Түлкібас ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекетік мекемесінің ережесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 56 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі №147-НҚ "Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы" бұйрығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түлкібас ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер енгізіліп, қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Түлкібас ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізу орталық басшысы Д.Серікке тапсырылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Кәлменге жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Естібаев

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2026 жылғы "___"______
№____қаулысына қосымша

Түлкібас ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

      1. Жастар ресурстық орталықтары туралы осы үлгілік ереже (бұдан әрі – үлгі ереже) Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6-бабының 13-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 115) тармақшасына сәйкес әзірленді және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) Жастар ресурстық орталықтарының (бұдан әрі-Ресурстық орталықтар) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.

      2. Жастар ресурстық орталықтары жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызмет көрсету мақсатында құрылады.

      3. Жастар ресурстық орталықтары жастардың қажеттіліктері мен мүдделері негізінде жастарға әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

      4. Ресурстық орталықтарды құру, олардың қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру қалалардың/аудандардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады.

      5. Ресурстық орталықтардың өз мөртаңбалары, мөрлері, қазақ тілінде және орыс тілінде өз атауы бар фирмалық бланкілері, қазынашылық органдарында және банкте есеп айырысу шоттары болады.

      6. Ресурстық орталықтардың басшылары функционалдық міндеттерін айқындайды және ресурстық орталықтар қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

      7. Ресурстық орталықтар өз Конституцияның, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтің қаулылары, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені және олардың негізінде әзірленген жарғыларды басшылыққа алады.

      8. Ресурстық орталықтар өз қызметін қызметі Ресурстық орталықтардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ететін мүдделі мемлекеттік органдармен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Индекс:161300, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №274.

2-тарау. Ресурстық орталықтардың міндеттері мен функциялары

      10. Ресурстық орталықтар Жастар жобалары мен бағдарламаларын іске асыру, бейресми білім беру, бастамаларды қолдау және жастарға консультациялық қолдау көрсету және жастардың өзін-өзі дамуы үшін жағдай жасау арқылы жастармен жұмыс жүргізеді.

      11. Ресурстық орталықтардың қызметін жоспарлау және жүзеге асыру жастар мен жастар ұйымдарының қажеттіліктері мен мүдделеріне негізделеді.

      12. Ресурстық орталықтардың қызметі Ресурстық орталықтардың ғимаратында және жастар көп жиналатын жерлерде жүзеге асырылады.

      13. Ресурстық орталықтар (қалалар/аудандар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана) өздерінің құрылымдық бөлімшелері – жастарға қызмет көрсету орталықтарының, қалалық/аудандық, облыстық орталық бөлімдерінің, кенттер мен ауылдардағы қызметін үйлестіреді және олардың қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен айналысады.

      14. Ресурстық орталықтардың негізгі міндеттері:

      1) ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру;

      2) жастардың бастамаларын консультациялық сүйемелдеу және қолдау;

      3) жастар ортасындағы жағдайға талдау және мониторинг жүргізу.

      15. Ресурстық орталықтар қызметінің бағыттары бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындауға жәрдемдесу:

      жастарға Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру;

      soft-skills дамыту бойынша курстар өткізу-түйіндемені сауатты құрастыру, коммуникативтік дағдылар, әңгімелесуден тиімді өту әдістері;

      жастар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу, кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және лайықты еңбек мәселелері бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.

      2) бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, құзыретін және дербестігін дамыту:

      өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу (азаматтық белсенділік, командада жұмыс істеу, сыни ойлау, креативтілік, ынтымақтастық, жауапкершілік, эмоцияларды басқару), жастардың құзыреті мен дербестігі;

      өмірлік маңызды дағдылар мен бейресми білімді дамытуға бағытталған жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.

      3) жастар арасында сандық сауаттылықты арттыруға және жаңа технологияларды дамытуға жәрдемдесу:

      цифрлық және медиа сауаттылық мәселелері бойынша жастарға кеңес беру;

      жастарға арналған цифрлық және медиа сауаттылық бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру;

      робототехника, бағдарламалау және ақпараттық технологиялар бойынша үйірмелер мен клубтардың қызметін ұйымдастыру.

      4) жастарға психологиялық көмек көрсету;

      психологпен жеке және эмоциялық мәселелер бойынша кеңес беру;

      жастармен психологиялық тренингтер мен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу;

      жастардың психикалық денсаулығы бойынша жастар жобаларын әзірлеу және іске асыру.

      5) жастарға өтеусіз негізде консультациялық және заң көмегін көрсету:

      жастар мен жастар ұйымдары үшін заң кеңестерін көрсету;

      жастар арасында құқықтық сауаттылық бойынша курстар ұйымдастыру және өткізу;

      жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу;

      жастар ұйымдары үшін заң көмегін көрсету.

      6) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу:

      кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мәселелері және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;

      кәсіпкерлік құзыреттер бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;

      жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау;

      жастар арасында кәсіпкерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.

      7) жастар ортасында Волонтерлік қызметті қолдау және дамыту:

      волонтерлік қызмет және жас еріктілерді қолдау мүмкіндіктері туралы жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;

      жастар арасында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту бойынша оқыту курстарын, мектептерді, лагерьлерді, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру;

      жастардың волонтерлік қызметін ұйымдастыру үшін волонтерлік ұйымдармен, білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала ұйымдарымен ынтымақтастық;

      волонтерлік бастамаларды қолдау және волонтерлік ұйымдармен және жастардың бастамашыл топтарымен бірлескен іс-шараларды іске асыру;

      жастар ортасында Волонтерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.

      8) жас отбасылармен жұмысты қамтамасыз ету және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесу:

      отбасы-неке мәселелері бойынша жас отбасыларға кеңес беру;

      некені тіркеуге өтініш берген жас адамдармен жұмыс;

      қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.

      9) жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету және жәрдемдесу:

      жастар ұйымдарына, жастардың өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік қолдау және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық шаралары туралы кеңес беру және ақпараттандыру;

      іс-шаралар өткізу үшін жастар ұйымдарын, қозғалыстарды және жастардың өзін-өзі басқару органдарын залдар мен үй-жайларды ұсыну;

      жастар ұйымдарының, қозғалыстардың және жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу;

      жастар ұйымдары мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының бастамаларын қолдау;

      жастар ұйымдарымен, қозғалыстармен және жастардың өзін-өзі басқару органдарымен бірлескен жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу.

      10) жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау:

      жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау мәселелері бойынша жастарға және жастар ұйымдарына кеңес беру және ақпараттандыру;

      жобаларды басқару мәселелері бойынша жастар ұйымдары, қозғалыстар, жастардың өзін-өзі басқару органдары, жастардың бастамашыл топтары үшін курстар, мектептер, лагерьлер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;

      жастар жобалары мен бағдарламалары туралы мәліметтер базасын ұйымдастыру және жүргізу;

      жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде тұрақты жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және бағалау.

      11) ақпараттық кеңістікті кеңейту;

      12) үздік тәжірибелер каталогын құру;

      13) ресурстық орталықтардың қызметін жарықтандыру;

      Жоғарыда көрсетілген функциялар, олардың әрқайсысының шеңберінде мақсатты топтың қажеттілігін бағалау, жастарды жоспарлау мен бағалауға тарту, консультациялық сүйемелдеу, тренингтер өткізу, жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, жастардың бастамаларын қолдау арқылы жүзеге асырылады.

3-тарау. Ресурстық орталықтың жұмыс тәртібі

      16. Ресурстық орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      17. Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

      1) оған меншік иесі берген мүлік;

      2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржык өздере себінен құрылады.

      18. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.

      19. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.

      20. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның әкімі аппараты бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.

      21. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

5-тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

      23. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады