Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 6-тармағының 3-тармақшасына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 3 маусымдағы № 48 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 6-тармағына сәйккес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 6-тармағының 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) егер бұрын мұндай тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастыру кезінде өтініш бере отырып декларацияланған болса, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 54 шешімімен бекітілген Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуға және пайдалануға кедендік әкелу баждарын, салықтарын (осындай уақытша болуы және пайдалану шарттары мен шекті мерзімдерін қоса алғанда) төлемей жіберілетін тауарлар санаттары және уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі 2 жылдан неғұрлым қысқа немесе ұзағырақ болып табылатын тауарлар санаттары тізбесінің І бөлімінің 35 және 36-тармақтарында көрсетілген, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылатын, сондай-ақ уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында реэкспорт кедендік рәсіміне орналастырылатын азаматтық жолаушылар ұшақтары.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады