Беларусь Республикасында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 23 наурыздағы № 32 шешімі

      Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 83 және 2021 жылғы 10 ақпандағы № 9 қаулыларымен Беларусь Республикасының аумағында енгізілген әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы Беларусь Республикасының 2021 жылғы 3 наурызда түскен өтінісіне байланысты және Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №19 қосымша) 82-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Беларусь Республикасында, балық консервілерін қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін 90 күнге - 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қоса алғанда 2021 жылғы 29 маусымға дейінгі аралықта ұзартумен келісілсін.

      2. Беларусь Республикасында балық консервілерінің бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін 41 күнге - 2021 жылғы 20 мамырдан бастап қоса алғанда 2021 жылғы 29 маусымға дейінгі аралықта ұзартумен келісілсін

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2021 жылғы 1 сәуірден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады