Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес құрылыс (техникалық) кептіргішті сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 1 шілдедегі № 61 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22 бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. 220 В айнымалы ток кернеуі бар қол электр аспабын білдіретін, ішінде желдеткіші бар электр қозғалтқышы, қыздыру элементі, шүмек, режимдерді ауыстырып қосқыш, термоқорғаныштық қаптама бар тапанша түріндегі тұтқасы бар корпустан тұратын және беттері мен материалдарын ыстық ауаның бағытталған ағынымен өңдеуге (мысалы, бояуларды кетіру, пластмассаларды қалыптау және дәнекерлеу, термошөгімді құбырларды қыздыру және материалды қыздыру, дәнекерлеу және қалайылау, желімді қосылыстарды (тігістерді) жұмсарту, су өткізгіш құбырларды еріту және т. б. қажеттілікке байланысты ұқсас жұмыстарды жүргізу мақсатында) арналған құрылыс (техникалық) кептіргіш сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасы интерпретациясының 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8467 29 850 9 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін атқарушы
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады