2019 жылғы 25 қазандағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы Еркін сауда аймағы туралы келісімнің (әрі қарай – Келісім) 4-бабына, Келісімге № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Сербия Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (әрі қарай – мүше мемлекеттер) аумағына әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квоталар (әрі қарай – тарифтік квоталар) Келісімге сәйкес 2026 жылға арналған мөлшерлері № 1 қосымшаға, 2027 жылға арналған мөлшерлері № 2 қосымшаға, 2028 жылға арналған мөлшерлері № 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы Шешімге № 1 – 3 қосымшаларда көрсетілген тарифтік квоталар мөлшерлері шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензия болған кезде және Келісімде белгіленген еркін сауда режимін ұсыну шарттары сақталған кезде кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде кедендік әкелу бажының ставкасы қолданылсын;
тарифтік квоталар осы Шешімнің № 1 – 3 қосымшаларында көрсетілген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты қолданылсын;
осы Шешімге № 1 – 3 қосымшаларында көрсетілген тарифтік квоталар көлемінен асып кететін мөлшерде тауарларды әкелу кезінде және (немесе) Келісімде белгіленген еркін сауда режимін ұсыну шарттары сақталмаған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылады деп белгіленсін.
3. Мүше мемлекеттер:
өз заңнамасына сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында осы Шешімнің № 1 – 3 қосымшаларында көрсетілген тарифтік квоталар мөлшерлерін бөлуді жүзеге асырсын;
атқарушы биліктің уәкілетті органдарына осы Шешімнің № 1 – 3 қосымшаларында көрсетілген тауарлар импортына лицензиялар беруді жүзеге асыруды тапсырсын;
осы Шешіммен орнатылатын тарифтік квоталардың көлемдерін өзгерту қажеттілігі туындаған жағдайда Осы Шешімге тиісті өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына ұсынсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
