келтіруге тиіс.

      4.1.9.5. Интеграцияланған жүйенің компоненттері интеграцияланған жүйе пайдаланушыларының қате әрекеттерінен туындаған төтенше жағдайларды дұрыс өңдеуді қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағдайда интеграцияланған жүйенің компоненттері интеграцияланған жүйе пайдаланушысына тиісті төтенше хабарламаларды беруге, содан кейін қате (рұқсат етілмейтін) командаға дейінгі жұмыс күйіне қайта оралуға тиіс.

      4.1.9.6. Интеграцияланған жүйенің компоненттері деректердің қате форматына немесе жол берілмейтін мәндеріне байланысты туындаған төтенше жағдайларды дұрыс өңдеуді қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағдайда интеграцияланған жүйенің компоненттері төтенше жағдайлар туралы ақпаратты тиісті журналдарда сақтауды қамтамасыз етуге, содан кейін қате кіріс деректері түскенге дейінгі жұмыс күйіне қайта оралуға тиіс.

      4.1.9.7. Іргелес жүйелердің бірінің істен шығуы, сондай-ақ іргелес жүйелердің интеграцияланған жүйеге қате деректер беруі интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін тоқтатуға әкеп соқтырмауға тиіс.

      4.1.10. Эргономика және техникалық эстетикаға қойылатын талаптар

      4.1.10.1. Интеграцияланған жүйе пайдаланушысы пайдаланушы интерфейсі арқылы өзара әрекеттесетін Комиссияның интеграциялық сегментінің және ұлттық сегменттердің бағдарламалық компоненттері мынадай талаптарды ескере отырып іске асырылуға тиіс:

      1) Комиссияның интеграциялық сегментінің бағдарламалық компоненттерінің интерфейсі халықаралық сауда және кеден ісі саласында пайдаланылатын шет тіліндегі терминдерді қоспағанда, орыс тілінде болуға тиіс;

      2) ұлттық сегменттің бағдарламалық компоненттерінің интерфейсі мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде іске асырылуы мүмкін;

      3) ақпараттық хабарламалар мен қателер туралы хабарламалар қысқа және барынша түсінікті болуға тиіс, бұл ретте қателер туралы хабарламалардың соңында (дөңгелек жақша ішінде) туындаған қатені егжей-тегжейлі сипаттайтын және техникалық қолдау қызметтерінің персоналына арналған шет тіліндегі сөздер мен тіркестер кездесуі мүмкін;

      4) бағдарламалық компоненттер интерфейсі интеграцияланған жүйе пайдаланушысының экран ажыратымдылығына бейімделу мүмкіндігіне ие болуға тиіс, бұл ретте ең төменгі қолдау көрсетілетін экран ажыратымдылығы 1280х720 нүктеден кем болмауға тиіс;

      5) өрістердің атаулары барынша түсінікті болуға және халықаралық сауда және кеден ісі саласында қабылданған қысқартулар мен аббревиатураларды қоспағанда, қысқартулар мен аббревиатураларды қамтымауға тиіс;

      6) анықтамалық деректер тиісті анықтамалықтарды пайдалана отырып қана енгізілуге тиіс;

      7) мәзірлер мен экрандық нысандар интеграцияланған жүйе пайдаланушысы өзіне тағайындалған рөлге сәйкес ағымдағы құқықтарына сәйкес пайдалана алмайтын тармақтар мен батырмаларды қамтымауға тиіс;

      8) экрандық нысандар біркелкі болуға және контекстке тәуелді кіріктірілген көмек жүйесі мен "ыстық" пернелерді белгілеуді қамтуға тиіс;

      9) барлық біркелкі операциялар біріздендірілген болуға тиіс;

      10) интерфейс қажетті ақпаратты пернетақтаны пайдалана отырып енгізуге мүмкіндік беруге тиіс, бұл ретте "тышқан" манипуляторын пайдалану міндетті болмауға тиіс;

      11) мүмкін болған жағдайда біріздендірілген интерфейс элементтері пайдаланылуға тиіс.

      4.1.11. Жүйе компоненттерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және сақтау талаптары

      Интеграцияланған жүйе компоненттерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және сақтау Комиссия актілеріне сәйкес жүргізілуге тиіс.

      4.1.12. Ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауға қойылатын талаптар

      4.1.12.1. Интеграцияланған жүйені дамыту кезінде:

      1) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сертификатталған мамандардың қатысуымен әрбір кіші жүйе үшін ақпаратты қорғау талаптары айқындалуға және іске асырылуға тиіс;

      2) кіші жүйелерде пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, баптау және пайдалану кезінде өндірушілердің әлемдік үздік тәжірибелері мен ұсынымдары пайдаланылуға тиіс;

      3) әрбір кіші жүйе үшін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сертификатталған мамандардың қатысуымен қабылдау-тапсыру сынақтары жүргізілуге тиіс;

      4) әрбір кіші жүйе бойынша барлық деңгейлерде жауаптыларды тағайындауды ескеретін пайдалану құжаттары әзірленуге, бекітілуге және енгізілуге тиіс;

      5) қауіпсіздіктің өзекті қатерлеріне қарсы іс-қимылға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық шаралар әзірленуге және енгізілуге тиіс;

      6) кіші жүйелердегі анықталған ақпараттық қауіпсіздік осалдықтары жойылуға тиіс;

      7) өндірушілердің қолдауынан алынған, кіші жүйелерде пайдаланылатын ескірген аппараттық және бағдарламалық құралдар жаңартылуға тиіс.

      4.1.12.2. Интеграцияланған жүйеде ақпаратты қорғау Комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 96 шешімімен бекітілген Сенімнің трансшекаралық кеңістігін құру, дамыту және жұмыс істеу талаптарына және Комиссия бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарға, сондай-ақ ұлттық сегменттер бөлігінде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс.

      4.1.12.3. Интеграцияланған жүйені пайдалану мен дамытуды қамтамасыз ету мүше мемлекеттердің қолданбалы ақпараттық жүйелерінің, ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйелерінің ақпаратты қорғау құралдарына қойылатын талаптарды төмендететін өзгерістер енгізуді талап етпеуге тиіс.

      4.1.12.4. Интеграцияланған жүйеде ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау осы техникалық тапсырманың талаптарына сәйкес және Комиссия бекітетін техникалық, технологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық құжаттардың ережелерін ескере отырып қамтамасыз етілуге тиіс.

      4.1.13. Төтенше жағдайлар кезінде ақпараттың сақталуына қойылатын талаптар

      4.1.13.1. Ақпараттың сақталуы резервтік көшіру және қалпына келтіру құралдарының көмегімен қамтамасыз етілуге тиіс.

      4.1.13.2. Резервтік көшіру және қалпына келтіру құралдары интеграцияланған жүйенің функционалдық кіші жүйелерінің аппараттық-бағдарламалық кешендерінің құрамына енгізілуі немесе инфрақұрылымдық платформа шеңберінде орталықтандырылған компонент ретінде құрылуы мүмкін.

      4.1.13.3. Интеграцияланған жүйе кіші жүйелерінің деректерін резервтік көшіру және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу мынадай талаптарды ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс:

      1) әрбір кіші жүйе үшін ақпаратты резервтік көшіру және қалпына келтіру жоспарлары мен рәсімдері әзірленуге тиіс;

      2) резервтік деректер рұқсатсыз қол жеткізуден және қоршаған ортаның әсерінен қорғалған жерде сақталуға тиіс;

      3) ақпаратты резервтік көшіруге арналған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелі түрде тестіленуге тиіс;

      4) ақпаратты қалпына келтіру рәсімдері олардың тиімділігіне сенімділікті қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде жаңартылып және тестіленуге тиіс;

      5) ақпаратты сақтау мерзімдері айқындалуға, сондай-ақ ұзақ мерзімді сақтауға арналған архивтік көшірмелерге қойылатын талаптар ескерілуге тиіс.

      4.1.13.4. Резервтеу құралдары төтенше жағдай, жабдықтың істен шығуы немесе табиғи апат болған жағдайда интеграцияланған жүйеде сақталатын және интеграцияланған жүйе құралдарымен өңделетін бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпаратты қалпына келтіруді қамтамасыз етуге тиіс.

      4.1.14. Сыртқы әсерлерден қорғау құралдарына қойылатын талаптар

      4.1.14.1. Интеграцияланған жүйені сыртқы әсерлерден қорғау интеграцияланған жүйенің бағдарламалық-аппараттық компоненттері орналастырылатын деректерді өңдеу орталықтарын жобалау және жабдықтау бойынша қойылатын талаптарға сәйкес іс-шаралар кешенін іске асыру есебінен қамтамасыз етілуге тиіс.

      4.1.15. Патенттік тазалыққа қойылатын талаптар

      4.1.15.1. Интеграцияланған жүйенің бағдарламалық-аппараттық құралдары, технологиялары, деректерді өңдеу алгоритмдері және өзге де құрамдас бөліктері мүше мемлекеттердің аумақтарында патенттік тазалыққа ие болуға тиіс.

      4.1.16. Стандарттау және біріздендіруге қойылатын талаптар

      4.1.16.1. Интеграцияланған жүйе компоненттерін техникалық және жұмыс жобалау кезінде Комиссия ұсынған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы стандарттар мен ұсынымдар, сондай-ақ ұлттық сегменттер үшін мүше мемлекеттер айқындайтын стандарттар қолданылуға тиіс.

      4.1.16.2. Интеграцияланған жүйе компоненттерін іске асыру кезінде ұқсас функцияларды орындайтын дербес сервистерді құруға жол берілмей, біріздендірілген сервистер пайдаланылуға тиіс.

      4.1.17. Масштабталуға қойылатын талаптар

      4.1.17.1. Интеграцияланған жүйенің бағдарламалық-аппараттық құралдары қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді модификациялаусыз өнімділік пен өңделетін деректер көлемі бойынша жеткілікті масштабталуды қамтамасыз етуге тиіс, оның ішінде мынадай жағдайларда:

      1) ақпараттық өзара іс-қимыл қатысушыларының саны ұлғайған кезде;

      2) интеграцияланған жүйе құралдарымен іске асырылатын ортақ процестер тізбесі кеңейген кезде;

      3) ортақ процестерді іске асыру тәсілі өзгерген кезде;

      4) Комиссияның интеграциялық сегменті, ұлттық сегменттер және сыртқы ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық ағындар ұлғайған кезде;

      5) интеграцияланған жүйе пайдаланушыларының саны артқан кезде.

      4.1.18. Интеграцияланған жүйенің қорғалған деректер беру желісіне қойылатын талаптар

      4.1.18.1. Интеграцияланған жүйенің қорғалған деректер беру желісі (бұдан әрі – қорғалған деректер беру желісі) интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттері, Комиссияның интеграциялық сегменті және интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттері арасында жалпы пайдаланылатын байланыс арналары арқылы берілетін деректердің құпиялылығы мен тұтастығын қамтамасыз етуге арналған.

      4.1.18.2. Қорғалған деректер беру желісі интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттерінің және Комиссияның интеграциялық сегментінің желілік ресурстарының, сондай-ақ берілетін деректердің тек рұқсат етілген жүйелер мен пайдаланушылар үшін қолжетімді болуына кепілдік беруге және мынадай бағыттар бойынша дамытылуға тиіс:

      1) Одақ және (немесе) оның мүше мемлекеттері үшінші елдермен жасасқан келісімдерді іске асыру шеңберінде Комиссияның интеграциялық сегментінің сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бөлігінде қорғалған деректер беру желісінің интеграциялық мүмкіндіктерін дамыту;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың ақпаратты криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарын бірлесіп әзірлеу жөніндегі жобасының нәтижелерін қолдану.

      4.2. Функцияларға (міндеттерге) қойылатын талаптар

      4.2.1. Мемлекетаралық тестілеу кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.1.1. Мемлекетаралық тестілеу кіші жүйесі мыналарды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) ортақ процестер сервистерін тестілеу процестерін автоматтандыру мүмкіндіктерін ұсынуды және тестілеу нәтижелері туралы қатысушылардың хабардар болуын арттыруды;

      2) Комиссия регламенттейтін өзара іс-қимылды тестілеуді: ортақ процестер шеңберінде, уәкілетті органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара іс-қимыл кезінде, Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесіне енгізілуге жататын мәліметтерді беру кезінде, цифрлық бастамалар шеңберінде;

      3) тестілеуге қатысушылардың кіші жүйеге рұқсат етілген қол жеткізу мүмкіндігін, кіші жүйе ақпараты мен функцияларына қол жеткізуді шектеу мүмкіндігін қамтамасыз етуді;

      4) Комиссия бекітетін хабарламаларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ электрондық түрдегі құжаттарды тексеруді, оның ішінде штаттық өзара іс-қимыл арналарына қосылу болмаған жағдайларда;

      5) тестілеу мәртебесі туралы ақпаратты қалыптастыру және көрсету механизмдері мен құралдарын іске асыруды

      6) хабарламалардың құрылымдық және форматтық-логикалық бақылау механизмдерін іске асыруды;

      7) мемлекетаралық тестілеуге қатысатын ұлттық сегменттердің ақпараттық жүйелеріне бастамашы хабарламаларды автоматты түрде жіберу механизмдерін іске асыруды;

      8) өзара іс-қимылға қатысушының кіші жүйесіне және Комиссия сегментінің кіші жүйелеріне жүктеме беру режимінде жүктемелік тестілеу жүргізу мүмкіндігін;

      9) тестілеу статистикасын қалыптастыру және көрсету механизмдерін, жүргізілген тестілеуді хаттамалауды, оның ішінде тестілеу уақыты, қатысушы, тестіленетін өзара іс-қимыл, нәтиже, тесттен өту уақыт параметрлері туралы мәліметтерді, сондай-ақ тестілеуге қатысушыларға хаттамаларды, оның ішінде бағдарламалық интерфейстер арқылы ұсынуды іске асыруды;

      10) тестілеуге қатысушыны әдістемелік қолдау құралдарын – хабарламалар үлгілерін, баптау параметрлерін, хабарламаларға қойылатын формальды талаптарды, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды;

      11) ортақ процестерді басқару кіші жүйесінің мәліметтері мен сервистерін пайдалану мүмкіндігін;

      12) тестілеуге қатысушылардың жеке кабинеттерін құруды.

      4.2.1.2. Мемлекетаралық тестілеу кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.

      4.2.2. Цифрлық симуляторға қойылатын талаптар

      4.2.2.1. "Цифрлық симулятор" архитектуралық-техникалық шешімі Одақ субъектілерінің ақпараттық өзара іс-қимыл процестерінің жаңа технологиялық іске асырылуын автономды тестілеу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, бір инфрақұрылымдық архитектуралық-технологиялық шешім шеңберінде қатысушылардың мінез-құлқын модельдеу қажеттілігін ескере отырып арналған.

      4.2.2.2. Цифрлық симулятор интеграцияланған жүйенің интеграциялық және ұлттық сегменттерінің модельдерін, интеграциялық платформаны, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының типтік ақпараттық жүйелерін, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақпараттық жүйелерін қамтуға тиіс.

      Бұл ретте цифрлық симулятор интеграцияланған жүйеде жинақталатын және өңделетін нақты деректерді пайдалана отырып, цифрлық өзара іс-қимыл процестерін, жаңа ортақ процестерді тестілеу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей етіп жобалануға тиіс.

      4.2.2.3. Цифрлық симулятор іске қосылған компоненттерді конфигурациялау және әкімшілендіру құралдарын, пысықталатын өзара іс-қимыл процестерін мониторингтеу құралдарын, жүктемелік тестілеу жүргізу құралдарын қамтуға тиіс.

      4.2.2.4. Цифрлық симулятор кемінде 5 (бес) эксперименттік процесті (пилоттық жобаны) бір мезгілде пысықтауды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.2.5. Цифрлық симулятор сервистераралық өзара іс-қимыл мүмкіндігін (мүше мемлекеттердің сервистерінің өзара іс-қимылын қоса алғанда) ұсынуға тиіс.

      4.2.2.6. Цифрлық симуляторға қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені дамыту процесінде нақтылануы мүмкін

      4.2.2.7. "Цифрлық симулятор" архитектуралық-техникалық шешіміне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені дамыту процесінде нақтылануы мүмкін.

      4.2.2.8. Цифрлық симуляторға қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс. "Цифрлық симулятор" архитектуралық-техникалық шешімінің компоненттеріне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмаларда айқындалуы мүмкін.

      4.2.3. Интеграцияланған жүйе пайдаланушыларын сәйкестендіру және аутентификациялау кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.3.1. Интеграцияланған жүйе пайдаланушыларын сәйкестендіру және аутентификациялау кіші жүйесі интеграцияланған жүйені пайдалана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылардың (уәкілетті органдардың лауазымды адамдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдерінің және жеке тұлғалардың) интеграцияланған жүйе құралдарымен қалыптастырылатын сервистер мен ортақ ақпараттық ресурстарға санкцияланған қол жеткізу механизмдерін іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс. Интеграцияланған жүйе пайдаланушыларын сәйкестендіру және аутентификациялау кіші жүйесі интеграцияланған жүйе пайдаланушыларын олардың негізінде авторизациялау мақсатында мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінде пайдаланылатын ұқсас механизмдермен қажетті өзара іс-қимылды қолдауға тиіс.

      4.2.3.2. Интеграцияланған жүйе пайдаланушыларын сәйкестендіру және аутентификациялау кіші жүйесі мыналарды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) пайдаланушыға интеграцияланған жүйенің функциялары мен сервистеріне бірыңғай есептік жазбаны ұсынуды, ол интеграцияланған жүйенің функцияларына, цифрлық платформаларға және интеграцияланған жүйе шеңберінде қалыптастырылатын ортақ ақпараттық ресурстарға регламенттелген қол жеткізу мүмкіндігін береді;

      2) интеграцияланған жүйенің әртүрлі санаттағы пайдаланушыларын (уәкілетті органдардың лауазымды адамдарын, жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін, жеке кәсіпкерлерді, ақпараттық жүйелерді) сәйкестендіруді, аутентификациялауды және интеграцияланған жүйенің сервистері мен функцияларына, интеграцияланған жүйе негізінде құрылған цифрлық платформаларға, интеграцияланған жүйе шеңберінде қалыптастырылатын ортақ ақпараттық ресурстарға регламенттелген қол жеткізуді;

      3) интеграцияланған жүйенің функционалдық кіші жүйелеріне пайдаланушыларды бірыңғай авторизациялау мен аутентификациялауды жүзеге асыру мүмкіндігін беруді.

      4.2.3.3. Интеграцияланған жүйе пайдаланушыларын сәйкестендіру және аутентификациялау кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.

      4.2.4. Одақтың ақпараттық порталына қойылатын талаптар

      4.2.4.1. Одақтың ақпараттық порталы "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі және Одақ органдарының жергілікті желілеріндегі ресурстардың жиынтығы болып табылады. Одақтың ақпараттық порталы Одақ, оның органдары және олардың қызметі туралы өзекті және сенімді ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары мен кез келген мүдделі тұлғаларға ортақ процестерді іске асыру кезінде интеграцияланған жүйе құралдарымен қалыптастырылатын Одақтың ортақ ақпараттық ресурстарына қол жеткізу сервистерін ұсынуға тиіс.

      4.2.4.2. Одақтың ақпараттық порталы мынадай компоненттерді қамтуға тиіс:

      1) Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректер порталы;

      2) интеграцияланған жүйенің технологиялық порталы.

      4.2.4.5. Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректер порталына қойылатын талаптар

      4.2.4.5.1. Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректер порталы әртүрлі санаттағы пайдаланушыларға интеграцияланған жүйе кіші жүйелерінде орталықтандырылған жүргізу арқылы не ортақ процестерді іске асыру шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимыл негізінде, сондай-ақ пайдаланушылардың жеке кабинеттерінде деректерді жүргізу негізінде қалыптастырылатын ортақ ақпараттық ресурстарға авторизацияланған және анонимді қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.4.5.2. Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректер порталының құрамына Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ процестерінің деректер моделі, электрондық құжаттар мен мәліметтер құрылымдары, нормативтік-анықтамалық ақпарат, Одақ қызметінің бағыттары бойынша тақырыптық бөлімдер және басқалар жөніндегі ақпараттық ресурстар кіреді.

      4.2.4.5.3. Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректер порталы деректерді әртүрлі түрде ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс, оның ішінде:

      1) деректерді пайдаланушы интерфейсінде ұсыну;

      2) картографиялық деректерді ұсыну;

      3) деректерді API арқылы ұсыну;

      4) деректерді инфографика түрінде ұсыну;

      5) деректерді машина оқи алатын форматта ұсыну.

      4.2.4.5.4. Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректер порталы интеграцияланған жүйе кіші жүйелерінен ақпаратты автоматты режимде жариялауды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.4.5.5. Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректер порталы ортақ процестерді іске асыруды әдістемелік және технологиялық қолдауды, оның ішінде мыналардың есебінен қамтамасыз етуге тиіс:

      1) ортақ процестерді жобалау және іске асыру жөніндегі әдістемелік және ақпараттық материалдарды жариялау;

      2) пәндік салалардың және ортақ процестердің деректер модельдерінің әртүрлі нұсқаларымен ұжымдық жұмыс істеу мүмкіндігі;

      3) пәндік салалардың және ортақ процестердің деректер модельдерін XMI форматында жүктеу және түсіру мүмкіндігі;

      4) анықталған тәуелділіктер және деректер элементтерін қайталап пайдалану туралы есептер қалыптастыру арқылы пәндік салалардың және ортақ процестердің деректер модельдерін талдау құралдарын ұсыну;

      5) ортақ процестер модельдерінің негізінде интеграцияланған жүйе құралдарымен ортақ процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар жиынтықтарын, олардың типтік құрылымына қойылатын талаптар 2014 жылғы 6 қарашадағы № 200 Комиссия Алқасының шешімімен бекітілген талаптарға сәйкес автоматты түрде қалыптастыру.

      4.2.4.5.6. Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректер порталы авторизацияланған пайдаланушыларға жариялануға жататын мәліметтердің әртүрлі санаттарын қалыптастыру мүмкіндігімен қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.4.5.7. Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректер порталы типтік функционалдық блоктарды пайдалану негізінде белгілі бір тақырыпқа арналған бөлімшелердің құрылымы мен мазмұнын құру және конфигурациялау үшін интерфейсті қамтамасыз етуге тиіс. Осылайша құрылатын бөлімдер бөлек мекенжайлар бойынша орналастыру мүмкіндігін, сондай-ақ бөлек инсталляциялық пакеттер түрінде түсіру мүмкіндігін көздеуге тиіс.

      4.2.4.5.8. Ортақ ақпараттық ресурстар мен ашық деректер порталы мемлекетаралық электрондық қызметтерді іске асыру мәселелері бойынша ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.4.5.9. Ортақ ақпараттық ресурстар мен ашық деректер порталы картографиялық деректерді жүргізу және оларды картографиялық интерфейсте визуализациялау тетігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.4.5.10. Ортақ ақпараттық ресурстар мен ашық деректер порталы кедергілер мен тосқауылдарды талдау бойынша мынадай функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) қолда бар көздерден бар және ықтимал тәуекел салалары туралы ақпаратты жинау және жинақтау;

      2) тәуекел салаларын сәйкестендіру, талдау және мониторингтеу құралын ұсыну;

      3) тәуекел салаларын айқындау және сараптамалық бағалау құралын ұсыну;

      4) тәуекелдердің туындауын шешу және (немесе) алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын жүргізу құралын ұсыну;

      5) Одақтың ақпараттық порталы құралдарымен алынған бизнес-қоғамдастық өкілдерінің өтініштері негізінде кедергілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу;

      6) кедергілерді жою жөніндегі Комиссия жұмыстары туралы мәліметтерді, оның ішінде Одақтың ақпараттық порталында жариялау үшін ұсыну;

      7) нарық жай-күйінің көрсеткіштерінің конфигурацияланатын жүйесі негізінде кедергілерді сақтау және жою салдарын формальді бағалау мүмкіндігі.

      4.2.4.5.11. Ортақ ақпараттық ресурстар мен ашық деректер порталына қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.

      4.2.4.6. Интеграцияланған жүйенің технологиялық порталына қойылатын талаптар

      4.2.4.6.1. Технологиялық портал ұлттық сегменттердің тапсырыс берушілері мен операторларын, ортақ процестерге қатысушы уәкілетті органдардың техникалық қызметтерін ақпараттық қолдауға, сондай-ақ мүдделі тұлғалардың кең ауқымын ақпараттандыруға арналған.

      4.2.4.6.2. Технологиялық портал интеграцияланған жүйенің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты жариялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс, оның ішінде:

      1) интеграцияланған жүйе қатысушыларын сипаттау;

      2) интеграцияланған жүйенің архитектурасын сипаттау;

      3) пайдаланылатын технологиялар мен қолданылатын әдістемелерді сипаттау;

      4) іске асырылатын ортақ процестерді сипаттау;

      5) интеграцияланған жүйе шеңберінде қалыптастырылатын ортақ ақпараттық ресурстарды сипаттау;

      6) интеграцияланған жүйені дамыту кезеңдерін сипаттау.

      4.2.4.6.3. Технологиялық портал ұлттық сегменттердің тапсырыс берушілері мен операторларының авторизацияланған қызметкерлері үшін интеграцияланған жүйені дамыту және ортақ процестерді іске асыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы ақпарат алмасу сервистерін ұсынуға тиіс.

      4.2.4.6.4. Технологиялық портал ұлттық сегменттер операторларының авторизацияланған қызметкерлері үшін ұлттық сегменттерде пайдалану үшін Комиссия ұсынатын бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңартуларын жедел алу сервистерін (типтік шлюз, типтік ДТС, адаптерлер, ортақ процестерді базалық іске асыру компоненттері және басқалар) ұсынуға тиіс.

      4.2.4.6.5. Технологиялық портал ұлттық сегменттер операторларының авторизацияланған қызметкерлеріне және ортақ процестерге қатысушы уәкілетті органдардың техникалық қызметтеріне интеграцияланған жүйені техникалық қолдау қызметінің сервистеріне, оның ішінде сүйемелдеу жөніндегі өтінімдерді есепке алу және өңдеу құралдарына, штаттан тыс жағдайларды талдау мақсатында жедел өзара іс-қимыл және талдау құралдарына, әдістемелік материалдар мен пайдалану құжаттамасына қол жеткізуді ұсынуға тиіс.

      4.2.4.6.7. Технологиялық портал ақпаратты мультимедиялық форматтарда, сондай-ақ интерактивті сервистерді пайдалана отырып ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.4.6.8. Технологиялық портал Комиссия қызметкерлеріне материалдарды автоматтандырылған режимде дайындау және жариялау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін контентті басқару құралдарын ұсынуға тиіс.

      4.2.4.6.9. Технологиялық портал интеграцияланған жүйенің басқа кіші жүйелерімен, Комиссияның ақпараттық ресурстары мен жүйелерімен интеграциялау есебінен материалдарды автоматты режимде дайындау және жариялау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ақпарат көздерін конфигурациялау құралдарын ұсынуға тиіс.

      4.2.4.6.10. Технологиялық портал интеграцияланған жүйенің кіші жүйелері мен компоненттерімен жұмыс істеуді оқыту процестерін ақпараттық қолдауды, оның ішінде өткізілетін семинарлар мен конференциялардың сипаттамасын, әдістемелік және оқыту материалдарының құрылымдалған архивін, оның ішінде презентациялар, интерактивті курстар және бейнероликтер форматында, қашықтықтан оқыту құралдарын қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.4.6.11. Технологиялық портал ортақ процестерді іске асыруды әдістемелік және технологиялық қолдауды, оның ішінде мыналардың есебінен қамтамасыз етуге тиіс:

      1) ортақ процестерді жобалау және іске асыру жөніндегі әдістемелік және ақпараттық материалдарды жариялау;

      2) пәндік салалар мен ортақ процестердің деректер модельдерінің әртүрлі нұсқаларымен ұжымдық жұмыс істеу мүмкіндігі;

      3) пәндік салалар мен ортақ процестердің деректер модельдерін XMI форматында жүктеу және түсіру мүмкіндігі;

      4) анықталған тәуелділіктер және деректер элементтерін қайталап пайдалану туралы есептерді қалыптастырумен пәндік салалар мен ортақ процестердің деректер модельдерін талдау құралдарын ұсыну;

      5) 2014 жылғы 6 қарашадағы № 200 Комиссия Алқасының шешімімен бекітілген мұндай құжаттардың типтік құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес интеграцияланған жүйе құралдарымен ортақ процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар жиынтықтарын ортақ процестер модельдерінің негізінде автоматты түрде қалыптастыру.

      4.2.4.6.12. Технологиялық портал электрондық құжаттар мен мәліметтер құрылымдарының тізіліміне қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс. Электрондық құжаттар мен мәліметтер құрылымдарының тізілімі электрондық құжаттардың қолданбалы және технологиялық құрылымдарын Microsoft Word (DOCX) форматындағы сипаттама және XSD форматындағы схема түрінде сақтау және жаңарту үшін арналған.

      4.2.4.6.13. Технологиялық портал "Еуразиялық ашық ақпараттық интеграция моделінің" мәліметтерін ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс, олар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ процестердің формализацияланған сипаттамасын көрсетуге арналған және ортақ процестерді құру мен оларды өзекті күйде қолдауға бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді.

      4.2.4.6.14. Технологиялық портал ортақ процестерді жобалау және іске асыру бойынша орындалатын жұмыстарды есепке алу, бақылау және мониторинг жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.4.6.15. Технологиялық портал интеграциялық платформа құралдарын пайдалана отырып ортақ процестер шеңберінде берілетін хабарламаларды беру орындалуын талдау мүмкіндігін, оның ішінде ақпараттық өзара іс-қимыл ағындарын визуализациялау мүмкіндігін, ақпараттық өзара іс-қимылдың ағымдағы қарқындылығын, хабарламаларды беру уақыт параметрлерін, ақпараттық өзара іс-қимыл оқиғаларын визуализациялауды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.4.6.17. Технологиялық портал ақпараттық өзара іс-қимылдың барысы және интеграцияланған жүйені дамыту туралы білім базасын жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.5. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйеге қойылатын талаптар

      4.2.5.1. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйе мынадай функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) шоғырландырылған ақпарат негізінде, оның ішінде мынадай бөлікте талдамалық сұраулар мен есептік нысандарды қалыптастыруды:

      мүше мемлекеттердің тауарлармен сыртқы және өзара саудасының құрылымы;

      мүше мемлекеттердің статистикалық көрсеткіштерінің динамикасы;

      есептік статистикалық көрсеткіштер;

      мүше мемлекеттердің статистикалық көрсеткіштерін салыстыру;

      мүше мемлекеттердің статистикалық көрсеткіштерін әлемнің электрондық картасында көрсету;

      деректерді көрнекі ұсыну мақсатында талдамалық панельдерді қалыптастыру мүмкіндігі;

      көлік инфрақұрылымының, кедендердің, порттардың, шекаралардың орналасуын визуализациялау;

      2) Комиссияның интеграциялық сегментінің ақпараттық ресурстары құрамында талдамалық деректердің бірыңғай қоймасын қалыптастыру және жүргізу, оның ішінде:

      деректер көздерінен (файлдардан, дерекқорлардан) бастапқы (өңделмеген) деректерді жүктеу;

      қызметтің негізгі бағыттары бойынша шоғырландырылған деректерді қамтамасыз ететін көпқұрамды талдамалық витриналарды қоса алғанда, талдамалық деректер витриналарын қалыптастыру;

      жүктелетін деректерде пайдаланылатын анықтамалықтар мен сыныптауыштарды тексеруді және оларды нормативтік-анықтамалық ақпарат кіші жүйесінің деректерімен келісуді қоса алғанда, кіріс деректерді шоғырландыру;

      деректер элементтерінің өлшем бірліктерін біріздендіру;

      ақпараттық-талдамалық кіші жүйенің жұмыс істеуі үшін қажетті деректерді агрегаттау және көрсеткіштерді қалыптастыру;

      ақпараттық-талдамалық кіші жүйенің талдамалық деректер қоймасын қалыптастыру бойынша хаттамалар мен технологиялық статистиканы қалыптастыру;

      осы деректер көздері бөлінісінде деректердің өзектілігі туралы есепті қалыптастыру.

      4.2.5.2. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйені дамыту мынадай бағыттар шеңберінде қамтамасыз етілуге тиіс:

      мүше мемлекеттердің деректер көздерін толықтыру арқылы деректер көздерінің құрамын кеңейту;

      талдамалық деректер витриналарының құрамын кеңейту;

      талдамалық деректер витриналарын, сұрауларды, талдамалық есептік нысандарды және жарияланымдарды қалыптастыру кезінде деректерді өңдеудің қосымша алгоритмдерін іске асыру;

      ақпараттық-талдамалық кіші жүйе құралдарымен орындалатын талдамалық міндеттер мен экономикалық саладағы процестердің өзгерістерін талдау және бағалау, мониторингтеу жөніндегі міндеттердің құрамын кеңейту, оның ішінде мүше мемлекеттердегі өнеркәсіптік өндіріс динамикасына әсер ететін оқиғаларды, факторларды, заңдылықтар мен үрдістерді салыстырмалы талдау бөлігінде;

      мүше мемлекеттердегі өнеркәсіптік тауарлар өндірісінің (қорларының) көлемдерін модельдеу және сценарийлік болжау;

      сыртқы көздерден деректерді автоматты түрде жинауды қамтамасыз ету және ашық дереккөздерге семантикалық талдау жүргізу мүмкіндіктерін іске асыру бөлігінде ақпараттық-талдамалық кіші жүйенің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейту;

      ортақ процестер деректері бойынша шоғырландырылған есептілікті қалыптастыру.

      4.2.5.3. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйеге қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені дамыту процесінде нақтылануы мүмкін.

      4.2.5.4. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйеге қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.

      4.2.6. Статистика кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.6.1. Статистика кіші жүйесі мынадай функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) кіші жүйенің метадеректерін, оның ішінде нормативтік-анықтамалық ақпаратты қалыптастыруды, жүргізуді және басқаруды;

      2) метадеректер артефактілерін генерациялауды қамтамасыз етуді;

      3) метадеректер артефактілерін сыртқы көздерден жүктеуді;

      4) метадеректер артефактілерін экспорттау процестерін қамтамасыз етуді;

      5) Одақтың мүше мемлекеттерінің ресми статистикалық ақпаратын жинауды қамтамасыз етуді, оның ішінде ортақ ақпараттық ресурстар мен ашық деректер порталы құрамындағы "Уәкілетті органның жеке кабинеті" компонентінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету негізінде;

      6) Одақтың мүше мемлекеттерінің ресми статистикалық ақпаратын жүктеуді және өңдеуді;

      7) Одақтың мүше мемлекеттерінің ресми статистикалық ақпаратын және Одақтың ресми статистикалық ақпаратын талдауды;

      8) метадеректер артефактілерін, оның ішінде нормативтік-анықтамалық ақпаратты, Одақтың ресми статистикалық ақпаратын, оның ішінде Еуразиялық SDMX тізілімі арқылы жариялауды және таратуды;

      9) Комиссияның интеграциялық сегментінің кіші жүйелерімен, оның ішінде ақпараттық-талдамалық кіші жүйемен өзара іс-қимылды;

      10) статистикалық деректерді генерациялау және оларды алу сервисін ұсынуды.

      4.2.6.2. Статистика кіші жүйесін дамыту мынадай бағыттар шеңберінде қамтамасыз етілуге тиіс:

      1) уәкілетті органдар статистикалық деректерді әртүрлі технологиялық форматтар мен құрылымдарда ұсынған кезде деректерді автоматтандырылған өңдеу тетігін іске асыру;

      2) динамикалық қатарларды қалыптастыру және көрсету тетігін іске асыру;

      3) статистика кіші жүйесінің метадеректерін жүргізу кезінде статистика кіші жүйесі пайдаланушыларына ескертулер мен хабарламалар тетігін іске асыру;

      4) статистика кіші жүйесінің метадеректерін сүзгілеу, іздеу және ұсыну механизмдерін жетілдіру;

      5) статистика кіші жүйесінің құралдық құралдары мен пайдаланушы интерфейсін жетілдіру және дамыту;

      6) Одаққа жаңа мүше мемлекеттердің қабылдануына байланысты деректер статистикасы кіші жүйесін жетілдіру және дамыту;

      7) регламенттелген есептілік пен жарияланымдар құрамын кеңейту;

      8) сыртқы ақпараттық жүйелермен, сондай-ақ интеграцияланған жүйенің басқа кіші жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимыл механизмдерін кеңейту және дамыту.

      4.2.6.3. Статистика кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.

      4.2.6.4. Статистика кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.

      4.2.7 Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.7.1. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі мынадай функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына түсіндірмелерді электрондық түрде сақтауды;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне енгізілетін өзгерістердің тарихын және осы өзгерістер енгізілген құжаттар туралы ақпаратты сақтауды;

      3) барлық өзгерістердің тарихын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты жедел ұсынуды;

      4) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына байланысты мынадай ақпаратты сақтауды және пайдалануды:

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының халықаралық негізінің өзгерістері;

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі мүше мемлекеттердің тарифтік міндеттемелері;

      тауар номенклатураларының әртүрлі нұсқалары арасындағы өтпелі кестелер;

      5) кедендік-тарифтік реттеу шараларын есепке алуды, оның ішінде:

      әкелу кедендік баждарының мөлшерлемелері (Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі);

      тарифтік жеңілдіктер (ұсыну жағдайлары мен шарттары, сондай-ақ оларды қолдану тәртібі);

      Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі мөлшерлемелерінен өзгеше тауарлар мен мөлшерлемелер тізбелері;

      Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес әкелу кедендік баждарының мөлшерлемелері Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемелерінен төмен қолданылатын тауарлар тізбесі және осындай баж мөлшерлемелерінің мөлшері;

      Одақтың үшінші тараппен жасасқан халықаралық шарттарына сәйкес әкелу кедендік баждарының преференциялық мөлшерлемелері қолданылатын жекелеген тауарлар тізбелері;

      жекелеген ауыл шаруашылығы тауарлары түрлерінің тізбелері, оларға қатысты тарифтік квоталар белгіленген, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарына әкелінетін осы тауарларға қатысты тарифтік квоталар көлемдері;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі әкелу кедендік бажының мөлшерлемесін өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесі;

      Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде тарифтік преференциялар берілетін, дамушы және ең аз дамыған елдерден шыққан және әкелінетін тауарлар тізбесі;

      Одақтың тарифтік преференциялардың бірыңғай жүйесін пайдаланушы дамушы елдер тізбесі;

      Одақтың тарифтік преференциялардың бірыңғай жүйесін пайдаланушы ең аз дамыған елдер тізбесі;

      6) тарифтік емес реттеу шараларын есепке алуды, оның ішінде:

      үшінші елдермен саудада тауарларды әкелуге немесе әкетуге/импорттауға немесе экспорттауға қатысты бірыңғай тарифтік емес реттеу шаралары (тыйым салулар, сандық шектеулер, айрықша құқық, автоматты лицензиялау (бақылау), рұқсат беру тәртібі) қолданылатын тауарлар тізбесі;

      Одақтың ішкі нарығы үшін айтарлықтай маңызды болып табылатын және ерекше жағдайларда экспортына уақытша тыйым салулар немесе сандық шектеулер енгізілуі мүмкін тауарлар тізбесі;

      тауарларды экспорттауға және (немесе) импорттауға айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылар тізбесі;

      7) Комиссия белгілеген жағдайларда лицензиялау қолданылатын тауарлар тізбесін жүргізуді;

      8) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізу жөніндегі Комиссия шешімдерінің жобаларын дайындауды;

      9) Комиссияның ақпараттық ресурстарымен және ақпараттық жүйелерімен, сондай-ақ интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерімен өзара іс-қимылды, ол интеграциялық платформаны пайдалану арқылы мынадай мақсаттарда қамтамасыз етілуге тиіс:

      Одақтың Ақпараттық порталы пайдаланушыларына кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары туралы толық және өзекті ақпаратты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасымен өзара байланыста жедел ұсыну және алу;

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына енгізілетін өзгерістерге байланысты тауарларға қатысты белгіленген бірыңғай тарифтік емес реттеу шараларына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы ақпаратты жедел алу;

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне енгізілген өзгерістер туралы мүдделі уәкілетті органдарды жедел хабардар ету;

      10) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін типографиялық басылымға дайын түрінде қалыптастыруды.

      4.2.7.2. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізілген кезде кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы кодтарымен сыныпталатын тауарларға қатысты мемлекеттік бақылаудың әртүрлі түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін, өзгертілуге жататын Комиссия шешімдеріне сілтемелерді автоматтандырылған түрде анықтауды қамтамасыз етуге тиіс, осыған сәйкес мұндай шешімдердің жаңа редакциясын қалыптастыру мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.

      4.2.7.3. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі енгізілетін өзгерістер тарихын қолдаумен ақпаратты жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс, оның ішінде оларды редакциялау процесінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің әртүрлі нұсқаларын қолдау қамтамасыз етілуге тиіс.

      4.2.7.4. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі бойынша ақпаратты іздеу интерфейсі іске асырылуға тиіс.

      4.2.7.5. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі бойынша ақпаратты іздеу интерфейсінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің соңғы жаңартылған күні көрсетілуге тиіс, сондай-ақ алдыңғы кезеңдердегі кедендік тарифтер туралы ақпарат алу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.

      4.2.7.6. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының нақты тауар позициясы бөлінісінде деректерге қол жеткізу іске асырылуға тиіс.

      4.2.7.7. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесін дамытуға қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.

      4.2.7.8. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені дамыту процесінде нақтылануы мүмкін.

      4.2.8. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.8.1. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесі мынадай компоненттерді қамтуға тиіс:

      1) ортақ процестерді іске асыру кіші жүйесі;

      2) базалық компоненттер кіші жүйесі.

      4.2.8.2. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесі Комиссия әзірлейтін және бекітетін тиісті технологиялық құжаттарда белгіленетін талаптарға сәйкес Комиссияның интеграциялық сегменті шеңберінде ортақ процестерді іске асыруды қамтамасыз ететін сервистер жиынтығын (бұдан әрі – ортақ процестер сервистері) қамтуға тиіс.

