Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан титан диоксидін әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 125-НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына, "Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына және "Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін титан диоксидіне қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 96 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан титан диоксидін әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      2) осы бұйрықты оның ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Сауда комитеті:

      1) осы Қағидаларға сәйкес демпингке қарсы баж төлемей, Қытай Халық Республикасынан шыққан титан диоксидінің импортына лицензия беруді жүзеге асыруын;

      2) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан титан диоксидін әкелуге сан жағынан шектеулер (квоталар) туралы мәліметтерді (бекітілген, пайдаланылған және бөлінбей қалған) жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2030 жылғы 16 қарашаға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаққалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және

      құрылыс министірлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  бұйрығымен бекітілген

Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан титан диоксидін әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан титан диоксидін әкелуге сан жағынан шектеулерді (бұдан әрі – квоталар) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына, "Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына және "Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін титан диоксидіне қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 96 шешіміне сәйкес әзірленді және сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан титан диоксидін әкелуге квоталарды бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тауар – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 3206 11 000 0 кодымен жіктелетін Қытай Халық Республикасынан шыққан титан диоксиді;

      2) квота – Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 96 шешімімен белгіленген Қазақстан Республикасына демпингке қарсы баж төлемей әкелу үшін рұқсат етілген заттай мәндегі тауардың жыл сайынғы көлемі;

      3) сыртқы сауда қызметіне қатысушы – тарихи және жаңа өнім беруші;

      4) тарихи өнім беруші – алдыңғы кезеңде және/немесе квота қолданылған жылдың тiкелей алдындағы жыл ішінде тауарды "ішкі тұтыну үшін шығару" кедендік рәсімінде әкелуді, сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға;

      5) жаңа өнім беруші – тарихи өнім беруші болып есептелмейтін, сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға;

      6) тарихи өнiм берушiнің тауарды әкелу көлемi – осы тарихи өнім беруші квота көлемінің шегінде алдыңғы кезеңде және/немесе квота қолданылған жылдың тiкелей алдындағы жыл ішінде тауарды Қазақстан Республикасының аумағына "ішкі тұтыну үшін шығару" кедендік рәсімімен әкелген заттай мәндегі тауардың саны;

      7) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      8) алдыңғы кезең – квота қолданылған жылдың тiкелей алдындағы екi жыл;

      9) кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

      10) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей тауарды әкелуге квоталарды бөлу тәртібі

      3. Кеден ісі саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесінші күнiне қарай сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға тауар бойынша заттай және құндық көлемдері туралы ақпаратты ұсынады.

      Ақпарат, әкелуді жүзеге асыратын сыртқы сауда қызметіне қатысушыларды көрсете отырып, өсу қорытындысымен қоса ұсынылады. Көрсетілген ақпарат тауардың шығарылу күні бойынша қалыптастырылады.

      Ұсынылған ақпараттың әр парағына уәкiлеттi органның кеден ісі саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствоның құрылымдық бөлімшесінің ақпарат алмасуды жүзеге асыруға уәкiлеттi басшысы қол қояды.

      4. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган:

      жыл сайын квота қолданылатын жылға тікелей алдыңғы жылдың 1 қазанына дейін интернет-ресурста квота туралы ақпаратты, оның қолданылу мерзімін және тауар көлемін, сондай-ақ тауарды әкелу кезінде қолданылатын әкелу кедендік және демпингке қарсы баждардың мөлшерлемелерін, түсіндірме беру үшін байланыс деректерін көрсете отырып орналастырады;

      жыл сайын осы Қағидаларға сәйкес тарихи жеткізушілер арасында тауарды әкелуге арналған квоталарды бөледі;

      квота қолданылатын жылға дейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін осы Қағидаларға сәйкес тарихи жеткізушілер үшін айқындалған квоталарды тарихи жеткізушілер арасында бөлудің бірінші кезеңін бекітеді;

      квота қолданылатын жылдың 15 сәуіріне дейін осы Қағидаларға сәйкес тарихи жеткізушілер үшін айқындалған квоталарды тарихи жеткізушілер арасында бөлудің екінші кезеңін бекітеді;

      жыл сайын квота қолданылатын жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларына сәйкес айқындалған көлемдерде квота қолданылатын тауарларды импорттауға сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға лицензиялар беруді жүзеге асырады;

      квота қолданылатын жылдың әр ай сайын, айдың 10-күніне дейін интернет-ресурста лицензиялар берілген квота көлемдері және тауар бойынша бөлінбей қалған көлемдер туралы мәліметтерді квота толық игерілгенге дейін жариялап отырады.

      5. Лицензия алу үшін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 20135) бекітілген Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес тауарды импорттауға лицензия беру туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) береді.

      6. Жаңа жеткізушілер Өтініштерді квота қолданылатын жылдың 1 ақпанынан бастап береді. Көрсетілген күнге дейін жаңа жеткізушілер ұсынған Өтініштер қараусыз қайтарылады.

      7. Лицензияның қолданылу мерзімі лицензия берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.

      8. Лицензияның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға Еуразиялық экономикалық комиссияның нетарифтік реттеу шараларын қолдану туралы шешімімен бекітілген нысан бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган беретін лицензияның орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.

      9. Сыртқы сауда қызметіне қатысушы өзіне берілген тауарды импорттауға арналған лицензияны оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қайтарған жағдайда, пайдаланылмаған квота қайта бөлуге жатады.

      Пайдаланылмаған квота осы Қағидалардың 5, 18 және 19-тармақтарында белгіленген ережелерге сәйкес бөлінеді.

      10. Әкелінетін тауарға лицензия болмаған жағдайда 2025 жылғы 14 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының № 96 шешіміне сәйкес демпингке қарсы баж қолданылады.

      11. Осы Қағидаларға сәйкес квота шеңберінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар әкелген тауар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілуге жатпайды.

      12. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар санаттары арасында жылдық квотаны бөлу мынадай:

      тарихи жеткізушілерге: тауарды әкелуге арналған жылдық квотаның 80 %;

      жаңа жеткізушілерге: тауарды әкелуге арналған жылдық квотаның 20 %.

      13. Демпингке қарсы баж төлемей тауарды әкелу сыртқы сауда қызметіне қатысушыда сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган берген лицензия және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган немесе сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган берген тауардың мақсатты тағайындалуын растайтын құжат болған жағдайда жүзеге асырылады.

3-тарау. Тарихи жеткізушілер арасында квоталарды бөлу әдістемесі

      14. Тарихи жеткізушілер арасында тауарды әкелуге арналған квоталарды бөлу екі кезеңде жүзеге асырылады.

      15. Бірінші кезең шеңберінде тарихи жеткізушілер арасында тарихи жеткізушілер үшін айқындалған жылдық квотаның жиырма бес пайызы бөлінеді.

      Әрбір тарихи жеткізуші үшін квота мынадай формула бойынша есептеледі:

     


      мұндағы:

      q9 – бірінші кезең шеңберiнде есептелген тарихи өнім берушiнiң тауардың әрбір түрін әкелуге арналған тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;

      Q – тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тауардың әрбір түрі бойынша жылдық тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;

      VI – алдыңғы кезеңнiң бiрiншi жылында тарихи өнiм берушiнiң тауардың тиісті түрін әкелу көлемi, килограммен;

      VII-9 – тарифтiк квота қолданылатын жылдың алдындағы жылдың тоғыз айында тарихи өнiм берушiнiң тауардың тиісті түрін әкелу көлемi, килограммен;

      V’I – тарифтік квота қолданылатын жылдың тікелей алдындағы жылдың тоғыз айы ішінде тауардың тиісті түрін әкелуді жүзеге асыратын барлық тарихи өнiм берушiлердiң алдыңғы кезеңнің бірінші жылында тауардың тиісті түрін әкелу көлемi, килограммен;

      V’II-9 – тарифтiк квоталар қолданылатын жылдың тікелей алдындағы жылдың тоғыз айында осы кезеңде ішінде тауардың тиісті түрін әкелуді жүзеге асыратын барлық тарихи өнiм берушiлердің тауардың тиісті түрін әкелу көлемi, килограммен.

      16. Екінші кезең шеңберінде тарихи жеткізушілер арасында тарихи жеткізушілер үшін айқындалған жылдық квотаның жүз пайызы бөлінеді.

      Әрбір тарихи жеткізуші үшін квота мынадай формула бойынша есептеледі:

     


      мұндағы:

      q12 – екінші кезең шеңберiнде есептелген тарихи өнiм берушiнің тауардың әрбір түрін әкелуіне арналған тарифтiк квотаның жылдық көлемi, килограммен;

      Q – тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тауардың әрбір түрі бойынша жылдық тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;

      q9 – бірінші кезең шеңберiнде тарихи өнiм берушiге бөлінген тауардың тиісті түрін әкелуге арналған тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;

      V – алдыңғы кезеңде тарихи өнім берушi жүзеге асырған тауардың тиісті түрін әкелу көлемi, килограммен;

      V’ – тарифтік квота қолданылатын жылдың тікелей алдындағы жылы тауардың тиісті түрін әкелуді жүзеге асырған барлық тарихи өнiм берушiлердiң алдыңғы кезеңде тауардың тиісті түрін әкелу көлемі, килограммен.

      17. Осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген формулалар бойынша жүргізілген есептеулердің нәтижелері математикалық тәсілмен бүтін санға (килограмм мәніне дейін) дөңгелектенеді.

4-тарау. Жаңа жеткізушілер арасында квоталарды бөлу әдістемесі

      18. Жаңа жеткізушілер арасында квоталарды бөлу Өтініштердің түсу кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады.

      19. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган Өтініштерге сәйкес, олардың түсу кезектілігі тәртібімен тауарды импорттауға лицензиялар береді.

      20. Тауарды импорттауға лицензиялар Өтініште көрсетілген көлемге, әрбір жаңа жеткізуші үшін жаңа жеткізушілерге айқындалған жалпы жылдық квотаның жиырма пайызынан аспайтын мөлшерде, жаңа жеткізушілер үшін көзделген көлемдер толық игерілгенге дейін беріледі.

      21. Егер жаңа жеткізуші тауарды импорттауға берілген лицензия бойынша тауарды әкелуді жүзеге асырмаса, ол келесі жылы жаңа жеткізуші ретінде квоталарды бөлуге қатысу мүмкіндігінен айырылады.

      Мұндай жеткізушінің Өтініштері қараусыз қайтарылады.

      Осы тармақтың ережелері лицензияның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жеткізуші лицензияны қайтарған жағдайда қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады