"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 79 қаулысы

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 116 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты мекемесі бар:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";

      13-тармақ 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Функциялары:

      1) жұмыс жоспарын әзiрлеу және бекiту;

      2) ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзiрлеу және бекiту;

      3) өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру функциясын жүзеге асыру;

      4) адамның және азаматтың, ұйымдардың және мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау;

      5) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды, бөлім басшысының азаматтарды жеке қабылдауын жүргізуді қамтамасыз етеді;

      6) Бөлімде ақпараттық ресурс жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер және ақпараттық жүйелерді қолданумен электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету;

      8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;

      9) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөлімде мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті құру, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу;

      10) әлеуметтік және еңбек салаларындағы, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы аудан әкімі мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және мониторинг жүргізу;

      11) бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат ұсыну;

      12) құзыреті шегінде депутаттардың, мемлекеттік органдардың сұрауларына жауаптар (жауап жобаларын) дайындау;

      13) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға әдістемелік және құқықтық көмек көрсету;

      14) "Ашық бюджеттер" порталында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді орналастыру;

      15) халықты әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;

      16) мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеуге қатысу;

      17) еңбек нарығындағы жағдайды талдау және болжау;

      18) жоғары тұрған органдарға халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу;

      19) өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру;

      20) ұлттық жобалар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, елорданың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту карта шеңберінде жұмыс орындарын құруға мониторинг жүзеге асыру;

      21) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

      22) аудан әкімі, жұмыскерлердің, жұмыс берушілер және кәсіподақтардың аудандық бірлестіктері арасындағы аудандық үшжақты келісімді, аудандық үшжақты Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, Келісу және аудандық үшжақты комиссияға бекітуге ұсыну;

      23) аудандық үшжақты Келісімді іске асыру бойынша қабылданған міндеттемелер мен іс-шаралардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

      24) халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламаларын және нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы іс-шараларды үйлестіру;

      25) аудан әкімінің қарауына: аудан аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын айқындау және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

      26) халықты жұмыспен қамту мәселелерін қарайтын атқарушы билік органдарының, жұмыс берушілер бірлестіктері мен кәсіподақтардың өкілдерінен құралатын консультативтік комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

      27) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;

      28) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттарды беру, ұзарту және кері қайтарып алу;

      29) әлеуметтік көмек көрсету және мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуді үйлестіру;

      30) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторлық-курорттық емдеуді қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

      31) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарын рәсімдеу;

      32) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшіні, есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманын қызметтермен қамтамасыз етуге құжаттарын рәсімдеу;

      33) Қазақстан Республикасының заңнамасында мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну көзделген;

      34) Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп - тұру құралдарымен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, сурдо-тифло-техникалық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жоспарлау және ұйымдастыру;

      35) Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық ұйымдарына әлеуметтік бағдарламаларды шешуде консультациялық көмек көрсету және олардың қызметін үйлестіру;

      36) талдау материалдарын, семинарларда, кеңестерде сөз сөйлеуді дайындау, аудан тұрғындарымен кездесу;

      37) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша бағдарламалық базаны пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету;

      38) бөлімде лимиттердің жұмсалуын, әкімшілік бағдарламалардың шығыстар сметасының орындалуын, бюджеттік сыныптамаларды және бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуді ұйымдастыру және бақылау;

      39) Бөлім қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және сыныптамасын арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      40) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықтың аз қамтылған топтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      41) тиісті жылға аудан халқын әлеуметтік қорғау жүйесінің жергілікті бюджет жобасын әзірлеу;

      42) әлеуметтік қорғауға мұқтаж көпбалалы отбасыларды, ана мен баланы, мүгедектігі бар адамдарды, халықтың басқа да топтарын қорғауды қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      43) халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына, мемлекеттің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдіктерге үміткер халықтың басқа топтарына әлеуметтік көмекке мұқтаждарды анықтау мәселесі жөнінде ауылдық округтер әкімдері аппараттарына тәжірбелік және әдістемелік көмек көрсету;

      44) жеке санаттағы мұқтаж азматтарға және атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      45) аудан азаматтарын әлеуметтік қорғау мәселесі жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен (ардагерлер ұйымдарымен, мүгедектігі бар адамдарға қоғамдарымен, қайырымдылық қорларымен және басқа да коммерциялық емес ұйымдармен) бірлескен қызметті ұйымдастыру;

      46) қайырымдылық қорларының, әлеуметтік көмекті жүзеге асыратын меценаттардың сұрау салуы бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың ақпаратын ұсыну;

      47) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өкілеттіктерді орындайды;

      48) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

      49) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын қандастарға жұмысқа орналасуға, кәсiптiк даярлықтан өтуге, қайта даярлаудан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетедi;

      50) отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұратын этникалық қазақтар арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстану үшін шақыруларды қабылдайды және бұл шақыруларды халықтың көші-қоны мәселесі жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың жергілікті атқарушы органдарына жібереді;

      51) еңбекші көшіп келушіге рұқсат береді, ұзартады және кері қайтарып алады;

      52) жұмыс беруші және еңбекші көшіп келуші арасындағы еңбек шарттарын тіркеуді жүзеге асырады;

      53) әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамның өзінің тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстарды орындауынан тұратын қоғамдық жұмыстарды (бұдан әрі - қоғамдық жұмыстар) ұйымдастыру;

      54) қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңінде 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 49-1-бабы жетінші бөлігінде көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда, мұндай адамды қоғамдық жұмыстарды орындаудан босату туралы сотқа өтінішхатпен жүгіну;

      55) құқық бұзушыны шақыртып, оның жеке деректерін сот қаулысы заңды күшіне енгізілген сәтінен бастап үш жұмыс күн ішінде толтыру.

      56) құқық бұзушыға қоғамдық жұмыстарды орындау тәртібін және шарттарын түсіндіру;

      57) адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы заңды күшіне енгізілген сәтінен бастап, соны орындауға қабылдау туралы үш жұмыс күн ішінде ішкі істер органдарына хабарлама жіберу;

      58) адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы заңды күшіне енгізілген сәтінен бастап үш жұмыс күн ішінде ұйымға қоғамдық жұмыстарды орындау үшін адамды жіберу туралы хабарлама жолдау;

      59) қоғамдық жұмыстарды орындау кестесін және кезеңділігін құрастыру;

      60) құқық бұзушының қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару фактісі анықталған кезден бастап дереу ішкі істер органдарын хабардар ету;

      61) адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы заңды күшіне енгізілген сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа хабарлама жіберу;

      62) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттын шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беруге.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тіркеуші органды заңнамада белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізу туралы хабардар етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі Е. Степаненко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады