Үшінші елдерге қатысты санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 115 "Әзербайжан Республикасы мен Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін алюминий ленталарына қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараларды қолдану туралы" Шешімімен орнатылған демпингке қарсы шараның мерзімін 2026 жылғы 29 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2026 жылғы 29 маусымға (қоса алғанда) дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 115 Шешімімен орнатылған ставкалар бойынша алдын-ала демпингке қарсы баждарды өндіріп алу тәртібі бойынша демпингке қарсы баж өндіріп алу қамтамасыз етсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2025 жылғы 24 қазаннан ерте емес күні күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |