Келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019 жылға және 2020 – 2022 жылдар кезеңіне арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын дайындауға арналған болжамдардың сыртқы параметрлерінің аралық сандық мәндері бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 107 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019 жылға және 2020 – 2022 жылдар кезеңіне арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын дайындауға арналған болжамдардың сыртқы параметрлерінің аралық сандық мәндері
Өлшем бірлігі | Болжам | ||||
2019 жыл | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл | ||
1. Әлемдік экономиканың даму қарқыны болжамдарының аралық сандық мәндері (сатып алу қабілетінің теңдігі бойынша есептеме) | алдыңғы жылға пайызбен | 3,2 - 3,7 | 3,3 - 3,7 | 3,5 - 3,8 | 3,5 - 3,8 |
2. Brent маркалы мұнайға баға болжамдарының аралық сандық мәндері | бір баррельге АҚШ доллары | 55,0 - 70,0 | 55,0 - 75,0 | 55,0 - 80,0 | 55,0 - 80,0 |
