2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономика комиссия туралы ереженің 16-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 1 қосымша), Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 1 қосымшаның 7 және 16- тармақтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссиясы шешті:
1. Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 "Еуразиялық экономикалық одақты бірыңғай кедендік тарифтік реттеу туралы" шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.68-тармақшамен толықтырылсын:
"7.1.68. Армения Республикасына жиынтық көлемде 3 тоннадан аспайтын және Беларусь Республикасына жиынтық көлемде 6 мың тоннадан аспайтын әкелінетін ЕАЭО СЭҚ ТН 5307 10 000 0 және 5307 20 000 0 кодтарымен жіктелетін кендір талшықтарынан немесе басқа да текстильді тін талшықтарынан жасалған иірілген жіп:
Көрсетілген тарифтік жеңілдік әкелінетін тауарларды осы тармақшада көрсетілген, Армения Республикасының немесе Беларусь Республикасының атқарушы билігінің уәкілетті органы берген және осындай тауарлардың номенклатурасы мен саны туралы, сондай-ақ оларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын тауарларға жатқызу туралы растау болған кезде беріледі.
Армения Республикасы мен Беларусь Республикасының үкіметтері өз аумағынан көрсетілген тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, ішкі нарықта тұтынуға арналған шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылған кендір талшықтарынан немесе басқа да текстильді тін талшықтарынан иірілген жіпті басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.
Осы тармақшада көзделген тарифтік жеңілдік ішкі нарықта тұтынуға арналған шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты беріледі, оларға қатысты тауарларға арналған декларация, ал тауарларға декларация берілгенге дейін тауарлар шығарылған жағдайда – тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 13 шешімі күшіне енген күннен бастап 2026 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда Армения Республикасының кеден органы немесе Беларусь Республикасының кеден органы тіркеді.".
2. Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағында "7.1.67" деген сандар "7.1.68" деген сандармен ауыстырылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| М. Григорян | И. Петришенко | С. Жұманғарин | А. Касымалиев | А. Оверчук |
|---|
