Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8-9-2 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 8-43-1 шешімі

      Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8-9-2 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7631-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге 1-қосымшада:

      9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың санаттарына адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтыны ескеріле отырып, жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".

      10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай көрсетіледі:

      1) азаматтарға (отбасыларға), дүлей зілзаланың салдарынан азаматтарға (отбасыларға) немесе оның мүлкіне залал келгені бойынша, тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне, мүлкіне нұқсан келтіру сәтінен бастап әлеуметтік көмек өтініш көрсету мерзімі алты айдан кешіктірмей дүлей зілзаланың, фактісін растайтын құжаттың негізінде бір жолғы 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) азаматтарға (отбасыларға), өрттің салдарынан азаматтарға (отбасыларға) немесе оның мүлкіне залал келгені бойынша, тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне, мүлкіне нұқсан келтіру сәтінен бастап әлеуметтік көмек өтініш көрсету мерзімі алты айдан кешіктірмей өрттің фактісін растайтын құжаттың негізінде бір жолғы 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығы болмаған кезде - жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға – жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, пробация қызметінің есебіндегі адамдарға (босатылғаннан кейін немесе пробация қызметіне есепке қойылғаннан кейін 6 айдан кешіктірмей жүгінген кезде) - жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;

      6) әлеуметтік маңызы бар аурулардан зардап шегетін адамдарға медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, оның ішінде:

      Айыртау ауданының аудандық ауруханасы ұсынатын тізімдер негізінде, қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын диспансерлік есепте тұрған адамдарға ай сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балалардың ата-анасына немесе заңды өкіліне ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Г. Әбілқайырова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады