Индербор кенті аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Атырау облысы Индербор кенті әкімінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 96 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 1-тармағының 9) тармақшасын, 37-бабының 3-тармағын, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 4- бабының, 3-тармағының 2) тармақшасын, 15-бабының 3-тармағының 17) тармақшасын және 48-бабын, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығын, Индер ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2025 жылғы 23 қазандағы № 8 хаттамасын, "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Атырау өндірістік филиалының Индер газ шаруашылығының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 63 хатын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТТІМ:

      1. Индербор кенті аумағында жергілікті ауқымды техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау кент әкімінің орынбасары К.Нуриевке жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Индербор кентінің әкімі Ш. Альмурзиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады