Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына, 15-бабының 3-тармағының 17) тармақшасына және 48-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) сәйкес, Индер ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 5 және № 6 хаттамаларын, "Қазгидромет" ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 24-05-5/516 санды хатын және "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Атырау өндірістік филиалының Индер газ шаруашылығының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 47 хатын басшылыққа ала отырып, ШЕШТІМ:
1. Индербор кенті аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Индербор кенті әкімінің міндетін атқарушы |
К. Нуриев |
