Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес көлік құралына арналған сүзгілеу элементін сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 19 қарашадағы № 129 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22 бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Бұл автомобильдің қозғалтқышына немесе салонға түсетін ауаны тазартуға арналған, гофрленген қағаздан немесе тоқыма материалынан жасалған, қаңқасы немесе негізі гофрленген қағаздан немесе тоқыма материалынан басқа материалдардан жасалған, автомобиль қозғалтқышының немесе автомобильдің ішкі желдету жүйесінің ауа сүзгісіне арналған ауыстырылатын картридж болып табылатын сүзгілеу элементі Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі 1 және 6 қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8421 99 000 субпозициясында сыныпталады.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады