Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің "Жетекші ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 508/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 167307 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
"Жетекші ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
20-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Жетекші ауылы әкімінің аппараты "Жетекші ауылы Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;".
2. "Жетекші ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Н. М. Дәрімге жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қаласының әкімі | Х. Хабылбеков |