      4.2.8.3. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесі ортақ процестердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпаратты алу және (немесе) беру, ортақ ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мақсатында Комиссияның интеграциялық сегментінің басқа кіші жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.8.4. Ортақ процестер сервистері, оның ішінде мынадай функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) ұлттық сегменттерден Комиссияның интеграциялық сегментіне арналған электрондық хабарламаларды қабылдау;

      2) ұлттық сегменттердің сұрауы бойынша Комиссияның интеграциялық сегменті кіші жүйелерінен ақпарат алу.

      4.2.8.5. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесі Комиссия әзірлейтін және бекітетін ортақ процестердің технологиялық құжаттарында белгіленетін талаптарға сәйкес ортақ процестердің барлық қатысушылары орындайтын операцияларды базалық іске асыруды қамтамасыз ететін біріздендірілген компоненттерді (бұдан әрі – ортақ процестерді базалық іске асыру компоненттері) қамтуға тиіс.

      4.2.8.6. Ортақ процестерді базалық іске асыру компоненттері интеграцияланған жүйені кешенді және мемлекетаралық тестілеу мен сынақтар кезінде пайдалануға арналған және қажет болған жағдайда ұлттық сегменттерде ортақ процестер сервистерін іске асыру кезінде пайдаланылуы мүмкін.

      4.2.8.7. Ортақ процестерді базалық іске асыру компоненттері ортақ процестерді іске асыру үшін қажетті функциялар жиынтығын қамтамасыз етуге тиіс, оның ішінде:

      1) ортақ процестердің технологиялық құжаттарының талаптарына сәйкес ақпаратты енгізу, редакциялау және қарау;

      2) ортақ процестердің технологиялық құжаттарының талаптарына сәйкес енгізілетін ақпаратқа форматтық-логикалық бақылау жүргізу;

      3) енгізілген ақпаратты ұзақ мерзімге сақтау;

      4) интеграциялық платформа құралдарымен ортақ процестер сервистерімен өзара іс-қимыл жасау.

      4.2.8.8. Ортақ процестерді базалық іске асыру компоненттері ортақ процестердің технологиялық құжаттарының талаптарына сәйкес интеграциялық платформа құралдарымен электрондық хабарламаларды қабылдау және жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.8.9. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесі пайдаланушы интерфейсі арқылы енгізілген немесе ортақ процестер сервистерінен алынған ақпаратты іздеу және қарау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.8.10. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесі пайдаланушы интерфейсі арқылы енгізілген немесе ортақ процестер сервистерінен алынған деректер негізінде электрондық құжаттардың (электрондық түрдегі құжаттардың) баспа нысандарын қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.8.11. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесі осы кіші жүйеде өңделетін деректерге ЭЦҚ қою және тексеру функцияларын жүзеге асыратын сыртқы компоненттерді қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.8.12. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесі ортақ процестер сервистерінен (ортақ процестер сервистеріне) электрондық хабарламаларды қабылдау және жіберу үшін ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзіне қосылуды ортақ процестердің технологиялық құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.8.13. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесі ортақ процестер сервистерінде және базалық іске асыру компоненттерінде технологиялық құжаттардың әртүрлі нұсқаларын бір мезгілде қолдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.8.14. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесі ортақ процестердің хабарламаларын қалыптастыру, бақылау және өңдеу сервистерін, оның ішінде ортақ процестер шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды автоматтандырылған тестілеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында қайта пайдалану мүмкіндігін беретін бағдарламалық интерфейстерді қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.8.15. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесі пайдаланушылардың әрекеттерін және ақпараттық алмасу операцияларын журналға тіркеп отыруды, сондай-ақ басқа кіші жүйелер үшін журналдарға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.8.16. Ортақ процестер сервистері ұзақ мерзімді сақтауға жататын деректерді беру, сондай-ақ мұндай деректерді талдау және түрлендіруді қамтамасыз ету үшін интеграциялық сегменттің деректер қоймасымен өзара іс-қимыл мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.8.17. Базалық іске асыру компоненттері әртүрлі тестілеу түрлерін, оның ішінде функционалдық емес тестілеуді жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.8.18. Базалық іске асыру компоненттері Комиссия регламенттейтін мемлекеттік билік органдары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл рәсімдерін іске асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осындай өзара іс-қимыл барысында алынған ақпаратты ортақ процестер хабарламаларына түрлендіру үшін өз функцияларын кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.8.19. Әртүрлі ортақ процестер бойынша ортақ процестер сервистері мен базалық іске асыру компоненттері орындайтын функциялар ұқсас функционалдылықтың қайталануын барынша азайту үшін ортақ процестерді басқару кіші жүйесінің ортақ сервистері арқылы ұсынылуға тиіс.

      4.2.8.20. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.

      4.2.8.21. Ортақ процестерді басқару кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.

      4.2.9. Интеграциялық платформаға қойылатын талаптар

      4.2.9.1. Интеграциялық шлюздерге қойылатын талаптар

      4.2.9.1.1. Интеграциялық шлюз Комиссияның және уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері арасында деректердің (XML, MIME форматтарындағы хабарламалар және файлдар) электрондық алмасуын қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.1.2. Интеграциялық шлюз Комиссияның және уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялық платформаға қосу мүмкіндігін ұсынуға және (қажет болған жағдайда) электрондық хабарламалардың хаттамалары мен форматтарын түрлендіруді қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.1.3. Интеграциялық шлюз Комиссияның және уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінен түсетін электрондық хабарламаларды іргелес сегменттердің интеграциялық шлюздеріне бағыттауды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.1.4. Комиссияның интеграциялық сегментінің және ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзі іргелес сегменттердің интеграциялық шлюздерімен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.1.5. Интеграциялық шлюз іргелес сегменттердің интеграциялық шлюздерінен түсетін электрондық хабарламаларды Комиссияның және уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелеріне бағыттауды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.1.6. Интеграциялық шлюз электрондық құжаттардағы электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растау үшін сенім білдірілген үшінші тарап қызметінің сервистерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.1.7. Интеграциялық шлюз осы шлюз арқылы орындалатын операциялардың журналдарын жүргізуді жүзеге асыруға тиіс.

      4.2.9.1.8. Интеграциялық шлюз баптау кезінде бағыттау параметрлерін файлға іріктеп түсіру мүмкіндігін, сондай-ақ бағыттау параметрлерін файлдан іріктеп жүктеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.1.9. Интеграциялық шлюз интеграциялық шлюздердің функцияларына бағдарламалық интерфейстерді (API) пайдалану арқылы қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.1.10. Интеграциялық шлюз деректердің электрондық алмасуы процесінде туындайтын қателер туралы ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушыларды хабардар ету механизмдерін дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.1.10. Интеграциялық шлюз қолданылатын деректерді беру хаттамасына және ақпараттық алмасу мақсаттарына байланысты деректерді синхронды және асинхронды өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.2. Комиссияның интеграциялық сегментінің деректерді синхрондау кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.9.2.1. Комиссияның интеграциялық сегментінің деректерді синхрондау кіші жүйесі Комиссияның интеграциялық сегментінде орналастырылған ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.2.2. Комиссияның интеграциялық сегментінің деректерді синхрондау кіші жүйесі Комиссияның ақпараттық жүйелері ұсынатын функцияларды шақыру немесе Комиссияның ақпараттық жүйелерінде қамтылған деректерге қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламалық интерфейстерді (сервистерді) ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.2.3. Комиссияның интеграциялық сегментінің деректерді синхрондау кіші жүйесі сервистерге жүгінулерді Комиссияның ақпараттық жүйелеріне бағыттауды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.2.4. Комиссияның интеграциялық сегментінің деректерді синхрондау кіші жүйесі осы кіші жүйе құралдарымен орындалатын операциялардың журналдарын жүргізуді жүзеге асыруға тиіс.

      4.2.9.2.5. Комиссияның интеграциялық сегментінің деректерді синхрондау кіші жүйесі жүгінуге қолжетімді сервистердің тізбесін жүргізуді, осы сервистер бойынша ақпаратты іздеу және қарау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.2.6. Комиссияның интеграциялық сегментінің деректерді синхрондау кіші жүйесі баптау кезінде бағыттау параметрлерін файлға іріктеп шығару мүмкіндігін, сондай-ақ бағыттау параметрлерін файлдан іріктеп жүктеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.3. Көліктік кіші жүйеге қойылатын талаптар

      4.2.9.3.1. Көліктік кіші жүйе хабарламалар кезектерін пайдалану арқылы немесе деректерді беру мен алудың қайталама әрекеттері механизмдерін, сондай-ақ деректерді алу фактісін растауды пайдалану арқылы интеграциялық платформа компоненттері арасында электрондық хабарламалардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.3.2. Көліктік кіші жүйе хабарламалар кезектерін пайдалану арқылы интеграциялық платформаға қосылатын интеграциялық платформа компоненттерінің, іргелес жүйелер мен интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің әрқайсысы үшін хабарламалар кезектерінің жиынтығын ұсынуға тиіс.

      4.2.9.3.3. Көліктік кіші жүйе электрондық хабарламалардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін хабарламалар кезектерін, сондай-ақ көліктік кіші жүйенің басқа объектілерін құру, өзгерту және жою мүмкіндігін ұсынуға тиіс.

      4.2.9.3.4. Көліктік кіші жүйе көліктік деңгейде интеграциялық платформа компоненттері арасында электрондық хабарламаларды бағыттауды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.3.5. Көліктік кіші жүйе деректерді беру арналарының пайдаланылуын оңтайландыру үшін берілетін электрондық хабарламаларды сығымдауды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.3.6. Интеграциялық платформа құрамындағы көліктік кіші жүйе интеграциялық платформа компоненттері арасында, оның ішінде HTTP хаттамасын пайдалана отырып, деректер алмасуды қолдауға тиіс.

      4.2.9.3.7. Көліктік кіші жүйе кіріс және шығыс сұрауларды параллель өңдеуді, оның ішінде асинхронды шақыруларды қолдауды және бірнеше сұрауды бір мезгілде өңдеуді қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.4. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.9.4.1. Интеграциялық платформа сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесін пайдалану арқылы сыртқы ақпараттық жүйелерді қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.4.2. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі интеграцияланған жүйенің кіші жүйелеріне жүгіну үшін сервистер ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.4.3. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі интеграцияланған жүйенің кіші жүйелері ұсынатын функциялар жиынтығы кеңейген жағдайда, сол кіші жүйелерге жүгіну үшін сервистер тізбесін кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.4.4. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі интеграцияланған жүйенің кіші жүйелеріне жүгіну үшін қолжетімді сервистер тізбесін жүргізуді, осы сервистер бойынша ақпаратты іздеу және қарау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.4.5. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі сервистерге қол жеткізу құқықтарын ажыратуды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.4.6. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі сыртқы ақпараттық жүйелерден келіп түсетін сұраулардың дұрыстығын бақылауды, оның ішінде келіп түсетін сұрауларға форматтық-логикалық бақылауды жүзеге асыруға тиіс.

      4.2.9.4.7. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі келіп түсетін сұрауларды интеграциялық платформаның тиісті сервистеріне бағыттауды орындауға тиіс.

      4.2.9.4.8. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі интеграциялық платформаның сервистеріне келіп түсетін жүгінулер журналдарын жүргізуді жүзеге асыруға тиіс.

      4.2.9.5. Түйістіру кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.9.5.1. Түйістіру кіші жүйесі қажет болған жағдайда сыртқы жүйелерден келіп түсетін электрондық хабарламалардың хаттамалары мен форматтарын интеграцияланған жүйенің электрондық хабарламасы форматына түрлендіруді қамтамасыз ететін мамандандырылған адаптерлер (бағдарламалық құралдар) жиынтығы ретінде іске асырылуға тиіс.

      4.2.9.6. Интеграциялық платформа оқиғалар журналдарының негізінде интеграциялық платформаның жұмысқа қабілеттілігінің қолданбалы параметрлерін жинау, талдау және көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.7. Интеграциялық платформа деректермен электрондық алмасу кезінде хабарламалар саны мен көлемі ұлғайған жағдайда да жұмысқа қабілеттілігін сақтауға тиіс.

      4.2.9.8. Интеграциялық платформа көлемі 100 Мбайтқа дейінгі электрондық хабарламаларды беруді, сондай-ақ электрондық хабарламамен байланысты жалпы көлемі 2 Гбайтқа дейінгі файлдарды беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.9.9. Интеграциялық платформаға қойылатын талаптар мүше мемлекеттермен келісу шартымен интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.

      4.2.9.10. Интеграциялық платформаға қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.

      4.2.10. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен регистрлерді жүргізу кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.10.1. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен регистрлерді жүргізу кіші жүйесі ортақ процестерді іске асыру шеңберінде пайдаланылатын нормативтік-анықтамалық ақпаратты қамтитын объектілерді жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс, олардың тізбесі ортақ процестерді жобалау кезеңінде айқындалады (бұдан әрі – нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілері).

      4.2.10.2. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен регистрлерді жүргізу кіші жүйесі нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілерін орталықтандырылған және орталықтандырылмаған түрде жүргізу және тарату мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.10.3. Ортақ процестерді іске асыру кезінде бірлесіп пайдаланылатын нормативтік-анықтамалық ақпарат объектісі орталықтандырылған түрде жүргізілген жағдайда, нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен регистрлерді жүргізу кіші жүйесі Комиссияның және уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері үшін осы объект бойынша анықтамалық деректердің бастапқы көзі болуға тиіс.

      4.2.10.4. Нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілері орталықтандырылған түрде жүргізілген жағдайда, нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен регистрлерді жүргізу кіші жүйесі мынадай функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілерінің жаңа жазбаларын жасау және қолданыстағы жазбаларын өзгерту;

      2) нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілерінің жазбаларының тұтастығын, толықтығын және дұрыстығын бақылау;

      3) нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілерінің жаңа нұсқаларын шығару процесін басқару және оларды алдыңғы кезең үшін архивтік сақтау.

      4.2.10.5. Нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілері орталықтандырылмаған түрде жүргізілген жағдайда, нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен регистрлерді жүргізу кіші жүйесі уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын деректерді біріктіру рәсімдерінің кешенін іске асыра отырып, нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілерінің бытыраңқы анықтамалықтарын біріктіру функциясын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.10.6. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен регистрлерді жүргізу кіші жүйесі интеграциялық платформаны пайдалана отырып, нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілерінің деректерін интеграцияланған жүйенің басқа кіші жүйелеріне және ұлттық сегменттерге таратуды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.10.7. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен регистрлерді жүргізу кіші жүйесі нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілерін Одақтың ақпараттық порталында жариялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.10.8. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен регистрлерді жүргізу кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.

      4.2.10.9. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен регистрлерді жүргізу кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.

      4.2.11. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.11.1. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі ақпараттық қауіпсіздік қатерлеріне, ақпараттық қауіпсіздікті бұзушы моделіне, қорғау объектілерінің құрамына, ақпараттық технологияларға және интеграцияланған жүйенің құрылымдық-функционалдық сипаттамаларына байланысты мынадай міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге тиіс:

      1) ақпаратты антивирустық қорғау;

      2) желіаралық экрандау және басып кіруді анықтау (болдырмау);

      3) веб-қосымшаларды қорғау;

      4) қауіпсіздік оқиғаларын тіркеу;

      5) ақпараттың қорғалуын бақылау (талдау);

      6) ақпараттық қауіпсіздік осалдықтарын анықтау;

      7) шектеулі таратылатын ақпаратты және ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау құралдарын қорғау;

      8) маңызды конфигурациялық деректердің тұтастығын бақылау;

      9) артықшылықты пайдаланушылардың қол жеткізуін басқару;

      10) Интернет желісіне қол жеткізетін Комиссияның интеграциялық сегменті кіші жүйелерінің компоненттеріне сыртқы пайдаланушылардың қол жеткізуі үшін қорғалған қосылу шлюзін ұсыну.

      4.2.11.2. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі шеңберінде интеграциялық платформаның барлық компоненттерінің (оның ішінде ұлттық сегменттердің интеграциялық шлюздерінің) ақпаратты қорғау оқиғалары туралы деректерді автоматты түрде жинауды қамтамасыз ету бөлігінде ақпаратты қорғау оқиғаларын тіркеу кіші жүйесінің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейту іске асырылуға тиіс, бұған үздіксіз орталықтандырылған мониторинг, жиналған деректердің корреляциясы және ақпаратты қорғау инциденттерін анықтау кіреді.

      4.2.11.3. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі шеңберінде интеграцияланған жүйенің ақпараттық қауіпсіздігін басқаруды регламенттейтін құжаттар әзірленуге тиіс, оның ішінде:

      1) интеграциялық сегменттің ақпаратты қорғауын басқару рәсімдерін айқындау;

      2) ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін және түзету іс-қимылдарын басқару;

      3) интеграциялық сегменттің кіші жүйелеріне ішкі тексерулер жүргізу;

      4) ақпаратты қорғаудың жұмыс істеуі бойынша есептілікті (тиімділігін бағалаумен) ұсыну;

      5) ақпаратты қорғау жай-күйін тұрақты талдау.

      4.2.11.3. Интеграцияланған жүйеде ақпаратты қорғау Комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 96 шешімімен бекітілген трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарға және Комиссия бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарға, сондай-ақ ұлттық сегменттер бөлігінде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс.

      4.2.11.4. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені дамыту процесінде нақтылануы мүмкін.

      4.2.11.5. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.

      4.2.12. Комиссияның сенім білдірілген үшінші тарап қызметі кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.12.1. Комиссияның СБҮТ қызметі кіші жүйесі, оның ішінде Комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 96 шешімімен бекітілген трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарға және Комиссия бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес, мынадай функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) электрондық құжаттың және электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру;

      2) электрондық құжаттың тұтастығын тексеру;

      3) Комиссияның интеграциялық сегментінен шығатын электрондық құжатқа қойылған ЭЦҚ жарамдылығын тану, оның ішінде осы электрондық құжатқа қол қойылғаннан кейін оған өзгерістер енгізілмегенін растау және осы электрондық құжатқа қойылған ЭЦҚ-ның тиісті ЭЦҚ тексеру кілті сертификатының иесіне тиесілігін растау;

      4) Комиссияның интеграциялық сегментіне кіретін электрондық құжаттың ЭЦҚ тексеру нәтижесіне қойылған мүше мемлекеттің ұлттық сегментінің СБҮТ қызметінің ЭЦҚ жарамдылығын тану, оның ішінде осы тексеру нәтижесіне қол қойылғаннан кейін оған өзгерістер енгізілмегенін растау және осы тексеру нәтижесіне қойылған ЭЦҚ-ның тиісті электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру кілті сертификатының иесіне тиесілігін растау;

      5) СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы Комиссияның СБҮТ қызметіне берген ЭЦҚ тексеру кілті сертификатына негізделген Комиссияның СБҮТ қызметінің ЭЦҚ-сымен Комиссияның интеграциялық сегментінен шығатын электрондық құжаттың ЭЦҚ тексеру нәтижесіне қол қою;

      6) Комиссияның куәландырушы орталығы Комиссияның СЮҮТ қызметіне берген ЭЦҚ тексеру кілті сертификатына негізделген Комиссияның сенім білдірілген үшінші тарап қызметінің ЭЦҚ-сымен Комиссияның интеграциялық сегментіне кіретін электрондық құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру нәтижесіне қол қою;

      7) электрондық құжаттағы ЭЦҚ қолданудың заңдылығын мынадай талаптардың жиынтығын сақтау тұрғысынан тексеру:

      ЭЦҚ арқылы қол қойылатын деректердің тұтастығы бұзылмаған;

      ЭЦҚ жабық (жеке) кілтті пайдалана отырып жасалған, оның тиісті ашық кілтінің сертификаты (ЭЦҚ тексеру кілті сертификаты) осы ЭЦҚ құрамында көрсетілген;

      ЭЦҚ тексеру кілті сертификаты электрондық құжатқа қол қою сәтінде жарамды;

      сертификаттар тізбегіндегі әрбір куәландырушы орталықтың сертификаты қол қою сәтінде жарамды;

      8) электрондық құжаттарды және ЭЦҚ тексеру нәтижелерін қамтитын түбіртектерді қалыптастыру;

      9) Комиссияның СБҮТ қызметі кіші жүйесі орындайтын операцияларды құжаттау;

      10) Комиссия Алқасының мүшелерінің және ақпаратты қорғау саласындағы уәкілетті органдардың сұраулары бойынша Комиссияның сенім білдірілген үшінші тарап қызметі кіші жүйесінің операциялары туралы ақпарат ұсыну;

      11) интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде белгіленетін өзге де функциялар.

      Комиссияның СБҮТ қызметі кіші жүйесі жүргізетін тексерулер, сондай-ақ осы тексерулердің нәтижелерін көрсететін түбіртектерді қалыптастыру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының өзара және Еуразиялық экономикалық комиссиямен трансшекаралық өзара іс-қимылы кезінде электрондық құжаттармен алмасу туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      4.2.12.2. Комиссияның СБҮТ қызметі кіші жүйесі қажет болған жағдайда оны ұлттық сегменттің сенім білдірілген үшінші тарап қызметінің негізгі компоненті ретінде өрістету және пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп жобалануға тиіс.

      4.2.12.3. Комиссияның СБҮТ қызметі кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.

      4.2.12.4. Комиссияның СБҮТ қызметі кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.

      4.2.13. Инфрақұрылымдық платформаға қойылатын талаптар

      4.2.13.1. Инфрақұрылымдық платформа – бұл бірыңғай басқару жүйесі бар Комиссияның интеграциялық сегментінің бүкіл жүйелік-техникалық инфрақұрылым жиынтығын қамтуға тиіс қамтамасыз етуші кіші жүйе.

      4.2.13.2. Инфрақұрылымдық платформа мынадай компоненттерді қамтуға тиіс:

      1) базалық инфрақұрылымдық сервистер, оның құрамында:

      домендік атауларды айқындау қызметі;

      пошталық хабарламаларды жіберу қызметі;

      уақыт қызметі;

      пайдаланушылардың жаһандық каталогы қызметі;

      2) виртуализация кіші жүйесі;

      3) үздіксіз өрістету кіші жүйесі;

      4) резервтік көшіру кіші жүйесі;

      5) контейнерлеуді басқару кіші жүйесі;

      6) сұраулар мен инциденттерді басқару кіші жүйесі;

      7) жаңартуларды орталықтандырылған орнату кіші жүйесі;

      8) TLS сертификаттарын басқару кіші жүйесі;

      9) мониторинг және басқару кіші жүйесі;

      10) деректерді беру желілерінен;

      деректерді сақтау жүйелерінен;

      есептеу ресурстарынан

      тұратын есептеу кешендері кіші жүйесі;

      11) ДББЖ басқару кіші жүйесі.

      4.2.13.3. Инфрақұрылымдық платформа мынадай функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) физикалық және виртуалды есептеу ресурстарын ұсыну;

      2) деректерді өңдеу орталығы шегінде интеграцияланған жүйенің Комиссияның интеграциялық сегментінің кіші жүйелері мен компоненттері арасында желілік байланыстылықты ұсыну;

      3) Комиссияның ақпараттық инфрақұрылымының жай-күйін мониторингтеу;

      4) интеграцияланған жүйенің бағдарламалық компоненттерін құрастыру, автоматты тестілеу және өрістету үшін үздіксіз интеграция сервистерін ұсыну;

      5) жаңартуларды орталықтандырылған орнату;

      6) интеграцияланған жүйенің кіші жүйелері мен компоненттерін пайдалану мәселелері бойынша өтінімдер мен инциденттерді басқару;

      7) интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің техникалық қамтамасыз етілуіне, жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етілуіне түгендеу жүргізу.

      4.2.13.4. Инфрақұрылымдық платформаға қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені дамыту процесінде нақтылануы мүмкін.

      4.2.13.5. Инфрақұрылымдық платформаға қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.

      4.2.14. Интеграциялық сегменттің деректер қоймасына қойылатын талаптар

      4.2.14.1. Интеграциялық сегменттің деректер қоймасы (интеграциялық сегменттің деректерді сақтау және өңдеу кіші жүйесі) ортақ процестерді іске асыру, кіші жүйелердің жұмыс істеуі кезінде жинақталатын деректерді, оның ішінде статистикалық ақпаратты, интеграцияланған жүйенің Комиссияның интеграциялық сегментінде өңделетін және сақтауға жататын өзге де деректер мен мәліметтерді алу, өңдеу, сақтау және ұсыну үшін арналған.

      4.2.14.2. Деректер қоймасында ортақ процестер мен интеграциялық сегменттің кіші жүйелерінің деректерін, цифрлық платформаларға арналған сервистерді ұзақ мерзімді ауқымы өсетін сақтау және өңдеу механизмдері, сондай-ақ цифрлық платформалар пайдаланатын деректерді өңдеу, сақтау және ұсыну қамтамасыз етілуге тиіс.

      4.2.14.3. Деректер қоймасында деректерді талдау механизмдері (деректердегі аномалияларды іздеу, тәуелділіктерді іздеу және басқалары) іске асырылуға тиіс.

      4.2.14.4. Деректер қоймасында сапалық тұрғыдан жаңа жиынтықтар мен деректердің талдамалық ұсынылымдарын алуға мүмкіндік беретін деректерді біріктіру және түрлендірудің бапталатын механизмдері іске асырылуға тиіс.

      4.2.14.5. Интеграциялық сегменттің деректерді сақтау және өңдеу кіші жүйесін әзірлеу кезінде интеграцияланған жүйенің басқа кіші жүйелері мен компоненттерінің интеграциялық сегменттің деректер қоймасының функциялары мен сервистерін пайдалануға көшуі бөлігінде интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін жаңғыртуды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.14.6. Интеграциялық сегменттің деректерді сақтау және өңдеу кіші жүйесін құру есебінен интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерімен деректерді алу, өңдеу, сақтау және ұсыну механизмдерін іске асыру; ортақ процестерді іске асыру немесе интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінде деректерді өңдеу кезінде алынатын және интеграцияланған жүйенің ақпараттық ресурстары мен сервистерін пайдалана отырып іске асырылатын цифрлық платформалар үшін деректерді түрлендіру және жүктеудің бірыңғай механизмін құру қамтамасыз етілуге тиіс.

      4.2.14.7. Интеграциялық сегменттің деректер қоймасына қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.

      4.2.15. Цифрлық платформаларды интеграциялау кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.15.1. Цифрлық платформаларды интеграциялау кіші жүйесі интеграцияланған жүйе кіші жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктерін, ұлттық сегменттердің шешімдерін біріктіретін, цифрлық сервистерді іске асыру үшін қажетті функционалдылық пен интерфейстерді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұйымдастырушылық-техникалық шешімдердің жиынтығы болуға тиіс.

      4.2.15.2. Цифрлық платформаларды интеграциялау кіші жүйесі интеграцияланған жүйенің құралдары, технологиялары мен әдістері арқылы іске асырылған интеграцияланған жүйенің әдіснамалық, технологиялық, техникалық және өзге де қамтамасыз ету түрлері мен шешімдерінің негізінде заманауи цифрлық технологияларды енгізу есебінен құрылатын және дамытылатын жүйе болып табылады.

      4.2.15.3. Цифрлық платформаларды интеграциялау кіші жүйесі интеграцияланған жүйенің функционалдылығы мен сервистеріне қол жеткізу технологияларын олардың негізінде цифрлық сервистерді құру үшін ұсынуға тиіс, оның ішінде:

      цифрлық платформалар мен сервистерді тіркеу;

      пайдаланушылар мен жүйелерді интеграцияланған жүйе кіші жүйелерінің функцияларына, цифрлық платформаның функциялары мен деректеріне қол жеткізу үшін сәйкестендіру;

      интеграцияланған жүйе кіші жүйелерінің функциялары мен сервистеріне қол жеткізу механизмдері;

      цифрлық сервистерді іске асыру мүмкіндіктерін ұсынатын ақпараттық және инфрақұрылымдық сервистерді әзірлеу;

      типтік процестерді, құралдарды, кітапханаларды, сервистер мен шаблондарды пайдалана отырып, цифрлық сервистерді жобалау, әзірлеу, тестілеу, шығару процестерін қамтамасыз ету;

      цифрлық сервистерді жариялауға өтінімдерді жасау және келісу;

      цифрлық сервисті тестілеуді жүргізу;

      цифрлық сервисті жариялау (орналастыру);

      берілетін құжаттардың заңды күшін қамтамасыз ете отырып, трансшекаралық электрондық құжат айналымын қамтамасыз ету сервистеріне қол жеткізуді ұсыну;

      ақпараттық, инфрақұрылымдық және цифрлық сервистер тізілімін жүргізу.

