Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде оларға қаржылық көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2023 жылғы 26 қазандағы № 3 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 20-бабының 1-тармағына, 92-бабы 9-тармағының 1-тармақшасына, өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманың 3-тармағымен (көрсетілген шартқа № 27 қосымша) және "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінің қаражаты есебінен қаржылық көмек көрсету туралы" Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 4 шешіміне сәйкес Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1.  Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде оларға қаржылық көмек көрсету туралы ереже бекітілсін.

      2.  Осы шешіммен бекітілген Ереженің 9-тармағының "а" тармақшасында және 11 және 12-тармақтарында көзделген шарттар Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімі бойынша, бірақ осы шешім күшіне енген күннен бастап 1 жылдан ерте емес мерзімде қайта қаралуы мүмкін. Көрсетілген тармақтарға енгізілген өзгерістер Комиссияға субсидия алушыдан дәлелді өтініш келіп түскен жағдайда, осындай өзгерістер қабылданғанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мақұлдаған бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруға қолданылуы мүмкін.

      3. Осы шешім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді, бірақ 2023 жылғы 25 мамырда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсету бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күннен ерте емес.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

  Еуразиялық үкіметаралық
кеңестің
2023 жылғы 26 қазандағы
№ 3 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде оларға қаржылық көмек көрсету туралы ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже:

      а) Өнеркәсіп субсидияларын берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 28 қосымша) айқындалған өнеркәсіп салаларында, оның ішінде № 1 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша өнеркәсіп салаларында іске асырылатын өнеркәсіп тауарларының өндірісін қамтамасыз ететін бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу тәртібі мен өлшемшарттарын;

      б) қарыз алушыға (кредит алушыға) қойылатын талаптарын;

      в) Ұлттық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды;

      г) қарыз алушы (кредит алушы) мен қаржы ұйымы арасындағы кредиттік шарттың талаптарын;

      д) қаржылық жәрдемдесу тетігін;

      е) қаржы ұйымдарының Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінің қаражаты есебінен шаруашылық жүргізуші субъектілерге берілген кредиттер (қарыздар) бойынша олар алмаған кірістерді өтеуге қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға өтінім беру рәсімі (бұдан әрі тиісінше – қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға өтінім, Одақ), мұндай өтінімді қарау және мақұлдау рәсімдерін;

      ж) субсидия беру туралы келісім бойынша төлемдер және кооперациялық жобаның іске асырылу барысы туралы есептерді ұсыну рәсімін;

      з) іріктеу өлшемшарттарының, ұлттық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптардың сақталуын және кооперациялық жобалардың іске асырылуын бақылауды;

      и) Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия), қаржы ұйымдарының және қарыз алушылардың (кредит алушылардың) жауапкершілігін;

      к) Одақ бюджетінің қаражаты есебінен қаржы ұйымына субсидия беруді тоқтата тұру және мерзімінен бұрын тоқтату негіздерін айқындайды.

      2. Субсидия қаржы ұйымдарына Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық жәрдем көрсету мақсатында беріледі.

      3. Осы Ереженің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "банк" – өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшалай қаражатын салымдарға тарту, көрсетілген қаражатты өз атынан және өз есебінен қайтарымдылық, ақылылық, жеделдік шарттарында орналастыру, мүше мемлекеттің банк қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органы берген лицензия негізінде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу сияқты кемінде 3 банктік операцияны жиынтығында жүзеге асыруға айрықша құқығы бар заңды тұлға;

      "қарыз алушы (кредит алушы)" – осы заңды тұлға тіркелген күннен бастап кемінде 1 жыл өнеркәсіп салаларында (тамақ өңдеуді қоспағанда) экономикалық қызметті жүзеге асыратын мүше мемлекеттің заңды тұлғасы немесе кооперациялық жобаны іске асыру мақсатында қаржы ұйымымен кредиттік шарт жасасқан кооперациялық жобаны іске асыру мақсаттары үшін құрылған кәсіпорын.

      Кооперациялық жобаны іске асыру мақсаттары үшін құрылған кәсіпорынның құрылтайшылары заңды тұлға тіркелген кезден бастап кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі бар мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары болуға тиіс;

      "негізгі мөлшерлерме" – валюта эмитентіне мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілеген түйінді мөлшерлеме (қайта қаржыландыру мөлшерлемесі немесе мүше мемлекетте қолданылатын өзге де ұқсас көрсеткіш);

      "кооперациялық жоба" – өнеркәсіп салаларында өнімді бірлесіп дайындауды немесе өндірістерді жаңғыртуды және (немесе) құруды жүзеге асыратын кемінде 3 мүше мемлекеттен кооперациялық жобаға қатысушылар арасында кооперациялық тізбектер құруға бағытталған және осы Ережеде белгіленген өлшемдерге сәйкес келетін бірлескен жоба;

      "несие шарты" – қарыз алушы (кредит алушы) мен қаржы ұйымы немесе бірнеше қаржы ұйымдары (синдикатталған кредит немесе қарыз)арасында жасалған,ол бойынша қарыз алушыға (кредит алушыға) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және осы Ережеге сәйкес Комиссия іске асыратын кооперациялық жобаларды іске асыру мақсаттарына жеңілдікті пайыздық мөлшерлемемен ақшалай қаражат берілетін кредит (қарыз) беру туралы шарт;

      "жеңілдетілген пайыздық мөлшерлеме" – субсидия беруді ескере отырып, кредиттік шартта белгіленген және пайыздық мөлшерлеме мен субсидиялау мөлшерлемесі арасындағы айырма ретінде есептелетін пайыздық мөлшерлеме;

      "кооперациялық жобаны сүйемелдеу тетігі" – Банктің төлемдердің нысаналы мақсатын бақылауды көздейтін кооперациялық жобаны іске асыру шеңберінде, оның ішінде кооперациялық жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыратын банк пен кооперациялық жобаға қатысушы шот аша алатын банк арасындағы әріптестік келісімдерді (агенттік шарттарды) пайдалана отырып немесе банктегі жекелеген шоттарды пайдалана отырып, қарыз алушыға (кредит алушыға) ақшалай қаражаттың нысаналы жұмсалуының мониторингін қамтамасыз ету жөнінде қызметтер кешенін ұсынуы,

      "қаржылық жәрдемдесу тетігі" – Одақ бюджетінің қаражаты есебінен кредиттік шартта белгіленген өнеркәсіп салаларындағы кооперациялық жобаларды іске асыру мақсаттары үшін қаржы ұйымы берген кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі;

      "Ұлттық қаржы ұйымы" – Комиссия Кеңесі айқындайтын қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысатын қаржы ұйымдарының тізбесіне енгізілген мүше мемлекеттің даму банктері мен қаржы институттары;

      "жеңілдетілген несиелеу кезеңі" – субсидия алушыға кредиттер (қарыздар)бойынша алынбаған кірістер өтелетін кезең;

      "субсидияны алушы" – қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысатын қаржы ұйымдарының тізбесіне енгізілген және субсидия беру туралы комиссиямен келісім жасасқан қаржы ұйымы;

      "пайыздық мөлшерлеме" – субсидия беруді есепке алмағанда, кредиттік шартта белгіленген пайыздық мөлшерлеме;

      "жобаны іске асыру мерзімі" – кооперациялық жобаны іске асыру жөніндегі барлық іс-қимылдар орындалуы және кооперациялық жобаның паспортында көрсетілген нәтижелер мен мақсаттарға қол жеткізу қамтамасыз етілетін есептік кезең.

      Жобаны іске асыру мерзімі жеңілдікті кредиттеу кезеңіне сәйкес келуі тиіс;

      "субсидиялау мөлшерлемесі" – негізгі мөлшерлемеге пайыздық мөлшерлемемен анықталған мөлшерлеме;

      "субсидия" – кредиттік шарт бойынша қарыз алушыға (кредит алушыға) берілген кредиттер (қарыздар) бойынша қаржы ұйымы алмаған кірістерді өтеу арқылы Одақ бюджетінің қаражаты есебінен комиссия көрсететін қаржылық жәрдемдесу;

      "кооперациялық жобаға қатысушы" – қарыз алушы (кредит алушы), шаруашылық жүргізуші субъект, өндірістік қызметтің ерекше жеңілдікті режимі бар өнеркәсіптік кластерлердің, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтардың және (немесе) өзге де аймақтардың (аумақтардың) әкімшілігі (резиденті);

      "қаржы ұйымдары" – Комиссия кеңесі айқындайтын, қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысатын қаржы ұйымдарының тізбесіне енгізілген ұлттық қаржы ұйымы, Еуразиялық Даму Банкі;

      "қаржы даму институты" – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, экономиканың дамуына және инвестициялық қызметке қаржылық қолдау көрсету мақсатында қызметті жүзеге асыратын мүше мемлекеттің заңды тұлғасы;

      "шаруашылық жүргізуші субъект" – осы заңды тұлға тіркелген күннен бастап кемінде 1 жыл өнеркәсіп салаларында (тамақ өңдеуді қоспағанда) экономикалық қызметті жүзеге асыратын немесе технологиялық процестерді әзірлеу және пысықтау, өнімді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру және өткізу процесін дайындау, өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және басқа да объектілерді салу мен пайдалануды дайындау, өндірістік процесс пен өнеркәсіптік инфрақұрылым үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, мүше мемлекеттердің экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуіштеріне сәйкес жобалау алдындағы және жобалау қызметтерін көрсететін инженерлік-консультациялық қызметтер көрсететін мүше мемлекеттің заңды тұлғасы;

      "қарыз алушының (кредит алушының) қаржыландыруды нысаналы пайдалануы" – қарыз алушының (кредит алушының) кредиттік шартқа сәйкес алынған ақшалай қаражатты осы Ережеде көзделген мақсаттарға жіберуі.

II. Кооперациялық жобаларды іріктеу өлшемшарты

      4. Кооперациялық жобаларды іріктеу кезінде мынадай критерийлер (олардың сәйкестігі осы Ереженің 16 және 17-тармақтарына сәйкес қарыз алушы (кредит алушы)ұсынатын құжаттардан алынған деректермен расталады) (бұдан әрі – іріктеу критерийлері)белгіленеді:

      а) Жобаны 3 және одан да көп мүше мемлекеттердің кооперациялық жобасына қатысушылар іске асырады. Кооперациялық жобаны іске асыруға қатысу (оның ішінде бірлескен кәсіпорын құру арқылы) кооперациялық жобаға қатысушы ынтымақтастықтың мынадай түрлерінің бірін орындағанын растаған жағдайда жүзеге асырылады:

      өндірілетін өнімде кемінде 5 пайыз мөлшерінде материалдарды және (немесе) жинақтауыштарды жеткізу. Осы өлшемшарттың сақталуын бағалау кезінде (5 пайыз) олар тіркелген мүше мемлекеттен кооперациялық жобаға қатысушылар беретін материалдардың және (немесе) жинақтауыштардың жалпы көлемі ескеріледі.

      Кооперациялық жобаға қатысушылар үшін 1 мүше мемлекеттен мынадай жағдайларда, сақталуы кооперациялық жобаны іріктеудің ажырамас өлшемі болып табылатын, өндірілетін өнімге материалдарды және (немесе) жинақтауыштарды жеткізу түрінде кемінде 1,5 пайыз мөлшерінде қатысуға жол беріледі:

      кооперациялық жобаны іске асырудың соңғы жылы басталғанға дейін жеткізілетін материалдардың және (немесе) жинақтауыштардың үлесін өндірілетін өнімдегі кемінде 5 пайыз деңгейіне дейін жыл сайын ұлғайту жөніндегі міндеттеме;

      өндірілетін өнімде кемінде 5 пайыз мөлшерінде басқа мүше мемлекеттердің кооперациялық жобасына қатысушының (қатысушылардың) материалдарды және (немесе) жинақтаушы заттарды жеткізуін растау;

      өндірілетін өнімнің өзіндік құны 1 миллион ресей рубліне баламалы сомадан кем емес.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісіммен бекітілген мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін Тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес көрсетілген өнім мүше мемлекеттердің аумақтарынан алынуы тиіс;

      технологиялық жабдықты, оның ішінде оған қосалқы бөлшектер мен жинақтауыштарды немесе мүше мемлекеттердің аумақтарынан шығатын бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізу, сондай-ақ жобаны іске асырудың бүкіл кезеңіне жоба құнының кемінде 5 проценті сомасына технологиялық шешімді пайдалану құқығын беру;

      өндірістік объектілердің жұмыс істеуі үшін қажетті инжинирингтік және құрылыс қызметтерін, оның ішінде технологиялық процестерді әзірлеу және пысықтау, өнімді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)өндіру және өткізу процесін дайындау жөніндегі инженерлік-консультациялық қызметтерді көрсету, өнімді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру және өткізу процесін дайындау, өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және басқа да объектілерді салуға және пайдалануға дайындау, жоба құнының кемінде 10 пайызы көлемінде жобалау алдындағы және жобалау қызметтері;

      жобаны іске асыруға оның құнының 10 пайызынан кем емес сомаға мүліктік жарна енгізу;

      б) кооперациялық жоба шеңберінде өндірілетін өнім мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына немесе 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары туралы келісімге сәйкес мүше мемлекеттен шығарылатын болып есептелуге тиіс;

      в) жобаны іске асыру кезінде мынадай нәтижелерге (бір немесе бірнеше) қол жеткізу қамтамасыз етіледі:

      жаңа бірлескен өнеркәсіп өндірістерін құру, қолданыстағы өндірістік қуаттарды ұлғайту, өндірісті технологиялық қайта жарақтандыру және (немесе) жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын құру;

      өнімді жеткізудің кооперациялық өндірістік тізбегі шеңберінде қосылған құнды қалыптастыру;

      үшінші елдерге өнім экспортын ұлғайту;

      Одақтағы өзара сауда және өзара инвестициялар көлемін ұлғайту;

      г) жобаны іске асыру мерзімі 5 жылдан аспайды.

      5. Іріктеу критерийлеріне сүйене отырып, субсидиялар берудің басымдығы кооперациялық өнеркәсіптік ынтымақтастықтың мынадай аса маңызды түрлері болған (расталған) кезде қалыптастырылады (осы параметр бойынша кооперациялық жобаның әрбір қатысушысы үшін, қарыз алушыны (кредит алушының) қоспағанда, оның қатысу түрлерінің (қатысудың бірнеше түрі болған жағдайда) бірі бойынша баллдар саны жинақталады):

      өндірілетін өнімде кемінде 5 пайыз мөлшерінде материалдарды, жинақтауыштарды және (немесе) жабдықтарды жеткізу – 100 балл;

      жоба құнының кемінде 5 пайызы сомасына технологиялық жабдықты немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізу – 80 балл;

      жоба құнының кемінде 10 пайызы көлемінде өндірістік объектілердің жұмыс істеуі үшін қажетті инжинирингтік және құрылыс қызметтерін көрсету – 50 балл;

      жобаны іске асыруға оның құнының 10 пайызынан кем емес сомаға мүліктік жарна енгізу – 20 балл.

      Бұл ретте жобаны іске асыруға оның құнының кемінде 10 пайызы сомасына мүліктік жарна енгізу сияқты ынтымақтастық түрі жаңа бірлескен өнеркәсіптік өндірістер құру, қолданыстағы өндірістік қуаттарды ұлғайту, қолданыстағы өндірістерді технологиялық қайта жарақтандыру және (немесе) жаңғырту кезінде ғана мүмкін болады.

      Қосымша ұпайлар беріледі:

      кооперациялық жобаға 4 мүше мемлекеттен шаруашылық жүргізуші субъектілер қатысқан кезде – 50 балл және 5 мүше мемлекеттен – 100 балл;

      Одақтың кедендік аумағында мүше мемлекеттердің кәсіпорындары бұрын өндірмеген өнімді өндіру жөніндегі кооперациялық жобаға – 50 балл;

      үшінші елдерге өнім экспортын арттыруды қамтамасыз ететін кооперациялық жобаларға – 20 балл;

      жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін кооперациялық жобаларға – 20 балл.

      Жобаның қорытынды рейтингі көрсетілген параметрлер бойынша кооперациялық жоба алған ұпайлардың жиынтық саны ретінде есептеледі.

      Ең көп балл жинаған кооперациялық жобалар субсидия беру үшін басым болып табылады.

III. Қарыз алушыға қойылатын талаптар (кредит алушыға)

      6. Қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға үміткер қарыз алушы (кредит алушы) қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға өтінім берген сәтте мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

      а) мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тіркелген заңды тұлға болу;

      б) қайта ұйымдастыру (қарыз алушыға (кредит алушыға) басқа заңды тұлғаны қосу нысанында қайта ұйымдастыруды қоспағанда), тарату процесінде емес, резиденті болып табылатын мүше мемлекеттің аумағында қызметін тоқтатқан ұйым емес;

      в) оған қатысты өзі резиденті болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес әлеуетсіздік (банкроттық немесе оңалту) туралы іс бойынша іс қозғалмауға тиіс;

      г) ұлттық қаржы ұйымдары алдында кешіктірілген төлемдердің болмауы;

      д) резиденті болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес төленуге жататын салықтар, алымдар және өзге де міндетті төлемдер бойынша 500 мың Ресей рубліне баламалы сомадан асатын берешегі жоқ;

      е) мүше мемлекеттің аумағында операциялық қызметті жүзеге асыру;

      ж) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тіркелген қарыз алушы-заңды тұлға үшін шетелдік заңды тұлғалардың (мүше мемлекеттерді қоспағанда) жарғылық (жиналмалы) капиталға тікелей немесе жанама (үшінші тұлғалар арқылы) қатысу үлесі жиынтығында 50 пайыздан аспауға тиіс.

IV. Ұлттық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар

      7. Қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысатын қаржы ұйымдарының тізбесіне енгізуге үміткер банк мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

      а) мүше мемлекеттердің бірінің резиденті мәртебесінің болуы, мүше мемлекеттердің бірінің аумағында заңды тұлға ретінде тіркелуі;

      б) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің аумағында банк қызметін жүзеге асыруға мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген рұқсаттың (лицензияның) болуы;

      в) қайта ұйымдастыруды ескере отырып қызмет мерзімі кемінде 5 жылды құрайды;

      г) соңғы 6 айда мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес төленуге жататын төлемдерді мүше мемлекеттің бюджетіне төлеу бойынша орындалмаған міндеттің болмауы;

      д) мүше мемлекеттің бюджетінен берілген (оның ішінде мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге мақсаттарға берілген)бюджеттік инвестицияларды мүше мемлекеттің бюджетіне қайтару бойынша мерзімі өткен берешектің және соңғы 6 айда резиденті болып табылатын мүше мемлекет алдындағы ақшалай міндеттемелер бойынша 500 мың Ресей рубліне баламалы сомадан асатын мерзімі өткен (реттелмеген) берешектің болмауы;

      е) банк қайта ұйымдастыру процесінде емес( басқа заңды тұлғаға қосылу нысанында қайта ұйымдастыруды қоспағанда) және уақытша әкімшілік, тарату режимінде емес, банкке қатысты банкроттық рәсімі енгізілмеген, оның қызметі өзі резиденті болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтатылмаған;

      ж) инвестициялық қаржыландыру тәжірибесі.

      8. Даму қаржы институтын қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысатын қаржы ұйымдарының тізбесіне енгізу заңды тұлғасы болып табылатын мүше мемлекеттің ұсынысы негізінде жүзеге асырылады.

V. Несие шартының талаптары

      9. Несие шартының талаптары:

      а) негізгі мөлшерлемеден және 6,5 пайыздық тармақтан аспайтын мөлшерде пайыздық мөлшерлемені және жеңілдікті кредиттеу кезеңіне жеңілдікті пайыздық мөлшерлемені белгілеу;

      б) кредиттік шарттың валютасын – мүше мемлекеттердің бірінің валютасын белгілеу;

      в) қаржы ұйымының қарыз алушы (кредит алушы) үшін кредиттеудің пайыздық мөлшерлемесін негізгі мөлшерлеменің өзгеру мөлшерінен аспайтын мөлшерде өзгерту мүмкіндігі (егер мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе);

      г) қарыз алушының (кредит алушының) кредиттік шарт бойынша берілген ақшалай қаражатты тек қана № 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша мақсаттарға пайдалану жөніндегі міндеттемелері, сондай-ақ қарыз алушының (кредит алушының) кредиттік шартта көзделмеген мақсаттарға ақшалай қаражатты пайдаланғаны үшін жауаптылығы;

      д) берілген кредиттік (қарыз) қаражаттың пайдаланылуына мониторингті қамтамасыз ету мақсатында қарыз алушының (кредит алушының) қажетті құжаттарды ұсынуға келісімі;

      е) қарыз алушының (кредит алушының) қаржы ұйымына қарыз алушының (кредит алушының) басшысы (уәкілетті тұлғасы) қол қойған және бизнес-жоспарға сәйкес кооперациялық жобаның іске асырылу барысы және оның іріктеу критерийлеріне сәйкестігі туралы тоқсан сайынғы есепті қамтитын, ағымдағы жылдың тоқсанының әрбір бірінші айының бірінші күніне жасалған есептілікті, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына жасалған кооперациялық жобаның іске асырылу барысы және оның іріктеу өлшемдеріне сәйкестігі туралы жыл сайынғы есепті, кооперациялық жобаның іске асырылуы туралы қорытынды есепті және осы Ереженің 36-тармағының "г" тармақшасына сәйкес есепті қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты ұсыну мерзімдері мен нысандары. Қарыз алушының (кредит алушының) есептілігінің көшірмесі комиссияға жіберіледі;

      ж) қарыз алушының (кредит алушының) кредиттік шарттың қолданылу мерзімі ішінде қаржы ұйымына осы тармақтың "е" тармақшасында көзделген мерзімдерде есептілікті ұсыну міндеттемелері;

      з) қарыз алушының (кредит алушының) жобаны іске асыру мерзімдерін және оның кредиттік шартта көзделген кезеңділігін сақтау міндеттемелері;

      и) қаржы ұйымының қарыз алушысының (кредит алушының) осы Ережеде көзделген шарттардың басталуына байланысты туындаған, қаржы ұйымының субсидияны Одақ бюджетіне қайтаруына әкеп соққан жұмсаған шығыстарын өтеу тәртібі;

      к) қарыз алушының (кредит алушының) кооперациялық жобаны сүйемелдеу тетігін пайдалану жөніндегі міндеттемелері (бұл міндеттеме қаржы даму институттары мен ЕАДБ-ға қолданылмайды);

      л) Ұлттық қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасында және Еуразиялық даму банкінің (бұдан әрі – ЕАДБ) жарғылық құжаттарында (егер кредиттік шарт тараптарының бірі ЕАДБ болып табылған жағдайда) айқындалатын өзге де міндетті талаптар.

VI. Қаржылық жәрдемдесу тетігі

      10. Субсидия осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген талаптарға кредиттік шарттар мен субсидия беру туралы келісімдердің қолданылу кезеңінде қарыз алушылар (кредит алушылар) сәйкес келген жағдайда субсидия алушыға беріледі.

      11. Субсидиялар қаржы ұйымдарына Ресей Федерациясының Орталық Банкі Комиссия Кеңесінің кооперациялық жобаны мақұлдау және қаржы ұйымына субсидия беру туралы шешімі (бұдан әрі – жобаны мақұлдау туралы Комиссия Кеңесінің шешімі) күні белгілеген ресей рублінің бағамы бойынша кредиттік шарттың валютасына ресей рублімен субсидия беру туралы келісімге сәйкес беріледі.

      12. Субсидиялар қаржы ұйымдарына жобаны мақұлдау туралы Комиссия Кеңесінің шешімінде белгіленген негізгі мөлшерлеменің 100 пайызы мөлшерінде беріледі.

      Субсидиялау мөлшерлемесі кредиттің (қарыздың) пайыздық мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде белгіленеді.

      13. Әрбір кооперациялық жоба бойынша субсидия мөлшерін есептеу № 3 қосымшаға сәйкес тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Жеңілдетілген несиелеу кезеңі 5 жылдан аспауы керек.

      Субсидияларды Комиссия қаржы ұйымдарына тиісті қаржы жылына арналған осы мақсаттарға Одақ бюджетінде бекітілетін шығыстар көлемі шегінде береді.

      Бір жоба бойынша берілетін субсидияның максималды көлемі жылына 350 миллион ресей рублінен аспайтын мөлшерде анықталады.

VII. Қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға өтінім беру, қарау және мақұлдау рәсімі

      15. Қарыз алушы (кредит алушы) комиссия Кеңесінің кооперациялық жобаны мақұлдауы мақсатында қаржы ұйымына мынадай құжаттарды жібереді:

      шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы, оның орналасқан жері, мүше мемлекеттердің экономикалық қызмет түрлерінің сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылатын негізгі қызмет түрі көрсетілген, шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы немесе уәкілетті тұлғасы қол қойған, егер көрсетілген құжаттарға шаруашылық жүргізуші субъектінің уәкілетті тұлғасы қол қойған жағдайда, шаруашылық жүргізуші субъектінің тиісті құжаттарға қол қою құқығын куәландыратын, шаруашылық жүргізуші субъектінің уәкілетті тұлғасының сенімхатын қоса бере отырып, кооперациялық жобаны қаржыландыруға өтінім;

      осы Ереженің 6-тармағының "б" – "г", "е" және "ж" тармақшаларында көрсетілген, шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы немесе уәкілетті тұлғасы қол қойған, шаруашылық жүргізуші субъектінің мөрін (бар болса) қоя отырып, шаруашылық жүргізуші субъектінің талаптарға сәйкестігі туралы қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік 60 күннен ерте емес күнге шаруашылық жүргізуші субъектінің анықтамасы;

      № 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша кооперациялық жобаның паспорты;

      бизнес-жоспар, оның ішінде кооперациялық ;обаның сипаттамасы, оны іске асырудың негізгі міндеттері мен кезеңдері, қаржылық жоспар, тәуекелдерді бағалау және тәуекелдерді басқару, шаруашылық жүргізуші субъект қалыптастырған және оның басшысы мен бас бухгалтері қол қойған;

      шаруашылық жүргізуші субъектінің өзі резиденті болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес төленуі тиіс салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу бойынша 500 мың ресей рубліне баламалы сомадан асатын міндетінің болмауы туралы осы құжаттар жиынтығын ұсынған күнге дейін күнтізбелік 60 күннен ерте емес күнге салық органының анықтамасын;

      шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы немесе уәкілетті тұлғасы қол қойған, шаруашылық жүргізуші субъектінің мөрін (бар болса) қоя отырып, осындай сәйкестікті растайтын құжаттарды қоса бере отырып, кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігін бағалау туралы құжат;

      кооперациялық жобаға қатысушылардың кооперациялық жобаның іріктеу критерийлеріне сәйкестігін растайтын құжаттарының (өнімді жеткізуге арналған алдын ала шарттар, келісімшарттар, кооперациялық жобаға қатысушылардың жарғылық құжаттары және т. б.) куәландырылған көшірмелері;

      заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен (тіркелімінен, электрондық тіркелімінен) үзінді көшірме;

      қаржы ұйымының талабы бойынша осы Ереженің 4-тармағының "а" тармақшасына сәйкес мүше мемлекеттерден кооперациялық жобаға қатысушылардың кооперациялық жобасын іске асыруға қатысуын растайтын өзге де құжаттар.

      Егер кооперациялық жобаға қатысушылардың бірі осы Ереженің 4-тармағының "а" тармақшасының төртінші-алтыншы абзацтарында көрсетілген қажетті шарттарды орындай отырып, өндірілетін өнімде кемінде 1,5 пайыз мөлшерінде материалдар және (немесе) жинақтауыштар жеткізуді орындаған жағдайда, құжаттардың негізгі жиынтығына кооперациялық жобаға қатысушылардың басшылары қол қойған, жеткізілетін материалдардың және (немесе) жинақтауыштардың үлесін жыл сайын өндірілетін өнімде кемінде 5 пайыз деңгейге дейін ұлғайтуды көздейтін жоспар-кесте қоса беріледі.

      Егер кооперациялық жоба қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға өтінім берілген күнге осы Ереженің 4-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген өлшемшартқа сәйкес келмеген жағдайда, құжаттардың негізгі пакетіне кәсіпорындар кооперациялық жобаны іске асыруға қатысатын және жоба аяқталған кезде оқшаулау көрсеткішіне қол жеткізуді көздейтін мүше мемлекеттердің бірінің мемлекеттік органымен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарттың немесе ұқсас құжаттың куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.

      Кооперациялық жобаның және қарыз алушының (кредит алушының) осы Ереженің 4 және 6-тармақтарында көрсетілген талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкестігін тексеруді қаржы ұйымы қарыз алушыдан (кредит алушыдан) алынған ақпарат пен құжаттар негізінде жүргізеді.

      16. Қарыз алушының (кредит алушының) осы Ереженің 6 және 15-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша және ішкі рәсімдерге сәйкес кооперациялық жобаны алдын ала қарау нәтижелері бойынша банк комиссияға № 5 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға өтінім жібереді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі (банктің басшысы немесе банктің уәкілетті тұлғасы қол қойған, банктің мөрін қойып (бар болса), банктің уәкілетті тұлғасының тиісті құжаттарға қол қою құқығын куәландыратын сенімхатын қоса бере отырып, көрсетілген құжаттарға Банктің уәкілетті тұлғасы қол қойған жағдайда):

      а) Банктің осы Ереженің 7-тармағының "а" – "в" және "е" тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы тиісті уәкілетті органның анықтамасы;

      б) қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға өтінім жіберілген күнге дейін банктің резиденті болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес төленуі тиіс салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу бойынша 500 мың ресей рубліне баламалы сомадан асатын орындалмаған міндетінің болмауы туралы күнтізбелік 60 күннен ерте емес күнге салық органының анықтамасын;

      в) мүше мемлекеттің бюджетінен берілген (оның ішінде мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге мақсаттарға берілген)бюджеттік инвестицияларды мүше мемлекеттің бюджетіне қайтару бойынша мерзімі өткен берешегінің және соңғы 6 айда ұлттық қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мүше мемлекет алдындағы ақшалай міндеттемелер бойынша 500 мың ресей рубліне баламалы сомадан асатын өзге де мерзімі өткен (реттелмеген) берешектің жоқтығы туралы банктің анықтамасы;

      г) Банктің жоспарлы кезеңге субсидия төлемдерінің жылдық (тоқсандық) болжамын қоса бере отырып, кооперациялық жобаны қаржыландыруға әзірлігі туралы қорытындысы (ниеттер туралы хаттама) (есептеулермен және қажеттіліктің негіздемесімен);

      д) кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігі туралы банктің қорытындысы;

      е) қарыз алушының (кредит алушының) осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың (тізілімдерден, салық органдары мен ұйымдарының анықтамаларынан үзінді көшірмелер және т. б.) көшірмелері;

      ж) инвестициялық қаржыландыру тәжірибесінің болуы туралы банктің анықтамасы;

      з) осы Ереженің 4-тармағының "а" тармақшасына сәйкес мүше мемлекеттерден кооперациялық жобаға қатысушылардың кооперациялық жобасын іске асыруға қатысуын растайтын өзге де құжаттар.

      17. Қаржы даму институттары мен ЕАДБ осы Ережеге № 5 қосымшада көзделген нысан бойынша қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға өтінім береді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі (қаржы даму институтының немесе ЕАДБ басшысы немесе уәкілетті тұлғасы қол қойған, қаржы даму институтының немесе ЕАДБ мөрін (бар болса), қаржы институтының немесе ЕАДБ уәкілетті тұлғасының тиісті құжаттарға қол қою құқығын куәландыратын сенімхатын қоса бере отырып, егер көрсетілген құжаттарға қаржы даму институтының немесе ЕАДБ уәкілетті тұлғасы қол қойған жағдайда)

      а) кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігі туралы анықтама;

      б) жоспарлы кезеңге арналған субсидия төлемдерінің жылдық (тоқсан сайынғы) болжамын қоса бере отырып, кооперациялық жобаны қаржыландыруға әзірлік туралы қорытынды (ниеттер туралы хаттама) (қажеттілікті есептеумен және негіздеумен);

      в) қарыз алушының (кредит алушының) осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың (тізілімдерден, салық органдары мен ұйымдарының анықтамаларынан үзінді көшірмелер және т. б.) көшірмелері;

      г) осы Ереженің 4-тармағының "а" тармақшасына сәйкес мүше мемлекеттерден кооперациялық жобаға қатысушылардың кооперациялық жобасын іске асыруға қатысуын растайтын өзге де құжаттар.

      18. Комиссияның өнеркәсіптік саясат департаменті:

      а) осындай өтінім келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жобаны қаржылық жәрдемдесу тетігіне енгізуге қаржы ұйымынан келіп түскен өтінімді кезектілік тәртібімен тіркейді;

      б) осы Ережеге сәйкес ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын және олардағы мәліметтердің толықтығын тексереді;

      в) қаржы ұйымы ұсынған құжаттардың жинақталмағандығы анықталған жағдайда, Комиссия оған жетіспейтін құжаттарды ұсыну туралы хат жібереді.

      19. Қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға өтінімдерді қаржы ұйымдары Комиссияға тұрақты негізде жібереді.

      Жыл сайын, 1 сәуір мен 1 қазандағы жағдай бойынша Комиссия осы Ережеде белгіленген тәртіппен келіп түскен өтінімдерді қарау үшін олардың тізбесін қалыптастырады.

      20. Қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға өтінімдерді қарау мақсатында өнеркәсіп жөніндегі Консультативтік Комитеттің жанынан сараптамалық топ (бұдан әрі тиісінше – сараптамалық топ, Консультативтік комитет) құрылады.

      Сараптама тобының құрамына міндетті түрде мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының және комиссия департаменттерінің өкілдері енгізіледі.

      21. Сараптама тобы осы Ережеге сәйкес қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға өтінімдер ұсыну шеңберінде қаржы ұйымдары ұсынған құжаттарға сараптама жүргізеді және кооперациялық жобалардың көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігін тексереді.

      22. Сараптама тобының ұсынысы негізінде қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға өтінімдерді Консультативтік комитет қарау үшін ұсынады.

      23. Консультативтік комитет қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға өтінімдерді қарағаннан кейін комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министрі) Комиссия Алқасының қарауы үшін әрбір мақұлданған өтінімге қатысты Комиссия кеңесі шешімінің жобасын Комиссия мен қаржы ұйымы арасында субсидия беру туралы келісім жасасу үшін негіз болып табылатын № 6 қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақұлдау туралы ұсынады.

      24. Қаржы ұйымы Комиссияға, оның ішінде кооперациялық жобаны іске асыру барысында осы Ереженің 23-тармағында көрсетілген субсидия беру туралы келісімге мынадай негіздер бойынша өзгерістер енгізу туралы дәлелді өтініш беруге құқылы:

      а) техникалық қателерді түзету қажет болған жағдайда (сипаттамалар, қателер, грамматикалық немесе арифметикалық қателер);

      б) қаржы ұйымы және қарыз алушы (кредит алушы) туралы ақпаратты олардың жарғылық құжаттарына кредит шарты тараптарының және Субсидия беру туралы келісім тараптарының қаржылық және құқықтық міндеттемелеріне әсер етпейтін (өзгерістерге әкеп соқпайтын) өзгерістер енгізілген жағдайда түзету қажет болған кезде;

      в) осы Ереженің 9-тармағының "а" тармақшасына және (немесе) 11 және 12-тармақтарына өзгерістер енгізілген жағдайда, жобаны мақұлдау туралы Комиссия кеңесінің шешіміне өзгерістер енгізілген кезде.

      25. Қарыз алушы (кредит алушы), оның ішінде кооперациялық жобаны іске асыру барысында қаржы ұйымына осы Ереженің 15-тармағының төртінші абзацында көзделген кооперациялық жобаның паспортына мынадай негіздер бойынша өзгерістер енгізу туралы дәлелді өтініш беруге құқылы:

      а) техникалық қателерді түзету қажет болған жағдайда (сипаттамалар, қателер, грамматикалық немесе арифметикалық қателер);

      б) қарыз алушы (кредит алушы)болып табылмайтын кооперациялық жобаға қатысушыны ауыстыру кезінде;

      в) қаржы ұйымы және қарыз алушы (кредит алушы) туралы ақпаратты олардың жарғылық құжаттарына кредиттік шарт тараптары мен Субсидия беру туралы келісім тараптарының қаржылық және құқықтық міндеттемелеріне әсер етпейтін (өзгерістерге әкеп соқпайтын) өзгерістер енгізілген жағдайда түзету қажет болған жағдайда.

      26. Қарыз алушыдан (кредит алушыдан) осы Ереженің 15-тармағының төртінші абзацында көзделген кооперациялық жобаның паспортына өзгерістер енгізу туралы өтініш түскен кезде қаржы ұйымы келіп түскен құжаттарды тексереді және мұндай өтінішті алған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер енгізу үшін Комиссияға жүгінеді.

      Осы Ереженің 24-тармағының "в" тармақшасында және 25-тармағының "в" тармақшасында көзделген өзгерістер енгізу туралы өтінішті қарау рәсімі осы Ереженің 21-23-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

VIII. Субсидия беру туралы келісім

      27. Субсидия беру туралы келісім мыналарды қамтиды:

      а) субсидия беру мақсаты;

      б) қаржы ұйымының кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігінің сақталуына мониторингті қамтамасыз ету міндеттемесі;

      в) қаржы ұйымының осы Ережеге сәйкес ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету міндеттемесі;

      г) жобаны мақұлдау туралы Комиссия Кеңесінің шешімінде көзделген ақша қаражатының көлемі шегінде аударым кезеңділігін және әрбір төлем сомасын қамтитын субсидия төлемдерінің жоспар-кестесі;

      д) қаржы ұйымының қарыз алушының (кредит алушының) осы Ережеге және Субсидия беру туралы келісімге сәйкес, оның ішінде кооперациялық жобаны сүйемелдеу тетігі негізінде (егер қаржы ұйымы банк болып табылса) ақша қаражатын нысаналы пайдалануына мониторингті (бақылауды) жүзеге асыру міндеттемесі;

      е) Комиссия Кеңесі субсидия беруді тоқтату және қаржы ұйымының ақшалай қаражатты қайтаруы туралы шешім қабылдаған жағдайда қаржы ұйымының субсидияны қайтару міндеттемесі, тәртібі мен мерзімі;

      ж) Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 22-бабына сәйкес қаржы ұйымының 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Комиссияның сұрау салуы бойынша қарыз алушының (кредит алушының) қаржыландыруды мақсатты пайдаланғанын және кооперациялық жобаның мүше мемлекеттердің мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жүргізетін сыртқы аудитті (бақылауды) жүзеге асыру үшін іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну міндеттемесі;

      з) дауды қарау тәртібі мен орны туралы ереже;

      и) қаржы ұйымының субсидия алу үшін комиссияға қайта (анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін) жүгіну тәртібі;

      к) Комиссия Кеңесі субсидия беруді қайта бастау туралы шешім қабылдағанға дейін ақша қаражатын аударуды тоқтату үшін негіздер;

      л) субсидия беру туралы келісімде, оның ішінде осы тармақтың "б", "в" және "д" – "ж" тармақшаларында көзделген міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік шаралары.

      28. Субсидия беру туралы келісімге қаржы ұйымының басшысы немесе қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы (қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасының тиісті құжаттарға қол қою құқығын куәландыратын сенімхатты қоса бере отырып) және Комиссия Алқасының төрағасы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (Комиссияның уәкілетті тұлғасының тиісті құжаттарға қол қою құқығын куәландыратын сенімхатты қоса бере отырып) қол қояды.

      29. Субсидия беру туралы келісімді жасасудан бас тарту үшін негіздер:

      а) осы Ережеде көрсетілген құжаттарды ұсынбау немесе толық емес көлемде ұсыну;

      б) қаржы ұйымы немесе қарыз алушы (кредит алушы)туралы дұрыс емес ақпаратты анықтау;

      в) банктің осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      г) кредиттік шарт жобасының талаптарының осы Ереженің 9-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі.

IX. Субсидия беру туралы келісім жасасу рәсімі

      30. Комиссия Алқасы жобаны мақұлдау туралы Комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаржы ұйымына кооперациялық жобаны мақұлдау туралы хабарлама жібереді.

      31. Кооперациялық жобаны мақұлдау туралы хабарламаны алғаннан кейін қаржы ұйымы осы Ережеге сәйкес ұсынылған құжаттарды қоса бере отырып, 3 данада Cубсидия беру туралы келісімнің қол қойылған түпнұсқасын комиссияға жібереді. Комиссия субсидия беру туралы келісімді алған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде қаржы ұйымы ұсынған құжаттарды қарайды.

      32. Қаржы ұйымынан алынған субсидия беру туралы келісімді қарау нәтижелері бойынша Комиссия:

      Cубсидия беру туралы келісімге қол қояды;

      осы Ереженің 29-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде субсидия беру туралы келісім жасасудан бас тартады және қаржы ұйымына тиісті хабарлама жібереді;

      Жобаны мақұлдау туралы комиссия Кеңесінің шешімінде көрсетілген ақшалай қаражаттың шекті көлемін ескере отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау және (немесе) субсидия төлемдерінің болжамын түзету қажеттілігі туралы хабарламаны қаржы ұйымына жібереді (кооперациялық жобаны іске асыру мерзімдері сақталған жағдайда).

      Субсидия беру туралы келісімге қол қойылған жағдайда Комиссия бұл туралы қаржы ұйымын хабардар етеді және оның атына Субсидия беру туралы қол қойылған келісімнің 1 данасын жібереді.

      Комиссияның қаржы департаменті Комиссия Алқасы төрағасының бұйрығымен бекітілген тәртіппен субсидия беру туралы келісімнің талаптарына сәйкес субсидияны алушының шотына аударуды қамтамасыз етеді.

X. Субсидия беру туралы келісім бойынша төлемдер рәсімі және кооперациялық жобаның іске асырылу барысы туралы есептерді ұсыну

      33. Субсидия төлемдерінің кезеңділігі субсидия беру туралы келісімде белгіленеді.

      34. Мәлімделген кезең үшін субсидия алу мақсатында қаржы ұйымы Комиссияға қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы қол қойған субсидия беру туралы өтінішті (Ұлттық қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасының тиісті құжаттарға қол қою құқығын куәландыратын сенімхатты қоса бере отырып) мынадай құжаттарды қоса бере отырып жібереді:

      а) қарыз алушының (кредит алушының) есептелген пайыздарды (осындай пайыз болған кезде)нақты төлегенін растайтын құжаттар;

      б) мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары берген және банктің осы Ереженің 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін (қажетті құжаттарды қоса бере отырып) және қарыз алушының (несие алушының) осы Ереженің 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын анықтамалар;

      в) қаржы ұйымының басшысы қол қойған, кредиттік шарт талаптарының осы Ереженің 9-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын өтініш;

      г) қаржы ұйымы берген және қарыз алушының (кредит алушының) қаржы қаражатын пайдаланғанын растайтын анықтама;

      д) жобаны ресей рубліне ұлттық валютаның негізгі мөлшерлемесі мен бағамымен мақұлдау туралы Комиссия Кеңесінің шешімінде белгіленген кезеңге арналған субсидия мөлшерін есептеу.

      35. Комиссия мәлімделген кезең үшін субсидия беру туралы өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде:

      а) өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарайды және олардағы мәліметтердің толықтығын тексереді;

      б) мәлімделген кезең үшін субсидия беру туралы немесе мәлімделген кезең үшін субсидия беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      в) қабылданған шешім туралы қаржы ұйымын хабардар етеді.

      36. Қаржы ұйымы қарыз алушының (кредит алушының) кредиттік шарт бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауы туралы, кооперациялық жобаның іске асырылу барысы және кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігіне қатысты талаптардың сақталуы туралы есептерді тексереді және Комиссияға қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы қол қойған (аталған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып) көрсетілген есептерді мынадай мерзімдерде ұсынады:

      а) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-жұмыс күнінен кешіктірмей;

      б) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей (есепті жылдың басынан бастап өспелі қорытындымен жасалады);

      в) субсидия беру туралы келісімде белгіленген мерзімдерде кооперациялық жобаны іске асыру туралы қорытынды есеп;

      г) комиссияның сұрау салуын алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

      37. Комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі (Министр) қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде 2 рет Комиссия кеңесінің отырысында № 7 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша негізгі көрсеткіштер бойынша қаржылық жәрдем көрсету тетігін іске асыру барысы туралы, оның ішінде кооперациялық жобалар тізбесі, қаржылық жәрдем көлемі, пайдалану тиімділігі туралы баяндайды сондай-ақ өткен кезеңдегі кооперациялық жобалардың іске асырылу дәрежесіне баға береді.

XI. Іріктеу өлшемшарттарының, ұлттық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптардың сақталуын және кооперациялық жобалардың іске асырылуын бақылау

      38. Іріктеу өлшемшарттары мен ұлттық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды Комиссия Кеңесі Комиссия Алқасы ұсынатын ақпарат негізінде жүзеге асырады.

      39. Қажет болған жағдайда Комиссия мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына қарыз алушының (кредит алушының) осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі және банктің осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат беру туралы сұрау салуды жібереді.

      40. Кооперациялық жобаның іске асырылуын бақылауды комиссия және қаржы ұйымы осы Ереженің 9-тармағының "е" тармақшасында және 36-тармағында көрсетілген кооперациялық жобаның іске асырылу барысы туралы тоқсан сайынғы (Жыл сайынғы) есептер негізінде жүзеге асырады. Кооперациялық жобаларды іске асыру мониторингін Комиссия қаржы ұйымдарының жыл сайынғы есептері негізінде жүзеге асырады.

XII. Комиссияның, қаржы ұйымдарының және қарыз алушылардың (кредит алушылардың)жауапкершілігі

      41. Одақ бюджетінің қаржылай көмек көрсетуге арналған қаражатын әкімшілендіруді Комиссия жүзеге асырады.

      42. Комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі (Министр) кооперациялық жобаны іске асыру кезінде туындайтын проблемалар туралы Комиссия кеңесін уақтылы хабардар етпегені үшін жауап береді және субсидия беруді тоқтату үшін негіз болып саналуы мүмкін.

      43. Қаржы ұйымдары осы Ережеде және Субсидия беру туралы келісімде көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін, оның ішінде ақшалай қаражаттың нысаналы пайдаланылуын тиісінше бақыламағаны және қайтарылмағаны үшін жауапты болады.

      44. Қарыз алушы (несие алушы) осы Ережеде және кредиттік шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін, оның ішінде кооперациялық жобаны іске асырғаны және мүше мемлекеттердің кредиттік шартына және заңнамасына сәйкес ақшалай қаражатты нысаналы пайдаланғаны үшін жауапты болады.

XIII. Қаржы ұйымына субсидия беруді тоқтата тұру, мерзімінен бұрын тоқтату және қайтару үшін негіздер

      45. Комиссия Кеңесі қаржы ұйымы және (немесе) қарыз алушы (несие алушы) анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін субсидия беруді тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      46. Комиссия субсидия беруді тоқтата тұруға және ақша қаражатын аударуды тоқтатуға негіз болып табылады:

      а) қаржы ұйымын кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкес еместігі және осы мәселені шешу қажеттілігі туралы хабардар ету;

      б) қаржы ұйымының қарыз алушының (кредит алушының) кредиттік шарт бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауы және кооперациялық жобаның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігіне қатысты талаптарды сақтауы туралы есептерді осы Ереженің 36-тармағында белгіленген мерзімдерде ұсынбауы;

      в) қаржы ұйымын кооперациялық жобаға қатысуды тоқтату және қаржы ұйымын ауыстыру қажеттілігі туралы хабардар ету;

      г) банктің осы Ереженің 7-тармағының "б" және "е" тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі.

      47. Осы Ереженің 46-тармағының "а" және "в" тармақшаларында көрсетілген қаржы ұйымының хабарламалары Комиссияға келіп түскен немесе осы Ереженің 46-тармағының "б" және "г" тармақшаларында көрсетілген фактілер анықталған кезде:

      Комиссия Субсидия беру туралы келісімге сәйкес Комиссия Кеңесі субсидия беруді қайта бастау туралы шешім қабылдағанға дейін ақша қаражатын аударуды тоқтатады және тиісті ақпаратты алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бұл туралы қаржы ұйымын хабардар етеді;

      Комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Комиссия Кеңесінің қарауы үшін субсидия беруді тоқтата тұру туралы шешімнің жобасын ұсынады. Комиссия Кеңесі аталған шешімді қабылдаған жағдайда Комиссия ол күшіне енген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаржы ұйымына тиісті хабарлама жібереді.

      Қаржы ұйымы осы Ереженің 46-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген бұзушылықты жойған жағдайда, Комиссия Кеңесі субсидия беруді тоқтата тұру туралы шешім қабылдағанға дейін комиссия қаржы ұйымына ақша қаражатын аударуды қайта бастайды.

      Қарыз алушы (кредит алушы) немесе қаржы ұйымы анықталған бұзушылықтарды жою не қаржы ұйымын ауыстыру үшін Комиссия Кеңесі субсидия беруді тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімде беріледі.

      Қарыз алушы (кредит алушы) немесе қаржы ұйымы анықталған бұзушылықтарды жойған жағдайда Комиссия Кеңесі субсидия беруді қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Қаржы ұйымы ауыстырылған жағдайда субсидия беру туралы жаңа келісім жасалады.

      48. Қарыз алушы (кредит алушы) немесе қаржы ұйымы анықталған бұзушылықтарды Комиссия Кеңесі субсидия беруді тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 6 ай ішінде жоймаған жағдайда:

      а) Комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Комиссия Кеңесінің қарауы үшін кооперациялық жоба бойынша нақты төленген субсидия сомасының 100 пайызы мөлшерінде субсидия беруді тоқтату (бұдан әрі – субсидия беруді тоқтату туралы шешім) және қаржы ұйымының ақшалай қаражатты қайтаруы туралы шешімнің жобасын ұсынады;

      б) Комиссия Комиссия Кеңесі субсидия беруді тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қаржы ұйымын субсидия беру туралы келісімді бұзу және қаржы ұйымының кооперациялық жоба бойынша нақты төленген субсидия сомасының 100 пайызы мөлшерінде ақшалай қаражатты қайтаруы туралы хабардар етеді;

      в) қаржы ұйымы Субсидия беру туралы келісім бұзылған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде ақшалай қаражатты Комиссияның шотына қайтаруды жүзеге асырады.

      49. Мүше мемлекеттің қаржы ұйымынан және (немесе) мемлекеттік органынан алынған хабарлама негізінде анықталған немесе кооперациялық жобаны іске асыру мониторингі барысында Комиссия анықтаған субсидия беруді мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіздер болып табылады:

      а) қарыз алушының (кредит алушының) қаржы қаражатын мақсатсыз пайдаланғаны туралы қаржы ұйымын хабардар ету;

      б) несие шартын мерзімінен бұрын бұзу;

      в) қарыз алушының (кредит алушының) кооперациялық жобаны іске асырудан бас тарту (тоқтата тұру туралы) туралы шешім қабылдауы;

      г) қарыз алушыға (кредит алушыға) қатысты банкроттық рәсіміне бастамашылық жасау.

      50. Осы Ереженің 49-тармағында көзделген негіздер болған кезде:

      а) Комиссия тиісті ақпаратты алған күннен бастап қаржы ұйымына ақша қаражатын аударуды тоқтатады және тиісті ақпаратты алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бұл туралы қаржы ұйымын хабардар етеді;

      б) Комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министрі) Комиссия Кеңесінің қарауы үшін кооперациялық жоба бойынша нақты төленген субсидия сомасының 100 пайызы мөлшерінде субсидия беруді тоқтату және қаржы ұйымының Одақ бюджетіне ақшалай қаражатты қайтаруы туралы шешімнің жобасын ұсынады;

      в) Комиссия Комиссия Кеңесі субсидия беруді тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қаржы ұйымын Комиссия Кеңесінің қабылданған шешімі туралы, Субсидия беру және ақша қаражатын қайтару туралы келісімді бұзу туралы хабардар етеді;

      г) қаржы ұйымы субсидияны комиссияның талабы негізінде көрсетілген талапты алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қайтаруды жүзеге асырады.

  "Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
өнеркәсіп салаларындағы
бірлескен кооперациялық
жобаларды іске асыруы кезінде
оларға қаржылық көмек көрсету
туралы ережені
№ 1 ҚОСЫМША

Өнеркәсіп салаларының ТІЗБЕСІ

      1. Авиақұрылыс.

      2. Автомобиль жасау.

      3. Сутегі энергиясы.

      4. Жаңартылатын энергия және энергияны сақтау жүйелері.

      5. Теміржол машиналарын жасау.

      6. Ғарыштық технологиялар.

      7. Жеңіл өнеркәсіп (соның ішінде былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар өндірісі).

      8. Жиһаз өнеркәсібі.

      9. Металлургия өнеркәсібі.

      10. Мұнай-газ машина жасау.

      11. Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісі.

      12. Автомобиль электр көлігін, оған арналған жиынтықтауыштарды және зарядтау инфрақұрылымын өндіру.

      13. Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру.

      14. Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру.

      15. Құрылыс материалдарын өндіру.

      16. Целлюлоза, қағаз және қағаздан жасалған бұйымдар өндірісі.

      17. Мамандандырылған машина жасау (ауыл шаруашылығы машина жасау; тамақ өнімдері мен сусындарды өндіруге арналған машиналар мен жабдықтар; жер қазу машиналарын, жолдарды салуға және күтіп ұстауға арналған машиналарды, құрылыс-жол материалдарын тасымалдауға арналған машиналарды, көтергіш-көлік машиналарын, құрылыс материалдарын өндіруге арналған машиналар мен жабдықтарды; тау-кен жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтарды қоса алғанда, құрылыс-жол машина жасау; орман техникасы; әуеайлақ техникасы; өрт техникасы, коммуналдық машиналар; қоқыс сұрыптау техникасы, тіркеме техникасы және шассидегі қондырмалар; мотоцикл техникасы; жоғары өту техникасы; порт техникасы; қойма техникасы, сондай-ақ жоғарыда аталған топтарға енгізілмеген басқа да машиналар мен жабдықтар).

      18. Радиоэлектроника өнеркәсібі (оның ішінде есептеу, электронды және оптикалық техника және микроэлектроника өндірісі.

      19. Станок жасау.

      20. Кеме жасау өнеркәсібі.

      21. Ауыр машина жасау.

      22. Фармацевтика өнеркәсібі және медициналық бұйымдар өндірісі.

      23. Химия өнеркәсібі.

      24. Энергетикалық машина жасау, электротехника және кабель өнеркәсібі.

      25. Зергерлік өнеркәсіп.

      26. Ядролық және радиациялық технологиялар.

      Ескертпе. Осы тізбе толық болып табылмайды және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімі бойынша оған өзгерістер енгізілуі мүмкін.

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
өнеркәсіп салаларындағы
бірлескен кооперациялық
жобаларды іске асыруы кезінде
оларға қаржылық көмек көрсету
туралы ережені
№ 2 ҚОСЫМША

Қарыз алушының (кредит алушының) кооперациялық жобаны іске асыру үшін ақша қаражатын пайдалану мақсаттарының ТІЗБЕСІ

      1. Негізгі құралдарды сатып алуға (оның ішінде қаржылық жалдау (лизинг) шарты бойынша бастапқы төлемді төлеуге), салуға, дайындауға, жеткізуге, монтаждауға, баптауды және негізгі құралдарды пайдалануға беруге дайындау жөніндегі өзге де іс-шараларды (оның ішінде кооперациялық жоба шеңберінде өнім өндіруге қажетті) қоса алғандағы шығыстар.

      2. Кедендік баждар мен кедендік алымдарды төлеуге арналған шығыстар.

      3.  Лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарт (лицензиялық төлемдер) бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар.

      4.  Конструкторлық және техникалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті технологиялық жабдықтар мен жарақтарға арналған шығыстар (оның ішінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға, зертханалық, зерттеу кешенін дайындауға, сынақ, бақылау-өлшеу және қосалқы жабдықтарды сатып алуға).

      5.  Жобалық құжаттаманы, жұмыс құжаттамасын дайындауды қоса алғанда, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға және салуға байланысты жобалау және іздестіру жұмыстарын орындауға арналған шығыстар, сондай-ақ консультациялық қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстар.

      6.  Құрылысқа, реконструкциялауға, ағымдағы және (немесе) күрделі жөндеуге арналған шығыстар (монтаждау, іске қосу-баптау, инжинирингтік және өнеркәсіптік инфрақұрылым объектісінің құрылысымен тығыз байланысты өзге де жұмыстарды қоса алғанда), оның ішінде құрылыс мердігерлік шарттары бойынша ақы төлеуге арналған шығыстар.

      7. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға, кредиттік шартта (келісімде) белгіленген кредит сомасының 20 пайызынан аспайтын көлемде негізгі өнімді өндіру үшін шығыс материалдарын, шикізатты және жинақтаушы бұйымдарды сатып алуға арналған шығыстар.

      8.  Басым өнімді өндіру үшін пайдаланылатын жабдыққа шығыс материалдары мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алуға арналған шығыстар (оның ішінде істен шыққан бөлшектер ауыстырылған жағдайда).

      9. Өнімдер мен қызметтерді сертификаттауға арналған шығыстар, сондай-ақ кооперациялық жобаны іске асыру үшін қажетті лицензияларды, сертификаттарды және өзге де рұқсат құжаттарын алуға байланысты шығыстар.

      10. Кредиттік шартта (келісімде) белгіленген кредит сомасының 40 пайызынан аспайтын көлемде өнеркәсіптік инфрақұрылым объектісін (объектілерін) өндіруді іске қосу және (немесе) пайдалануға беру үшін қажетті шығыстар.

      11. Негізгі құралдар мен өнеркәсіптік инфрақұрылым объектілерінің құнын бағалауды жүргізуге арналған шарттар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстар.

      12. Құрылыс бақылауын жүзеге асыру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстар.

      13. Жаңа өндірістік қуаттарды құру мақсатында жер учаскелерін сатып алуға немесе жалға алуға арналған шығыстар (кооперациялық жоба іске асырылатын жер учаскесі қарыз алушының (кредит алушының) меншігінде болған жағдайларды қоспағанда).

      14.  Ғимараттарды, құрылыстарды, үй-жайлар мен жабдықтарды жалға алуға қатысты шығыстар.

      15. Негізгі құралдарға қызмет көрсету және күтіп-ұстау шығыстары.

      16.  Негізгі құралдарды пайдалануға беруге қажетті отын-энергетикалық ресурстарға ақы төлеуге және технологиялық процестерді қамтамасыз етуге байланысты шығыстар.

      17.  Өндіріс қажеттіліктері үшін мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы сатып алуға байланысты шығыстар.

      18. Экспорттық операцияларды сақтандыруға байланысты шығыстар.

      19.  Кооперациялық жобаны іске асыру кезінде туындайтын салық міндеттемелеріне және салықтық емес алымдарға байланысты шығыстар.

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
өнеркәсіп салаларындағы
бірлескен кооперациялық
жобаларды іске асыруы кезінде
оларға қаржылық көмек көрсету
туралы ережеге
№ 3 ҚОСЫМША

Кооперациялық жоба бойынша субсидия мөлшерін есептеу тәртібі

      Әрбір кооперациялық жоба (С) бойынша субсидияның жоспарлы мөлшері мына формула бойынша есептеледі:



      онда:

      Дп – субсидия беру кезеңінде қарыз алушы (кредит алушы) үшін пайыздық мөлшерлемені негізге ала отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) ұлттық валютасында есептелген қаржы ұйымы табысының (пайыздық төлемдердің) болжамды сомасы;

      Сс – қарыз алушының (кредит алушының) мүше мемлекетінің ұлттық (орталық) банкінің түйінді мөлшерлемесі (қайта қаржыландыру мөлшерлемесі немесе мүше мемлекетте қолданылатын өзге де ұқсас көрсеткіш) мөлшерінде айқындалатын және кооперациялық жобаны мақұлдау және қаржы ұйымына субсидия беру туралы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімінде тіркелген субсидияланатын мөлшерлеме;

      С% – қаржы ұйымының кірісі есептелген пайыздық мөлшерлеменің мөлшері.

      Әрбір кооперациялық жоба бойынша субсидия мөлшері Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кооперациялық жобаны мақұлдау және қаржы ұйымына субсидия беру туралы шешімінде белгіленген бағам бойынша ресей рублімен есептеледі.

      Қаржы ұйымына тиісті қаржы жылына арналған Еуразиялық экономикалық одақтың бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде қаржылық жәрдем көрсетіледі.

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
өнеркәсіп салаларындағы
бірлескен кооперациялық
жобаларды іске асыруы кезінде
оларға қаржылық көмек көрсету
туралы ережеге
№ 4 ҚОСЫМША

      (форма)

Кооперациялық жобаның
ПАСПОРТЫ

      1. Кооперациялық жобаның атауы: ________________________________________
2. Кооперациялық жобаның мақсаты, қысқаша сипаттамасы, іске асыру мерзімі:
______________________________________________________________________
3. Қарыз алушы (несие алушы): ___________________________________________
4. Қаржы ұйымының атауы: ______________________________________________
_______________________________________________________________________
5.  Кооперациялық жобаға қатысушылар (кооперациялық ынтымақтастық түрін көрсете отырып):
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
6. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 202_ жылғы №_ шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде оларға қаржылық көмек көрсету туралы ереженің 4-тармағында айқындалған кооперациялық жобаның іріктеу критерийлеріне сәйкестігі:
Кооперациялық жобаға қатысушы *_____________________________
(Қатысушының аты)
ынтымақтастықтың келесі түрлері іске асырады:

      □ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен өнімнің түпкілікті өндірісінде пайдалану үшін кемінде 5 пайыз мөлшерінде материалдар және (немесе) жинақтауыштар жеткізу;

      □ кооперациялық жоба құнының кемінде 5 пайызы сомасына технологиялық жабдықты (қосалқы бөлшектер мен жинақтауыштарды) немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізу;

      □ кооперациялық жоба құнының кемінде 10 пайызы көлемінде өндірістік нысандардың жұмыс істеуі үшін қажетті инжинирингтік және құрылыс қызметтерін көрсету;

      □ кооперациялық жобаны іске асыруға оның құнының кемінде 10 пайызы мөлшерінде мүліктік жарна енгізу;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісіммен бекітілген мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес кооперациялық жоба шеңберінде өндірілетін өнім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен шыққан деп танылады:

      □ Иә

      □ Жоқ;

      кооперациялық жобаны іске асыру кезінде мынадай нәтижелерге қол жеткізу қамтамасыз етіледі (кемінде бір тармақты толтыру қажет):

      □ жаңа бірлескен өнеркәсіп өндірістерін құру, қолданыстағы өндірістік қуаттарды ұлғайту, өндірісті технологиялық қайта жарақтандыру және (немесе) жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын құру;

      □ өнімді жеткізудің кооперациялық өндірістік тізбегі шеңберінде қосылған құнды ____ ресей рубліне баламалы сомада қалыптастыру

      □ үшінші елдерге өнім экспортын _____ ресей рубліне баламалы сомада ұлғайту;

      □ Еуразиялық экономикалық одақтағы өзара сауда және өзара инвестициялар көлемінің ______ ресей рубліне баламалы сомада ұлғаюы.
7. Қаржыландыру көзі:_________________________________________________
8. Кооперациялық жобаның құны (Ресей рубльі):___________________________
_____________________________________________________________________
9.  Қаржылық көмек көрсету шеңберінде бөлінетін кредиттік қаражаттың көлемі:
_____________________________________________________________________
10. Қарыз алушы (кредит алушы)үшін жеңілдікті кредиттік мөлшерлеменің көлемі:
____________________________________________________________________
11. Қаржы ұйымы табысының болжамды сомасы (пайыздық төлемдер):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
* Кооперациялық жобаның әрбір мәлімделген қатысушысы бойынша толтырылады.

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
өнеркәсіп салаларындағы
бірлескен кооперациялық
жобаларды іске асыруы кезінде
оларға қаржылық көмек көрсету
туралы ережеге
№ 5 ҚОСЫМША

      (форма)

Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінің қаражаты есебінен қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысуға ӨТІНІМ

      ______________________________________________ атынан
(қаржылық ұйымның атауы)

      1. Кооперациялық жобаның толық атауы және оның қысқаша сипаттамасы: ____________
_____________________________________________________________________________
2. Кооперациялық жобаны іске асыру орны: _______________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
3. Кооперациялық жобаға қатысушылардың саны және олар туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
4.  Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 202_ жылғы №_ шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде оларға қаржылық көмек көрсету туралы ереженің 4 -тармағының "а" тармақшасына сәйкес кооперациялық ынтымақтастық түрлері (кооперациялық жобаның әрбір қатысушысы үшін):
      □ материалдарды, құрамдас бөліктерді жеткізу;
      □ кооперациялық жобаны іске асыруға мүліктік жарна енгізу;
      □ технологиялық жабдықты немесе бағдарламалық қамтамасыз
      етуді жеткізу;
      □ инжинирингтік және құрылыс қызметтерін көрсету.
      5.  Кооперациялық жоба шеңберінде өндірілетін өнім Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – одақ)кедендік аумағынан шығарылатын болып есептеледі:
      □ Иә.
      □ Жоқ.
      6. Кооперациялық жобаны іске асыру кезінде:
      □ жаңа бірлескен өнеркәсіп өндірістерін құру, қолданыстағы өндірістік қуаттарды ұлғайту, өндірісті технологиялық қайта жарақтандыру және (немесе) жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын құру;
      □ өнімді жеткізудің өндірістік тізбегі шеңберінде қосылған құнды қалыптастыру;
      □ кооперациялық жобалар шеңберінде өндірілген өнімдердің Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерге экспортын ұлғайту;
      □ өзара сауда және өзара инвестициялар көлемін ұлғайту.
      7. Кооперациялық жобаны іске асыру кезінде: ______________________________
8. Жобаны қаржыландырудың жалпы құны және құрылымы:
инвестициялардың қажетті көлемі (кредиттік шарттың валютасы):______________
_______________________________________________________________________
кооперациялық жобаны қаржыландыру көздері мен көлемі (кооперациялық жобаның әрбір қатысушысы үшін (қажет болған жағдайда)):
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
бірлескен инвестордың болуы:
      □ Иә.
      □ Жоқ.
      9. Өндірістің қысқаша сипаттамасы (егер бар болса): __________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
10. Өндірілетін өнімнің негізгі тұтынушылары (егер қолданылса):
      Одаққа мүше мемлекеттің заңды тұлғасымен өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың немесе шарттың (оның ішінде алдын ала) болуы:
      □ Иә
      □ жоқ;
      Кооперациялық жобаны іске асыру нәтижесі болып табылатын өндірілетін өнімге мүдделі Одаққа мүше мемлекеттің заңды тұлғасы:
_________________________________________
Одақ шеңберінде ұқсас өнімнің бәсекелестік өндірісінің болуы және осындай өндірістің қысқаша сипаттамасы: ______________________________________________________
__________________________________________________________________________
Одақ нарығының және осы өнімнің (ұқсас өнімнің)әлемдік нарығының сыйымдылығын бағалау: ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
11.  Инновационность кооперационного проекта, оценка новизны реализуемых в кооперационном проекте технологий: __________________________________________
___________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
12. Кооперациялық жобаның Одаққа мүше мемлекеттердің бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі және кооперациялық жобаның мүше мемлекеттердің бағдарламаларына енгізілуі туралы ақпарат: _____________________________________________________________
___________________________________________________________________________
13.  Кооперациялық жобаны іске асыру бойынша бұрын жүргізілген іс-шаралар туралы мәліметтер (оның ішінде қаржыландыру туралы): ______________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
14. Кооперациялық жобаны іске асыру кезіндегі болжамды тәуекелдер: __________________
____________________________________________________________________________________
15.  Одаққа мүше әрбір мемлекет үшін кооперациялық жобаны іске асырудың ықтимал экономикалық әсерін бағалау:
      кооперациялық жобалар шеңберіндегі өзара инвестициялардың көлемі _____ миллион ресей рубліне тең;
      өзара сауда шеңберіндегі өнеркәсіптік тауарлар экспортының _____ миллион ресей рубліне баламалы сомадағы көлемі;
      мүше мемлекеттердің (оның ішінде әрбір мүше мемлекет бойынша ұлттық валютаның мың бірлігімен) бюджеттеріне _______ миллион ресей рубліне балама сомадағы қосымша салық түсімдерінің көлемі;
      өндірілген өнімнің көлемі ________ миллион ресей рубліне тең;
      өнімділіктің артуы (бір қызметкердің сағатына өндірілген өнім көлемі) (егер қажет болса), ресей рубльі / сағ: _________;
      құрылған жаңа жұмыс орындарының саны: _______.

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
өнеркәсіп салаларындағы
бірлескен кооперациялық
жобаларды іске асыруы кезінде
оларға қаржылық көмек көрсету
туралы ережеге
№ 6 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссияның кооперациялық жобаны мақұлдау және қаржы ұйымына субсидия беру туралы шешімі жобасының нысаны

      ШЕШІМ

      202 ж.                        №                               қ.

Кооперациялық жобаны мақұлдау және қаржы ұйымына субсидия беру туралы

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 92 – бабының 4-тармағына және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2023 жылғы №2 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде оларға қаржылық көмек көрсету туралы ережеге сәйкес (бұдан әрі – Бірлескен жобаларды іріктеу туралы ереже) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Бірлескен кооперациялық жоба Бірлескен жобаларды іріктеу туралы ереженің II бөлімінде көзделген кооперациялық жобаларды іріктеу өлшемшарттарына сәйкес деп тани отырып, (кооперациялық жобаның атауы) (бұдан әрі – жоба) жоба паспортына сәйкес мақұлдансын.

      2.  Субсидия беру туралы келісімнің жобасы (қаржы ұйымының атауы) іске асыру үшін мақұлдансын (жобаның атауы) және _______ ресей рубльі мөлшерінде субсидия көлемі анықталсын.

      3. Субсидия мөлшерін есептеу үшін:

      Негізгі мөлшерлемені ____ пайыздық көлемде белгілеу

      Ресей рубліне бағам (валюта атауы) _______________ ресей рубліне (валюта атауы).

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия субсидия беру туралы келісім жасасын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жобаны іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсетуге ақшалай қаражат бөлуді мынадай ақшалай қаражаттың шекті көлемін ескере отырып қамтамасыз етсін:

      _______ жылы – _________ ресей рубльі;

      _______ жылы – _________ ресей рубль;

      _______ жылы – _________ ресей рубльі;

      _______жылы – _________ ресей рубльі;

      _______жылы – _________ ресей рубльі.

      5. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап ___ күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
өнеркәсіп салаларындағы
бірлескен кооперациялық
жобаларды іске асыруы кезінде
оларға қаржылық көмек көрсету
туралы ережеге
№ 7 ҚОСЫМША

Қаржылық жәрдемдесу тетігі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің ТІЗБЕСІ

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

I. Қаржылық жәрдемдесу тетігінің сұраныс көрсеткіштері (нақты көрсеткіштер қаржылық жәрдемдесу тетігін іске асырудың әрбір жылының соңында тіркеледі)

1. Тиісті жылы іске асырылатын жобалар саны және жаңа жобалар саны

Бірлігі

2. Тиісті жылы Еуразиялық экономикалық одақтың игерілген бюджет қаражатының көлемі (Еуразиялық экономикалық одақтың бюджетінде субсидиялау тетігін іске асыруға көзделген жалпы жылдық көлемнің пайызы)

пайызы

3. Тиісті жылы қаржылық жәрдемдесу тетігіне қатысатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) саны

Бірлігі

4. Субсидияларды пайдалану тиімділігі *

Бірлігі

II. Мүше мемлекеттердің экономикасы үшін қаржылық жәрдемдесу тетігінің тиімділік көрсеткіштері (нақты көрсеткіштер 5 жылдық кезеңнің қорытындылары бойынша белгіленеді)

1. Кооперациялық жобалар шеңберіндегі өзара инвестициялар көлемі

ресей рубльі

2. Өзара сауда шеңберінде мүше мемлекеттер экспортының көлемі

ресей рубльі

3. Мүше мемлекеттердің бюджеттеріне қосымша салық түсімдерінің көлемі

ресей рубльі, оның ішінде әрбір мүше мемлекет бойынша ұлттық валютаның мың бірлігінде

4. Өндірілген өнім көлемі

ресей рубльі

5. Өнімділік (бір қызметкердің сағатына есептегенде өндірілген өнім көлемі) (егер қолданылса)

ресей рубльі /сағатына

6. Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны

Бірлігі

      ____________________________________________
      * Қаржы ұйымдары кооперациялық жобаларды іске асыру үшін берген несиелер көлемі ретінде берілген субсидиялардың 1 рубліне бағаланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады