Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 39-бабы 2-тармағына, 40-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына және "Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 139 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы бекітілсін.
3. Шығыс Қазақстан облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы "24" маусым № 165 қаулысына 1-қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының аумағында балалардың құқықтарын қорғау саласында кәмелетке толмағандардың (балалардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын және жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың аудандарда, қалаларда орналасқан, өзіне есеп беретін және бақылауындағы ұйымдары мен мекемелері болуы мүмкін.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ тілінде өз атауы жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, пошталық индексі 070004.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға өз өкілеттіктеріне жататын міндеттерді орындау бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен Басқармаға кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмеген жағдайда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) кәмелетке толмағандардың (балалардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуді, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасын және оны ерте анықтауды үйлестіру, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау;
3) білім беру, тәрбие, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт саласында балалар мүдделеріне орай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті айқындаған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
4) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасына және оны ерте анықтауға, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға бағытталған шаралардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
5) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікпен қарау мен буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарды анықтауға қатысу, сондай-ақ оларға кешенді көмек көрсету мен сүйемелдеуді ұйымдастыру;
6) уәкілетті органдарды, ұйымдарды, отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып, тәуекел тобында тұрған балалар мен отбасыларға көмек көрсетуді ұйымдастыру және өз құзыреті шегінде жеке профилактика шараларын қолдану;
7) балалар құқықтарын қорғау, өмірде қиын жағдайға ұшыраған балалар мен отбасыларға көмек көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңнамасында көзделген балалардың басқа да құқықтары мен заңды мүдделерінің іске асырылуын қамтамасыз ету;
9) психологиялық қолдау орталықтарының қызметін үйлестіру;
10) психологиялық қолдау орталықтарының білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылын үйлестіру;
11) мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыруын үйлестіру;
12) балалар құқықтарын, оның ішінде қылмыстық процесте құқықтық қолдауды және қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбаны және куәгері болып табылатын балаларға көмек көрсетуді үйлестіру;
13) цифрлық сервистер мен платформаларды дамыту және енгізу арқылы саланы цифрландыруды қамтамасыз ету, қызметте цифрлық құралдарды қолдануды үйлестіру, инвестициялар тартуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ инновациялық білім беру шешімдері мен заманауи цифрлық тәсілдерді ілгерілету;
14) басқарма қызметі саласында киберқауіпсіздікті, оның ішінде білім беру саласында пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мен цифрлық ресурстарды қорғауды қоса ала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің облыс әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу;
заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу;
облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыстың атқарушы органдарының, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қызметіне талдау жүргізу;
өз қызметін жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтар.
2) міндеттері:
заңды және негізделген шешімдер қабылдау;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау, олардың орындалуын бақылау;
жеке және заңды тұлғалар мен олардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) және актілер қабылдауға жол бермеу;
жұмыс барысында алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнама талаптарын сақтау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді іске асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
15. Функциялары:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) балалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ олардың өмір сүру сапасының құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуын қамтамасыз ету;
3) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуді, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасын және оны ерте анықтауды үйлестіру, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау;
4) тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет және спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау саласында балалар мүдделеріне орай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті айқындаған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
5) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасына және оны ерте анықтауға, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға бағытталған шаралардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
6) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікпен қарау, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды анықтауға қатысу;
7) уәкілетті органдар мен ұйымдарды, оның ішінде отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып, өз құзыреті шегінде отбасыларға және мынадай:
- отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтары қолдап отырған;
- кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралған;
- баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда құқықтарының бұзылуына байланысты (оның ішінде қатыгездікпен қарау салдарынан) бұрын болған;
- тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталған, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтар анықтаған;
- кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналары, заңды өкілдері бар балаларға көмек ұйымдастыру және жеке профилактика шараларын қолдану;
8) осы тармақтың 7) тармақшасында аталған балаларға алты айда кемінде бір рет ұдайы бару және олардың жағдайын бағалау;
9) кәмелетке толмағандар болатын білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына кедергісіз бару;
10) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы және оны ерте анықтау мәселелері бойынша, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қабылданған шаралар туралы ақпарат сұрату;
11) өз құзыреті шегінде мобильді топтардың жұмысына қатысу;
12) балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға ұшыраған балаларға көмек көрсету мәселелері бойынша ұйымдардың ведомствоаралық ынтымақтастығын қамтамасыз ету және қызметін үйлестіру;
13) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру қызметін жүзеге асыру;
14) балалардың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік және әдістемелік қолдау көрсету;
15) облыс, аудан/қалалардағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың отырыстарына қатысу;
16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде (арыздарында, шағымдарында), сұрау салуларында, ұсыныстарында, пікірлері мен хабарламаларында көтерілетін жүйелік мәселелерге талдау, мониторинг жүргізу және анықтау;
17) психологиялық қолдау орталықтарының қызметін үйлестіру;
18) психологиялық қолдау орталықтарының қызметін әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру, психологиялық көмек көрсетудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу және енгізу;
19) мектептер мен колледждердің психологиялық қызметтері қызметінің тиімділігіне мониторинг және талдау жүргізу;
20) психологиялық қолдау орталықтарының білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылын үйлестіру;
21) өмірде қиын жағдайға ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға психологиялық көмек көрсету шараларын үйлестіру;
22) психологиялық қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
23) суицидтік ниеті, буллинг, зорлық-зомбылық диагностикасы нәтижесінде анықталған және өз бетінше көмекке жүгінген барлық балалардың мектептердің психологиялық қызметтерімен сүйемелденуін қамтамасыз етуді мониторингтеу;
24) уәкілетті органдар мен ұйымдарды, оның ішінде отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып, өз құзыреті шегінде отбасыларға және мынадай:
- орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог-психологтарында және әлеуметтік педагогтерінде тәуекел тобында тұрған балаларға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға көмек көрсетуді ұйымдастыру және жеке профилактика шараларын қолдану;
25) балалардың құқықтарын қылмыстық процесте құқықтық қолдап отыруды қамтамасыз ету;
26) қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларында зорлық-зомбылық құрбаны және куәгері болған балалардың құқықтарын қорғауға жәрдемдесу;
27) қылмыстық салада балалар құқықтарын бұзушылық жағдайларын ерте анықтау және әрекет ету жұмыстарын ұйымдастыру;
28) қылмыстық процесте профилактикалық шаралар әзірлеу үшін балалар құқықтарын бұзушылық жағдайларын есепке алу және талдау жүргізу;
29) кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процесс шеңберінде балаға көмек көрсетуді және оны қолдап отыруды ұйымдастырудың жеке жоспарын құру;
30) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікпен қарау, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылық куәгері болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету қызметін үйлестіру;
31) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікпен қарау, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектептерден және түрмелерден оралған балаларды жеке қолдап отыруды жүргізу;
32) арнайы әлеуметтік қызметтер беру үшін зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандардың қажеттілігіне арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес талдау жүргізу және білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жолдау;
33) балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен буллингке қарсы ұлттық ақпараттық науқан жүргізу;
34) қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыру;
35) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, қамқоршылыққа, патронатқа, қабылдайтын отбасыға, бала қонақтайтын және оны қабылдайтын кәсіби отбасыларға беру және орналастыру;
36) қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі, баланы қабылдайтын отбасылардағы, баланы қабылдайтын кәсіби отбасылардағы балалардың жай-күйін бағалау және оларға қажетті көмек көрсету мақсатында ұдайы бару арқылы алты айда кемінде бір рет балалардың жағдайын мониторингтеу және бағалау;
37) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметін үйлестіру;
38) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды тәрбиелеуге алғысы келетін адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру;
39) отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
40) қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттағы, баланы қабылдайтын отбасылардағы, баланы қабылдайтын кәсіби отбасылардағы балалардың жай-күйін бағалау және оларға қажетті көмек көрсету мақсатында ұдайы бару арқылы алты айда кемінде бір рет балалардың жағдайын мониторингтеу және бағалау.
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқармаға басшылықты басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы және өз өкілеттіктерінің жүзеге асырылуы үшін жеке жауаптылықта болады.
17. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарма басшысының орынбасарлары бар, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалады және лауазымдардан босатылады.
19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
2) Басқармаға жүктелген функциялардың орындалуы үшін жеке жауаптылықта болады;
3) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді;
5) шарттар жасасады;
6) сенімхаттар береді;
7) Басқарма бөлімдерінің ережелерін бекітеді;
8) өз құзыреті шегінде Басқарманың барлық қызметкерлері үшін, оның ішінде оған бағынысты және бақылауындағы білім беру бөлімдерінің қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар мен нұсқаулар шығарады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың лауазымды тұлғаларын және өзге де қызметкерлерін, сондай-ақ Басқармаға қарасты ұйымдардың басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне және Басқарма басшысы тағайындайтын өзге де жұмысшыларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазалар қолданады;
11) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды және ол үшін жеке жауапты болады;
12) мемлекеттік қызметке ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіби даярлығына сәйкес тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
13) Басқарма жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
14) облыс әкімі мен әкімдігінің тапсырмалары мен актілерін орындайды;
15) құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
16) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
17) жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің қабылдау кестесін бекітеді;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Басқарма басшысының өкілеттіктерін оның болмаған кезеңінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Басқарма басшысы өз орынбасарларының және Басқарманың өзге де қызметкерлерінің өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке ие бола алады.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
23. Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы "24" маусым № 165 қаулысына 2-қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы
Басқарма басшысы
Қорғаншылық, қамқоршылық және балалар құқықтарын қорғау бөлімі
Бам маман – заңгер
