Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес жүгіру жолдарын сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 5 қарашадағы № 121 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Спортпен, фитнеспен, кардио жаттығуларымен және емдік дене шынықтырумен айналысу кезінде дене жаттығуларын (жүру, жүгіру) орындауға арналған, бойлай жүруге арналған жүгіру төсемі мен электр жетектері бар жақтаудан, басқару панелі мен тұтқалары бар қатты тіреу бағанынан тұратын жүгіру жолы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1-негізгі ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9506 тауар позициясында сыныпталсын.

      2. Жарақаттар мен оталардан кейін пациенттердің аяқтарын оңалту және физиотерапия жөніндегі іс-шараларды дәрігердің бақылауымен жүргізуге арналған, бойлай жүруге арналған жүгіру төсемі мен электр жетектері бар жақтаудан, тірек-қимыл жүйесіне жүктемені азайту мақсатында пациентті қолдауды қамтамасыз ететін құралмен жабдықталған басқару панелі мен тұтқалары бар қатты тіреу бағанынан тұратын гравитацияға қарсы жүгіру жолы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1-негізгі ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9019 тауар позициясында сыныпталады.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономкалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады