Вьетнам Социалистік Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін киімнің жекелеген түрлеріне қатысты триггерлік қорғау шарасын қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 74 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес, 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2.10-бабының және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 115 шешімімен бекітілген 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім шеңберінде триггерлік қорғау шараларын қолдану тәртібінің негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Вьетнам Социалистік Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін мынадай тауарларға қатысты Келісімге сәйкес тарифтік преференцияны қолдана отырып триггерлік қорғау шарасы қолданылсын:

      ЕАЭО СЭҚ ТН 6104 41 000 0, 6104 42 000 0, 6104 43 000 0, 6104 44 000 0, 6104 49 000 0, 6204 41 000 0, 6204 42 000 0, 6204 43 000 0, 6204 44 000 0, 6204 49 100 0 және 6204 49 900 0 кодтарымен сыныпталатын әйелдер киімдері мен қыздарға арналған киімдердің жекелеген түрлері;

      ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен сыныпталатын 6103 41 000 0, 6103 42 000 1, 6103 42 000 9, 6103 43 000 1, 6103 43 000 9, 6103 49 000 1, 6103 49 000 2, 6103 49 000 9, 6104 51 000 0, 6104 52 000 0, 6104 53 000 0, 6104 59 000 0, 6104 61 000 1, 6104 61 000 9, 6104 62 000 0, 6104 63 000 0, 6104 69 000 1, 6104 69 000 2, 6104 69 000 9, 6203 41 100 0, 6203 41 300 0, 6203 41 900 0, 6203 42 110 0, 6203 42 310 0, 6203 42 330 0, 6203 42 350 0, 6203 42 510 0, 6203 42 590 0, 6203 42 900 0, 6203 43 110 0, 6203 43 190 0, 6203 43 310 0, 6203 43 390 0, 6203 43 900 0, 6203 49 110 0, 6203 49 190 0, 6203 49 310 0, 6203 49 390 0, 6203 49 500 0, 6203 49 900 0, 6204 51 000 0, 6204 52 000 0, 6204 53 000 0, 6204 59 100 0, 6204 59 900 0, 6204 61 100 0, 6204 61 850 0, 6204 62 110 0, 6204 62 310 0, 6204 62 330 0, 6204 62 390 0, 6204 62 510 0, 6204 62 590 0, 6204 62 900 0, 6204 63 110 0, 6204 63 180 0, 6204 63 310 0, 6204 63 390 0, 6204 63 900 0, 6204 69 110 0, 6204 69 180 0, 6204 69 310 0, 6204 69 390 0, 6204 69 500 0 және 6204 69 900 0 киімнің жекелеген түрлері.

      Триггерлік қорғау шарасының қолданылу мерзімі 6 ай болып белгіленсін.

      2. Триггерлік қорғау шарасының түрі мен мөлшері осы Шешім күшіне енген күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты қолданылатын кедендік әкелу бажы ставкасының түрі мен мөлшеріне сәйкес келетін кедендік әкелу бажы нысанында қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады