Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылға және 2021 – 2023 жылдар кезеңіне арналған ресми болжамдарын дайындау үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндері бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
В. Назаренко |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 28 шілдедегі № 92 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылға және 2021 – 2023 жылдар кезеңіне арналған ресми болжамдарын дайындау үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндері
Өлшем бірлігі | Болжам | ||||
2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | ||
1. Әлемдік экономиканың даму қарқыны болжамдарының интервалдық сандық мәндері (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша есептеу) | өткен жылға қарағанда пайызбен | (-7,6) – 0,5 | 3,0 – 5,8 | 2,2 – 3,8 | 2,4 – 3,8 |
2. Brent маркалы мұнай бағасы болжамдарының интервалдық сандық мәндері | бір баррельге АҚШ доллары | 27,7 – 45,0 | 30,0 – 55,0 | 30,0 – 58,0 | 30,0 – 60,0 |
