БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 112 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерінің тізбесінде:
1-тарау. "Әскери-қолданбалы спорт түрлері":
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10 және 11-жолдармен толықтырылсын:
"
10. | Страйкбол |
11. | Пейнтбол |
".
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі мәтінін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институт" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Мырзабосынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
