ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01 2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Павлодар ауданында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 15/137 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7523-14 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы |
| Ж. Шугаев |
