Қазақстан Республикасы Салық кодексі 655-бабының 3-тармағына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Отырар ауданы аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Отырар аудандық мәслихатының төрағасы | У. Ұзақов |
| Отырар аудандық мәслихатының | |
| 2026 жылғы 22 қыркүйектегі | |
| № 40/220-VIII шешіміне қосымша |
Отырар ауданы аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері
Р/с № | Сыртқы (көрнекі) жарнама түрлері | Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бір жағы үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жерде және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде | ||
1 | 2 | 3 |
1 | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы қоспағанда, 2 ш.м-ді қоса алғанға дейінгі сыртқы (көрнекi) жарнама | 0,5 |
2 | Лайтбокстар (сити-форматта) | 1 |
3 | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама: | |
3.1. | 2-ден 5 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 1 |
3.2. | 5-тен 10 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 2 |
3.3. | 10-нан 20 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 3 |
3.4. | 20-дан 30 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 5 |
3.5. | 30-дан 50 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 7 |
3.6. | 50-ден 70 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 12 |
3.7. | 70 ш.м-ден жоғары | 25 |
4 | Шатырүсті жарықты сыртқы (көрнекі) жарнама (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер): | |
4.1. | 30 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 6 |
4.2. | 30 ш.м-ден жоғары | 8 |
5 | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, вымпелдардағы, штандарттардағы, көше жиһаздарындағы (жабдықтарындағы) сыртқы (көрнекі) жарнама: | |
5.1. | 5 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 0 |
5.2. | 5-тен 10 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 0 |
5.3. | 10 ш.м-ден жоғары | 1 |
6 | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, уақытша типтегі дүңгіршектердегі сыртқы (көрнекі) жарнама: | |
6.1. | 2 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 0 |
6.2. | 2-ден 5 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 0 |
6.3. | 5-тен 10 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 1 |
6.4. | 10 ш.м-ден жоғары | 2 |
7 | Жылжымалы жайма жарнама | 1 |
8 | Бейнекөрініс арқылы таратылатын, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама: | |
8.1. | 20 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 6 |
8.2. | 20 ш.м-ден жоғары | 16 |
9 | Жүгіртпе жол арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнама | 1 |