      4.2.15.4. Цифрлық платформаларды интеграциялау кіші жүйесі микросервистік архитектураны ескере отырып әзірленуге тиіс.

      4.2.15.5. Цифрлық платформаларды интеграциялау кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.

      4.2.16. СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығына қойылатын талаптар

      4.2.16.1. СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы интеграцияланған жүйенің СБҮТ қызметі шеңберінде мүше мемлекеттердің СБҮТ қызметтері сервистерінің және Комиссияның СБҮТ қызметі кіші жүйесінің, сондай-ақ интеграцияланған жүйе құрамына кірмейтін СБҮТ қызметтері сервистерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарын басқарудың иерархиялық жүйесін құруға арналған.

      4.2.16.2. Интеграцияланған жүйені құру және жаңғырту жөніндегі алдыңғы кезеңдер шеңберінде іске асырылған функцияларға қойылатын талаптар

      4.2.16.2.1. СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы мынадай функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) мүше мемлекеттердің СБҮТ қызметтерін және Комиссияның СБҮТ қызметін тіркеу;

      2) мүше мемлекеттердің СБҮТ қызметтерінің және Комиссияның БҮТ қызметінің ЭЦҚ кілттерінің сертификаттарын шығару (жасау);

      3) мүше мемлекеттердің СБҮТ қызметтерінің және Комиссияның СБҮТ қызметінің ЭЦҚ кілттерінің сертификаттарын тарату (беру);

      4) мүше мемлекеттің СБҮТ қызметінің, Комиссияның СБҮТ қызметінің ЭЦҚ тексеру кілтінің тиесілігін сенімді растау;

      5) шығарылған ЭЦҚ кілттері сертификаттарын кері қайтарып алуды басқару;

      6) берілген ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарын жою;

      7) шығарылған ЭЦҚ кілттері сертификаттарын сақтау;

      8) СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы берген ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарының тізілімін жүргізу, оның ішінде осы сертификаттарда қамтылған ақпаратты, сондай-ақ ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарының қолданылуын тоқтату немесе жою күні және мұндай тоқтатудың немесе жоюдың негіздері туралы ақпаратты қамтитын;

      9) қолданыстағы ЭЦҚ кілттері сертификаттарының, кері қайтарылған ЭЦҚ кілттері сертификаттарының тізілімдерін жүргізу;

      10) мүше мемлекеттердің СБҮТ қызметтерінің және Комиссияның СБҮТ қызметінің операторларына ЭЦҚ құралдарын беру;

      11) интеграцияланған жүйені пайдалана отырып, мүше мемлекеттердің СБҮТ қызметтерінің және Комиссияның СБҮТ қызметінің қызметінің куәландырушы орталығы берген ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарының тізіліміне кез келген уақытта өтеусіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      12) СҮТ қызметінің куәландырушы орталығы ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарының тізілімінде ЭЦҚ тексеру кілттерінің бірегейлігін тексеру;

      13) берілген ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарын басқарумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыру.

      4.2.16.2.2. СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы X.509 Public Key Infrastructure ұсынымдарына сәйкес ашық кілттер инфрақұрылымы негізінде құрылуға тиіс және осы мақсаттар үшін Комиссия бекітетін келісілген электрондық цифрлық қолтаңбаның криптографиялық стандарттарын және келісілген хэштеу функциясының криптографиялық стандарттарын пайдалануға тиіс.

      4.2.16.2.3. СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы тек уәкілетті органдармен келісілген және осы мақсаттар үшін Комиссия бекітетін ЭЦҚ құралдарын және куәландырушы орталық құралдарын пайдалануға тиіс. Осы техникалық тапсырмаға сәйкес жұмыстарды орындау кезінде мүше мемлекеттердің интеграцияланған жүйенің СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығында одан әрі пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба құралдары мен куәландырушы орталық құралдарын бірлесіп әзірлеуді ұйымдастыру мүмкіндігі қаралуға тиіс.

      4.2.16.3. Функцияларды дамыту және жаңғыртуға қойылатын талаптар

      4.2.16.3.1. СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы интеграцияланған жүйенің сенім білдірілген үшінші тарап қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тиіс және қажет болған жағдайда сыртқы ақпараттық жүйелерді қосу мүмкіндігін қамтамасыз ету бөлігінде СБҮТ қызметі кіші жүйелерінің интеграциялық мүмкіндіктерін дамытуды, сондай-ақ сенім білдірілген үшінші тарап қызметін пайдалана отырып заңды мәні бар электрондық өзара іс-қимыл процестерін дамытуды көздейді.

      4.2.16.3.1. СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы мүше мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тарап қызметтері сервистері жіберетін OCSP-сұрауларын және TSP-сұрауларын жүктемені теңгеруді қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.17. Комиссияның куәландырушы орталығына қойылатын талаптар

      4.2.17.1. Комиссияның куәландырушы орталығы Комиссия Алқасының мүшелерін, Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлерін электрондық құжаттарға қол қою үшін ЭЦҚ кілттерінің сертификаттарымен қамтамасыз етуге арналған.

      4.2.17.2. Комиссияның куәландырушы орталығы мынадай функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) ЭЦҚ тексеру кілттерінің сертификаттарын шығару және осындай сертификаттарды оларды алуға жүгінген Комиссия Алқасының мүшелеріне, Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне (бұдан әрі осы тармақта – өтініш берушілер) беру;

      2) өтініш берушінің ЭЦҚ кілтіне иелік етуін растау, ол ЭЦҚ тексеру кілті сертификатын алу үшін көрсетілген ЭЦҚ тексеру кілтіне сәйкес келуге тиіс;

      3) ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарының қолданылу мерзімдерін белгілеу;

      4) берілген ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарын жою;

      5) өтініш берушінің жүгінуі бойынша ЭЦҚ кілті мен ЭЦҚ тексеру кілтін қамтитын (оның ішінде Комиссияның куәландырушы орталығы жасаған) немесе өтініш берушінің ЭЦҚ кілті мен ЭЦҚ тексеру кілтін жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін ЭЦҚ құралдарын беру;

      6) Комиссияның куәландырушы орталығы берген ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарының тізілімін жүргізу, оның ішінде Комиссияның куәландырушы орталығы берген ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарында қамтылған ақпаратты және электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру кілттері сертификаттарының қолданылуын тоқтату немесе жою күні және мұндай тоқтатудың немесе жоюдың негіздері туралы ақпаратты қамтитын;

      7) кез келген тұлғаға ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып, оның ішінде "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісін пайдалана отырып, Комиссияның куәландырушы орталығы берген ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарының тізіліміне кез келген уақытта өтеусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      8) өтініш берушілердің жүгінулері бойынша ЭЦҚ кілттерін және ЭЦҚ тексеру кілттерін жасау;

      9) Комиссияның куәландырушы орталығы берген ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарының тізілімінде ЭЦҚ тексеру кілттерінің бірегейлігін тексеру;

      10) Комиссия Алқасының мүшелерінің, Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің жүгінулері бойынша ЭЦҚ тексеру;

      11) өзі берген ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарын басқаруға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыру.

      4.2.17.3. Комиссияның куәландырушы орталығы X.509 Public Key Infrastructure ұсынымдарына сәйкес ашық кілттер инфрақұрылымы (Public Key Infrastructure) негізінде құрылған және осы мақсаттар үшін Комиссия бекітетін келісілген ЭЦҚ криптографиялық стандарттарын және келісілген хештеу функциясының криптографиялық стандарттарын пайдалануға тиіс.

      4.2.17.4. Комиссияның куәландырушы орталығы уәкілетті органдармен келісілген және осы мақсаттар үшін Комиссия бекіткен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және куәландырушы орталық құралдарын ғана пайдалануға тиіс.

      4.2.18. Нейрондық желілерді басқару кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.18.1. Нейрондық желілерді басқару кіші жүйесі Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің іргелес кіші жүйелері қолданатын барлық жасанды интеллект модельдері мен нейрондық желілерді қамтуға тиіс.

      4.2.18.2. Нейрондық желілерді басқару кіші жүйесі интеграциялық сегменттің деректер қоймасымен интеграциялық сегменттің деректер қоймасында орналастырылған деректер негізінде оқытуды жүргізу үшін өзара іс-қимыл жасауға тиіс.

      4.2.18.3. Нейрондық желілерді басқару кіші жүйесі деректерді талдау және олармен жұмыс істеу жөніндегі міндеттерді орындау кезінде интеграциялық сегменттің деректер қоймасында орналастырылған деректерді пайдалануға тиіс.

      4.2.18.4. Нейрондық желілерді басқару кіші жүйесі мыналарды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) деректерді жіктеу, кластерлеу үшін машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану;

      2) жасанды интеллект сервистерін қолдана отырып аномалияларды анықтау және заңдылықтарды айқындау;

      3) машиналық оқыту (жасанды интеллект) әдістерін және валидация қағидаларын қолдана отырып деректердің тұтастығын, толықтығын және дұрыстығын тексеру арқылы деректер сапасын бақылауды дамыту.

      4.2.18.5. Нейрондық желілерді басқару кіші жүйесі Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің инфрақұрылымы ішінде орналастырылуға және ақпаратты өңдеуге тиіс.

      4.2.19. Ұлттық сегментке қойылатын талаптар

      4.2.19.1. Ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.19.1.1. Ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі ортақ процестерді іске асыру шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзіне қосуды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.19.1.2. Ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі қолданбалы ақпараттық жүйелер қалыптастыратын электрондық құжаттарды ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзіне дейін жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.19.1.3. Ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзінен алынған электрондық құжаттарды қолданбалы ақпараттық жүйелерге дейін жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.19.1.4. Ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзінен электрондық құжаттарды хабарламаны алушының қолданбалы ақпараттық жүйесіне дейін бағыттауды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.19.1.5. Ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі қолданбалы ақпараттық жүйе мен ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзі арасында электрондық құжатты бағыттау және өңдеу функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті технологиялық ақпаратты беруді қамтамасыз етуге тиіс. Көрсетілген технологиялық ақпараттың құрамы Комиссиямен айқындалады.

      4.2.19.1.6. Ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.

      4.2.19.2. Ұлттық сегменттің сенім білдірілген үшінші тарап қызметі кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.19.2.1. Ұлттық сегменттің сенім білдірілген үшінші тарап қызметі кіші жүйесі, оның ішінде Комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 96 шешімімен бекітілген трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарға және Комиссия бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес, мынадай функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) электрондық құжаттың және электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру;

      2) электрондық құжаттың тұтастығын тексеру;

      3) ұлттық сегменттен шығатын электрондық құжатқа қойылған электрондық цифрлық қолтаңбаның жарамдылығын тану, оның ішінде осы электрондық құжатқа қол қойылғаннан кейін оған өзгерістер енгізілмегенін растау және осы электрондық құжатқа қойылған электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру кілті сертификатының иесіне тиесілігін растау;

      4) ұлттық сегментке кіретін электрондық құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру нәтижесіне қойылған Комиссияның сенім білдірілген үшінші тарап қызметінің, басқа мүше мемлекеттің ұлттық сегментінің сенім білдірілген үшінші тарап қызметінің электрондық қолтаңбасының жарамдылығын тану, оның ішінде осы тексеру нәтижесіне қол қойылғаннан кейін оған өзгерістер енгізілмегенін растау және осы тексеру нәтижесіне қойылған электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру кілті сертификатының иесіне тиесілігін растау;

      5) сенім білдірілген үшінші тарап қызметінің куәландырушы орталығы ұлттық сегменттің сенім білдірілген үшінші тарап қызметіне берген электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру кілті сертификатына негізделген ұлттық сегменттің сенім білдірілген үшінші тарап қызметінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен ұлттық сегменттен шығатын электрондық құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру нәтижесіне қол қою;

      6) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұлттық сегменттің сенім білдірілген үшінші тарап қызметіне берілген электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру кілті сертификатына негізделген ұлттық сегменттің сенім білдірілген үшінші тарап қызметінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен ұлттық сегментке кіретін электрондық құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру нәтижесіне қол қою;

      7) ұлттық сегменттің сенім білдірілген үшінші тарап қызметі кіші жүйесі орындайтын операцияларды құжаттау;

      8) Комиссияның және уәкілетті органдардың сұраулары бойынша ұлттық сегменттің сенім білдірілген үшінші тарап қызметі кіші жүйесінің операциялары туралы ақпарат ұсыну;

      9) электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданудың заңдылығын және электрондық құжатқа қол қоятын тұлғаның өкілеттігін тексеру, ол мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданудың заңдылығын және электрондық құжатқа қол қоятын тұлғаның өкілеттігін тексеру жөніндегі Комиссия Алқасының ұсыным(дар)ын ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс;

      10) электрондық құжаттар мен электрондық цифрлық қолтаңбаларды тексеру нәтижелерін қамтитын түбіртектерді қалыптастыру;

      11) интеграцияланған жүйені дамыту процесінде белгіленетін өзге де функциялар.

      Ұлттық сегменттің сенім білдірілген үшінші тарап қызметі кіші жүйесі жүргізетін тексерулер, сондай-ақ осы тексерулердің нәтижелерін көрсететін түбіртектерді қалыптастыру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының өзара және Еуразиялық экономикалық комиссиямен трансшекаралық өзара іс-қимылы кезінде электрондық құжаттармен алмасу туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      4.2.19.2. Ұлттық сегменттің мониторинг және басқару кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.19.2.1. Ұлттық сегменттің мониторинг және басқару кіші жүйесі мониторинг журналына ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзінің және ұлттық сегменттің СБҮТ кіші жүйесінің жұмыс қабілеттілігіне әсер ететін бақыланатын параметрлердің ауытқулары туралы оқиғаларды тіркеу функциясын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.19.2.2. Мониторинг және басқару кіші жүйесі қолжетімділікті бақылауды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сервистердің;

      2) ұлттық сегменттің СБҮТ кіші жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сервистердің;

      3) ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзінің интеграцияланған жүйемен өзара іс-қимыл интерфейстерінің.

      4.2.19.2.3. Мониторинг және басқару кіші жүйесі оқиға туындаған сәтте ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзінің және СБҮТ кіші жүйесінің жұмыс қабілеттілігіне әсер ететін маң оқиғалар туралы ақпаратты Комиссияның интеграциялық сегментінің мониторинг және басқару кіші жүйесіне ұсыну функциясын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.19.2.4. Ұлттық сегменттің мониторинг және басқару кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.

      4.2.19.3. Ұлттық сегментті қорғау кіші жүйесіне қойылатын талаптар

      4.2.19.3.1. Ұлттық сегментті қорғау кіші жүйесі ұлттық заңнамаға және Комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 96 шешімімен бекітілген трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарға сәйкес ақпаратты қорғаудың құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларының кешенін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.19.3.2. Ұлттық сегментті қорғау кіші жүйесі анықталған ақпаратты қорғау инциденттері туралы мәліметтерді мұндай инцидент туындаған сәтте Комиссияның интеграциялық сегментінің ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесіне беруді қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.19.3.3. Ұлттық сегментті қорғау кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.

      4.2.19.4. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптар

      4.2.19.4.1. Ұлттық сегменттің құрамына функционалдық тұрғыдан кірмейтін уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері өз мемлекетінің аумағында ортақ процестерді іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.19.4.2. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзімен өзара іс-қимылы ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылуға тиіс.

      4.2.19.4.3. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесінен алынған электрондық құжаттар мен электрондық түрдегі мәліметтерді өңдеудің қолданбалы логикасын ортақ процестердің технологиялық құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.19.4.4. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері ортақ процестерді іске асыру шеңберінде ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге тиіс.

      4.2.19.4.5. Ортақ процестерді іске асыруға қатысатын уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері қалыптастыратын электрондық құжаттар мен электрондық түрдегі мәліметтер ортақ процестердің технологиялық құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      4.2.19.4.6. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері ортақ процестерді іске асыру шеңберінде бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпаратты пайдалануға тиіс.

      4.2.19.4.7. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.

      4.3. Қамтамасыз ету түрлеріне қойылатын талаптар

      4.3.1. Лингвистикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      4.3.1.1. Интеграцияланған жүйені дамыту кезінде лингвистикалық қамтамасыз етуге қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жекелеген техникалық тапсырмаларда айқындалуға тиіс.

      4.3.1.2. Интеграцияланған жүйе халықаралық тәжірибені және үздік практикаларды ескере отырып, пәндік саланы сипаттаудың, жобалаудың және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің заманауи тілдері мен құралдарын қолдана отырып құрылуға тиіс.

      4.3.2. Бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      4.3.2.1. Интеграцияланған жүйені дамыту үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етумен үйлесімді болуға тиіс.

      4.3.2.2. Интеграцияланған жүйені дамыту үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау кезінде үшінші елдердің бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілері мен өндірушілері енгізуі мүмкін шектеулерге байланысты тәуекелдер ескерілуге тиіс. Одаққа мүше мемлекеттерде әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ қауіпсіздік аудитінен өткен ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтамасыз етуге басымдық берілуге тиіс.

      4.3.2.4. Бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жекелеген техникалық тапсырмаларда айқындалуға тиіс.

      4.3.3. Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      4.3.3.1. Интеграцияланған жүйенің техникалық қамтамасыз етілуіне қойылатын жалпы талаптар

      4.3.3.1.1. Интеграцияланған жүйенің техникалық қамтамасыз етілуі интеграцияланған жүйені құрудың, орналастырудың және пайдаланудың, сондай-ақ персоналды оқытудың толық циклін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.3.3.1.2. Интеграцияланған жүйенің техникалық қамтамасыз етілуі кемінде мынадай контурларды қамтуға тиіс:

      1) өнімдік контур – интеграцияланған жүйенің компоненттерінің сынақтық және өнеркәсіптік пайдалану кезінде жұмыс істеуі үшін пайдаланылады;

      2) мемлекетаралық тестілеу контуры – интеграцияланған жүйе компоненттерін мемлекетаралық тестілеуді жүргізу үшін пайдаланылады;

      3) тестілік контур – бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу және мамандарды оқыту үшін пайдаланылады;

      4) өнім алдындағы контур – интеграцияланған жүйе компоненттерін нақты деректерде тестілеу мақсаттары үшін пайдаланылады.

      4.3.3.1.3. Тестілік және оқыту контурлары біріктірілуі мүмкін, бұл ретте контурларды біріктіру тестілеу және оқыту процестерінің нашарлауына әкеп соқтырмауға тиіс.

      4.3.3.1.4. Интеграцияланған жүйенің техникалық қамтамасыз етілуі осы техникалық тапсырманың 4.1.9-тармағында көрсетілген сенімділікке қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

      4.3.3.2. Интеграцияланған жүйенің желілік инфрақұрылымына қойылатын талаптар

      4.3.3.2.1. Интеграцияланған жүйенің желілік инфрақұрылымы интеграцияланған жүйе шегінде толық байланысқан IP топологиясына ие болуға тиіс.

      4.3.3.2.2. Интеграцияланған жүйенің желілік инфрақұрылымы интеграцияланған жүйе компоненттерін қосудың істен шығуға төзімді схемасын негізгі және резервтік деректер беру арналарын ұсына отырып қамтамасыз етуге тиіс.

      4.3.3.2.3. Интеграцияланған жүйенің желілік инфрақұрылымы интеграцияланған жүйе сегменттері арасында кемінде 50 Мбит/с өткізу қабілетін қамтамасыз етуге тиіс.

      4.3.3.3. Интеграцияланған жүйенің техникалық қамтамасыз етілуінің базалық қызметтеріне қойылатын талаптар

      4.3.3.3.1. Интеграцияланған жүйенің техникалық қамтамасыз етілуінің базалық қызметтеріне мыналар жатады:

      1) каталог қызметі;

      2) домендік атауларды шешу қызметі;

      3) уақыт қызметі;

      4) пошталық хабарламаларды жіберу қызметі;

      5) резервтік көшіру қызметі.

      4.3.3.3.2. Каталог қызметі есептік жазбалар каталогын жүргізуді және сақтауды және интеграцияланған жүйенің функционалдық және қамтамасыз етуші кіші жүйелерінде интеграцияланған жүйе пайдаланушыларының мынадай санаттары үшін аутентификация мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс:

      1) интеграцияланған жүйе кіші жүйелерінің әкімшілері;

      2) интеграцияланған кіші жүйенің кіші жүйелерінің пайдаланушылары.

      4.3.3.3.3. Домендік атауларды шешу қызметі мнемоникалық атауларды IP-адрестерге шешуді және IP-адрестерден мнемоникалық атауларға кері шешуді қамтамасыз етуге тиіс.

      4.3.3.3.4. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен келісілген дәл уақыттың бірыңғай көзін пайдаланатын уақыт қызметі интеграцияланған жүйе серверлерінде уақытты синхрондау функцияларын қамтамасыз етуге және интеграцияланған жүйенің барлық кіші жүйелері шеңберінде бірыңғай уақытты қолдауға тиіс.

      4.3.3.3.5. Пошталық хабарламаларды жіберу қызметі интеграцияланған жүйе кіші жүйелерінен интеграцияланған жүйе пайдаланушыларының мынадай санаттарына пошталық хабарламаларды қайта жіберу сервисін қамтамасыз етуге тиіс:

      1) интеграцияланған жүйе кіші жүйелерінің әкімшілері;

      2) интеграцияланған кіші жүйенің кіші жүйелерінің пайдаланушылары;

      3) аноним пайдаланушылар (Одақтың ақпараттық порталы құралдарымен жалпы ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алатын "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің пайдаланушылары).

      4.3.3.3.6. Резервтік көшіру қызметі мынадай функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) интеграцияланған жүйе кіші жүйелерінің деректері мен конфигурациясының толық және инкременттік резервтік көшіруі;

      2) резервтік көшірмелер тізімін және мазмұнын қарау және таңдалған резервтік көшірмелерді қалпына келтіру;

      3) серверлерді виртуалдық машиналар деңгейінде резервтік көшіру;

      4) интеграцияланған жүйе кіші жүйелерінде пайдаланылатын операциялық жүйе мен қосымшалардың деректері мен конфигурациясын резервтік көшіру;

      5) интеграцияланған жүйе кіші жүйелерінің деректері мен конфигурациясын қалпына келтіру мүмкіндігі;

      6) деректердің резервтік көшірмелерін таспалық тасымалдағыштарда сақтау мүмкіндігі;

      7) деректердің қосымша резервтік көшірмесін қашықтағы алаңда сақтау мүмкіндігі;

      8) дискілік және таспалық жинақтағыштарда деректерді сақтаудың жалпы көлемін азайту үшін деректерді сығамдау және дедупликациялау;

      9) интеграцияланған жүйе компоненттері үшін резервтік көшіру және деректерді қалпына келтіру функционалдығын орталықтандырылған басқару үшін бірыңғай интерфейсті ұсыну.

      4.3.3.4. Инфрақұрылымдық-техникалық қамтамасыз ету шеңберінде интеграцияланған жүйені дамыту кезінде мынадай іс-шараларды жүзеге асыру көзделеді:

      1) интеграцияланған жүйені дамыту мақсаттарына сәйкес есептеу инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде ортақ ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды, жүргізуді және пайдалануды қамтамасыз ету үшін интеграцияланған жүйе шеңберінде деректерді өңдеу орталықтарын құру (техникалық-экономикалық негіздеме болған жағдайда);

      2) электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің оған қол жеткізу қажеттіліктеріне сәйкес интеграцияланған жүйенің телекоммуникациялық құрамдасын дамыту;

      3) тауарларды және өзге де объектілерді, сондай-ақ электрондық өзара іс-қимылдың кез келген субъектілерін электрондық сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін және Одақ шеңберінде цифрлық қадағалау міндетін шешу үшін инфрақұрылымды құру және дамыту;

      4) мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету (оның ішінде Одақтың ақпаратты криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарын пайдалана отырып).

      4.3.3.4. Істен шығуға төзімділік пен сенімділікке қойылатын талаптар

      4.3.3.4.1. Жоғары қолжетімділік режимінде жұмыс істейтін интеграцияланған жүйенің инфрақұрылымдық компоненттерін кластерлеу.

      4.3.4. Ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      4.3.4.1. Комиссия интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін және дамуын ұлттық сегменттердің тапсырыс берушілерімен, ұлттық сегменттердің операторларымен және ұлттық сегменттердің СБҮТ операторларымен өзара іс-қимылда қамтамасыз етеді.

      4.3.4.2. Комиссия Комиссияның интеграциялық сегментін, Комиссияның ақпараттық ресурстары мен жүйелерін жобалауды, әзірлеуді, енгізуді, жұмыстар нәтижелерін қабылдауды және кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастырады.

      4.3.4.3. Мүше мемлекет ұлттық сегменттің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындайтын ұлттық сегменттің тапсырыс берушісін айқындайды.

      4.3.4.4. Комиссияның интеграциялық сегментінің және интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін техникалық қолдау қызметтері ұйымдастырылуға тиіс.

      4.3.4.5. Интеграцияланған жүйені сүйемелдеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі іс-шаралардың құрамы, мазмұны және сапа параметрлері, техникалық қолдау қызметтері жүзеге асыратын функциялар, олардың жауапкершілік шекаралары және олардың арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі Комиссиямен айқындалады.

      4.3.4.6. Интеграцияланған жүйені дамытуды ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асыру көзделеді:

      1) мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерін интеграциялау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру бөлігінде: ақпараттандыру және ақпараттық технологиялар саласында ұсынымдар әзірлеу, мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерін жаңғырту;

      2) жұмыстардың орындалуын мониторингтеу бөлігінде: жобалық тәсілді пайдалану, бағдарламалар мен жобаларды басқару әдіснамасын әзірлеу және қабылдау, жобалар мен бағдарламаларды жоспарлау және орындау, осы жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті ресурстарды бағалау, жобалар мен бағдарламаларға қатысушылар арасындағы коммуникацияларды ұйымдастыру, жобалар мен бағдарламаларды іске асыру тиімділігін және оларды іске асыру кезінде алынатын нәтижелердің сапасын бағалау, сондай-ақ мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде процестердің, қосымшалардың, деректердің, технологиялардың, ақпаратты қорғау құралдарының архитектураларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындау;

      3) маңызды технологияларды айқындау бөлігінде: интеграцияланған жүйені құру және дамыту кезінде қолданылатын және оның базасында құрылатын цифрлық платформаны қалыптастыру және пайдалану үшін қажетті пайдаланылатын және перспективалы маңызды технологиялардың тізбесін айқындау;

      4) интеграцияланған жүйені дамыту өмірлік циклінің барлық кезеңдерін қамтитын бірыңғай стандарттарды (мемлекетаралық стандарттарды және Одақ стандарттарын), сондай-ақ маңызды технологияларды сипаттайтын стандарттарды әзірлеу және қолдану.

      4.3.5. Әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      4.3.5.1. Интеграцияланған жүйенің әдістемелік қамтамасыз ету міндеттері интеграцияланған жүйені құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту кезінде Комиссия әзірлейтін техникалық, технологиялық және әдістемелік құжаттарды, сондай-ақ оларды нақтылайтын және егжей-тегжейін анықтайтын ұлттық деңгейде әзірленетін құжаттарды пайдалану есебінен орындалуға тиіс.

      4.3.5.2. Ортақ процестерді жобалау және іске асыру жөніндегі жұмыстар интеграцияланған жүйенің дамуына қарай кезең-кезеңімен орындалады және интеграцияланған жүйені дамыту жөніндегі жұмыстар шеңберінде әзірленген ортақ процестерді жобалауға, сипаттауға және қолдауға қойылатын әдістемелік ұсынымдар мен техникалық талаптарға сәйкес бірыңғай деректер модельдерін, құжаттар мен процестерді құрумен сүйемелденуге тиіс. Ортақ процестерді жобалау жөніндегі орындалған жұмыстардың нәтижелері мыналар үшін негіз ретінде пайдаланылады:

      1) интеграцияланған жүйе құралдарын пайдалана отырып ортақ процестерді іске асыру;

      2) нақты ортақ процеске тартылған уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін әзірлеу, жетілдіру және баптау;

      3) ұлттық сегменттерді және Комиссияның интеграциялық сегментін әзірлеу, жетілдіру және баптау.

      4.3.5.3. Ортақ процестерді іске асыру кезінде пайдаланылатын мәліметтердің құрамы уәкілетті органдардың пайдалануына қажетті мәліметтерді ескере отырып қалыптастырылады және Шартта белгіленген тәртіппен айқындалады.

      4.3.6. Нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      4.3.6.1. Интеграцияланған жүйені дамытуды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асыру көзделеді:

      1) интеграцияланған жүйе базасында құрылатын цифрлық платформаны қалыптастыру тәртібін регламенттейтін, мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ететін, интеграцияланған жүйеде іске асырылатын шешімдерге техникалық сараптама жүргізудің институционалдық негізін қалыптастыратын Одақ органдары актілерін әзірлеу және қабылдау, сондай-ақ мүше мемлекеттерге және электрондық өзара іс-қимылдың өзге де субъектілеріне арналған ұсынымдар жобаларын әзірлеу;

      2) интеграциялық процестерді дамыту шеңберінде ведомствоаралық және мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл рәсімдерін, сондай-ақ мемлекетаралық электрондық қызметтер көрсетумен байланысты рәсімдерді реттейтін нормативтік, техникалық және ұйымдастырушылық құжаттарды әзірлеу, келісу және қабылдау;

      3) басым ортақ процестердің тізбесін жаңарту;

      4) ақпараттық жүйелерді құру стандарттары мен ұсынымдарын әзірлеу, осы салада әдіснамаларды, архитектураларды, процестер модельдерін, деректер модельдерін және басқа да материалдарды әзірлеу саласына кіретін халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      5) мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің халықаралық практикасына талдау жүргізу.

      4.3.7. Функционалдық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      4.3.7.1. Интеграцияланған жүйені дамытуды функционалдық қамтамасыз ету шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асыру көзделеді:

      1) интеграцияланатын ресурстардың семантикалық үйлесімділігін қамтамасыз ету (тиісті ұсынымдарды әзірлеу, семантикалық интеграция технологияларын апробациялау, семантикалық сервистерді әзірлеу, қызметтерді электрондық нысанға автоматтандырылған түрде көшіру құралдарын әзірлеу);

      2) интеграцияланған жүйені пайдаланудың халықаралық режимдерін қамтамасыз ету (жаңа мүше мемлекеттердің және (немесе) мүше мемлекеттер органдарының ортақ процестерге жедел қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін типтік құралдар жиынтығын қолдау).

      4.3.8. Сараптамалық-әдіснамалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      4.3.8.1. Интеграцияланған жүйені дамытуды сараптамалық-әдіснамалық қамтамасыз ету шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асыру көзделеді:

      1) ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық практикалар мен стандарттарға мониторинг және талдау жүргізу, халықаралық практикалар мен стандарттарды қолдану жөнінде ұсынымдар мен әдістемелік материалдар дайындау, пайдаланушыларға әдістемелік қолдау көрсету, жаңа функционал енгізуге дайын болғанына сәйкес әдістемелік және дидактикалық материалдар дайындау;

      2) интеграцияланған жүйені дамыту барысында әзірленетін жобалық құжаттамаларға, техникалық және технологиялық шешімдерге сараптама ұйымдастыру және жүргізу (оның ішінде интеграцияланған жүйеде ақпаратты қорғауды және трансшекаралық сенім кеңістігі инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін компоненттерге қатысты);

      3) техникалық тапсырмаларға (жекелеген техникалық тапсырмаларға), бағдарламалық құжаттамаға, эскиздік, техникалық және жұмыс жобаларына сараптама жүргізу және келісу;

      4) техникалық, технологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық құжаттардың жобаларын әзірлеу;

      5) оқыту семинарларын, конференцияларды, тренингтерді ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ тиісті оқыту материалдарын, оның ішінде интерактивті материалдарды дайындау;

      6) мүше мемлекеттерде, сондай-ақ Одаққа мүше емес мемлекеттерде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып интеграцияланған жүйені пайдаланудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы жұртшылықтың кең ауқымын ақпараттандыруды ұйымдастыру.

5. Интеграцияланған жүйені құру және дамыту жөніндегі жұмыстардың құрамы мен мазмұны

      5.1. Интеграцияланған жүйені дамыту жөніндегі жұмыстар шеңберінде мынадай негізгі кезеңдер орындалуға тиіс:

      1) Одақтың деректер моделін, анықтамалықтар мен сыныптауыштарды, ақпараттық өзара іс-қимылды дамытуды қоса алғанда, интеграцияланған ақпараттық жүйені жалпыжүйелік жобалау;

      2) қауіпсіздік, сенімділік, өнімділік, істен шығуға төзімділік көрсеткіштерін қамтамасыз ету және функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында интеграцияланған жүйенің жаңа ішкі жүйелерін құру және қолданыстағыларын жаңғырту;

      3) Одақтың цифрлық платформасы шеңберінде пилоттық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыру арқылы цифрлық экожүйелерді дамыту, оның ішінде мүше мемлекеттерде мемлекеттік сатып алуларды жүргізу, тауарлардың қозғалысын "қадағалауды" арттыру, жеке тұлғаларды цифрлық сәйкестендіру, көші-қон рәсімдерін оңайлату және бірлескен инвестициялық жобалар платформасын дамыту;

      4) инфрақұрылымдық компоненттердің кеңейетінін ескере отырып, интеграцияланған жүйенің бүкіл аппараттық-бағдарламалық кешенінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

      5.2. Интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі жұмыстар Комиссия уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл негізінде әзірлейтін және Комиссия Кеңесі бекітетін жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.

      5.3. Комиссия Кеңесі бекітетін интеграцияланған жүйені дамыту жоспарларының негізінде кіші жүйелерді интеграцияланған жүйенің құрамына енгізу/шығару жөніндегі қосымша жоспарлар әзірленуі мүмкін.

      5.4. Барлық іс-шаралар жоспарларын іске асыру кезінде интеграцияланған жүйенің барлық кіші жүйелері мен құрамдастарының үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілуге тиіс.

6. Жүйені бақылау және қабылдау тәртібі

      6.1. Жүйені сынаудың түрлері, құрамы, көлемі мен әдістері

      6.1.1. Интеграцияланған жүйенің құрамдастарын сынаудың түрлері мен құрамы 34.603 МемСТ сәйкес келуге тиіс. Сынақтардың көлемі мен әдістері сынау бағдарламалары мен әдістемесінде айқындалуға тиіс.

      6.1.2. Сынақтар сынауға жататын интеграцияланған жүйенің құрамдастары орнатылған есептеу техникасының көмегімен жүргізілуге тиіс.

      6.1.3. Техникалық, бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз ету жобалық және пайдалану құжаттамасына сәйкес жұмысқа әзір болуға және бапталуға тиіс.

      6.1.4. Сынақтар пайдаланудың нақты жағдайларына барынша жақын жағдайларда жүргізілуге тиіс.

      6.2. Жұмысты қабылдауға қойылатын жалпы талаптар

      6.2.1. Жұмыстарды тапсыру-қабылдау осы техникалық тапсырманың 5-бөліміне сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіледі.

      6.2.2. Сынақтар интеграцияланған жүйенің осы техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізіледі.

      6.2.3. Интеграцияланған жүйенің берілген функцияларын жүзеге асыруды тексеру үшін сынаудың мынадай түрлері белгіленеді:

      1) интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін алдын ала дербес сынақтан өткізу;

      2) интеграцияланған жүйені мемлекетаралық сынақтардан өткізу.

      6.2.4. Интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін алдын ала дербес сынау интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің берілген функцияларын жүзеге асыруын тексеру процесін білдіреді.

      6.2.5. Интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін алдын ала дербес сынауды жүргізуді жоспарлау үшін бағдарлама мен әдістеме әзірленеді, оған сәйкес бақылау мысалында интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің берілген функцияларын жүзеге асыруын тексеру жүргізіледі.

      6.2.6. Интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін алдын ала дербес сынауды жүргізу нәтижелері бойынша тиісті хаттама ресімделеді, онда интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің осы техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестігі туралы шешім тіркеледі және интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің мемлекетаралық тестілеуге және мемлекетаралық сынауларға әзірлігі туралы шешім қабылданады. Көрсетілген талаптардан ауытқушылықтар анықталған жағдайда қажетті пысықтаулардың тізбелері мен осы ауытқушылықтарды жоюдың ұсынылатын мерзімдері қалыптастырылады.

      6.2.7. Интеграцияланған жүйені мемлекетаралық сынаулар тұтастай интеграцияланған жүйенің берілген функцияларын жүзеге асыруын тексеру процесін білдіреді.

      6.2.8. Интеграцияланған жүйені мемлекетаралық сынақтан өткізуді Комиссия Алқасының 2018 жылғы 18 тамыздағы № 96 шешімімен бекітілген сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесін мемлекетаралық сынақтан өткізу туралы ережеге сәйкес мемлекетаралық сынақтарды өткізу жөніндегі комиссия жүргізеді.

7. Автоматтандыру объектісін жүйені қолданысқа енгізуге дайындау жөніндегі жұмыстардың құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар

      7.1. Автоматтандыру объектілерін интеграцияланған жүйенің әзірленген (жаңартылған) кіші жүйелері мен құрамдастарын қолданысқа енгізуге дайындау үшін мынадай жұмыстардың орындалуын қамтитын техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешені жүргізілуге тиіс:

      1) интеграцияланған жүйенің жаңадан құрылатын (жаңартылатын) кіші жүйелерін кеңейту үшін Комиссияның интеграциялық сегментін техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілуін жаңғырту;

      2) уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін мүше мемлекеттердің ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйелеріне қосуды қамтамасыз ету және жалпы процестерді іске асыру үшін (қажет болған кезде) оларды пысықтау;

      3) интеграцияланған жүйені құру процесінде құрылған немесе жаңғыртылған интеграцияланған жүйенің функционалдық және қамтамасыз етуші кіші жүйелерін өрістету;

      4) бастапқы жүктеу үшін деректерді дайындау;

      5) ақпараттық-талдамалық кіші жүйеге және статистика кіші жүйесіне жаңадан қосылатын көздерден алынатын деректердің миграциясы;

      6) заңдық мәні бар электрондық құжат айналымын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын ЭЦҚ-ны тексеру кілттері сертификаттарын шығару және тарату;

      7) интеграцияланған жүйе кіші жүйелерінің пайдаланушыларының сәйкестендіру деректерін сәйкестендіру және аутентификация кіші жүйесінде тіркеу;

      8) интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшелерді айқындау;

      9) пайдаланушылар топтарын интеграцияланған жүйенің ақпараттық-бағдарламалық құралдарымен жұмыс істеу бойынша оқыту.

8. Құжаттауға қойылатын талаптар

      8.1. Интеграцияланған жүйеге арналған құжаттама 34.201-89. МемСТ және 34.601-90 МемСТ талаптарына сәйкес әзірленеді (жаңартылады).

      8.2. Пайдалану құжаттамасының берілетін жинақтарының қажетті санын интеграцияланған жүйені құру жөніндегі жұмысты үйлестіруші – тапсырыс беруші айқындайды.

      8.3. Интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту шеңберінде мынадай құжаттар әзірленеді:

      1) интеграцияланған жүйенің кіші жүйелері мен құрамдастарына арналған жеке техникалық тапсырмалар;

      2) интеграцияланған жүйені пайдалануды және дамытуды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық және техникалық құжаттар, сондай-ақ әдістемелік материалдар;

      3) жалпы процестерді пәндік салалар шеңберінде іске асыруға арналған Одақтың деректер моделі жөніндегі құжаттама;

      4) жалпы процестерді интеграциялық жүйе құралдарымен іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар;

      5) Комиссияның интеграциялық сегментінің кіші жүйелеріне арналған техникалық-жұмыс жобасының құжаттамасы (аппараттық-бағдарламалық криптографиялық модульді қоса алғанда), оның ішінде:

      техникалық-жұмыс жобасының тізімдемесі;

      техникалық-жұмыс жобасына арналған түсіндірме жазба;

      жабдықтар мен материалдар тізімдемесі;

      бағдарламалық қамтамасыз етудің сипаттамасы;

      пайдаланушыға арналған нұсқаулық;

      әкімшіге арналған нұсқаулық;

      сынақтар бағдарламасы мен әдістемесі;

      ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын сертификаттау сынақтарының бағдарламасы мен әдістемесі (аппараттық-бағдарламалық криптографиялық модуль үшін);

      техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық;

      техникалық қамтамасыз ету бойынша шешімдер:

      техникалық құралдар кешенінің сипаттамасы;

      жабдықтар ерекшелігі.

      6) жалпы процестерді іске асыру кезінде Комиссияның интеграциялық сегменті құрамында сервистерді бағдарламалық қамтамасыз етудің техножұмыс жобасының құжаттамасы, оның ішінде:

      техникалық жобаға арналған түсіндірме жазба;

      сынақтар бағдарламасы мен әдістемесі;

      әкімшіге арналған нұсқаулық;

      пайдаланушыға арналған нұсқаулық.

      7) цифрлық сервистер тізілімін және деректер витриналарын пайдалану регламенті;

      8) Одақтың цифрлық платформасының API пайдалану жөніндегі регламенті.

      8.4. Интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін құруға және дамытуға арналған жеке техникалық тапсырмалар ұлттық сегменттердің тапсырыс берушілеріне келісуге жіберілуге тиіс.

      8.5. Интеграцияланған жүйе құралдары арқылы іске асырылатын Одақ шеңберіндегі жалпы процестердің тізбесі Комиссия Алқасының жекелеген шешімімен бекітіледі.

9. Өзгерістер енгізу

      9.1. Осы техникалық тапсырмаға өзгерістер енгізу Комиссия Алқасының шешімі негізінде 34.602-2020 МемСТ сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады