"Индербор кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенті әкімінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 16 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІМ:

      1. "Индербор кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 03 қыркүйектегі № 81 "Индербор кенті аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" және 2025 жылғы 19 қарашадағы № 96 "Индербор кенті аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау кент әкімінің орынбасары К. Нуриевке жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Индербор кентінің әкімі Ш. Альмурзиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады